Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать
  1. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау

Халықаралық тəжірибеде кəсіпорынның даму жоспары ар-

найы безендірілген бизнес-жоспар түрінде көрсетіледі. Ол өз ке-

зегінде кəсіпорынның даму жоспарын сипаттайтын құрылымдық

жоба болып табылады. Егер жоба инвестицияларды тартумен бай-

ланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» болып табылады.

Кəсіпорынның əрбір жаңа жобасы белгілі бір шараларда жаңа ин-

вестицияларды тартумен байланысты. Жалпы мағынасында жоба

– бұл нақты бір мақсатты көздейтін кəсіпорын қызметінің өзгерісі

жайындағы арнайы ресімделген ұсыныс.

Жобалар тактикалық жəне стратегиялық болып бөлінеді. Соң-

ғысының қатарына көп жағдайда меншік формасындағы өз ге ріс-

терді қарастыратын жобалар жатады (жалдамалы кəсіпорын дарды,

акционерлік қоғамдарды, жеке кəсіпорындарды, біріккен кəсіп-

орындарды жəне т.б. құру) немесе өндіріс сипатының толықтай

өзгеруі (жаңа өнім шығару, толық автоматтандырылған өндіріске

өту жəне т.б.). Тактикалық жобалар шығарылатын өнім көлемі нің

өзгерісімен, өнім сапасының жоғарылауымен, құрал-жабдықтар-

дың модернизациясымен байланысты болып келеді.

Жобалық талдау практикасы жобалау тəжірибесін жалпылауға

жəне типтік жобаларды атап өтуге мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігі – бұл

ин вестициялық жобаның мақсаты мен қатысушылардың қызығ-

ушылықтарында көрініс табатын категория. Инвестициялық жо-

баларды сəтті жүзеге асыру жобаға қатысушылар – акционерлер,

кəсіпорын жұмысшылары, банктер, əр түрлі деңгейдегі бюджеттер

жəне т.б. арасында бөлінетін жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) көтереді.

Осы қатысушылардың түсімдері мен шығындары арқылы

инвестициялық жоба тиімділігінің түрлері анықталады. Жоба

тиімділігінің келесідей түрлерін бағалау ұсынылады.

1. Жобаның жалпы тиімділігі. Инвестициялық жоба тиімді-

лігін бағалау жалпы қоғамдық жəне коммерциялық позиция

тұрғысынан жүргізіледі, яғни тиімділіктің екі түрі де жобаны өз

есебінен жүзеге асыратын жалғыз қатысушының көзқарасымен

қарастырылады.

Жалпы жобаның тиімділігін анықтау мақсаты:

мүмкін қатысушылар үшін жобаның əлеуетті тартым-

дылығын анықтау;

қаржыландыру көздерін іздеу.

Жалпы инвестциялық жоба тиімділігінің түрлері:

жобаның қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) тиімділігі;

жобаның коммерциялық тиімділігі.

Емтихан билеті №15 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Жаңалыққа əсер етуші мотивациялық факторлар

  1. Инновациялық теориялар: мəні мен мазмұны

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. XX ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады [2]

Инновация— мәдениеттану мен әлеуметтануда этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени құбылыстар мен өзгерістер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]