- •Сот шешендігінің жер дауындағы сипаты
- •Сот шешендігінің жесір дауындағы көрінісі
- •Сот шешендігінің ар-намыс дауындағы көрінісі
- •Xviiі-XIX ғғ Француз заңгерлерінің соттық сөйлеуі
- •Ресейдегі сот шешендігі
- •Қазіргі кездегі сот шешендігі
- •Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотың бірінші сатысындағы прокурор мен адвокаттың сөйлеулері
- •Прокурорлық немесе айыптаушылық сөз
- •Қорғаушылық немесе адвокаттық сөз
- •Қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттың екінші сатысындағы прокурор мен адвокаттың сөйлеулері
- •Сот шешендігінің алқаби институтын енгізудегі қажеті
- •Сот шешендігін жетілдіру негіздері
- •Сот сөйлеу сөзінің құрылымы
- •Сот шешендігінің этикасы
- •Судьяның сөйлеу әдебі
- •Айыптаушының сөйлеу әдебі
- •Қоргаушының сөйлеу әдебі
Судьяның сөйлеу әдебі
Судьяларға қойылар биік адамгершілік мұраттар заңмен бекітілген қалмыстық сот ісі ережелерімен әспеттеледі. Тек сот қана занда көрсетілген тәртіппен айыптаушыны кінәлі ретінде тауып, қылмысына қарай жаза тағайындауы тиіс. Кінәсіздік презумпциясы тұрғысынан істі қарау, тергеу барысында кінәліге «сотталушы» дегеннен гөрі «айыпталушы» дейтін қаратпа сөздер пайдаланылса құба құп. Сайып келгенде судьяға қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаны алаламай, оған әділ бағасын беру, іс бойынша ақиқатты анықтау секілді толық мәндегі құқықтық және моральдық жауапкершілік міндеттері жүктеледі. Төрелік айту тізгінін ұстаған судьяға сот тергеуінде процеске қатысушылардың барлығының заңдылықты ғана емес, сондай-ақ олардың қызметтік әдептілікті де сақтауын қадағалау тапсырылады. Судья болу бүгінде үлкен де биік мансап. Осы мансапта діттеген жоғары деңгейде көріну үшін төрелік етуші судья ең әуелі сот төрелігін мінсіз атқарғаны абзал,
Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның азаматтық, адамдық қасиеттерімен бірге арлы болуының үлкен маңызы бар. Оның арлылығы өз іс-әрекетіне толығымен жауап бере алатындығымен, адамдар алдындағы моральдық жауапкершілікпен, адам тағдырының кілті өз қолында екенін толық сезінуімен, жақсы мағынада белгілі бір ұлт өкілі екенін әрі сол ұлттың төл игі қасиеттерін айғақтай алуымен өлшенеді. Бір сөзбен айтқанда, ар-иман тазалығы, білімділік пен көрегендік, ұят пен адамгершілік, кішіпейілділік пен қарапайымдылық - судьяға тән қасиеттер. Әрбір судьяның ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті, қазақ тілін білуі бүгінгі күн талабы. Оның нәтижесі қылмыстық, азаматтық істе тергеу жүргізіп, жасалған қылмыс бойынша үкім шығарғанда терең қанағаттанарлық сезімге бөленуінен немесе, керісінше, өз шешіміне риза болмай, іс-әрекетіне өзіне-өзі қанағаттанбауынан көрінеді. Шын мәнінде, өткен дәуірлерден қалған ұлағат: «Бір елдің атасы болма, бар елдің данасы бол. Бір тонның жағасы болма, көп қолдың ағасы бол. Ақты ақ деп бағала, қараны қара деп қарала. Өзіңе-өзің кәміл бол, халқыңа әділ бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол» дейтін әйгілі Төле бидің қанатты сөзі бүгінгі судьяларға тікелей арнап қалдырып кеткен өсиет батасындай.
Судьяның сөйлеу әдебі сот барысында мына принциптерді негізге алуымен өрнектеледі:
1. Судьяның тәуелсіздігі. Сот істерін қараған кездегі судьяның тәуелсіздігі олардың нақты бір істі әр түрлі сырттан ықпал ететін және әсерін тигізетін жағдайларды болғызбай, өзінің құқықтық сана-сезімімен ішкі сезіміне сай, заң негізінде шегінен көрінеді.
2. Судья үшін тараптардың заң мен сот алдында өзара теңдігі. Судья азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, діни көзқарасына, сеніміне, кәсібінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жері мен басқа да мән-жайларына қарамастан, олардың заң мен сот алдында теңдігін білдіретін сөздер мен өз позициясын айқындап отырады.
3. Сот процесінің жарыспалылығы мен жариялылығы. Тараптардың, яғни сот ісіне қатысушылардың материалдық-құқықтық мүдделері сәйкес келмей, қарама-қарсы болса да өзара сөз жарыстырып, сайысуын туғызуды, істердің ашық қаралуы сот әділдігін, жүзеге асырудың сапасына, жан-жақты ықпал жасайтынын қадағалау.
Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде соттың үкімісіз және заңға сәйкес болмайынша ешкім де қылмыс жасаған деп айыпталуға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылуға тиісті емес, яғни қылмыстық жаза тек сот үкімі бойынша ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15-тамыздағы нормативтік қаулысы бойынша: «Сот үкімі — қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады. Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады әрі занды және негізді болуға тиіс.
Заң талаптары сақтала отырып, жиналған және тікелей сот отырысында толық, жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген, тұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып табылады». Әділдікке негізделген сот үкімінің желісін құрайтын адамгершілік мұраттары сотталушыға да, сот процесіндегі басқа да қатысушыларға үлкен ықпалды әсері бар. Ең бастысы үкім оқитын судьяның сөзінің мазмұны нақты айғақтарға құрылып, қылмыстың нақты бағасы берілумен өрнектеліп өрілуі тиіс.
