- •Мазмұны
- •I. Ғылыми техникалық әдебиеттерді талдау
- •1.1. Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама
- •1.2. Медицинада қолданылатын нанотекстиль
- •II. Жобалау объектісі ассортиментін талдау
- •2.1. Жүн маталар ассортименті
- •III. Шикізатты таңдау және материалдарды таңдау
- •3.1Жүн талшығы
- •4. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру
- •3.2. Вискоза талшығы
- •4.2. Компоненттерді араластыруға дайындау.
- •Аппаратты иіру жүйесінде
- •4.3. Араластыру машиналары.
- •4.4. Тарау аппараттары.
- •4.5. Иіру машиналары. Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
I. Ғылыми техникалық әдебиеттерді талдау
1.1. Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама
Мемлекет басшысының қатысуымен апта бұрын Астанадағы «Көрме» орталығында Индустрияландыру күні ерекше қарқынмен атап өтілгені белгілі. Осы шара аясында республика көлемінде ҮИИДБ арқылы жүзеге асқан, бүгінде жүздеген адамды тұрақты жұмыспен қамтып, отандық өнім өндіру ісінде көш ілгері келе жатқан үздік кәсіпорындардың арнайы көрмесі ұйымдастырылған болатын. Осының қатарында нарыққа шыққанына аса көп уақыт болмаса да, өзінің сапалы өнімімен көптің сұранысын қанағаттандырып отырған шымкенттік «Бал Текстиль» ЖШС.
Кілемнің сапалы болуы жібіне байланысты. Оны фабрика Бангладеш және Түркия елінен сатып алады. Ал, тоқыма станоктары Белгияда жасалған. Дизайнерлер әзірлеген ою-өрнек осы қондырғының көмегімен айна қатесіз кілем бетіне бедерленеді. Түрлі-түсті сан мыңдаған жіптер тоқыма станогына келіп бір жерге тоғысады. Фабрикада қазір осындай 2 станок жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайысы сағатына 5 метрге дейін кілем тоқиды. Фабрика әзірге ішкі нарықтың сұранысын ғана қанағаттырып отыр. Қазақстандық кілемге Ресей мен Қырғыз елі сияқты көршілер де қызығуда. Фабрика шығаратын кілемнің түрі сан алуан. Ұлттық ою-өрнектен бастап, заманауи, классикалық үлгіде әрленіп, жасалады. Кәсіпорын ендігі жерде шетелдің шикізатына тәуелді болмас үшін жіп иіретін зауыт салмақ. [3]
Экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп экономикалық қызметтің 3 түрімен ұсынылады -тоқыма бұйымдар өндірісі, киім өндірісі, былғары және оған қатысты бұйымдар өндірісі.Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп үлесі өте төмен және 0,36%-ды құрайды.Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағ жеңіл өнеркәсіп үлесі 1,1 %-ды құрады.
2015 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі бойынша Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 1534 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде, 20 – ірі, 35 – орта және 1479 шағын кәсіпорын. Кәсіпорындардың ең көп саны (874) киім өндірісі бөлігінде шоғырланған, 476 кәсіпорын тоқыма бұйымдарын және 184 кәсіпорын былғары және оған қатысты өнімді шығарумен айналысады. Жеңіл өнеркәсіптегі ірі кәсіпорындардың жартысы (9) Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл, бірінші кезекте, шикізат нарығының жақын орналасуына және еңбек ресурстарының болуына байланысты.
Тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан тек 58%-ы ғана жұмыс істеп тұр. Жеңіл өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 90%-ын шағын кәсіпорындар құрайды. Аталмыш үрдіс соңғы 7 жыл бойы сақталып келеді. Ірі бизнес нарықтағы тербелістерге өте тұрақты, ал шағын бизнес, бұған дейін айтылғандай, ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 90%-ын құрайды, бағасы жағынан, оның ішінде, ҚР және өзге де елдерге жеңіл өнеркәсіп өнімдерін импорттайтын шетелдік компаниялармен де бәсекеге шыдай алмайды. [4]
Отандық текстиль кәсіпорындары Ресейдің нарығына шығуда. 23 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің көмегімен қазақстандық өнім өндірушілер өз өнімдерін Ресейдің астанасы – Мәскеуде «Текстильлегпром-2014» ең ірі салалық тоқыма және жеңіл өнеркәсіп көрмесінде ұсынды.
«Made in Kazakhstan» ұлттық стендінде аяқ-киім және киім өндірушісі – «Казлегпром-Алматы» ЖШС компаниясы өз өнімін шығарды, «КазСПО-N» ЖШС спорт және тау шаңғысы киімін ұсынды, «Inspiration» ЖШС – «La Peri» брендінің әйелдерге арналған шұлық-нәски бұйымдарын, «TAMISH TEXTILE» ЖШС – үйге және бизнеске арналған тоқыма өнімдерін, «GLASMAN» ЖШС мектеп формаларын және ерлерге арналған костюмдерді ұсынды, «ClotWell» ЖШС – түйе жүнінен сырылып тігілген көрпелер, жастықтар және төсек бұйымдарын, сондай-ақ «SLON» брендімен спорттық киімдерді ұсынды және «Сәуле» тігін-тоқыма фабрикасы» ЖШС арнайы, әскери, формалық киімдерді, сондай-ақ тоқыма бұйымдарын ұсынды.
Компаниялар ұлттық стендке қатысу үшін экспорттық өндіріс әлеуетіне байланысты Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығымен бірлесіп іріктелді.
«GLASMAN» ҚБ мен «Казлегпром-Алматы» ЖШС компанияларының өнімдері үлкен қызығушылық тудырды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес «Inspiration» ЖШС қазіргі уақытта ресейлік әріптестермен 2 келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр.
Көрмеге қатысушылардың бірі «Inspiration» ЖШС директоры Серік Ахметов «Мәскеуде өткен көрмеге қатысу біздің өнімдерді ресейлік сатып алушыға таныстыруға мүмкіндік берді, біздің өніміміз оған ұнағанына көзіміз жетті. «Текстильлегпром-2014» көрмесі Европадан келген өз серіктестерімізбен, шикізаттар мен технологияларды жеткізушілермен араласуға мүмкіндік берді. Біз бірлескен жоспарларды талқылап, бір-бірімізге өзіміздің жаңа өнімдерімізді таныстырдық» деп атап өтті. Оның айтуынша Мәскеудің кейбір сауда желілері біздің тауарларымызға шынымен қызығушылық танытты және Қазақстанға келгеннен кейін өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде келіссөздерді бастады.
«Glasman Trade» ЖШС маркетологы Зарина Назметова «Біздің компания «KAZNEX INVEST» АҚ арқасында «Текстильлегпром» көрмесіне үшінші рет қатысып отыр» деп айтты.
«Бірінші жартыжылдық ішінде Индустриализация картасына енген 5 аймақтық жоба қолданды. Олар: «South Textiline KZ» ЖШС, «Ауқымды ткацтық фабрикасы, жеке және швейлік фабриканың құрылысы» жобасы, «Есенжол-Назар» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, төсеніш және төсеніш материалдарын жасап шығаратын фабрика, «Оңтүстік Қазақстандық аяқ-киім фабрикасы» ЖШС, «South Bags» ЖШС», - деп хабарламада жазылған. [5]
