Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать
  1. Кəсіпорынның инновациялық стратегиялары

  • кəсіпорынның басты мақсатын жүзеге асыру үшін олардың қажеттіліктерін белгілі түрдегі өніммен немесе қызмет көрсету арқылы инновациялық қызметтердің ең қолайлы нəтижелерін мақсатқа сəйкес жəне ұтымды қолдану керек;

  • жаңа өнімдерді игеру жəне жаңалық енгізу кезінде ресурстар-дың экономикалық пайдаланылуын қамтамасыз ету;

  • кəсіпорын қызметінің инновациялық белсенділігін, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тəжірибелі мамандардың еңбегін анықтауда шығармашылық ынталандыруды пайдалану.).

Стратегиялық мақсаттар кəсіпорын дамуының басты жүйесін

анықтайды. Кəсіпорынның стратегиялық миссиясы мен кəсіпкерлік

саясатында ортаның жағдайына жəне қол жеткізген əлеуетке бай-

ланысты олардың қағидалары мен мақсаттарын материалданды-

ру (заттандыру) орын алған. Олар жоспарланған азық-түлік жəне

нарықтық қиыстыру мен көрсеткіштерде кəсіпорынның ойдағыдай

дамуын сипаттайтын жəне соған қажет ресурстардың бірігуінде

көрініс табады.

Стратегиялық мақсат кəсіпорынның өмір сүруі үшін нарықпен

байланысты мəселелер мен түрлі сұрақтарға жауап іздейді. Кə-

сіпорында көп таралған мақсатты болжаудың бір түрі – мақсаттар

ағашы, ол өзінің басты мақсаты, яғни кəсіпорынның стратегиялық

бағытының барлық қызметі жөнінде оның құрамдық бөлігіне,

жеке мақсатына олардың иерархиялық принциптерінің орнала-

суын жатқызады. Мəселенің дұрыс қаралуы жəне стратегиялық

мақсаттың дұрыс жөнге қойылуы олардың стратегиялық жетістік-

ке жетуіне қажет негізгі база болып табылады. Кең ауқымда

қарастырылып отырған стратегия мақсатты түрде қоршаған ор-

тадан өзгерістер алу үшін кəсіпорын өзінің қызметі мен əлеуетін қолданатынын көрсетеді.__

Түрлері 1.Базалық 2 Еліктеущ 3 Функционалды 4 Басыңқы 5Тәуелді 6 Қорғаныстық

7Сегменттік 8 Пионерлік

  1. Инвестициялық жəне инновациялық контроллингті экономикалық қолдау

Инвестициялық контроллингтің негізгі міндеті – инвестиция-

лық қызмет саласын қамтамасыз ету. Оның негізгі бағыттары ке-

лесілер:

инвестиция саласындағы қызметті жоспарлау мен

үйлестіру;

-жоба-контроллинг;

инвестициялық жобаны бюджеттік бақылау;

инвестицияны іске асыруды бақылау.

Инвестиция контроллингінің міндеті келесідей:

1. Инвестициялық шешім бойынша мəліметтер жинау.

2. Алынған мəліметтерді үйлестіру.

3. Инвестициялық жоспарлау құралдарын дамыту.

4. Инвестиция бюджетін нақтылау.

5. Инвестициялық тапсырыстарды тексеру жəне бақылау.

6. Инвестиция есебін жүргізу.

7. Жобаны қызметтің мəні жəне уақыты бойынша бақылау.

8. Инвестицияның ағымдағы есебі.

9. Бюджетті бақылау.

10. Жаңа инвестициялық жобалардың бастамашылдығын арт-

тыру.

11. Инвестициялық жобаларды іске асыруда ұсыныстар жасау,

өңдеу.

Ұзақ мерзімді инвестициялық жоспарлауды ұйымның қор-

шаған орта өзгерісіне бейімділігі үшін стратегиялық жоспарлау-

мен бірге қарастырады.

Инвестиция контроллингі меншік иесі болмай тұрып ықтимал

үміткерлерді таңдайтын, кəсіпорын рангін жəне сатып алудың

тиімді бағасын анықтайтын дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Инвестиция контроллингі бағалау мен іздеу барысында

жобалардың ең тиімдісін жəне сəйкес келетінін таңдай отырып,

шешім қабылдайды. Осының негізінде келесі шаралар жүзеге асы-

рылады:

1. Инвестициялық жоспарлау жүйесі құрылады.

2. Инвестициялық ___#・есептеулер жүргізу тұжырымдамасы жа-

салып, шешім қабылдауға қажетті белгілер анықталады.

3. Инвестициялық есепке арналған сапалы параметрлер

анықталады.

4. Ірі жобаларға инвестициялық есептеу жүргізіледі.

5. Барлық инвестициялық жобалар бақыланып, олардың тиімділігі есептеледі.

Инвестициялық контроллингті жүзеге асыру үшін шешім

қабылдауға қажетті инвестициялық есептеу мен тəуеке лділікті

бағалау əдісінің жобасын, мəліметтерді нормалап, бақылау керек.

Контроллер осы əдістердің дұрыс қолданылуын бақылаумен қатаринвестициялық есеп жүргізуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]