Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-риторика.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.96 Кб
Скачать

Айыптаушының сөйлеу әдебі

Мемлекет атынан айыптайтын прокурордың сөйлеуі міндетті түрде заң кодекстеріне негізделген, қазіргі криминалистика ғылымының жетістіктеріне, оның соншама уақыттан бері жүйелеп, талдап, қалыптастырған амал, тәсілдеріне сүйенген, адамгершілік мораль талаптарымен сипатталған мазмұнды, артық-кемі жоқ ресми стильдегі өткір сөз болып шығуы тиіс. Десек те, осындай бірінсіз бірі жоқ, бір-бірімен өзара тығыз байланысты сөйлеу аспектілерінің ішінде, бірінші кезекте, әрине, заң тұрады. Яғни, заң — мемлекеттік айыптау қызметінің негізгі күре тамыры, құралы мен өлшемі. Нақтылай айтқанда, сот процесіндегі ең басты адамгершілік пршщип заң талаптарын қатаң сақтау түрінде көрінеді.

Шындығында, прокурордың айыптауын көпшілік қауым қылмыскердің іс-әрекетіне берілген әділетті баға ретінде қабылдайды. Айыптаушының тегеурінді сөзінің тәрбиелік мәнінің қуатты шығуы — прокурордың адамдық позициядан бір сүйем де қағыс кетпеуіне, шалыс баспауына кепіл. Әсіресе, айтыс-тартыс, дау-дамай алаңына айналатын сот процесінде адамгершілік талаптарды жете қадағаламаса болмайтындай. Өйткені сот алқалы топтың алдына жария өтілетіндіктен, «көкейдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда сиқы қашадының» керіндей, прокурордың кәсіби шеберлігімен еш қиыспайтын іс-әрекетті бір жақты бағалау, сөз қолданысындағы талғамсыздық, мінез-құлқындағы дөрекелік, жүріс-тұрысындағы мәдениетсіздік ап-айқын байқалып-ақ тұрады. Сондықтан прокурордың өн бойында — құқықтық сана-түйсіктің жоғары болуы, занды құрметтеуі, заң бұзушылыққа төзбеу, принципшілдік, өз позициясын қорғай алу, сырттан ықпал жасаушыларға көнбеу, құлқын мүддесін ойлап, олардың жетегінде кетпеу, өзіне сыни көзқараспен қарай білу, ойын, бойын, сөзін үнемі қадағалап отыру, ақиқат, шындыққа көз жеткізу үшін әділдікке ұмтылу, қылмыскер тараптарымен ешбір ымыраға келмеу, сотталушының кінәлілігіне ат үсті қарамау, адамның ар-ұждан, намысына тимейтіндей шегін біле сөйлеу, қарапайымдылылық т. б. с. с. ізгі қасиеттердің болғаны абзал. Бір сөзбен айтқанда, прокурордың сөйлеу әдебі — прокурор қызметінің барлық жақтарын түгел қамтып жатады.

Кез келген қылмыстық істі шешуде жан-жақты тұрғыдан қарау талабы — заңның ғана емес, этикалык принциптердің бірі. Бұл толық күйінде ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тарауының 8-бабында көрініс тапқан: «1) Қылмыстық процестің міндеттері — қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық занды дұрыс қолдану болып табылады; 2) іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ зандылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс». Бұл маңызды ереженің адамгершілік негізгі ойып басқан таңбаның ізіндей айқын да анық: еш кінәсі жоқты айыптау мен соттау, сотталушы тарапына жасалған әділетсіздік істері занды бұзып қана қоймайды, моральдық нормаларға да қарама-қайшы.

Прокурор заңда белі іленген тәртіппен, қолданған шаралардың айыптаудың не қорғаудың пайдасына шешілетініне қарамастан, істің мән-жайларын толық, жан-жақты анықтауға міндетті. Ол дәлелдемелерді бағалауда айыптау айғақтарын әсірелеп ұлғайтпай не салмағын бір мысқалға кемітпей, шындықтың жүзіне тура қарай алатындай объективті, жан-жақты түрде келуі керек. Сотта айыптауды негізсіз қолдау, айыптауды тек айыптау үрдісі ретінде тану, соттағы «мантия арын» (честь мундира) қорғап, әділетсіздікке жол беріп алу секілді прокурор қызметіндегі жат құбылыстармен үнемі (ең алдымен прокурордың өзі) ымырасыз күрескен жөн. Прокурордың сөйлеу әдебі барынша сергектікті, оқталған мылтықтай әзірлікті қажет етеді.