ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
3 деңгейлі СМЖ құжаты |
ПОӘК |
ПОӘК 042-18-2.1.007/03-2014 |
«Маркетинг және менеджмент негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені |
Басылым № 1 11.09.2014 ж. |
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Маркетинг және менеджмент негіздері»
5В050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей – 2014
МАЗМҰНЫ
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
1 Глоссарий
Ассортимент – Тауарды өндіруші кәсіпорынның нарыққы ұсынған барлық тауарлары мен қызмет түрлерінің жиынтығы.
Ассортименттік тауарлар – құрылымы және тұтынылуы жағынан бір-біріне ұқсас тауарлар тобы.
Анкета – сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы.
Әкімшілік мектеп — өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. Бұл мектептің негізгі ережелері А.Файольдің «жалпы және өндірістік басқару» жұмысында жасылған.
Басқару – ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану.
Басшы – басқару объектісіне (бағынышты ұжымға) ықпал жасаушы және жеке дара басшылық жағдайында оның қызметі үшін заң, жоғары тұрған орган, мемлекет немесе меншік иесе, алдында жауап беретін тұлға. Кәсіпорынды басқару жүйесінде Б-ның орны мен рөлі басшылықтың түріне байланысты.
Билік – қандайда бір құралдар: ерік, жігер, күш, бедел, құқық арқылы адамдардың характеріне, мінез-құлқына белгілі-бір ықпал жасау тәсілі мен мүмкіндігі.
Басқарудың демократялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллеектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.
Басқару кадрлары – басқаруға толық қатысатын және басқару аппаратын құрайтын кәсіби жұмысшылар.
Басқару объектісі — басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы)
Басқару құрылымы – басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.
Бәсеке – (лат. Conkurentia - қақтығысу, жарысу) тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.
Биржа – мемлекеттің бақылауымен тұрақты жұмыс істейтін рынок нысанындағы мемлекеттік немесе акционерлік мекеме; тауар-ақша және тауар-айырбас операцияларын еркін қалыптастырып реттеп отыратын негізгі рыноктың құрылым. Ол тауар, қор биржалары, валюта, еңбек биржалары түріне бөлінеді.
Бизнес - (кәсіпкерлік) – қоғамның тауарларға немеск қызметтер мен жұмыстарға деген тұтынушылық қажеттіліктерін өтеуге және пайда табуға бағытталған экономикалық қызмет.
Бизнес-план – кәсіпорынды белгілі-бір кезеңге дамыту мақсатында кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді, стратегиялық жоспар
Брокер (делдал)- мүдделі тараптар (жеткізуші-тапсырыскерлер, тапсырушылар мен сатып алушылар)посредник на бирже, действующий от имени клиентов. Брокеры в отличий от арасында мәміле жасасу кезінде делдалдық жасаушы жеке тұлғалар немесе, фирмалар.
Бақылау — іс-әрекет бағдарламасының жүзеге асқандығын тексеретін басқару функциясының бір түрі, әрі басқарудың логикалық схемасының негізі элементі бір түрі.
Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі.
Гигиеникалық факторлар (Ф. Герцберг теориясы бойынша) — Қоршаған ортаның адам қызметіне әсері. Оның болмауы немесе болуы жұмысты ынталандырмауы мүмкін.
Горизонталді еңбек бөлінісі — еңбектің фүнкциялар бойынша бөлінуі. Бұл ұйымның бөлімшелері арасында пайда болады
Демпинг – бәсекелестерге беріспеу үшін бағаны әдейі төмендету.
Дилер – тауарларды, бағала қағаздарды, валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Бірақ өз атынан және өз қаражаты есебінен әреект етеді
Дистрибьютор – тәуелсіз көтерме сауда делдалы.
Еңбек ресурстарын басқару – кәсіпорын (ұйым, фирма( кадрларын таңдауға, орналастыруға, оқытуға, олардың қызметін бағалауға, ықпал жасау мақсатындағы нысаналы әрекет.
Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар.
Жарнама – жеке немесе заңды тұлғалар, тауарлар, идеялар, бастамалар туралы кез-келген құралдардың көмегімен кез\келген нысанда таратылатын ақпарат, ол шектеусіз адамдар тобына арналады.
Жетекшілік – басшылық, жекелеген адамдарға немесе топқа ықпал етіп, олардың күш-жігерін басқару мақсатына қол жеткізуге бағыттау қабілеті.
Жоспарлау – жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты. Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, реті тәптіштеледі.
Заңдық билік — Белгілі-бір дәстүрге негізделіп әсер ету түрі
Имидж – адамның бет-бейнесі, оның қоғамдағы беделі; фирманың тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі.
Инсайдер – қолында фирманың қызметі туралы құпия (жариялауға жатпайтын) ақпарат бар тұлға. Менеджер-директорлар, бухгалтерлер, және т.б. қызметкерлер жатады.
Келіспеушілік — екі немесе одан да коп жақтың келісеушілігі
Коммуникация – қарым-қатынас, екі не оданда көп адамдардың өзара түсінісуіне негізделегн байланыс; бір-бірімен ақпарат алу алмасу процесі.
Келісім – екі жақтың арасындағы құндылықтар мен коммерциялық айырбасы
Кері байланыс — басқарудың объектісінен субъектіге келіп түсетін ақпарат; бұйрықтың орындалуы және орындалғаннан кейінгі жай туралы ақпарат.
Конъюнктура – экономиканың белгілі кезеңіндегі күнделікті жай-күйін сипаттайтын белгілерлдің жиынтығы
Қажеттілік –жеке адамның тұлғасы мен мәдени деңгейіне байланысты ерекше қалпын қабылдаған мұқтаждықтың бір түрі.
Қажеттіліктер иерархиясы — адамзаттың қажеттіліктерін А. Маслоудың қажеттіліктер (физиологиялық қажеттіліктер, қорғануға деген қажеттіліктер, керекті заттарға қажеттіліктер, мәнсап пен беделге қажеттілік, өз-өзін көресете білу) пирамидасы бойынша бес топқа жіктеу.
Қоршаған орта — басқару жүйесінің айналасындағының бәрі: жеткізушілер, сатып-алушылар, бәсекелестер с.с.т.б..
Лидер — топқа басшылықт теуді өте ұтымды,тиімді жүзеге асырушы адам.
Лидерство — адамдардың күш-жігеріне әсер ете алу қабылеті.
Лизинг – заңды тұлғаның еңбек құралдарын сатып алудың орнына оны ұзақ мерзімге жалға пайдалануға алуы. Кейін толық сатып алуы мүмкін.
Мұқтаждық – адамның өзіне кез-келген заттың жеткіліксіздігін сезіну
Маркетингтік кешен – мақсатты нарыққа барынша әсер ету үшін пайдаланылатын маркетингтік құралдардың жиынтығы
Мотивациялау (ынталандыру) —адамды қандай да бір мақсатқа (өзінің немесе ұйымның мақсатына) жетуге талпынатын іс әрекетін ояту.
Маркетинг – кәсіпорынның өндірістік өткізу және сауда қызметін ұйымдастыру мен басқарудың кешендік жүйесі
Маркетинг стратегиясы – кәсіпорынның өндірістік өткізу қызметінің перстпективалық мақсатын, бәсеке нысанын, маркетинг концепциясын таңдау
Маркетинг тактикасы – ағымдағы нарықтық жағдай тиісті міндеттерді алға қойып жүзеге асыру, маркетинг страегиясында қойылған мақсаттарға жету үшін қызсқа мерзімді уақыт кезеңіне арналған іс-шараларды көздеп, іске асыру.
Маркетинг тұжырымдамасы (концепциясы) – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның, коммерциялық ұйымның өндірісітк-өткізу және еңбек қызметін басқару туралы ғылыми негізделген принциптер жүйесі.
Маркеингілік ақпарат жүйесі – жоспарлауды жетілдіру, маркетингілік шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау мақсатымен адамдардың өзара байланысының және маркетинг саласындағы көкейкесті, дәл ақпараттарды жинауға, сыныптауға, талдауға, бағалауға және таратуға арналған жабдық пен әдістемелік тәсілдердің тұрақты қолданыстағы жүйесі.
Маркетингілік бақылау – маркетинг жоспарының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау, есептеу, талдау. Үш тұрпатқа бөлінеді: к/о жопарының орындалуын бақылау, пайдалылықты бақылау –тиімділікті талдау, Стратегиялық бақылау – маркетингіні тексеру.
Мәміле (Сделка) – жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктік қатынастарлы және осыған байланысты мүліктік емес қатынастардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге, тоқтатуға арналған ауызша немесе жасбаша нысанда ж.а. әрекеттер.
Неоклассикалық мектеп — басқаруда адам факторларын тұлға арлық қатынастарға негіздей отырып оңтайландыруға бағытталған «адамзаттық қарым-қатынас» мектебі. Бұл мектептің өкілдері Э. Мэйо және М. Фоллет.
Номиналды баға - хабарландыруларда, әртүрлі прейскуранттарда жарияланатын атаулы баға.
Өкілеттік беру (Делегирование) — Міндеттер мен өкілеттіліктерді орындау үшін жауапкершілікті мойнына алған адамдарға осы міндеттерді табыстау.
Операция — Басқарудағы аяқталған іс-әрекет.
Пайда – табыс шығыстан асып түсетін ақшалай қаражат сомасы.
Паблик-рилейшнз – қоғамдық ұйымдар мен бейкоммерциялық байланыстар жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікірге ықпал ету.
Пайдалылық (Рентабельность) – к/о тиімділігі, фирманың және оның қызметінің табыстылығының көрсеткіші.
Практикалық маркетинг -өнімді әзірлеу, өндіру және өткізу жөнінде негізгі шаруашылық функцияларды біртұтас етіп біріктіретін, басқарудың ерекше саласының жиынтығы.
Ресурстар – босалқы қорлар, табыс, ақшалай және басқалай қаражат, құндылықтар, олардың көздері.
Рынок/нарық — сұраныс пен ұсыныс, сатушылар мен сатып алушылардан тұратын тауар айырбас саласы.
Сатушы нарығы – рыноктың сұраныс ұсыныстан айтарлықтай басым түсетін жай-күйі.
Сатып алушы нарығы – рыноктың ұсыныс сұраныстан айтарлықтай басым түсетін жай-күйі
Стратегия — болашаққа есептелген мақсатқа жетудің жалпы жаспары.
Тұлға- саналы қатынастар мен әрекеттердің субъектісі ретіндегі адам
Табыс – кәсіпорынның белгілі-бір уақыт кезеңінде қандай да болсын қызметінің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты мен материалдық құндылықтары.
Тактика – экономикалық, әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер.
Тауар – құны бар және қоғамда айырбас, сатып алу-сату жолымен бөлінетін еңбек өнімі.
Тауар белгісі – бір фирманың тауарын екінші фирманың ұқсас тауарларынан айыруға мүмкіндік беретін және мемлекеттік тіркеуден өткен таңба, символ, яғни ресімделген түпнұсқалық графикалық бейне не түпнұсқалықө атау, цифрлардың, әріптердің не сөздердің ерекше тіркесі белгіленген тәртәппен тіркелген , яғни заңды түрде қорғалған фирмалық есім
Тұтынушы – қандай да болсын тауарларды тұтынатын тұлға немесе фирма.
Темперамент — адамның іс-әрекеттерінің динамикасын анықтайтын психикалық қасиеттерінің өзара үйлесуі
Ұйымдастыру — бір топ адасмдардың іс әрекетін белгілі-бір мақсатқа жету үшін кординациялау.
Ұйымдастыру техникалары – еңбек құралдары, байланыс құралдары, құрал жабдықтар және т.б.
Ұсыныс – сатушылардың немесе тұтынушылардың белгілі бір уақытта белгілі-бір баға бойынша ұсынылатын тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы
Фрахт- жүкті не жолаушыларды қандайда болмасын көлік түрімен, көбінесе теңіз көлігімен тасымалдағаны үшін көлік құралының иесіне төленетін төлем
Харизма — Басшының тумыснан өзіне тән жеке қасиеттеріне негізделген әсер ете білу ықпалы.
Экономикалық тиімділік — нәтижелер мен шығындарды салыстыру
Этикалық нормалар — ұйымның өз қызметкерлерінен талап ететін ережелер
