- •1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
- •2)Бунақденелілердің дамуы. Эмбрионды және эибоионнан кеиінгі дамуы
- •1) Бунақденелілердің сыртқы морфологиясы, дене бөліктері
- •2) Энтомофаг және паразит бунақденелілер
- •1) Бунақденелілердің бас бөлігінің ерекшелігі
- •2) Бунақденелілердің дернәсіл қуыршақ стадияларының құрылыс ерекшілігі.
- •Әртүрлі бунақденелілер топтарының қорегіне және қоректену тәсіліне байланысты ауыз аппарат түрлері (мысалдар).
- •2.Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер. Біркүндіктер мен инеліктер отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, экологиясы, маңызы.
- •Бунақденелілердің көкірек, құрсақ бөлімдерінің құрылысы және атқаратын қызметі.
- •2.Жаңа қанатты насекомдар инфракласы. Тарақандар (Blattoptera), Дәуіттер (Manteoptera), Термиттер (Isoptera) отрядтарының ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы, маңызы..
- •Бунақденелілердің ұшуға бейімділіктері – қозғалыстың экономды формасы. Олардың қанаттарының шығу тегі, түрлері, қызметі.
- •2.Қолданбалы энтомология. Ауылшаруашылық, медицина және ветеринария энтомологиясы.
- •1.Бунақденелілердің анатомиясы және физиологиясы. Тері жабыны, оның туындылары. Бұлшықет жүйесі, дене қуысы.
- •Бунақденелілердің қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ас қорыту жүйесінің құрылысы және асты қорыту ерекшелігі. Қорек түрлеріне байланысты топтары.
- •2.Қатқылқанаттылар немесе қоңыздардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиясы, маңызы, жергілікті түрлер.
- •10 Билет
- •1 Бунақденелілердің тыныс алу, зәр шығару, қан айналу жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшелігі, атқаратын қызметі:
- •2. Қандалалар, Таяқшалар, Теріқанаттылар, Биттер, Теңқанаттылар т.Б. Отрядтаының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы:
- •11Билет
- •1.Бунақденелілердің жүйке жүйесі. Құрылысы, қызметі. Бунақденелілердің мінез-құлқы. Шартсыз және шартты рефлекстер:
- •2.Бунақденелілердің көптүрлілігін сақтау,сирек түрлерді қорғау мәселелері:
- •12Билет
- •1. Бунақденелілердің жыныс жүйесі, жыныс диморфизмі, көбею жолдары (жынысты, тірі туу, партеногенез, педогенез және полиэмбриония):
- •2.Өсімдіктерде тіршілік ететін және өсімдік ұлпаларымен қоректеніп, зақымдайтын түрлер. Өсімдік мүшелерінің насекомдармен зақымдалу типтері :
- •13Билет
- •2 .Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) отрядының сипаттамасы, Классификациясы:
- •14Билет
- •1. Бунақденелілердің биоценоздағы өзара қарым-қатынастарының түрлері: Селбесушілік, тоғышарлық (паразитизм), жыртқыштақ, антибиоз т.Б.:
- •2.Егістік зиянкес насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері және олармен күрес шаралары:
- •15 Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік циклі. Ұрпақ немесе генерация туралы түсінік.
- •2. Орман зиянкестерімен күрес жолдары. Өсімдіктерді химиялық қорғау.
- •3.Суреттегі түрлерді, олардың отрядтарын анықтап, құрылыс ерекшеліктерін, биологиясын және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар
- •16 Билет
- •1.Бунақденелілердің маусымдық және жылдық даму циклі.
- •2. Торқанаттылар, Жылғалылар, Бүргелер т.Б. Отрядтар, олардың ұйымдасу ерекшеліктері биологиясы, экологиясы. Бүргелердің эпидемиялық маңызы, күрес жолдары.
- •3. Суреттегі мүшені анықтап, құрылысын және атқаратын қызметін сипаттаңда
- •17 Билет
- •1Диапауза - бунақденелілердің тіршілік циклін реттеуші. Диапаузаның бунақденелілер өміріндегі маңызы.
- •2.Бунақденелілер классификациясы. Төменгі сатыдағы немесе алғашқы қанатсыздар класс тармағы (Apterygota ).
- •3.Суреттегі бунақденелілердің даму стадиясы қандай жолмен дамитын түрлер топтарына тән, олардың типтерін анықтап, тіршілік әрекетін, мекен ортасын сипаттап жазыңдар.
- •18 Билет
- •1.Бунақденелілер экологиясы. Экология пәні, мазмұны және мақсаты, салалары.
- •2.Бунақденелілерді жинау, өңдеу, анықтау, коллекциялау әдістері. Құрғақ және ылғалды коллекция құрастыру.
- •3. Суреттегі мүшелердің типтерін, құрылысын, қызметін және оларға ие болған түрлерді анықтап, сипаттап жазыңдар.
- •19 Билет
- •1.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикаляқ және антропогенді факторлар.Түрдің экологиялық қасиеті
- •2. Турақанаттылар отрядының морфобиологиялық сипаттамасы, таралуы, маңызы.
- •3. Төменде берілген суреттегі қандай түрлер, оның систематикалық орны, даму циклі, маңызы.
- •20Билет
- •1.Бунақденелілердің тіршілік ортасы және таралу аймақтары.
- •2.Адам және үй жануарларының паразит насекомдарының ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы.
- •21Билет
- •1.Бунақденелілердің экожүйедегі орны (биоценоз, экожүйе құрылымы және функциясы, биоценоздар өзгерісі).
- •2. Жарғаққанаттылар отрядының ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, классификациясы, маңызы.
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •2. Қосқанаттылар (Diptera) отрядының морфобиологиялық ерекшеліктері, классификациясы, экологиялық топтары, адам және жануарлардың ауру тасымалдаушы түрлері.
- •30Билет
- •1) Бунақденелілердің эмбрионды кезінде ұрық жапырақтарынығ қалыптасуы, мүшелердің түзілуі.
- •2) Бунақденелілердің тері бездері атқаратын қызметі.
1БИЛЕТ
Энтомология бунақденлілер туралы ғылым.Энтомология пәнінің мақсаты, міндеттері және салалары Знтомологияны зерттеу тарихы және әдістері.
Энтомология (грек. entomа – жәндіктер және logos – ілім) – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги (1628 – 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 – 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 – 1757) болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологыЖ.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. ПалласЭнтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құ-рылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (а. ш., орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қа-быршаққанаттыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т.б. салалары бар. Қазақстан жәндіктерін алғаш 19 ғ-да П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А. Северцов, А.П. Федченко, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский,В.Ф. Ошанин экспедициялары зерттеді. Жеке Энтомологиялық мәселелермен 1921 ж. құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы (1924 ж. Өсімдік қорғау ст. болып қайта құрылды) айналысты. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРОҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоологияин-тында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар “Қазақстан соналары”, “Қазақстанның қан сорғыш масалары”,“Қазақстан цикадалары”, “Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары”, “Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары”, “Жетісу шөліндегі құмырсқалар”, “Қазақстанның қансорғыш шыбындары”, “Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары”, т.б. ғыл. еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазақстанда Энтомология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: акад. И.Г. Галузо, Т.Н. Досжанов, ғыл. докторлары Б.Шайкенов, И.Д. Митяев, В.Л. Казенас, Д.Жатқанбаева, т.б. Т. Досжанов
Энтомологияның мақсаты Насекомдард көптүрлілігін құрылыс ерекшелігін биологиясын шығу тегін систематикасы мен классификацисф таралуын биосферада және адам өміріндегі маңызын, эволюциясын зерттеу. Сонымен қатар зиянды формалармен ұтымды күрес шараларын ұйымдастыру ара және жібек шаруашылығының өнімділігін арттыру тиімді пайдалану сирек және жойылып кету қаупіндегі түрлерді қорғау табиғаттағы алуан түрлілігін сақтау.
Энтомологияның міндеттері Студенттер насекомдардың ұйымдасу деңгеиін олардың эволюциясының негізгі кезеңдрін білуге тиісті
Насекомдар классификациясын әрбір отрядтың ұйымдасу ерекшелігін тіршілік процестерін, экологиясын
Өсіп-өну және онтогенез таралуы негізгі таксономиялық топтардың маңызы,систематикасы ірі топтардың филогениясы
Студенттердің өз бетімен насекомдарды анықтау морфологиялық зерттеу және лабораториялық бақылау әдістерін терминдерді меңгеру
Лабораториялық құралдармен жұмыс жасап үйрену өз бетімен жұмыс жасауға дағдылану.
Әлем ҚР жергілікті насекомдардың көптірлілігін сақтау сирек және жойылу қаупіндегі түрлерді қорғау табиғатты тепе-теңдікті және пайдалы түрлерді сақтау, зиянкес формалармен және адам мен жануар паразиттерімен күрес шараларын меңгеру.
2)Насекомдардың сезім мүшелері: механорецепторлар, хеморецепторлар, термо-, гигрорецепторлар және фоторецепторлар.
Механорцепторлар механикалық тітіркендіргішті қабылдайды. Бұл сипап-сезу, есту және сейсмикалық сезім мүшелері.
Есту және сейсмикалық сезім – ортадағы тербелісті қашықтықты қабылдайды. Бұл сезім мүшелерінің сенсиллалары маманданған, сколпофора деп аталады. Сколопофоралар есту мүшесі – хордотональ құрамына кіреді. Ол әртүрлі насекомдарда дененің әртүрлі бөлігінде орналасады (құрсақ, мұртша, аяқ, қанат)
Сколпофоралар есту мүшесі – тимпаналь құрамына кіреді, ол шекшектерде алдыңғы сирақта орналасады. Шегірткелерде есту мүшесі І-ші құрсақ сегментінде, әнші цикадаларда –құрсақ негізінде көкіректе орналасады. Есту мүшелері тек дыбыс шығаратын насекомдарда болады.
Хеморецепторлар химиялық тітіркендіргішті қабылдайды (контакталы немесе қашықтан). Оған дәм және иіс сезу мүшелері жатады.
Иіс сезу - қашықтық хеморецепция. Иіс сезу сенсиллдері мұртшада болады. Насекомдар иісі арқылы қорегін жұмыртқа салатын орын, жұбын іздейді (көбелек аталығы аналықты 3-9 км сезеді).
Дәм сезу – контактылы хеморецептор. Насекомдардың дәм сезу клеткаларының бірі – ащы, ІІ-сі тәтті, ІІІ-лері қышқыл дәмді сезеді.
Шыбын, көбелектердің дәм сезу мүшесі алдыңғы аяқ табанында, қоңыздарда жақ және ерін өсінділерінде орналасады.
Термо-, гигрорецепторлар ылғалдылық, температураны сезеді (контактылы қашықтан). Олар мұртшада, ауыз аппаратының өсінділерінде орналасады.
Фоторецепторлар – көру мүшелері – күрделі фассет және жай көздер.
Насекомдар күндізгі және ымырт топтарына бөлінеді.
Көбелек, ара, шыбын, құмырсқалар түсті айырады. Ара 4 түсті көреді. І түс адам көретін қызыл, сары, жасыл, ІІ түс көк-жасыл, ІІІ көк сия және 4-ші ультракүлгін түске сәйкес келеді.
Жүйке жүйесі, сезім мүшелері жақсы жетілген насекомдардың тіршілік жағдайларға бейімделу формасы, туа біткен күрделі қылық әрекеті рефлекстік жолмен жүзеге асады. Насекомдардың тіршілік әректеті шартсыз рефлекстерге негізделген: инстинктер, ұрпағына қамқорлық жасау, т.б. Мыс: аралардың шырын, тозаң жинауы, ұяшықтар жасауы, үйір құруы, дернәсілдерін қоректендіру – инстинктивті жүреді.
Ұрпаққа қамқорлықты аналықтар жасайды. Мыс: жалғыз басты аралар ( Vespidae тұқымынан) ағашта, жерде ұяшықтар жасап, оның әрқайсысына шырын, өсімдік тозаңын салып соған жұмыртқаларын салып, бетін жабады. Аналаықтар ұяшық ылғалдылығының жоғарлауын, дернәсілдердің тағам қорына батып кетуден қадағалайды. Ұрпағына қамқорлық – жабайы аңшы араға да тән. Ол өз жемтігін – насекомдарды өлтіріп, ініне жинайды да, оған жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан ара дернәсілдері сол насекомдармен қоректеніп жетіледі.
Кейбір насекомдарда ұрпаққа қамқорлықты аналықтармен бірге аталықтар да атқарады. Мыс: қи қоңызы (Scarabaeus тұқ.) қиды домалақтап, қозған ініне тастап оған жұмыртқасын салады, одан шыққан дернәсіл қиды жеп болғанша аналық және аталық інде жатады, содан кейін оны тастап кетеді.
Қауымдас насекомдарда инстинктік қылық күрделі (аралар, құмырсқалар, термиттер). Олардың қауымы тек өздеріне тиісті қызмет атқаратын және морфологиялық құрылысымен ерекшеленетін даралар тобына бөлінеді. Мыс.:жұмысшы даралар (ара, құмырсқа, термит), «солдаттар (термит), аталық даралар (ара, құмырсқа). Қауымдасып тіршілік ететін, насекомдарда жыныс полиморфизмі айқын байқалады.
Бұл аралардың қауымы ең жоғарғы дәрежеде құрылған. Олардың семьясында бір падиша (аналық), жүздеген аталықтар және 10000-50000 кейде 100000 жұмысшы аралар болады. (СОӨЖ, СӨЖ-де қаралады)
Құмырсқа, термиттер қауымдары да өте күрделі (СОӨЖ, СӨЖ-де қаралады)
Сонымен, қоғамдық насекомдардың тіршілік әрекеті – эволюция барысында ұрпақтан ұрпаққа берілетін шартсыз рефлекстің тізбегі.
2БИЛЕТ
1) Жалпы және қолданбалы энтомология.(ауылшаруашылық медицина вереринария)
Насекомдардың табиғи биоценозда қорек тізбегіндегі (зат айналымдағы) маңызын анықтау өте қиын. Олардың ішінде 1ретті консументтер- фитофагтар ( жасыл өсімдікпен қоректенетіндер); ІІ-ІІІ ретті консументтер (жыртқыштар, паразиттер), редуценттер ( өсімдік жəне жануар қалдықтарын ыдыратушылар) бар.
Мысалы: орман биоценозында өсімдік мүшелерімен жапырақжегіш қоңыздар, бізтұмсық қоңыздар, көбелек жұлдызқұрттары, тля т.б.. Оларды құрттатын жыртқыштар: барылдауық қоңыздар, қанқызы, есекаралар, құмырсқалар; паразиттер: тахин шыбыны, шаншарлар.
Өсімдік қалдықтарымен сапрофагтар (тарақандар, қосқанаттылар дернəсілдері, көптеген қоңыздар) қоректенеді. Ағаш текті қоректілер-ксилофагтар: термиттер, қабықжегіш қоңыздар, бізтұмсық қоңыз, мұртты қоңыз дернəсілдері. Жануар қалдықтарын қоректенетіндер өлімтік қоректілер теріжегіштер қосқанаттылар дернәсілдері т.б. Жануар қиымен де қоректенеді . Сапрофагтар ксилофагтар топырақ түзілу процесіне қатысады.
Көптеген бунақденелілер (қанқыз,құмырсқа, шаншар, т. б.) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланды. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық.
Шегіртке
Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, құршаян, кене, т. б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды. Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т. б.) көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) – өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.
Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: бас, көкірек және құрсаққа бөлінетіндіктен, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзеді.
Бал арасы дәнді дақылдарды, жеміс-жидек және бақша дақылдарын, майлы және азықтық есімдіктерді тозаңдандыруда үлкен роль атқарады. Мысалы, қазіргі кезде біздің елімізде 20 миллион гектардан астам 150-ге жуық ауыл шаруашылық дақылдарын негізінен аралар тозаңдандырады. Осының нәтижесінде қарақұмықтың, күнбағыстың, жоңышқаның, алма ағашы жемісінің және қарбыз-қауынның, асқабақтың өнімі екі-үш есе артады. Сондықтан да «бақша мен ол марта жақсы көршілер» деп халық бекер айтпаған. Бал аралары гүл шірнесін жинай жүріп, бір гүлдің тозаңын екінші бір гүлге әкеліп, сол арқылы өсімдіктердің тозаңдануына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мамандардың есебіне қарағанда, біздің елде аралардың көптеген ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдату қызметінің арқасында жыл сайын екі миллиард сом табыс түседі екен. Сөйтіп, кәптеген ауыл шаруашылық дақылдарының пщғымдылығын арттыру жөнінен аралар адамның қанатты досы және көмекшісі. Халық араны адамның кішкене досы деп дұрыс атаған.[12] Сондай-ақ бал арасы — табиғи дәрі-дәрмектердің қайнар кезі. Одан алынатын бал, ара уы, перга, аналық, сүтше, балауыз және ара желімі сияқты өнімдер қазір гі медицинада және техникада кең қолданылады. Бал өте қоректі, организмге жақсы сіңетін шипалы тағам. Балдың құрамында 60—70-ке жуық зат бар. Оның ішінде көптеген минералды тұздар, органикалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер және белок бар. Бал арасы — өте еңбекқор жәндік. Ол бір килограмм бал үшін миллионға жуық гүлден шірне жинайды. Егер гүлді алқап ұясынан 1,5 километр қашықтықта болса, ол бір килограмм бал үшін 300—400 мың километр жер ұшады Ара сағатына 65 километр жылдамдықпен ұшады. Араның шірнені қай өсімдіктен жинағанына қарай және түсіне, иісіне, дәміне қарай бал бірнеше түрге бөлінеді. Бал арасының тек табиғи өсімдіктерден жинайтын балының 60-тан аса түрі белгілі. Егер ара шірнені қазанақ, радодендрон, азалея сияқты улы өсімдіктерден жинаса, ондай балдан адам уланады. Бірақ бұл өте сирек кездесетін оқиға. Сондықтан бал омарталарын улы өсімдіктердің көп жерінде ұйымдастыруға бол-майды.
