- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
Қанат-ұщуға бейімділік. Дене қыртысы, кутикуламен жабылған, арасында жіңішке қуыс болатын - екі тері қабатынан тұрады. Қанат қабаты арасынан жүйке, кеңірдек жəне миксоцель лакундарымен канал өтеді. Олар жүйке түзеді. Жүйке ересек формада тірек қызметін атқарады. (Түрлері –лаб.) Қанат құрылысы, жүйкелену типі-систематикалық белгі.
Ең қарапайым насекомдарда қанат болмайды.
Қанаттың денеге бекіну жəне қозғалу типіне байланысты насекомдарды ескі жəне жаңа қанаттылар деп бөледі.
Қанат бұлшықеттерінің қозғалысы насекомның ұшу пролцесін қамтамасыз етеді. Ұшу жылдамдығы əртүрлі: көбелектер секундына қанатын 5-9 рет қағады, аралар-200, звонц масасы-1000. Ұшу жылдамдығы да əртүрлі: ара 3м/с, жынды көбелек-15м/с.
Қанаттың шығу тегін ғалымдар ертеден талқылауда. Қанат- көкірек сегменттерінің терісінің паранотальды өсіндісі-деп тұжырымдайды. Ұщу - эволюция процесінде қалыптасқан қозғалыстың экономды тәсілі (аяқпен қозғалысқа қарағанда энергия 2 есе кем шығындалады). Қанат денені әуеде ұстайды және алға жылжытады. Қанат моторын түзетін бұлшықет жүйесінің жұмысы ұшуды қамтамасыз етеді.Негізгі энергия беретін тіке әсер етпейтін қуатты бұлшықеттер. Ол дорсальды және ұзына бойы бұлшықет жүйесінен тұрады. ДЖорсальды б/ет қанатты көтереді, ад ұзына бойы б/ет қанатты төмен түсіреді. Сонымен бұл б/еттер қанаттың жоғары және төмен қозғалысын туғызады. Ұшуда қанаттар дене осі бойымен бұрылады және алға-артқа қозғалады, оны тіке әсер ететін б/еттер қамтамасыз етеді. Қосқанаттылардың артқы қанаты редукцияға ұшырап, ызылдауық п/б. Ол ұшуда тепе-теңдікті сақтайды
Насекомдардың көпшілігінде алдыңғы жұп қанаттары артқы артқы қанаттарын қорғап тұратындықтан ,үстіңгі қанат немесе қанат жамылғысы деп аталады.Қоңыздардың үстіңгі қанаттары қатты, жүйкелері жоқ оларды элитра деп атайды. Қандалалардың үстіңгі қанаттары тек жартылай қатты болады..Шегірткелердің,тарақандардың үстіңгі қанаттары тығызданып, жүйкелері жақсы көрінетін тәрізді болады.Қанаттардың құрылымындағы ерекшеліктері-насекомдарды классификациялаудың негізі: қаттықанаттылар,жартылай қаттықанаттылар,тікқанаттылар,тең,тор,жарғаққанаттылар.Насекомдардың қанаттарының күрделі қозғалысы-кеуде бөліміндегі ұзына бойы, дорзо-вентральді және қанат бұлшық еттерінің жиырылып-жазылу жұмысының нәтижесі.Қанаттары жоғары көтеріліп,төмен түсуімен тқатар өзінің ұзына бойы өсінде айналады. Қанат қағу жиіілігі әртүрлі .Мысалы,көбелектердің қанаттары секундта -5-10 рет,масаларда -500-600 ,шіркейлерде -1000Ға жуық тербеліс жасайды.
2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен ролі орасан зор.Бұлардың түрінің көптілігі соншалық, кез келген жануарлардың түрлерінен асып түседі. Арнайы жүргізілген санақ көрсеткіші бойынша жер бетінде төменгі есеппен алғанда 10 8 млрд. наскомдар түрлері тіршілік етеді, сонымен қатар, көптеген түрлердің есепсіз мөлшерде көбеюге бейімділігі және әр түрлі биологиялық процестерге белсенді түрде қатысуы, оларды күшті биологиялық факторға айналдырады.. Насекомдардың пайдалы және зиянды жақтарын айта отырып, осы бағалауымздың субьективті екендігін естен шығармау қажет. Кейде адам өз әрекетімен тарихи қалиптасқан биологиялық топтардың тепе-теңдігін бұза отырып кейбір насекомдардың өте үлкен қарқынмен күрт көбеюін тудырады, ал осы құбылыстар апатты зардапқа әкеледі.
Табиғатта тек зиян немесе тек пайдалы түрлер болмайды, болған емес те. Зиянды насекомдар бір жағдайда зиянды болып, бір жағдайда үлкен пайдасын тигізеді. Мысалы, үй қара шыбыны, це-це шыбыны, маса, сона, т.б. бірқатар ауруларды жұқтырушылар, ал олардың өздерін және личинкаларын басқа жануарлар қоек етеді, яғни олар табиғаттағы қоектік тізбектің бір буыны.
Соңғы кезде мал шаруашылығында шыбындардың личинкаларын жемдік белок пайдаланып жүр, бұл биотехнологияның жетістіктерінің бірі.
Насекомдардың табиғаттағы маңызды әрекеті - ең алдымен гүлді өсімдіктерді тозаңдандыру. Белгілі гүл топтарын арнайы насекомдар тозаңдандырады. Мысалы, Жаңа Зеландияда өте жақсы өнім беретін жоңышқа өсімдігі бар, ол жаққа бұрын болмаған арнайы жоңышқаны тозаңдандыратын түкті аралар түрін әкелінгенге дейін олар мүлдем тұқым шығармаған.
Гүлді өсімдіктердің шамамен 30 пайызы насекомдар арқылы тозаңданады, солардың ішінде жарғаққанаттылыардың (аралардың), қосқанаттылардың және қабыршаққанаттылардың маңызы үлкен.
Топырақ өңдеуде де насекомдардың тигізетін пайдасы өте жоғары, әсіресе аяққұйрықтылар, қосқұйрықтылар, термиттер. Бұл насекомдар басқалары сияқты өзіне үңгі жол жасау арқылы топырақты қопсытады. Осының нәтижесінде топырақ арасына ауа кіріп, топырақ ылғалданып, қара шірікпен байытылады. Соңғысы өсімдік пен дануарлардың қалдықтарының ыдырауынан пайда болады, осыларды ыдырататын да насекомдар мен микроорганизмдер.
Насекомдардың топырақ жағдайының көрсеткіші ретінде маңызы зор. Олар топырақ түзу процесінің тікелей өзгерісіне өзінің шапшаң реакциясымен экологиялық мониторингтің перспективті объектісі болып саналады.
Насекомдардың табиғаттағы санитарлық маңызы да зор. Олар өлекселерді, шіріген заттарды, қиды ыдыратып, табиғат тазалығын сақтауға әжептәуір үлес қосады.
Насекомдар - әрбір биологиялық бірлестігінің қажетті мүшесі, тірі организмдердің қоектік тізбегіндегі негізгі буыны, өйткені оларды басқа жанауарлар қорек ретінде пайдаланады, әсіресе құстар мен сүтқоектілер.
Насекомдардың беретін өнімдері де адам үшін мңызы зор. Бұларға ең алдымен бал арасы және тұт жібек көбелегі жатады. Бұларды адам баласы ерте заманнан асырап, өсіріп келеді. Бал арасы бал берумен қатар, балауыз сияқты техникалық құнды затты, ара сүтін ара уын береді. Тұт жібек көбелектің жұлдызқұрттары қуыршақтануы үшін жібек жебін шығарып, сонымен денесін орап, піллә түзеді. Осыған байланысты олар ара мен жібек өсіру шаруашылығының негізі болып келеді.
Насекомдар дәрілік заттарды – кантаридин(шпанка қоңызы), апитоксин(бар ара), бояулар – кармин(қалқаншалар), лак және балауыз береді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық тәсілін қолданудағы пайдалы насекомдардың – энтомофагтардың да маңызы зор. Биологиялық күрес үшін пайдаланылатын энтомофагтар зиянкестердің жаппай көбейіп кетуіне жол бермей, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе-теңдік заңына да пайдалы әсерін тигізеді.
Барлық аймақтарда жергілікті түрлері: екі нүктелі хан қызы, жеті нүктелі хан қызы өсімдік биттермен, жапырақ бүргесімен, кокцидтер сияқты ұсақ насекомдармен қоектеніп, олардың санын азайтып, көп пайда әкеледі.
Афелинус өз жұмыртқаларын қан битінің денесіне салады. пайдалануға арттыру үшін, оларды өндірістік биолабораторияда өсіріп, өндіріп, содан соң зиянкестер көбейетін жерлерге жіберу қжет. Энтомофагтардың негізгі топтарын құрайтындар – жарғаққанаттылар отрядынан: трихогармма сцелоноид, браконидтер, афелинидтер, афидидтер тұқымдасының өкілдері; қаттықанаттылар отрядының өкілдері: хан қызы немесе кокцинеллидтер, стафилиндер немесе қысқақанатты қоңыздар.
Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен ролі орасан зор.Бұлардың түрінің көптілігі соншалық, кез келген жануарлардың түрлерінен асып түседі. Арнайы жүргізілген санақ көрсеткіші бойынша жер бетінде төменгі есеппен алғанда 10 8 млрд. наскомдар түрлері тіршілік етеді, сонымен қатар, көптеген түрлердің есепсіз мөлшерде көбеюге бейімділігі және әр түрлі биологиялық процестерге белсенді түрде қатысуы, оларды күшті биологиялық факторға айналдырады.. Насекомдардың пайдалы және зиянды жақтарын айта отырып, осы бағалауымздың субьективті екендігін естен шығармау қажет. Кейде адам өз әрекетімен тарихи қалиптасқан биологиялық топтардың тепе-теңдігін бұза отырып кейбір насекомдардың өте үлкен қарқынмен күрт көбеюін тудырады, ал осы құбылыстар апатты зардапқа әкеледі
8БИЛЕТ
