Абай Жалпы Білім Беру Негізгі Мектебі
Бағыты: Экология
Секция: Биология
Тақырыбы: Абай ауылында кездесетін дәрілік өсімдіктер
Орындаған: Шарипова Дильнара
8 сынып оқушысы
Жетекшісі:Кизатова.А.С.
2015 жыл
МАЗМҰНЫ
3бет
I КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------------
II Негізгі бөлім.Теориялық бөлім----------------------------------------------------------
1.1 Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу
1.2 Алуан түрлілігі
IIIПрактикалық бөлім ----------------------------------------
2.1Дәрілік өсімдіктердің пайдасы,пайдалану әдістері--------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ-----------------------------------------
ҚОСЫМША-----------------------------------------------------------------------------
Андатпа
Зерттеу жұмыста Абай ауылы өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның ішінде түймедақ,итмұрын,биік андыз, жолжелкен, шырғанақ,мендуана,таңқурай,лопух,репейник,жуа,жусан өсімдіктерінің емдік қасиеттері туралы толық мағлұмат беріледі. Біздің жұмыс осы өңірде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы барысында өсімдіктердің қандай ауруларға ем екендігі анықталды.
Аннотация
Исследовать на работе лекарственные растения аула Абая сипатталады. В том числе ромашка, шиповнико, высокий аир, подорожник, облепиха, белена, малина, лопух, репейник, даются о лечебных качествах растений полынка сведение полностью. Работ научного исследования того, что отара нашей работы проводилась на борту одежды на этом направлении, первое. Каким больным в ходе работы улицы исследования растений средство для лечения выяснилось
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің,жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі: Абай ауылында кездесетін өсімдіктерді соның ішінде емдік қасиеттері бар шөптерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау,анықтамалармен танысу,талдау жүргізу.
Зерттеудің жаңалығы: Абай ауылындағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы біле отырып олдардың көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.
Зерттеудің обьектісі: дәрілік өсімдіктер
Зерттеудің болжамы: егер дәрілік өсімдіктер жайлы біз көп білсек,оларды қалай пайдалануды да үйренуші едік.
Гипотеза
Соңғы уақыттарда дәрілік препараттар орнына көпшілік адамдар, халық медицинасына сүйеніп шектен тыс дәрілік өсімдіктерді қолдануда. Егер алдағы уақыттарда да осылай жалғасатын болса, олардың саны сиреуі мүмкін.
Біздің жұмыс Абай ауылындағы осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы Абай ауылының ормандарында өткізілді, нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің 10 түрі анықталды.
Сонымен, жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, дәрілік өсімдіктерді тиімді қолдану керектігін ескеру қажет. Көпшілік дәрілік өсімдіктер улы да болып келеді. Халық оның биологиялық анатомиялық морфологиялық ерекшеліктерін білмей жинауға тиім салыну керек.
Кіріспе
Абай ауылында кездесетін пайдалы өсімдіктер Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына » қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.
3
Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis),шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
