- •Сот шешендігінің жер дауындағы сипаты
- •Сот шешендігінің жесір дауындағы көрінісі
- •Сот шешендігінің ар-намыс дауындағы көрінісі
- •Xviiі-XIX ғғ Француз заңгерлерінің соттық сөйлеуі
- •Ресейдегі сот шешендігі
- •Қазіргі кездегі сот шешендігі
- •Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотың бірінші сатысындағы прокурор мен адвокаттың сөйлеулері
- •Прокурорлық немесе айыптаушылық сөз
- •Қорғаушылық немесе адвокаттық сөз
- •Қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттың екінші сатысындағы прокурор мен адвокаттың сөйлеулері
- •Сот шешендігінің алқаби институтын енгізудегі қажеті
- •Сот шешендігін жетілдіру негіздері
- •Сот сөйлеу сөзінің құрылымы
- •Сот шешендігінің этикасы
- •Судьяның сөйлеу әдебі
- •Айыптаушының сөйлеу әдебі
- •Қоргаушының сөйлеу әдебі
Сот шешендігінің жесір дауындағы көрінісі
Жесір дауы — қыз туса бата ғып берер мал өткізіп басын байлап қою қазақтың ежелгі салты болған. Бір баласына екі-үш жерден қыз айттырып қою, тіпті салтанат пен байлықтың белгісіне айналған. Үлкен баласы өлсе, кіші баласының ер жетуіне келінін қаратып қойған әмеңгерлік әдет те болған. Айттырылмаған жерден қыз алып, жесір алып қашу да ескіде кездесетін салт. Оның аяғы үлкен дау-жанжалдарға әкеп соқтыратын.
Қазақтың отбасылық заңдарының бірі — некелесу. Некеге қатысты ежелден келе жатқан белгілі шарттардың барын айта кеткен жөн. Қазақта 7 атадан қосылатын туыстардың некелесуіне тыйым салынған, Өгей шешеге, асыранды қызға, келінге, енеге үйленуге болмайды. Сондай-ақ әйелінің көзі тірісінде еркек балдызына, қайынбикесіне, қайынағасының қызына үйлене алмайды. Бөле, немере ағайындардың некелесуіне тыйым жоқ. Неке ісінде барлық мәселені ата-ана мен ру басылары шешеді, күйеу жігіт пен қалыңдық тек солардың айтқанына құлақ асуға тиіс.
Ертедегі қазақтардың тұрмысында ажырасу өте сирек болатын жайт. «Жеті жарғыда» жесір дауына ерекше көңіл бөлінгені белгілі. «Кімде-кім біреудің некелі әйелін зорлап алып кетсе, ол адам өлім жазасына кесіледі» немесе «ері әйелінің ойнас жасап жатқан үстінен шықса, әйелін де, оның көңілдесін де өлтіре алады» делінген «Жеті жарғыда». Біз бұл заңдардан әйел ерінің толық билігінде, жеке меншігінде болғандығын әрі жеке меншіктікке кім қарсы шығып, қолын сұқса, қатаң жазаланатынын байқаймыз.
Сот шешендігінің ар-намыс дауындағы көрінісі
Ар дауы жеке адамдар арасындағы намыс жырту, сонымен бірге жеке адамдар ғана емес, елінің намысын қорғауға арналған шешендік сөздер де жеткілікті.
Қазыбек Келдібекүлының (1667-1765) есімі қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі ел арасына бітімші болған парасатты елші-мәмілегер ретінде мәлім. Б.Адамбаевтың ел аузынан жинаған аңыз әңгімесіне қарағанда, Қазыбек қалмаққа елшілікке бірінші рет бала кезіңде Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында барып, қалмақ ханы Қоңтәжіні қайсар батылдығымен, ұтқыр шешен сөзімен иліктіріп, қалмақтар байлап алып кеткен адамдары мен айдап әкеткен малдарын қайырып әкеледі. Соңдағы айтқан Қазыбектің мына сөзі ел арасында құрандай жатталды:
Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір де, біз көмір, еріткелі келгенбіз. танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз, сен қабылан да, біз арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз. Тұткыр сары желімбіз, Жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, Бермесең, дірілдемей жөніңді айт, Не тұрысатын жерінді айт!.
Шешен сөзінің қуаты айтқан сөйлемдерінің мағыналық бірлігінде еді. Мәтіндегі «біз қазақ деген елміз» дейтін негізгі ойды әрбір сөйлемді жасаушы құрылымдар таратып, ұлғайтып, дамытып жеткізуге үлес қосып тұр. Бірыңғай құрылымдағы сөйлемдер, бірдей аяқталатын баяндауыш формалары, баяндау стиліндегі біртектілік-барлығы бірігіп келіп, негізгі ойдың тұтасып түсінікті берілуіне қызмет етеді. Шешен сөзін құрап тұрған сөйлемдер қара сөзбен келген бөлікте де, өлең жолдарында да параллельдік тәртіппен байланысқа түсіп тұр. Параллельдік тәсіл бойынша алғашқы сөйлемдегі ой екпінін «арқалаған сөйлем мүшесі қалғандарында да басқа бір анықтауыш сөздермен айқындалып, толықтырылып, салыстырмалы, жалғастырмалы түрде келеді. Мәтіндегі сөйлемдердің параллельдік байланысында байланыстың негізгі тәсілі ретінде синтаксистік параллелизм қызмет етеді. Параллелизм сөйлемдердің бірдей тәртіппен құрылуына негізделеді.
