- •Мазмұны
- •I. Ғылыми техникалық әдебиеттерді талдау
- •1.1. Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама
- •1.2. Медицинада қолданылатын нанотекстиль
- •II. Жобалау объектісі ассортиментін талдау
- •2.1. Жүн маталар ассортименті
- •III. Шикізатты таңдау және материалдарды таңдау
- •3.1Жүн талшығы
- •4. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру
- •3.2. Вискоза талшығы
- •4.2. Компоненттерді араластыруға дайындау.
- •Аппаратты иіру жүйесінде
- •4.3. Араластыру машиналары.
- •4.4. Тарау аппараттары.
- •4.5. Иіру машиналары. Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2. Медицинада қолданылатын нанотекстиль
Текстиль саласында нанотехнологияларды меңгеру – жаңа құрал-жабдықтарды, өңдеу материалдарының жаңа шығарушы формаларын жасауды, наноэмульсияларды тұрақтандыру және өңдеумен әсерлерінің жаңа түрлері бар текстиль материалдарының сапасын бақылау мәселелерін шешуді талап етеді. Әрине, бұл үлкен материалдық шығындарды талап етеді, бірақ жаңа материалдарды өндіруге мүмкіндік беретін ғылым сыйымды технологияларды енгізу – текстильдегі приоритетті бағыт екенін өнеркәсіптік дамыған елдерде түсінеді, сондықтан «ақылды текстильге» маңызды инвестициялар салынды. АҚШ, Еуро Одағы және Жапония елдерінде зерттеулер белсенді жүргізілуде. Аталған мемлекеттерде нанотехнологиялардағы әлемдік инвестициялар мөлшері 34,15 және 20% сәйкес. 2000 жылы бұл облыстағы жұмыстардың соммалық қаржыландыру 800 млн долларға жуық болды, ал 2001 жылы екі есе көбейді. Эксперттердің пікірі бойынша нанотехнологияларды кеңінен енгізу үшін жыл сайын 1 трлн. доллардан кем емес шығындар қажет болады. Бірақ нанотехнологиялардың болашағы зор және әртүрлі наноөнімдер бүкіл әлемге таралуда.
Нанотекстиль материалдары емдік киімдер, санитарлық-гигиеналық заттар, медициналық киімдер, хирургиялық материалдар (сонымен қатар жараны таңатын құралдар) дайындау үшін медицинада кеңінен қолданыс тапты.
Медицинада наноматериалдары ұзақ уакытқа соныен қатар бір қолданысқа жарайтын компресті, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық мақсаттағы материалдар ретінде қолданады. Қазіргі уақытта наоматериалдар өндірісін мата ретінде кеңейтуге үлкен көңіл бөлуде.
Наноматериалдардың ферментативті белсенді және антимикробты беті шағылған және кесілген жарақаттардың тезірек жазылуын қамтамасыз етеді. Протеолиттік ферменттерді қосудың арқасында ферментативті белсенділікті қамтамасыз етеді. Материалдың құрамына белсенді көмірді қосу арқылы материалдың сорбциялық қасиеттері 50%-ке жоғарылайды. Мұндай кездемелер бұрыннан бері шет елдің медицинасында кеңінен пайдаланылады. Ең көп таралған материалдардың бірі спанлейс болып табылады, олар жоғары қысымды судың қарқынымен талшықтардың айқасуы арқылы дайындалады. [6]
II. Жобалау объектісі ассортиментін талдау
2.1. Жүн маталар ассортименті
Жүн маталар ассортиментіне текстиль өнеркәсібінің жүн саласы шығаратын барлық маталар жатады. Құрамындағы шикізат түріне байланысты олар таза жүнді және жартылай жүнді маталарға бөлінеді. Таза жүнді маталарға құрамында 95-100% жүн талшықтары бар маталарды жатқызады, басқа талшықтардың 5% матаның сыртқы көрнісін өзгерту үшін қосады. Жартылай жүнді маталар құрамында жүн талшықтары 20%-тен кем болмау керек, жүн мен қатар басқа да талшықтар болады: мақта, вискоза, ацетат, капрон, лавсан, нитрон. Қазіргі кезде маталар құрамында екі, үш және одан да көп компонент болады: жүн және бір немесе бірнеше түрлі химиялық талшықтар (лавсан, вискоза, капрон, нитрон). Қоспа оңтайлы деп саналады, егер оның құрамында лавсан немесе нитрон талшықтарының үлесі 50% - тен, ал вискоза - 30% - тен аспаса. Химиялық талшықтардың осындай үлесі маталардың гигиеналық қасиеттерінің нашарлануына маңызды әсер етпейді. Бірақ лавсан талшықтарын қосқанда матаның тозуға төзімділігі жоғарылайды, ал вискоза талшықтары матаға жұмсақтық береді. Матада қолданылған жіптерді өндіру тәсіліне байланысты жүн маталар камвольді (тарақты), жұқа шұғалы және дөрекі шұғалы болып бөлінеді.
Жүн маталардың ені 142-152 см, беттік тығыздығы 93 - тен (камвольды көйлектік маталар үшін) 760 г/м2 дейін (дөрекі шұғалы пальтолық драптар үшін). Жүн маталардың басқа маталармен салыстырғанда келесі артықшылықтары бар:олар жоғары жылу сақтағыш, жақсы форма тұрақтылық, аз қыртыстану қасиеттерге ие, осыған байланысты оларды сыртқы қысқы киімдерді (пальто, костюмдерді, көйлектерді) және жылы дана бұйымдарды (жаулықтарды, жапқыштарды) дайындау үшін қолданады.
Жүн маталардың ассортиментін кеңейту және жаңарту жетілдірілген химиялық талшықтар мен жіптерді, фасонды иірімжіпті, көп түсті меланжды және мулинирленген иірімжіпті қолданумен, сонымен қатар ешкі жүннің, әртүрлі айқаспаларды және өңдеу түрлерін пайдаланумен іске асырылады.
Бұл топқа жадағайлық маталар да кіреді. Пальтолық маталар барлық камвольды маталардың көлемінен 1,5% құрайды.
Камвольді пальтолық маталарды таза жүнді және жартылай жүнді етіп шығарады. Бұл маталардың көп таралғаны (80% -тен жоғары) жартылай жүнді, негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы әртүрлі (15,5текс×2 – 100текс×2 ) ширатылған жіптерден өндіреді. Кейде арқау бойынша көп ширатылған жіптер қолданылады (мысалы, 25текс×2+41,7текс×2). Таза жүнді маталарды негіз және арқау бойынша жуандығы бірдей жіптерден тоқиды. Жартылай жүнді маталар шикізат құрамы және құрылымы бойынша әртүрлі болады.Негіз және арқау бойынша лавсан талшықтары қосылған аралас иірімжіп қолданылуы мүмкін, жадағайлық маталарда негіз бойынша таза жүнді немесе аралас иірімжіп, ал арқау бойынша полиэфирлі кешенді немесе тектурирленген (бэлан) жіптер қолданылады.
1-сурет. Пальтолық маталар
Камвольды пальтолық маталарды әртүрлі айқаспалармен – саржалық, ұсақ өрнекті, ірі өрнекті,(жаккардты), тегіс боялған немесе шұбар тоқылған түрде шығарады. Беттік тығыздығы 199 -562г/м2. Ең көп таралғандары - габардиндер, букле және жаккардты пальтолық маталар.
Көбінесе жартылай жүнді маталар, құрамында жүн талшықтардың үлесі 21-90%, басқа талшықтармен, жие синтетикалық – нитронды, полиэфирлі, капронды, сонымен қатар вискозалы талшықтармен мақта иірімжібін қолданады. Оларды дайындау үшін 84-200 текс салыстырмалы жуан бір қабатты иірімжіптерді және 40текс×2 – 150текс×2 – екі қабатты жіптерді, кейде 100текс×3, 125текс×3 үш қабатты иірімжіптерді қолданады. Бұл маталар әртүрлі түсті фасонды, меланжды, мулинирленген иірімжіпті, ұсақ өрнекті айқаспаларды қолдану нәтижесінде алынған бедерлі суретті бетімен ерекшеленеді. Сонымен қатар басты айқаспалар да қолданылады. Өңдеу түрі бойынша шұбар тоқылған және тегіс боялған түрде шығарылады. Таза жүнді маталар жартылай жүнді маталарға қарағанда бір шама жеңілдеу, олардың беттік тығыздығы 317-574 г/м2, ал жартылай жүнді маталардың беттік тығыздығы 379-600г/м2 құрайды. Оларды әйелдер мен балалардың мезгіл аралық және қысқы пальтоларын, ал шұбар тоқылған маталарды ерлердің пальтоларын дайындау үшін қолданады. [7]
Пальтолық маталардың ассортименті бойынша драп матасы таңдалынды. Драп — шұға маталар ассортиментіндегі онды және салмақты мата. 1 м2 матаның салмағы 450—800г, ені 136—142см. Драптар жартылай жүнді, сызықтық тығыздығын 166—62,5текс жіптен тоқылады, бояуы бойынша жатықбоялған, меланжды және алатоқылған. Драптар күрделі айқаспамен тоқылған, кейде майдаөрнекті айқаспа қолданылады. Айқаспасына байланысты драптар жалаңқабатты:— 2 жүйеден, біржарымқабатты — 3 жүйеден және екіқабатты — 4—5 жүйеден тұрады. Драптардың сызықтық толымы әдетте 100% тен асады, кейбір артикулдің драптарынікі 150%-ке жетеді. Өңдегенде драптарды ұзақ илейді. Жартылай жүнді драптарда мақта негізі көрінбейді. Драптар әйелдердікі және ерлердікі болып бөлінеді. Әйелдердікіне қарағанда ерлердің драпы қалыңдау, ауырлау және тығыздау. Драптардың технологиялық касиеті олардың талшықтық құрамына, қалындығына, тығыздығына байланысты. Драптарды пішкенде олардың түгінің бағытын ескеру керек. Жүн драптардың отыру нормасы 3%, ал жартылай жүн драптардікі— 4%. Драптар әйелдер мен ерлердің қыстық және мауымсымдық пальтолары үшін пайдаланылады. Таза жүнді және жартылай жүнді драптардың ассортименті әртүрлі.
Жартылай жүнді драптар: «Юность», «Буревестник» әйелдер драпы, «Разлив» және т. б. «Юность» драпы құрамында 42% жүн, жатық-боялған, тығыз, иілгіш, айқаспасы күрделі, негізі мен арқауында 100 текс аппараттық жіп; бет жағында ұзын, қалың, тапталған түгі бар. 1м2 матаньщ массасы 602г.
«Осень» әйелдер драпы — тығыз, серпімді, ашық түстерге боялған, үстіңгі бетінде тапталған түгі бар, айқаспа өрнегі астынғы бетінде анық көрінеді. Құрамында 66,5% жүн бар. 84 текс жіптен күрделі айқаспамен тоқылады; түгінің қалыңдығы, өзінің қалыңдығы, және массасы (540г) жағынан «Юность» драпынан төмен.
Артикул 46120 драпы — жатықбоялған, жұка, тығыз, ұзын, тапталған жылтыр, түгі бар. 48% жуні бар жуан аралас жіптен майдаөрнекті айқаспамен тоқылады. Әйелдер пальтосына қолданылды. 1м2 матаның массасы 542г.
«Алатау» драпы — меланжды, борпылдак, жұмсақ, қалың, әртүсті қосқабатты, үстінгі бетінің ұзын түгі бар. Негізі мен арқауына 100 текс жіп пайдаланып күрделі айқаспа әдісімен тоқылады. Құрамында 88% жүн, 5% капрон, 7% обрат бар; 1м2 матаның массасы 590г. «Листопад» балалар драпы — жұмсақ, бос, ірі торкөзденіп алатоқылған, 170 текс жалаңқабат аралас жіпті негізі мен арқауында пайдаланып қосқабат айқаспамен тоқылған. Жіптің құрамында жүн, штапельдік вискоза талшықтары, нитрон; 1м2 матаның массасы 555г.
Артикул 46446 «Женский» драпы — жатықбоялған, қалын, жұмсақ, иілгіш, құрамында 55% жүн бар. Арқауы мен негізіне 84 текс жіп пайдаланып күрделі айқаспамен тоқылады. Сырт көрінісі «Юность» драпы сияқты, тек ептеп жуқа және жеңіл (567г). «Буревестник» драпы — ерлердікі, тығыз, қалың, меланжды — алатоқылған тоқыма, айқаспасы - екіқабат, бет жағында қалың түгі бар. Құрамында 77% жүн бар, 1м2 матаның массасы 600г. «Подмосковный» драпы —ерлердікі, қалың, жұмсақ, иілгіш, меланжды — әртүсті, екіқабатты. Жіптің түрі, құрылымы, массасы жағынан «Буревестник» драпына уқсас. Құрамында 72% жүн бар. «Разлив» драпы — ерлердікі, тығыз, жұқа, серпімді, қаттылау, меланжды ақ талшық араласқан (моренго), құрамында 81% жүн бар. Екі арқаулық жүйені пайдалана отырып екіжақты айқаспамен токылады. Бет жағында ұзын, қалың, серпімді және тапталған түгі бар. 1м2 матаның массасы 579г.
Артикул 46374 драпы — қалың, ауыр, қосқабатты, меланжды — түстері бөлек екіқабатты, үстіңгі бетінде қысқа түгі бар, ал астыңғы бетінде айқаспа өрнегі айқын көрінеді. Құрамында 50% жун бар, 1м2 матаның массасы 723г. «Мерцающий» драпы — ерлердікі, алатоқылған, аз иленген, төрт жүйелі көптүсті ширатылған жіптен қосқабаттық айқаспамен тоқылған түкті драп. Үстіңгі және астыңғы беттеріне айқаспамен өрнегі шығып ;тұрады. Құрамында 60% жүн. 1м2 матаның массасы 649г.
Драптар үлкен қалындықпен және беттік тығыздықпен сипатталады (450-760 г/м2). Пальтолық маталардың ерекшеліктері – бір жарым немесе екі қабатты айқаспамен тоқылады және қарқынды иілеуден өткізеді. Олардың бетінде тығыз талшықтық төсеніш болады және олар ең жоғары жылусақтағыш қасиеттермен сипатталады. Олардың үлкен бөлігін таза жүнді етіп шығарады. Жартылай жүнді драптар құрамында 35-70% жүн және 30-65% басқа талшықтар – вискоза, капрон, нитрон, мақта болады. Әртүрлі сапалы жүнді: жіңішке, жартылай жіңішке, кейде жартылай дөрекі, сонымен қатар тарақты иіру өндірісінің және шұғалы өндірістің қалдықтарын, қайта өнделген жүнді қолданады. Драптар ширатылмаған 64 - 170 текс, бір қатарын ширатылған 72текс*2 иірімжіптерден өндіреді.
Драптар бір бетті және екі бетті болады, шикізат құрамы, айқаспа түрі, бет және теріс жағының өңдеу түрі бойынша ерекшеленеді. (мысалы, бет жағы тегіс боялған, ал теріс жағы шұбар тоқылған немесе меланжды болуы мүмкін). Драптардың көбін тегіс боялған (80-85%), қалғаның меланжды және шұбартоқылған түрде шығарады және оларды түктейді. Бетіндегі түк түріне байланысты олар велюрлы, касторды және ратинды өңдеумен болуы мүмкін. Драптар демисезонды және қысқы пальтоларды дайындауға арналған, ерлер пальтолары үшін беттік тығыздығы 600 - 760г/м2, әйелдердің пальтолары үшін 500 – 600 г/м2, балалардың – 450 – 550 г/м2 драптар қолданылады. [8]
Берілген курстық жобада пальтолық маталардың ішінде драп матасы таңдалынды. Пальтолық ассортимент үшін жатық боялған пальтолық және драп маталар шығарылады. Олардың құрылымдары аумақты, алатоқылған, түгі тегіс, тік тұрады, көбінесе вискоза талшықтары пайдаланылады.
