Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
профориентология сурак- жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
713.73 Кб
Скачать

53.Өмірбаяндық хат жасаңыз (кейінгіні талдау негізінде өткен 10-15 кәсіпті таңдаудағы өмірлік оқиғалардың бірі)

54.Төменде Наташаның күнделігінен үзінді берілген.. Ол арнайы ұйымдасқан топта "өмірбаяндық тернингпен" айналысады және сонымен қатар ол жеке күнделігін бастады (р.А. Ахмеров бойынша).

Наташа басынан қандай түрдегі дағдарысты кешкенін болжаңыз? Наташа: "Мен сабаққа дейін жайғаспаған, енжар, қажыған, өмірден шаршаған адаммын. Сабақтан кейін топта өмірге деген қызығушылығым оянды, жақсы көріне бастадым, өмірлік мақсатым пайда болды – мейірімді және әділ балаларды өсіріп тәрбиелеу. Өмірге қызығушылығым алғашқы өркендер сияқты, енді ғана көріне бастады. Әрі қарай не болары маған және де менің айналамда болып жатқан оқиғаларға тәуелді болады.

55.Өзіңіздің кәсіби психологиялық қызметке деген дайындық дәрежеңізді анықтаңыз

56.Өзіңіздің кәсіби маман ретіндегі жеке базалық сипаттамаларыңыздың деңгейін анықтаңыз

57.«Қазіргі қоғамдағы гендерлік ерекшеліктердің мамандық таңдауға ықпалы» шағын эссе жазыңыз

58.«Өзін-өзі анықтаушы және өзін-өзі анықтаған жасөспірімдердің кәсіби бағдарлау кезіндегі әр түрлі мамандықтардың беделіне деген көзқарастары» шағын эссе жазыңыз

59.«Қазіргі әлемдегі кәсіптік маргинализмнің рөлі мен орны» шағын эссе жазыңыз Маргиналдық – (латынша-margo -шеткі, шекара) дәстүрлі түрде жеке тұлғаның қандай да бір әлеуметтік қауым¬дастыққа толық сіңіспей, екі немесе бір¬неше әлеуметтік қауымдастықтардың арасында әрі-сәрі күй кешіп, шекаралық жағдайда қалып қоюын бейнелейтін ұғым. Бұл адамның психикасын өзгертіп, бағыт-бағдары мен ұстанымдарына, өзін-өзі айқындауы мен өмір салтына қатты ық¬пал ететін қатерлі құбылыс. Бұл ұғым¬ды алғашқылардың бірі болып ғылыми айналысқа ендірушілердің бірі – американдық социолог Роберт Эзра Парк болып табылады. Ол «Адамзат миграциясы және маргиналды адам» де¬ген еңбек жазып, мигранттардың жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуінде туындайтын қиындықтарды талдайды. Мигранттар өздерінің өсіп-өнген ортасынан ажырай отырып, жаңа әлеуметтік ортаға қосылуға әрекет жасайды. Бұл әрекеттің жаман жері – мигрант өзімен тектес ортадан бөгделенеді, ал, қатарына қосылуға ұмтылып отырған жаңа орта оны толықтай қабылдамайды. Осының нәтижесінде мигрант «мәдени гибридке», яғни, дүбәраға айналып, «екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» дегенге ұқсас жағдай қалыптасады. Бастапқыда, «маргиналдық» мәдени қарама-қайшылықты бейнелеуші ұғым ретінде қолданылғанымен, уақыт өте келе, әлеуметтік орта мен мәртебенің түрлі өзгерістерін сипаттайтын әмбебап ұғымға айналды. Кейінірек, «маргиналды субъект», «маргиналды кеңістік», «маргиналды тіршілік ету» деген туынды сөздер қалыптасты. Мұның барлығы аралық жағдайларды, өтпелі кезеңдердің табиғаты мен сапасын айқындаушы ұғымдар. «Қазақстандық маргиналдар»деген кімдер?Ал енді, осы бір қытымырлау сұрақ¬қа жауап іздеп көрелік. Жалпы, Қазақ¬стандағы маргиналдарды бірнеше топқа жіктеуге болады. Бірінші топ, мемлекет құрушы, төл этнос саналатын қазақ ұлты¬ның ішінен шыққан маргиналдардың тобы (бұлардың өзін үшке бөлуге болады: 1) «шала қазақтар», 2) рушылдар, 3) жершілдер); екінші топ – ұлттық белгісі бойынша маргиналдық жағдайға ұшыраған диаспоралар; үшінші топта орныққан мекендерінен түрлі себептермен мәжбүрлі немесе ерікті түрде ауып, жұмыс іздеген, арман қуған мигранттар (сыртқы және ішкі көші-қон); төртінші топқа – діни белгісі бойынша өз ұлтының дәстүрлі ұстанатын дінінен безіп, басқа діни ағымға өтіп, түрлі секталарға мүше болып, сандалғандар; бесінші топта – білімі мен кәсіби біліктілігі бойынша аралық жағдайда қалғандар; алтыншы топ – Қазақстандағы трансұлттық компанияларда қызмет істейтін, космополиттік сана-сезімдегі жұмысшылар мен ірі бизнестің өкілдері; жетінші топ – девиантты мінез-құлықты, моральды деградацияға ұшырағандар; және сегізінші топ – демографиялық белгі бойынша – жас және жыныс ерекшеліктері бойынша өзін-өзі анықтай алмай жүргендер.