- •Термин жайында жалпы түсінік
- •1) Басқару деген не?
- •2) Нарық деген ұғымды қалай түсінесіз?
- •3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім?
- •Қазақстан жетекшісінің портреті
- •1. Лексика-семантикалық тәсіл. Синтетикалық тәсіл.
- •Менеджмент дегеніміз не
- •Аналитикалық тәсіл
- •Калькалау тәсілі. Өзге тілдерден дайын термин сөздер алу тәсіл
- •1. Жағдаяттық тапсырма.
- •2. Бейнефильм «Бизнес - біздің іс».
- •2). Бас кейіпкер туралы айтыңыз?
- •3). Шетел кәсіпкерлері жұмыстарын қалай ұйымдастырады?
- •Іскерлік қатынас түрлері
- •Басқарушы және басқару жүйесі
- •1. Бейнефильм «Кәсіпкерлік».
- •2. Жағдаяттық тапсырма.
- •Іскерлік әңгімелесу
- •Менеджерлер деген кімдер?
- •1. Жағдаяттық тапсырма.
- •2. Бейнефильм «Мен де бастық болар ем».
- •Іскерлік қатынас мәдениеті
- •Менеджменттің сыртқы ортасы
- •1. Жағдаяттық тапсырма.
- •2. Бейнефильм «Табыс құпиясы».
БІРІНШІ САБАҚ
Басқару
«Басқару термині» - бұл жоспарлау, бағалау, жобаларды жүзеге асыру, бақылау процестерімен қоса шешім қабылдайтын жалпылама түсінік.
Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады. Экономикалық саясат та өзгерді. Сондай-ақ, дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады. Нарықтық экономиканы жетік басқару үшін арнайы білім көзі болуы керек.
Нарық дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қарым- қатынасты сипаттайтын күрделі түсінік. Нарықтың шынайылығы сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынаста, өнімге құрылатын бағада, өнімді сату, сатып алу актісінде көрініс береді.
Басқару теориясы ғылым ретінде (оның анықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болды және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады.
Сонымен бірге, ғылыми менеджмент түсінігін, басқару теориясының негізін қалаушы болып саналатын Ф.У. Тейлор енгізді.
30-40 жылдардағы басқару облысының теоретигі, Лютер Гьюликтің пікірінше, басқару әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым болып табылады және адамдар ортақ мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етеді, сонымен бірге осы қарым-қатынас жүйелерін барлық адамзат үшін неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысады.
баға |
цена |
бағалау |
оценивать |
басқару |
управлять |
жоспарлау |
планировать |
нарықтық экономика |
рыночная экономика |
пайдалы |
полезный |
түсінік |
понятие |
шешім |
решение |
шынайылық |
правдивость |
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Басқару деген не?
2) Нарық деген ұғымды қалай түсінесіз?
3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім?
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз
4-тапсырма.
Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
5-тапсырма.
Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.
БІРІНШІ АПТА
1-сабақ.
Термин жайында жалпы түсінік
Тіл – тілде жаңа термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі. Ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Яғни терминдер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады.
Термин сөз – белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика. Оның басты белгілері: дәлдік, қысқалық, жүйелілік.
Термин сөздердің негізгі ерекшеліктері:
1. Ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады;
2. Ерекше анықтамасы беріледі;
3. Логикалық жүйеге негізделген нақты мағынасы болады;
4. Лебізде келісілген қолданысы болады.
Термин айрықша қолданыс аясы шектеулі лексика құрамына кіреді. Терминдердің практикалық қажеттілікке байланысты жасалуы олардың өзіне тән ерекшілігі болып есептіледі.
Термин сөздер төрт тәсіл арқылы жасалынады:
1. Семантикалық тәсіл;
2. Синтетикалық немесе аналитикалық тәсілдер;
3. Калькалау тәсілі;
4. Өзге тілдерден дайын термин сөздер алу тәсіл.
Сөздік
айрықша – особенный
атауы – называние, именование
байырғы – исконный, коренной
ерекшелік – особенность
жүйе – система
мағына – значение
сала – область
тәсіл – способ
яғни – то есть
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1) Термин сөз дегеніміз не?
2) Термин сөздердің негізгі ерекшеліктері қандай?
3) Термин сөздердің жасалу тәсілдерің атаңыз?
3. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз
4. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
5. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.
2-сабақ.
Басқару
«Басқару термині» - бұл жоспарлау, бағалау, жобаларды жүзеге асыру, бақылау процестерімен қоса шешім қабылдайтын жалпылама түсінік.
Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады. Экономикалық саясат та өзгерді. Сондай-ақ, дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады. Нарықтық экономиканы жетік басқару үшін арнайы білім көзі болуы керек.
Нарық дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қарым- қатынасты сипаттайтын күрделі түсінік. Нарықтың шынайылығы сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынаста, өнімге құрылатын бағада, өнімді сату, сатып алу актісінде көрініс береді.
Басқару теориясы ғылым ретінде (оның анықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болды және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады.
Сонымен бірге, ғылыми менеджмент түсінігін, басқару теориясының негізін қалаушы болып саналатын Ф.У. Тейлор енгізді.
30-40 жылдардағы басқару облысының теоретигі, Лютер Гьюликтің пікірінше, басқару әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым болып табылады және адамдар орталық мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етеді, сонымен бірге осы қарым-қатынас жүйелерін барлық адамзат үшін неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысады.
Сөздік
баға – цена
бағалау – оценивать
басқару – управлять
жоспарлау – планировать
нарықтық экономика – рыночная экономика
шешім – решение
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
