Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по каз язу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150.02 Кб
Скачать

Аналитикалық тәсіл

Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болып табылады. Аналитикалық тәсілмен күрделі терминдер жасалады. Екі немесе бірнеше сөздер бірігіп жаңа термин сөздер мәнде жұмсалады.

1) Сөздердің бірігу тәсілі күрделі туынды терминдер жасалуының белсенді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сөздердің бірігу тәсіліне бір немесе бірнеше түбірлердің тұтас терминімен тіркесімен білдіретін терминдер жатады. Мысалы: жалпыхалықтық,кәсіпорын, еңбекақы, ұлтаралық,сыйақы және т.б.

2) Қосарлау тәсілі арқылы жасалған терминдерге күрделі немесе құрамды күрделі терминдер жатады. Құрамды күрделі терминдер бір сөз табынан жасалады. Өйткені олардың құрамда біріктіруші префикстер болмайды. Мысалы: мінез-құлық, іс-әрекет,жүріс-тұрыс,және т.б.

3) Қазақтілінде екі немесе үш сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдеріде жиі кездеседі. Олар сөз тіркесімен тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: жалға беруші,дауыс беру,шешім қабылдаушы, сатып алушы және т.б.

Сөздік

бірігу – соединяться

еңбекақы – заработная плата

жүріс-тұрыс – поступкииповедение

қосарлау – удваивание

мінез-құлық – поведение

өнімді – продуктивный

сыйақы – вознаграждение

тіркесу – сочетание

іс-әрекет – действие

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Аналитикалық тәсіл қалай жасалады?

2) Бірігу тәсілі арқылы терминдер қалай жасалынады?

3) Қосарлау тәсілі арқылы терминдер қалай жасалынады?

4) Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдердің ерекшеліктері қандай?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтінніңмазмұнынайтыңыз.

2-сабақ.

Калькалау тәсілі. Өзге тілдерден дайын термин сөздер алу тәсіл

Калькалау (француз тілінен calque – көшірме)тәсілі кеңес дәуірінде пайда болған тәсіл. Кальканыңбасты белгісі басқа тілдегі үлгілерді ана тіліне көшіру не сөзбе сөз аудару болып табылады. Аударылған кальканың бастапқы тілдегі мағыналық бөлшектері, оның компоненттерінің орын тәртібі екінші тілде түгел сақталады.

Калькалау тәсілі екі топқа бөлінеді. Біріншісі - мағыналық калька, яғни сөзбе – сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру. Мысалы: еңбекақы, халықаралық, жалпыхалықтық, кәсіпорын және т.б.

Екінші топқа жататын терминдерді тұлғалық калька деп атайды. Терминдерді аудару кезінде оның мағынасын сақтаумен бірге тұлғасын да сақталса, мұндай аудармаларды тұлғалық калька деп атайды. Онда сөздің негізгі мағынасымен берумен қатар, оның бөлінбес бөлшектерімен синтаксистік құрылымы сақталынады. Мысалы: ішкі орта, сату көлемі, жұмысшы күші, және т.б.

Шетел тілінен алынған термин сөздер өздерінің мағыналарын сақтайды. Олар сыртқы тұлғасын және ішкі мағынасын өзгертпейді, сол қалпында жұмсалады. Мысалы: менеджмент, инвестиция, корпорация, лицензия, бюджет және т.б.

Сөздік

бастапқы – начальный, первоначальный

бөлшек – часть

бөлінбес – неделимый

жұмсалу – использовать

көшірме – копия

қалпы – состояние

тұлға – форма

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Калька деген сөздің мағынасы қандай?

2) Мағыналық калька дегеніміз не?

3)Тұлғалық калька дегеніміз не?

4) Шетелтіліненалынғантерминдердің ерекшеліктері қандай?

3-тапсырма.

Калькалаутәсіліарқылыжасалғанжәне шетелтіліненалынғантерминдергемысалкелтіріңіз.

3-сабақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]