Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
профориентология сурак- жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
713.73 Кб
Скачать

29. «Кәсіби деформация» ұғымына сипаттама беріңіз.

Кәсіби деформация – бұл кәсіпқой маман иесінің жұмысының әсерінен тұлғаның мінез-құлқының өзгеруі. Кәсіби қасиеттерінің қалыптасуына жол бермеу, жою, кәсіби мінез-құлық стереотиптер және психологиялық кедергілерді пайда болуы.Кәсіби деформацияның себептері, яғни оған әкелетін  стрессогенді факторлар: эмоционалды күю синдромы, моббинг, субъективті моббинг, кәсіби өшу синдромы, қажу, жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар, жұмыстың бірқалыптылығы және т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Осы аталған факторларға қысқаша тоқталып кетсек:

Жағымсыз алаңда жұмыс істеу – кез келген мамандықта жағымсыз материалмен жұмыс істеуге тура келеді, осы жағдайда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Өз кезегінде олар жинақталып, кәсіби деформацияға әкеледі.

Эмоционалды күю синдромы — бұл когнитивтi және физикалық энергияның бiртiндеп жоғалтуын, жұмыстың орындауымен зерделi жүдеу, физикалық қажу, жеке аластатушылық және қанағаттанудын төмен деңгейін көрсететiн процесс.

Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар – әріптестер арасында түсініспеушілік, олардың тым сынағыштығы.

Моббинг – психология ғылымында жаңа терминдердің бірі болып табылады, ол жұмыста қыспаққа алуы және қудалауды қайғыру күйімен сипатталады.

Субъективті моббинг – тұлғаның жұмысқа бейімделуінің деструктивті формасы. Тексеріс, эмтихан, комиссия және т.б. себептерден қобалжу болып табылады.

30. Эмоционалды күю синдромының (синдром эмоционального выгорания) себептері мен пайда болу белгілерін көрсетіңіз. Эмоционалды күйіну  түсінігі психологияда ұзақ мерзімді өзіндік дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік, күйін білдіреді.  Бұл терминді 1974 ж. американдық психиатр Дж.Х..Фрейденбергер кәсіби көмек кезіндегі толық эмоционалды атмосферада клиенттер мен пациенттермен қарқынды және тығыз қарым-қатынаста болатын сау адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін еңгізген.ЭКС- ЭМОЦИОНАЛДЫ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ӘЛСІРЕУІ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕ, ЖҰМЫСҚА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТӨМЕНДЕУІ СИЯҚТЫ СИМПТОМДАРМЕН КӨРІНЕТІН ЭМОЦИОНАЛДЫЛЫҚ ,КОГНИТАТИВТІ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯНЫ БІРТІНДЕП ЖОҒАЛТАТЫН ҮРДІС.

ЭКС таралуы:

  • 30-90 пайызға дейін дәрігерлер;

  • мұғалімдер,

  • психологтар,

  • әлеуметтік жұмыскерлер,

  • құтқарушылар

  • құқық қорғау органдарының жұмыскерлері

Эмоциональді күйіну синдромының себептері :

Ұжымаралық қатынастар саласындағы себептер:

  • Ұжым ішіндегі келіспеушілік

  • Ұжымның қызғанушылығы

  • Жүктемеушілік

  • Кәсіби өсуге, өзгерушілікке деген ынтаның жоқтығы

  • Жүктемедегі иллюзия

Негативті әкімшілік факторлар:

  • -жұмыс күштемесі

  • -уақыт тапшылығы

  • -бір мөлшердегі жұмыс күштемесінің көп болуы

  • -көлем көрсеткіштерін орындамаған жағдайда қорқыту арқылы жетекшілік көрсету

  • -кәсіптік және жеке қолдаудың болмауы

  • -кәсіптік дайындықтың жеткіліксіз болуы

  • -жас мөлшері және жұмыс өтілі.

Негативті әлеуметтік факторлар:

  • науқас және оның туыстарының медицина қызметкерлерін сыйламауы

  • еңбек ақысының аз болуы;

  • кәсіптік өсу мүмкіндігінің төмен болуы; толық дем алу мүмкіндігінің болмауы;

Экс-тің пайда болуына әсер ететің факторлар:

Жеке факторлар: -жас, -жыныс, -білім деңгейі, -жеке ерекшеліктер,төзімділік, -мінез-құлық түрі,

Ұйымдасқан факторлар:

-жұмыстық жүктемелер,

-уақыт тапшылығы,

-пациенттердің көптігі,

-профессионалды және жеке қолдаудың жоқтығы,

-профессионалды дайындықтың жеткіліксіздігі,

-жасы және жұмыс өтілі

Кәсіби факторлар:

  • Толық жұмысқа жан-тәнімен берілу

  • Бір уақыттағы ақпараттық жүктеме(барлық саладағы дәрігерлер)

  • Науқастардың белгілі бір топтарымен жұмысы

  • Ұжым қолдауының жеткіліксіздігі,әр түрлі келіспеушіліктер

  • Қолайсыз басшылық стильі (эксплуататорлық,доминантты)

31.Кәсіптік бағдарлаудың басқа ғылымдармен байланысын көрсетіп сызбанұсқа құрыңыз.

Қазіргі таңда кәсіп таңдауға байланысты ақпараттар көзі, кәсіби білім беретін оқу орындары көп және әртүрлі, сондықтанда кәсіп таңдау мәселесінде жасөспірімдерге кәсіби бағдарлану, өзі дербес шешім қабылдау қиындай түседі. Жасөспірімдер кәсіп пен жоғары оқу орнын таңдағанда ата-анасының, достары мен өз ортасының әсерінен қате бағыт алып жатады. Жасөспірімдердің өз қызығушылықтары мен ұабілеттіліктерін ескермей кәсіп таңдап, жоғары білім алуы «Мен кім боламын және немен айналысамын?» деген сұрақ жауапсыз қалып, уақыт текке жұмсалады. Осындай жағдайлар тек жасөспірімнің өміріне ғана емес, сонымен қатар қоғам сапасына да өзінің кері әсерін тигізеді. Мұндай сәтсіздіктің алдын алып, уақыттың босқа кетуіне жол бермеу үшін кәсіп таңдаушыларға психолог-маманның, кәсіби кеңес беруші мамандар мен мектеп педагогтарының көмегі қажет. Жоғарыда айтылған мәселелердің алдын алып, жасөспірімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырып, дамытуға тікелей себепкер болатын кәсіби бағдарлау іс-шаралары.

Кәсіби бағдарлау тек тұлғаның белгілі бір кәсіпке бейімділігін, қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін көрсетіп қана қоймайды. Кәсіби бағдарлау жұмыстары оқушыға өзін жақсы түсінуіне көмектесетін тұлғалық, индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін, өз мүмкіндіктерін, кәсіби маңызды сапаларын, қажеттіліктерін, өзін дұрыс танып, саналық түрде кәсіп таңдауына көмегін тигізеді.

Кәсіби бағдарлану ұғымының қолданыста болғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл ұғым адамның қоғамдағы қажеттіліктерінің өсуіне байланысты пайда болды. Кәсіби бағдарлау ұғымының пайда болуы біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдағы Ежелгі Вавилонда қолданылған адам білімін, қабілеттері мен бейімділіктерін анықтайтын кәсіби диагностикалық тесттермен тікелей байланысты.

Кәсіби бағдарлау жүйесінің құрылымдары:

Ұйымдастырушылық-қызметтік құрылым – оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға дайындауға жауапты, өзінің қызметтері мен міндеттерін координация қағидары негізінде орындайтын әртүрлі әлеуметтік институттардың іс-әрекеті.

Логико-мазмұндық құрылым - оқушыларды кәсіби ағарту жұмыстары, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту, кәсіби кеңес беру, кәсіби іріктеу, әлеуметтік-кәсіби адаптация.

Тұлғалық құрылым – оқушы тұлғасы кәсіби өзін-өзі анықтауының дамуының субъектісі ретінде қарастырылады. Субъекттің шығармашылық әрекеттері, кәсіби әрекетте өзін-өзі көрсету, өзін-өзі жүзеге асыру, бағыттылық, яғни мотивтер жүйесінің тұрақты доминантты түрі, қызығушылықтары, сенімдері, білімдер мен дағдылары меңгеруге деген, әлеуметтік нормалар мен ережелерге, құндылықтарға қатынасы, эстетикалық мәдениетінің дамуы, өзін-өзі саналауының деңгейі, өзі, мүмкіндіктері, қабілеттері жайлы ойлары мен өзін-өзі бағалауы қарастырылады.

Басқарушылық құрылым – кәсіби бағдарлау жүйесінің жағдайы мен құбылыстары жайлы, бағдарламалар мен ұсыныстарды құрастыру, жүзеге асыру процесінің реттелуі туралы ақпараттарды өңдеу мен жинақтау .

Кәсіби бағдарлау жұмыстарының барлық құрылымдары бір - бірімен өзара тығыз байланысты және осы байланыстың нәтижесінде жаңа, интегративті сапаларды қалыптастырады. Кәсіби бағдарлау жүйесі диагностикалық, оқыту, қалыптастыру, дамыту қызметтерін атқарады.

Қазіргі кезде кәсіби бағдарлау жұмыстарының жүйесі келесі бағыттағы әрекеттер тізімінен тұрады:

1. Кәсіби ағарту, ол кәсіби ақпараттандыру, кәсіби пропаганда, кәсіби үгіттеуден тұрады;

2. Тұлғаның белгілі бір кәсіп түріне қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін көрсететін алдын ала кәсіби диагностикалау;

3. Кәсіби кеңес беруші мамандар тарапынан кәсіп таңдауда индивидуалды көмек көрсетуге бағытталған кәсіби кеңес беру жұмыстары;

4. Белгілі бір кәсіп түріне қабілеттілігі жоғары тұлғаларды таңдп алуға негізделген кәсіби іріктеу жұмыстары;

5. Әлеуметтік-кәсіби адаптация;

6. Қатысушыларда жауапкершілікті, кәсіби сапалар мен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатындағы кәсіби тәрбие беру.