- •Сот шешендігінің жер дауындағы сипаты
- •Сот шешендігінің жесір дауындағы көрінісі
- •Сот шешендігінің ар-намыс дауындағы көрінісі
- •Xviiі-XIX ғғ Француз заңгерлерінің соттық сөйлеуі
- •Ресейдегі сот шешендігі
- •Қазіргі кездегі сот шешендігі
- •Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотың бірінші сатысындағы прокурор мен адвокаттың сөйлеулері
- •Прокурорлық немесе айыптаушылық сөз
- •Қорғаушылық немесе адвокаттық сөз
- •Қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттың екінші сатысындағы прокурор мен адвокаттың сөйлеулері
- •Сот шешендігінің алқаби институтын енгізудегі қажеті
- •Сот шешендігін жетілдіру негіздері
- •Сот сөйлеу сөзінің құрылымы
- •Сот шешендігінің этикасы
- •Судьяның сөйлеу әдебі
- •Айыптаушының сөйлеу әдебі
- •Қоргаушының сөйлеу әдебі
Қоргаушының сөйлеу әдебі
Адвокаттың сөйлеу әдебі — сот шешендігі этикасының құрамды бөлігін құрайды. Қазақтың шешендік дауларында өзінің көркемдігімен көрініс тапқан белгілі бір іс-әрекетті, әділетсіздіктен қылмысына қарай жаза тағайындамай келеңсіз деп танылған кей құбылыстарды ақтау мәніндегі айтылған шешендік сөздер ұлттық тілмарлық тарихында молынан ұшырасады десек те, бүгінгі күнге қажетті, қазіргі замана талабына сай жарасар осы тараптағы ғылыми ізденістер енді-енді жүргізіліп, бұл бағытта алғашқы қадамдар енді-енді ғана жасалуда. Өйтқені Кеңес дәуірінде-ақ заң қолданудың биік мәдениеті әлі де қалыптасып үлгермегендігінің жанды айғағы секілді адвокат тұлғасы сол кездерде толық мәнді құқықтық тұлға деңгейіне көтеріле қойған жоқты, сот процестерінде адвокат екінші дәрежелі қызметкердей бағаланған болатын. Өйткені ол кезде істі «заңның рухы мен әрпі» емес, «саяси қажеттілік» шешетінді.
Адвокаттардың өз кәсіби еңбегі тұрғысынан сөйлей білудің негізгі өзегінде адамгершілік принциптер, моральдық қарым-қатынастар үстем болатыны кәдік. Өйткені адвокат қызметі азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауға, сот әділдігін жүзеге асыруға, адамдардың ар-намысы мен кадір-қасиетін құрметтеу рухында өрісін табады.
Адвокат кәсібінің негізгі өзегі — кәсіби этика, кәсіби мінез-құлықтың аясында қалыптасады. Мәселен, адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңының 16 бабы толықтай қорғаушының кәсіби мінез-құлық нормаларына арналған. Онда адвокат заң көмегін көрсету кезінде мынадай кәсіптік ережелерді сақтауға тиіс делінген:
1) көп күш-жігер не уақыт жұмсауды талап ететін қажетті әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттық пен құлшыныс білдіру;
2) заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзін әдепті ұстау;
3) өз кәсіби мінез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған адамнын құқықтары мен занды мүдделеріне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, істі негізсіз сөзбұйдаға салуға, заң көмегін көрсетудің заңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделеріне адал болу және оның мүдделеріне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.
Бұлай қорғаушының кәсіби мінез-құлық нормаларын тәпіштей келтіріп жатуымыздың өзін, бұл ұстанымдардың қай саладағы болмасын кәсіби тұлғаларға қатысы барлығынан деп түсінген абзал. Ендеше сотқа тікелей қатысушы тұлғалар өздерінің ізін басып келе жатқан жас мамандарға үлгі боларлық тәлімдік-тәрбиелік мәннің аса ықпалды болатынын түсінулері тиіс.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін берсек, сот шешендігінің этикасы — адамның танымы мен білімін, рухани тұрғыда дамытудың, байытудың көзі ретінде, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, ізгілікке, қайрымдылыққа үндеудің, тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет етеді.
