- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
1.Насекомдардың ішегі барлық буынаяқтылардікі сияқты 3 бөлімнен құралған:Алдыңғы,ортаңғы және артқы ішектен.Алдыңғы және артқы ішегі эктодермальді,яғни эмбриональді даму кезінде ұрықтың сыртқы жапырақшасы ауыз және аналь тесігі арқылы ішке қарай ойысып алдыңғы және артқы ішек бөлімдерін құрайды.Олар хитинді кутикуламен астарланған. Ортаңғы ішек энтодермальді,ішкі ұрық жапырақшасынан түзіліп, эпителиальді клеткалармен астарланған.Алдыңғы ішегі құрылысына және атқаратын қызметіне байл.бірнеше бөлімдерге бөлінген:ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,жемсау,қарын. Ауыз қуысы үстіңгі еріннен және жақ аппараттарынан құралған. Сұйық қорекпен қоректентін насекомдардың ауыз қуысы түтікке айналған, ал масаларда ол қоректі соратын және сілекейді өткізетін тұмсықша түрінде болады.Астыңғы еріннің түбіне жақын бір немесе бірнеше сілекей бездерінің жолдары ашылады.Жақ аппараты арқылы уақталған қоректік зат сілекеймен ылғалданып,оның құрамындағы ферменттер асты қорыту процесінің алғашқы кезеңіне қатысады.Қансорғыш насекомдардың сілекей құрамына қанды ұйытпайтын зат-антикогулянттар кіреді, ал көбелек жұлдызқұрттарының сілекей бездері жібек тәрізді жібін шығарып,одан пілә жасайды.
Насекомдардың ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасып, ол ұзын түтікше тірізді өңешке айналады.Өңештің артқы жағы кеңейіп жемсауға айналады.Жемсау сұйық қорекпен қоректенетін насекомдарда жақсы жетілген.Кейбір жыртқыш қоңыздарда,тікқанаттыларда,тарақандарда жемсаудан кейін алдыңғы ішектің тағы бір кеңейген бөлігі-шайнағыш қарын түзіледі.Қарынды астарлап жатқан хитинді кутикуланың тіс тәрізді өсінділері, төмпешіктері болады,олар қосымша асты үгітіп, оның қорытылуын тездетеді және қызметін де атқарады.
2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
Қаттықанаттылар немесе қоңыздар отряд өкілдерінің ауыз аппараты –кеміргіш, алдыңғы қанаты жүйкеленбеген, қатты мүйізді – элитра деп аталады тыныштық күйді тігіс түзіп, жиналып, денені жауып жатады, алдыңғы кеуде сегменті ірі, дернәсілі құрт пішінді немесе камподео тәрізді, қуыршағы ашық, яғни бос жатады. 250 мың түрі белгіл, ірі топ, Мөлшері тұрғысынан алуантүрлі: 0,3-1 мм-ден 100-150 мм-ге дейін. Қоңыздар қатты азықпен қоректенеді. Кейбір түрлерде элитра құрсақты тұтас жаппайды. Артқы қанаттары жарғақ, ұзындау келеді, тыныштықта ұзына бойы және көлденең жиналады, жүйкеленген, ұшу қызметін атқарады. Кейбір қоңыздар ұшпайды, оларда қанат болмайды немесе тігіс бойымен біріккен (барылдауық және қара қоңыздар)..
Аяқтары жүгіргіш немесе жүргіш, кейбір формаларда қазғыш (тақта мұрттылар, барылдауық қоңыздар), жүзгіш (су сүйгіш қоңыздар), секіргіш (жер бүргелерінің артқы аяқтары) Табандары 3-5 буынды.
Құрсақтарының бауыр беті және бүйірі жақсы скелеттелген, ал арқа беті жұмсақ келеді. Көбінің аналықтарында жұмыртқа салғыш болады.
Ас қорыту жүйесінде жемсау және бұлшықетті қарын жақсы дамыған. Ортаңғы ішек ұсақ өсінділермен қамтылған. Жыртқыш формалар жемтігіне ас қорыту сөлін жемтігіне құсып, ішектен тыс асқорытуды қамтамасыз етеді. Мальпигиев тамырлары 4-6. Жүйке жүйесі 2 бас, 3 кеуде 6-8 құрсақ жүйке тізбегінен тұрады (кейбір тұқымдастарда 2-3-ке дейін қысқаруы мүмкін). Тыныс алу жүйесі су формаларында өзгеріске ұшыраған. Құрлық қоңыздарында ауа қаптары болады. Қоңыздардың көбі жылына бір ұрпақ, стрек 2-3, кейбіреулері 3-5 жылда бір ұрпақ (дамуы топырақпен байл формалар) береді. Бұл насекомдар биологиялық алуантүрлі: жыртқыштар, фитофагтар, сапрофагтар, некрофагтар, құрлық, топырақ, су формалары және т.б. Жиі биологиялық мамандану морфологиялық маманданумен бірге жүреді. Бұл жағдайда биологиялық топтар айқын тіршілік форма сипатына ие болады. Қоңыздар өте кең тараған топ және табиғатта зат айналымында маңызды. Олардың ішінде өсімдік зиянкестері де көп, тұрғында тіршілік етіп, жиhазды кірап, коллекцияларды да зақымдайды. Жекелеген жыртқыштар биологиялық күресте маңызды (қан қызы барылдауық қоңыздар,т.б.).
Барылдауық қоңызы
Барылдауық қоңыздардың 20 000-нан астам түрі белгілі. Құрлық фаунасы, аяқтары жүгіргіш, денесі қара реңді, металды жарқырайды. Көбі жыртқыштар, зиянкес насекомдармен қоректенеді (ағаштағы дернәсілдерді құртады). Кейбір түрлер өсімдік қоректі (астық барылдауық қоңыздары).
Су сүйгіш қоңыздардыңі аяқтары жүзгіш, денесі сүйірленген, демтесіктері алдыңғы қанат астына ауысқан. Бұл қоңыздар бір су қоймасынан екіншіге ұшу кезінде құрлықта да кездеседі Олар су омыртқасыздарымен, ұсақ балық щабақтарымен қоректенеді.
Өлексе қоңыздардың алдыңғы қанаттары дамыған, мұртшалары түйреуіш тәрізді. Ересек қоңыз және дернәсілдері өлекселермен қоректенеді, кей түрлер омыртқалылардың өлімтігін топыраққа көміп, оған жұмыртқа салады (миогильщиктер). Кейбір түрлер қида, өсімдік қалдықтарында кездеседі. Арасында өсімдікқоректілерде бар, олар мәдени өсімдік зиянкестері. Жыртқыш формалар (древесный мертвоед) жұлдызқұрттарды құртады.
