Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айнура.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.79 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

2

1.

  1. Ғылыми-техникалық әдебиеттерді талдау

1.1.

Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама

1.2.

Медицинада қолданылатын нанотекстиль

2.

  1. Жобалау объектісінің ассортиментін таңдау

2.1.

Жүн маталар ассортименті

3.

  1. Шикізатты және материалды таңдау

3.1.

Жүн талшығы

3.2.

Вискоза талшығы

4.

Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру

4.1.

Жүн иірудің апаратты жүйесі

4.2.

Компоненттерді араластыруға дайындау

4.3.

Араластыру машиналары

4.4.

Тарау аппараттары

4.5.

Иіру машиналары

4.6.

5.

Қорытынды

6.

Пайдаланған әдебиттер тізімі

Кіріспе

Тәуелсіз еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму кезеңінде әлемдік сауда ұйымына кіру арқылы Қазақстан экономиканың Халықаралық ұйымына интеграциясы туралы мәселе негізгі болып отыр. Алдыңғы қатарлы индустриалды кешендердің дүниежүзілік құрылымында жеңіл өнеркәсібі бірінші позиция алып отыр. Қазақстан республикасының текстиль өнеркәсібі үшін жүн негізгі шикізаты болып табылады. Дүниежүзілік текстиль талшығының өндірісі құрамында жүн мөлшері 5 % астам болу керек, ал одан жасалған дайын бұйымдардың көлемі бағасынан 15 есе көп, және де ол тек қажетті тауарларды жасауға арналады. 

Қазіргі таңда, Қазақстанда мемлекеттік қолдауымен көптеген жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар жұмыстарын жаңартты. «Almaty Cotton Plant» (АХБҚ) компаниясында мыңнан аса мамандар жұмыс істеуде, және де бұл компания жаңадан жабдықталып, өндірісінде модернизация жасады. Шымкент қаласында жаңадан тоқыма кәсіпорындары «Ю-Текс» ЖШС, «Қазақ- Орыс текстиль Альянсы» ЖШС, «Меланж» АҚ ашылып, жұмыс істеуде. Семейде жүнді алғашқы өңдеу фабрикасының негізінде былғары – үлбір кластері - «ҚазРуно» ассоциацияциясы құрылды. Еліміздің ұзақмерзімдік мамандардырылған экономикасын анықтайтын қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуы, міндетті түрде тоқыма және жеңіл өнеркәсіптерінең дамуына қарқынды әсер етеді. Ал жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері біздің еліміздігі шаруашылықтың және әлеуметтік кешеннің үлкен бөлігін құрайды. [1]

Қазақстан республикасының текстиль өндірісі, экономиканың негізгі салаларының өзекті мәселесі болып табылады.

Республика Президенті «2030-ға дейін даму стратегиясында» тек шикізат өндіретін мемлекеттердің қатарында болмау үшін, сонымен қатар тұрғындарды сапасы жоғары, көрнекті, сәнді, қазіргі заман талаптарына сай және арзан текстиль бұйымдарымен қамтамасыз ету үшін, жеңіл және текстиль өнеркәсібіне жағдай жасауды белгілеген.

Кәсіпорындардың даму жолдарының бірі - құрал-жабдықтарды жаңа жоғарғы өнімділікті жабдықтармен алмастыру, яғни сонғы модельді, электронды басқаруы бар автоматтар, экологиялық таза, аз қалдықты технологияларды пайдалану. [2]

Курстық жобаның негізгі өзектілігі- жүн талшығы жоғары сапалы, халық сұранысын қанағаттандыратын болғандықтан, әсіресе жүн талшығы және одан жасалатын киімдер, көбінесе таза жүн талшығынан көрі, қоспа талшықтармен дайындалған матаны өндіру маңызды болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]