Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-риторика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.96 Кб
Скачать

Сот сөйлеу сөзінің құрылымы

Көпшілік алдындағы сот сөйлеу- ораторлық өнердің ежелгі бір түрі, бұған әрбір ғасыр ір бір мемлекет өзінің өзгерістерін енгізеді. Сот шешендігінің туған жері деп ежелгі греция болып табылады. Мемлекеттің дамуына байланысты әсіресе греция мен персия арасындағы соғстардан кейін, саяси күрестердің нәтижесіне байланысты демократиялық топтардың әсері нығайтылған сәттерде грецияның ішік құбылысында, халқтың көпшіліктің қызметі нығайтылады ораторлық өнердің дамыу да көріне бастады. Ол қоғамдық өмірдің маңызды факторы болып, алға шығумен байлыққа жеткізудің әдісі болып табылады.

Саяси қызметкерлегре өздерінің мүделерін көпшіліктің алдында қорғауы қажет болады және Афин азаматтарының саяси тағдырлары көбінесе көпшіліктің алдында сөйлеуді білуден тәуелді болды.Осыған үйренгілері келіп ол үшін көп ақша- қаражат төлеу қажет болды.

Сот сөйлемінің негізгі сапасы болып оның сенімділігі табылады - ол қорытындылармен болымдардың негізділігі. Сендіру дегеніміз - логикалық негіздерде әр - бір болымды дәлелдеу немесе жоққа шығару, тезистің (болымның) шындылығы дәлелденгенге сенім туғызу, яғни билерді өз ой пікіріне қарай бұрмалау.

Сот сөйлемінің сенімділігінің маңызды факторы болып оратордың өз позициясының шындылығына сену әне оның ойлау мәдениетінің биіктігі. Сенімділік іс бойынша құжаттарды жақсы білуден пайда болады.

Мысалы: Казаринов деген оратор айтқанындай "Сот маған қорғау міндетін жүктеді" сондықтан менім сотталушымның кінәсіз екендігіне сенгенім менім міндетімді жеңілдетті.

Заңгерге ойлаудың логикасымен қолдануы өте маңызды - процессуалдан аппрнентің тезисін (болымын) жоққа шығарып өзінің шындығын дәлелдеу. Ойды дұрыс құру үшін, шын қорытындыға жету үшін - логикамен қалыптасқан ойлау заңдарын білу қажет - олар кемсілер: 1. теңдестіру заңы, 2 қарамақайшы заңы, 3 жоққа шығару заңы және жеткілікті негіз заңы.

1 Т ереңдету заңы - ол ойдың негізігі белгісін білдіреді - оның анықтылығын : осы заң бойынша: әр бір ой осы ойлау процесінде өзінің анық бір мазмұнына ие болу керек, қанша рет ол қайталанбасада оның мазмұны өзгермеуге тиіс

2 Қарсылық заңы - екі, бір-біріне қайшы ой , бір пәнге байланысты, бір уақытта алғанда, бір қатынастар бойынша, екуі де бірдей шындықты білдірмейді.

3 Жоққа шығару заңы , екі бір-біріне қайшы ойдың біреуі шындық, екіншісі жалған, үшіншісі болуға тиісті емес. Бұл заңда қарсылық заңы сияқты ойдың қайшылығына жол бермейді, бұл нақты, анық жауаптарды талап етеді, әсіресе нақты шешім қабылдау қажет болған дағдайда, және ол жанама дәлелдәрге негіз болып жоққа шығаруға көмегін тигізеді.

4 Жеткілікті негіздеу заңы - әрбір айтылған болымдар нақты фактілермен дәлелденуді талап етеді. Әрбір дұрыс ой , басқа шындылығы дәлелденген ойлармен негізделу керек. Мысалы: адвокат өз қорғауындағы адамның кінәсіздігі жөніңде айта отырып, қажетті дәлелдер келтіруге міндетті. Айыптау үкімінде, оны қабылдауға жеткілікті дәлелдемелер болуы қажет.

Логика заңғдарын сақтамау дәлелді ой білдірмеу, сөйлемнің сенімділігін әлде қайда төмендетеді, логикалық қателіктерге әкеп соғады, істі анықтауға қиындықтар тудырады, кейбір жағдайларда теріс қорытындыларға әкеп соғып және әділсіз шешім қабылдаудың себебі болаад.

Дәлелденулердің логикалық операциялары(яғни әрбір болымның шындылығын негіздеу) өз ара байланысты элементтерден тұрады: тезис, аргумент, декмонстрация.

Ойдын дұрыстығын негіздеу үшін дәлелдеменің негізгі пункті тезис екендігін ұмытпау қажет.

Тезис дегеніміз - ол бір өзінің шындығын дәлелдеуді талап ететін болым.

Тезиске байланысты дәлелді ой келесі екі ережені сақтауды талап етеді.

1) Тезистің нақтылығы және анықтылығы, оның логикалық анықтылығы, логикалық қарсылықтын жоқтығы.

2) Тезистің өзгермеуі, ой білдіру пролцесіне оның өзгеруіне тиым салынуы.

Өз ойының дұрыстығын қалай дәлелдеуге болады? Сенімді аргументтер қолдану арқылы, білімді пікірлер арқылы сенімділікті тудыруға мақсатталған. Сот сөйлемінің сенімділігі көбінесе аргументтердің сапасына байланысты.

Сот, прокурор мен адвокаттың, ойларының дұрыстығын ал дегенде құжаттарының маңыздылығын және құндылық дәрежесіне қарай бағалайды.

Соттардаң толық ішік сенімдеріне аргументтердің күші және сенімділігі ғана маңызды болады.Аргументтерге қандай талатар қойылады? Тындаушыларға сенімді болу үшін олар қандай сапаға ие болулары қажет? Аргументтер шындықты білдірулері қажет, және олар бір біріне қайшы келмеу керек олардың шындылығы тәжірибиемен анықталған. олар дәлелдемелер үшін жеткілікті болу керек. Аргументтердің, жеткілігі - ол оның саны емес , сапасы. Риториканың үйретуі бойынша - дәлелдемелерді көбейту қажет емес, оларды өлшеу қажет жейді, жоққа шығарылатын аргументтерді алып тастау керек дейді. Ал енді, оратор өзінің мақсатын анықтап тезисті құрады, аргуметтерін жинақтайды. Енді оларды сөйлемде қалай орналастыру аргументацияның тәсілдерімен әдістері жөнінде ойлану қажет- демонстрация дейміз. Демонстрация дегеніміз- дәлелдеудің әдісі- ол аргументтер мен тезистің арасындағы логикалық байланыстың нысаны болады.

Демонстрациялау дегеніміз- ол тезистің аргументтер арқылы логикалық негізделуі сондықтанда ол шындық болып табылады.

Тезисті негіздеу- дәлелдердің тікелей немесе жанама түрлерімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Тікелей дәлелдеу аргументтер арқылы жүргізіледі, тезиске қайшылық білдіретін болымдарсыз, аргументтерге тікелей сілтеме жасалады, әр-бір жағдайларды растайтын фактілер арқылы , жалпы қабылданған нормаларға сілтеме жасалады.

Сот ораторының сөйлемінде тікелей дәлелдеме аргументтердің рөлін куәгерлердің жауаптары, жазбаша құжаттар, заттай дәлелдемелер атқарған кездерде қолданылады.

Мәліметті дәлелдемелер (куәгерлердің жауаптары жазбаша құжаттар) міндетті түрде тексерілуі қажет, және олардың дұрыстығы дәлелденуі қажет.

Жанама дәлелдеме (қарсылықтан дәлелдеме) антитезисті қолдану арқылы жүзеге асырылады және оның жалғандығын анықтау арқылы содан кейін, үшіншіні жоққа шығару занының негізінде қортынды жасалады: Тезиспен антитезис бір бірін жоққа шығарғандықтан, антитезистің жалғандығы тезистің шындық екендігін білдіреді.

Аргументациялау өнері жоққа шығаруды білуді қажет етеді.

Жоққа шығару дегеніміз - ол логикалық, операция , ол алдында құрылған аргументациялау процесін қиратуға бағытталған; ол тезистің жалғандығын анықтау, ол процессуалдық аппоненттің тергеу органдарының, сотталушының т.б. тезистерінің қателігін негізсіздігін білдіру көрсету.

Сөйлеу процесінде логикамен құрылған ережелерді сақтау қажет екендігі анықталады. Аталған ережелерді сақтамау логикалық мәдениеттің жеткіліксіздігіне әкеп соғып, логикалық қателік ретінде қабылданады.

Сот сөйлемінде келесі логикалық қателіктер болу мүмкін. Егер де оратор бір ойды құрастырып алып содан оны ұмытып, басқа ойға ауысатын болса ол жерде тезистің жоғалуы орын алады. Соның салдарында оратор сот сөйлемі бойынша өз мақсаты, бастамалы ойын жоғалтады. Толық немесе ішінара тезистің жоғалуы кездеседі. Мысалы: оратор белгілі бір болымды көздеп басқа бір болымды негіздейді.

Дұрыс, білікті аргументациялаудың салдарынанда логикалық қателіктер пайда болады. Егер аргументтер дұрыс емес болса, мүмкіндікті ғана білдіретін болса онда олардың көмегімен дұрыс құртындыны негіздеуге мүмкіндік болмайды. Бұл қателік, негізгі адасу деп аталады, бұл жерде аргументтер ретінде көрнеу жалған болымдар қолданады, болмаған фактілер, мықты оратор, процессуалдық аппонентінің сөйлемінен жоқ дегенде бір тексерілмеген немесе негізсіз аргумен анықтайтын болса, онда ол оның бүкіл сөйлем жүйесін жоққа шығарады.

Демонстрациядағы қателіктер аргументтер мен тезистің арасындағы логикалық байланыстың жоқтығынан пайда болады.

Сөз арасындағ логикалық байланысты жоғалту түсініксіз, күлкілі жағдайларға әкеп соғады: Мысалы, сот қайтыс болған адамның талабын қанағаттандыра алмайды. Немесе, сотталушы Миров қайтыс болған Мирова екеуі ішімдікті тұтынуды жалғастырды.

Дұрыс: (қайтыс болған адамның тустарының талабын қанағаттандыра алмайды) (сотталушы Миров, Мирова екеуі, кәзіргі уақытта марқұм).

Сөздерді дұрыс таңдамау сөйлемде алогизмнің- пайда болуына әкеп соғады.

Алогизм дегеніміз- салыстырылмайтын түсініктерді салыстыру.

Сот сөйлемі- ол соттарға әсер етуге бағытталған шығарма. Әсер ету дегеніміз-ол сөйлемнің пәніне тыңдаушылардың назарын аудару оның мақсаты. Тыңдаушылардың ойларына өзгерістер енгізу, ол елдің ой -пікіріне әсер ету. Риториканың айтуы бойынша- аргументтерді таңдау өте маңызды.

Сот сөйлемі нағыз әсерлі болуы үшін, соттың назарына әсер ететіндей оның нысанын таңдау қажет.

Ораторлық өнердің аса таралған түрі болып сот сөйлемдері табылған. Афинада соттасу ол жеңіл жұмыс болмаған, прокурорлық институттар болған жоқ, сол себептен айыптаушы ретінде әр-бір адам бола берген.солонның атақты заңдарына сәйкес, әр-бір афиндық өз мүдделерін өздері сотта қорғауға қажет деп көрсеткен. Сотталушы өз кінәсіздігін дәлелдегеннен бұрын билерді өз жағына қаратып алуын талап еткен. Бірақ, барлық афиндіктер сөйлеу өнеріне ие болмағандықтан олар логографтардың (сот сөйлемін құрайтын адамдардың) көмектерін сұраған.

Сөйлеушінің өнері сот сөйлемінің мазмұнынан кем ролін атқармаған. Сол себептен әр-бір сот сөйлемі кіріспеден, (билерге алдын-ала әсерін тигізу мақсатында істің мәні бойынша сөйлеу). Кіріспеден кейін іспен байланысы бар болымдар туралы әңгімелер жүреді. әңгіменің басты мақсаты-сөйлеушінің шындығына билерді сендіру. Бұл бөлікте сөйлеудің көркем белгілері қолданған. Арықарай дәлелдемелер жүреді. Соңынан эпилог жүред, бұл жерде сотталушыға жан ашуды туғызатын сөйлемдер айту және ол тыңдаушыларға қатты әсерін тигізу қажет. Афиндегі сот қоғамдық мінбе болып шектелген, бұл жерде және әр-түрлі саяси сенімдер қарсыласқан, және оратор адамдарды сендіру білімімен біліктілігіне ие болуы қажет болған. Бұл білікті Платон «Үлкен ақылдың өнері» деп атаған.

Ең алғашқы сот шешендері –Горгий, Лиссий, Исократ, Трасимах. Горгий (мөлшері 480-380 біздің эраға дейінгі жылдарда өмір сүрген), ораторлық өнердің софистік бағытының өкілі болған. (Софистік-өнерлі, ақылды деген). Софистер мықты ораторлар болған, олар логиканың заңдарымен таныс болған, дауласу өнеріне ие болып, тыңдаушыларға әсерін тигізе білген. Бірақ, олардың ораторлық шеберлері тек формальдық мінездемеде болған. Сол себептен софистер ораторлық өнердің мақсатын шындықты анықтаудан емес, тек ттыңдаушыларды бір нәрсеге, болымға сендіруден тұратындығынан көрген, олар әр-бір болымды дәлелдеу не жоққа шығаруға болады деп есептеген.

Горгий мықты шешен болған, ол қорқыныштыда тудырып және уайымдыда жойып, қуаныштыда қондырып, және жан ашуды да тудырып жіберу өнеріне ие болған. Сонымен қатар горгий логограф ретінде де атақты болған.

Атақты логограф болып Лисий танылған (мөлшері 435-380 ж.ж біздің эраға дейін) белгілі сот ораторы, 200 ден астам сөйлем жазған. Оның Эратосфенге қарсы атақты сөйлемі. Бірақ Лисий әліде дәлелдемелердің қиын техникаларына ие болған жоқ, ол іс бойынша мән жайларды сенімділік тез жеткізуге көбірек назар аударған, тұлғаны әңгімелеген.

Лисий тұлғаларды құруды білген, клиенттердің мінездерін айтудан, олардың психологияларымен стильдері туралы Лисийдің сөйлемдері басынан аяғына дейін ойланылған; қарапайым кіріспе, тұлғалы сөйлеу; жалғандығы жоқ, қысқа қатаң қорытынды. Лисий сот сөйлемінің композициясының негіздерін енгізді.

Исократ (436-338 б.э. ж.) Горгийдің оқушысы. Ол сот сөйлемін басқаларға жазып жастарды ораторлық өнерге үйреткен. Исократтың пікірі бойынша, оратор өте білімді адам болуы қажет және сот сөйлемін құруда қатты еңбектену қажет деген. Исократ ашқан ораторлық мектепте, ораторлық шығарманың композициясы құрылған. Оған біріншіден 1) кіріспе, -оның мақсаты тыңдаушылардың назарларын өзіне аудару болып табылған; 2) сөздің мәнін сенімді айту; 3) опененттің сөйлемін жоққа шығарып, өзінікін дәлелдеу; 4) қорытынды.

Атақты грек ораторларының тағы біреуі Демосфен болған (384-322 б.э.ж) өмір сүрген оның аты нақты негізді болған. Сөйлемнің басты бөлігі болып іс бойынша мән-жайларды айтудан тұрған.

Ежелгі Римде ораторлық өнердің дамуы Республиканың соңғы кездерімен сәйкестендіріліп сонымен бірге аяқталды. Заңтану еңбектерінің иесі болып және Римдегі атақты оратор болып Мрак Порций Катон Старший (234-149 б.э.ж.) Тарихшы және агроном, ме,млекет қызметкермен Марк Порций сотта айыптаушы ретінде сөз сөйлегенде, ол істің мән-жайынан бастайды, ойларын анық білдіріп, болымдарға объективті баға берген. Оның қай-бір апоненті (оған қарсы шыққан оратор) женіліп қалатын. Оның сөйлеуінің негізгі сапасы-ол қысқалық, нақтылық.

Тағы бір Римдік оратор Гальба, ол заңгерлік ойға ие болып, сөйлеуінде дәлелдемелерді жинақтауды білген.

Гальбаның ораторлық шеберлігі тыңдаушыларды нақты сөйлемімен сендіретін Цицеронның ораторға деген талабына толығынан сәйкес келген. Гальбаның қорғау сөйлемдері көбінесе тыңдаушылардың қол соғударымен аяқталатын.

Біздің эраға дейінгі ІІ ғасырдың орталығында Ежелгі Рим сот сөйлеу шешендігінің маңызы үлкейген. Сот сөйлемі бес бөлімнен тұрады.

  1. Кіріспе

  2. Істің мән-жайларын айту

  3. Өзінің сөйлеміндегі болымдарды дәлелдеу

  4. Апоненттің сөйлеміндегі болымдарды жоққа шығару

  5. Қорытынды

Сол уақыттағы белгілі сот ораторларының бірі Гай Папирий Карбон болған (б.э. дейін 82 жылы) қайтыс болған. Ол азаматтық және қылмсытық істер бойынша өзін өте жақсы көрсеткен. Цицерон оны беделді және ең мықты ораторлардың санына енгізген.

Сол уақытта атақты адвокат Гай Скрибоний Курион-дед болған. Цицерон оның Сервий Фульвийдің қорғау жөніндегі сот сөйлемін –шешендіктің тұлғасы деп айтқан.

Марк Антоний (143-87 б.э. дейінгі жылы) сот сөйлемі саяси белгіге ие болған. Тағы бір сот ораторының бірі Крисс болған. Оның сөйлемдері мұқият дайындалғандықтан ерекшеленген. Ал дегенде ел заңмен негізделгендігі байқалған. Сондықтанда оны Цицерон «Оратордың арасындағы ең мықты заңгер деп» айтқан. Сол сияқты Квинт Гортензий Гортал римнің сот шешендерінің тағы бір өкілі болған.

Ежелгі римнің ораторлық өнерінің жақсылықтары Марк Рулий Цицеронның ораторлық шеберлігінен көрінеді. (106-44 біздің эраға дейінгі ж.ж.). Ол табиғаттан білімді бола отырып, сонымен қатар ол кемел білім алған: ол Рим құқығын атақты заңгер Сцеволадан үйренген, ол диалектикаға даумен дәлелдеу өнеріне үйренген, греция философиясымен танысқан, грек шеберлердің ораторлық өнеріне Крас пен Антонийдан үйренген. Бірақ Цицерон бірінші жоспарға еңбекті қойған. Ол өзінің дауысына қатысты көп жұмыс істеген, дауысының нашарлығын жою мақсатында. Ол өзінің сөйлеміне мұқият дайындалып, өзінің ораторлық шеберлігін тұрақты жақсартқан.

Ораторға көбінесе пайдалы деп Цицерон этика және логика, философия, тарих және әдебиет қажет деген. Себебі логика сөйлемді дұрыс құруға көмегін тигізді. Этиканы білу-тыңдаушылардың қажетті назарын аударуға көмектесетін қажетті тәсілді таңдауға көмек теседі. Ал философия, тарих және әдебиет белгілілі қызықты қылады деген. 4-5 ғ.ғ сот сөйлемінің өнері Ежелгі Грузияда дамығаны байқалады. Фартадзе атақты Колхида риторикалық мектебінің көрнекті қызметкері 6 ғ.ғ Ежелгі армян философы Давид Анахт фаторлық өнердің ішінде сот шешендігін ерекшелеген.

Орыс сот шешендік 19 ғасырдан бастап дамығаны байқалады. Кони,Спасович, Карабчевский, Арсеньева, Урусов т.б.

ІІ сұрақ.: Сот сөйлемінің қажеттілігі. Сот өндірісі-ол қылмсытық, азаматтық (басқа істер бойынша) қарау, барлық құжаттарды зерттеу, оның мақсаты шындыққа енгзу және ол апоненттердің пікірлерінің күресуінен тұрады. Оның түпкілікті мақсаты іс бойынша заңды және негізді шешім қабылдау, әр қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылу мақсаты және еш бір кінәсіз адам қылмыстық жауапқа тартылыеп заңсыз сотталмауы.

Сот өндірісінің қажетті бөлігі болып сот жарысы табылады, бұнда сон анықтаушымен қорғаушы өздерінің сот тергеуінің нәтижесі бойынша қорытындыларын айтады.

Сот сөйлемінің қажеттілігі ол іс бойынша шындықты анықтау, билердің ой пікірлеріне қалыптастыруға көмек ету, сот залында отырған азаматтарға тәрбие әсерін тигізу. Психологтардың айтуы бойынша Прокурор мен адвокаттын сот сөйлемдері. 1)сот тергеуінде қабылданған фактілерді зерделеуіне байланысты билердің ойлану қызметін нығайтуды қамтамасыз етеді. 2) даулы фактілерді анықтауға көмек етеді. 3) іс бойынша шешетін сұрақтардың тізімін дұрұс анықтауды қамтамасыз етеді.

Конидің айтуы бойынша сот тергеуі сііздердің алдарыңызға істің мән-жәйін ашты, ал біздің сот жарысымызда біз сіздерге оның маңызымен мінезін ашуға тырысамыз. Сондықтанда, сот сөйлемінің негізгі функциясы ол әсер ету. Осыны есіне ала отырып білімді сот ораторы, билердің белсенді ойлау қызметіне, сонымен қатар, алқа билерге және барлық қатысушыларға қатысты барлық жағдай жасайды. Сөйлемнің мазмұны ораторлардың қойған мақсатымен анықталады, ол мақсат әр-бір сот өндірісінде нақты мән-жайларға байланысты және оратордың іс бойынша позициясына байланысты.

Мысалы, Максименконің ісі бойынша өзінің жұбайын өлтірді деп айыптағалған Плевако деген атақты ресей адвокаты өз клиентінің кінәсіздігіне сенімсіз болғандықтан, тыңдаушылардың назарына өз клиентінің кінәсін дәлелдеуге жеткілікті құжаттардың жоғына аударды. Н.И.Холев деген адвокат осы іс бойынша басқа мақсат қойған: ол Максименконің өлуіне себеп болған сұрақтарды көтерді, ал іс бойынша сотталушы өзінің жұбайын уландырып өлтірді деп айыптаған.

Дұрыс қойылған мақсатпен және сөйлемнің сенімділігінен істің нәтижесі тәуелді болды.

Адвокаттың процессуалдық міндеті іс бойынша құжаттарды қорғау тарапынан зерделеу. Қылмыстық іс жүргізу кодексі реттеу бойынша сот үкім шығарған сәтте келесі сұрақтарды анықтауы қажет. Сотталушыға тағайындалып отырған айып бойынша оқиға орын алдыма жақпа, ол әрекет қылымстың құрамы барма, жақпа,сотталушы сло әрекетті жасадыма, жасаған әрекеті үшін жазалануға жатама, сотталушыға нақты қандай жаза тағайындалуы қажет. Адвокаттың сөйлеміде осы осы сұрақтарды шешуге көмектесуі қажет.

Сонымен, прокурордың айыптау сөйлемімен адвокаттың қорғау сөйлемі бір мақсатқа жетуі қамтамасыз етудері қажет. Ол іс бойынша шындықты анықтап әділ шешім шығару. Сот ораторының негізгі міндеті анықтау, дәлелдеу, сендіру-осы үш өзара байланысты функциялар, осылар М.Михайловтің айтуы бойынша сот шешендігінің ішкі мазмұнын анықтайды.

- Сендіру-қылмыстық іс өндірісі бойынша тәсіл және дәлелдемелерді бағалау нәтижесі болып табылады. Сендіру хабар ретінде анықталып, тыңдаушылардың ойларын өзгертуге мақсатталған. Ол үшін сот ораторы өзінің позициясының дұрыстығыцн дәлелдеп, процессуалдың аппоненттің дәлелдемелерін зерделеп, олардың болымсыздығын анықтап, неге сот бір фактілерді дұрыс ал басқаларды дұрыс емес деп тануы туралы шешім қабылдау қажет екендігін түсіндіреді. Прокурормен адвокаттың сөйлемдерін тыңдай отырып билер оратордың соңынан шындықты іздеу жолына түсіп өздерінің бағаларын прокурормен адвокаттың бағаларымен салыстырады. Сондықтан, оратордың қорытындысы бидің өзінің жеке қорытындысымен сәйкес келуі бидің қорытындысының дұрыстығына сенімділікті қалыптастырады. Осының барлығы соттың сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Соттардың сенімділіктерінің қалыптасуы келесіден тұрады.

-білу құндылығын анықтау

-шындық ретінде қабылдау

-шешім қабылдау.

Көпшілік алдындағы сөйлем ол ал дегенде ауызша сөйлем, ол мақсатпен мазмұнына қарай әр-түрлі сөйлемнің түрлерінен тұрады. Жиналыстарда, диспуттерде, ғылыми хабарлау, оқу дәрістерде, айыптау және қорғау сөйлемдерде сөйлеу-ол көпшілік алдында сөйлеудің түрлері, олар ойлану мінездемелерден, салыстырулардан тұрады, бұл жерде әр-түрлі пікірлермен ойлар қарастырылып, зерделеніп және бағаланады, оратордың позициясы қалыптастырылады. әр-бір көпшілік алдында сөйлеудің мақсаты тыңдаушыларға белгілі бір хабар беру, түсіндіру,ойлануға көмек көрсету және тыңдаушыларға әсерету, олардың ой пікірлерінің қалыптасуына көмек ету.

Көпшілік алдында сөйлеудің бір түрі болып сот сөйлемі болып табылады. Яғни прокурормен адвокаттың сот жарысында сөйлеудері. Сот сөйлемінің ерекшелігі ол қолдану саласымен шектелген, ол тек қана сотта айтылады, оның айтушылары тек қана прокурор мен адвокат, жәбірленушімен сотталушы бола алады.

әр-бір сөйлем өз құрамына «пәнін» және «құжаттарын» енгізеді.

Пән дегеніміз-ол белгілі бір жақ, болған оқиғаның бір бөлігі, оны оратор мінезделейді. Құжат дегеніміз-ол пән жөнінде айтуға негіз беретін белгілі бір материалдар.

Сот сөйлемінің пәні сотталушыны қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз себеп болған оқиғаны әрекетті айтамыз. Құжаттар деп-нақты оқиғаға байланысты мән-жайларды, фактілерді, дәлелдерді айтамыз.

Сот сөйлемінің тақырыбы қаралып жатқан іс бойынша материалдармен қатаң шектелген, бұл жерде сөйлем өзінің нақтылығымен ерекшеленеді, басқа сөйлемдермен салыстырғанда. Сот сөйлемінің маңызды белгісі –шындылық (немесе объективтік), яғни, түсіндіріліп отырған оқиғаның объективті оқиғаға сәйкес келу.

Сот сөйлемінің тағы бір ерекшелігі-ол басқа сөйлемдермен салыстырғанда жаңа хабарлардан тұрмайды, бұл жерде тергеу мен сотқа белгілі мәліметтер айыптау және қорғау тарапынан зерттеледі.

Сот сөйлемі –ол полемикалық, сендіру сөйлемі. Полимика (грек сөзі-әскери өнер (полемикос))-ол қарама –қарсы ойлардың күресі, оның мақсаты қарсы жақтың ойын жоққа шығарып өзінің позициясының дұрыстығын дәлелдеу. «Сотта қажеттінің барлығын айтып тек қана қажеттіні ғана айту қажет деп» Кони жазған.

Іс бойынша шындықты дәлелдеу мақсатында сот жарысының қатысушылары қылмыс бойынша мән-жайларды объективті зерделеді. Іс бойынша жинақталған дәлелдерді, қылмыстың ниетін ашып оған баға береді, сотталушының әрекетіне құқықтық баға береді. Сондықтанда сот сөйлемі құқықтық-баға мінезді. Біріншіден прокурормен адвокаттың сөйлемдері сот құрамына бағытталған. әр-бір сөйлем, сот мырзалар, құрметті билер деп басталады. Қылмыстық-процессуалдық нормаларға сот оратор өз сөйлемін тікелей сот қатысушыларға нақты бағыттамайды. Бірақ ол сотталушығада оның, түзелу мақсатында және сот залында отырғандарғада құққы бұзушылықтың алдын алу мақсатында өзінің сөйлемін бағыттайды.

Сотталушының жеке басын мінезделеп отырып не болмаса қылмыстын себептерін аша отырып, прокурормен адвокат моральдық мәселелерді қояды, сонымен олар сотқа қатысып отырған азаматтарға тәрбиелеу әсерін тигізеді.

Сот сөйлемі монолог ретінде.

Монолог (грек монос-біреу+логос-сөз, сөйлем біреудін сөйлемі).

Психологтер монологті көпшіліктің қызметі ретінде қарастырады, бұл жерде біреуі сөйлемді басқалары тыңдайды. Лингвистикада Монолог лингвистикалық белгілердің негізінде анықталады, стилистикалық құрамның ерекше нысаны ретінде. Көпшілшік алдындағы монологтің мінезді белгілері деп лингвистер тыңдаушыларға алдын ала әсерін айтады.

Сот ораторы өзінің ойын сотталушының кінәлілігін (кінәсіздігін) дәлел ретінде анықтауы мүмкін, не болмаса қылмысты қайта саралау ретінде, не болмаса жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде және сотталушының қылмыстық әрекетте дәлелденбеген туралы негіздер ретінде. Өз ойын жүзеге асыра отырып, сот ораторы сотталушының жеке басы мен оның әрекетін зерделейді. Қылмыс жасаудың себебін, жауаптылықты ауырлататын, жеңілдететін мән-жайларды, іс бойынша дәлелдерді сот сөйлемінің тақырыбы заң және моральдық мәселелерді қоюға мүмкіндік береді. Олар құжаттарды зерделеу арқылы шешеді.

Қорғау және айыптау сөздері бір-бірінен тәуелсіз. Прокурордың ойы алдын ала тергеу органдарының ойынан тәуелсіз адвокатіс бойынша өз ой пікірін білдірді. Сондықтанда, сот сөзінің манолог ретінде анықтау үшін оның тыңдаушыға деген бағытын еске алып оған әсер ету мақсатында ойдың болуы және сот сөйлемінің дербестігі болуы қажет.

Тақырып 2. Заңгердің сөйлеу мәдениеті

Дәріс мақсаты: Заңгерлердің сөйлеу мәдениетімен студенттерді таныстыру жіне оларға үйрету

Сұрақтар:

  1. Заңгердін сөйлеу мәдениетінің түсінігі

  2. Кәсіптік қажеттіліктің түсінігі

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз- нақты жағдайларда коммуникаимвтік міндеттікке жетуге көмек көрсететің, сондай сөйлесу тәсілдерін білікті қолдануы болып табылады. Ол қажетті сөйлеуді нақты уақыты, сәтте қолдану. Сөйлеу мәдениеті - ол бәріншіден ойдын мәениеті, тілге сүйіспеншілік және адам өзінің жеке басын сыйлау арқылы шартталынады. Сөйлеу мәдениетінің негізгі белгісі - норматифтик, яғни нақтылы дұрыстық сөйлеудің тазалығы, әдебиет тілінің нормаларына сәйкес өз ойын нақты білдіру. Сөйлеу мәдениетінің жоғарғы саты болып сөйлеу шеберлігі саналады, ойдың анық жеткілікті, сенімділікті ашудан, сөздіктің байлығымен грамматикалық құрамның әр түрлігінен тұрады. Сөйлеу өнерлігі - ол риторикалық тәсілдермен білікті қолдануды білдіреді, эмоционалдық психологиялық әсеріне көмек етеді. Заңгерге жақсы сөйлеу - ол кәсіптік қажеттілк болып есептеледі. Өйткені, ал дегенде заңгердің кәсібі тек қана кәсіптік шеберлікті емес, сонымен қатар кең жалпы білімді қажет етеді. Конидің айтуы бойынша "Заңгердің жалпы білімнің арнайы білімнің алдында болуы керек" деген.Заңгердің тарапынан сөздің нормаларын бұзу, тындаушылар тарапынан оған деген сенімділігін жоғалту, оның біліміне сенімсіздік туындайды. сөйлеу мәдениетінің биіктігінен әділ сот органдарының беделі көрінеді, заңгердің биік қоғамдық функциасы орындалғаны анықталады. Бірақ сот сөйлемдерінде арнайы , спецификалық сөздердің көптігін байқауға болады, сол себептен сөйлеу мәдениеті туралы айтуға болама деген ойлар бар. Мысалы : коддекс, контрабанда, мәмле, жауап , үкім, қылмыстын ниеті, тәркілеу, т.с.с., Термин сапасында келесі сөздер қолданады: жалтару, қайыршылық және т.б Сөйлем екі нысанда болады: ауызша және жазбаша. Жазбаша сөйлеу ережеге сәйкес ресми түрде жүзеге асырылады. Ол алдын ала ойлануға есептелгег, соңдықтан бұндай сөйлемге нақтылы қажет әдебиет тілінің нормаларын қатан сақтауду талап етеді.Заңгердің сөйлеу мәдениеті жазбаша көпшілік алдында сөйлеу нормаларын білуді қажет етедлі. Прокурор мен адвокаттардың сөйлемдерінде нақты істер бойынша процессуалдық құжаттардағы фактілер анықталады, сол себептен сот оарторлары ресми - іскерлік сөйлемдердегі құрамдарды жиі қолданады. Ал ауызша көпшілік алдындағы сөйлем - сөздіктің байлығын талап етеді. Өйткені ол нақты адамдарға бағытталған.

Сотта әрбір сөз тек қана мәләмет ретінде қарастырылып қоймай ол тындаушыларға психологиялық әсерін тигізіді. Мысалы прокурордың сот сөйлемінде сотталушының қылмыстық әрекетінің қоғамға қандай терістігін жеткізу барсында сотталушы басын төмендетіп, сот залындағы адамдарға қарамауға тырысатындығын байқауға болады, көзінің жасын байқауға болады. Ал керісінше адвокаттың қорғау сөздерін тындауды, бұл жерде адвокат сотталушының жақсы жақтарын айту барысында, оның басы көтеріліп бетінде күлкі пайда болғаның байқаймыз. Ол өзіне сеніп тындаушылар оған сенгенін байқайды.

Әсерлі сөйлеудің сапасы.

Сот сөйлемінің сақсаты судьяларды сендіру. Соған байланысты ол сот құрамына түсінікті болуы қажет. Сол себептен- сот сөйлемінің бірінші қажетті сапасы- анықтылық.

Анықтылыққа қалай жетеміз. ал дегенде істегі құжаттармен терен танысу, сөйлеудің нақты композициясынан, дәлелдердің сенімділігінен. Тәжірибеде жиі ақтықты қарапйымдылықпен салыстырады. Сөйлеудің қарапайымдылығы оны жеңіл түсінуіне көмек көрсетеді. иЖәне судьялардың ойлары ешбір қиыншылықсыз оратордың ойымен сәйкестендіріледі.

Ойлау мәдениетінің төмендігінен, істің құжаттарын нақты білдірмегендіктен сот сөйлеуі анық болмайды. Сол сияқты анықсыздың анықсыздықтың себебінің бірі сөздің артықтығы болуы мүмкін мысалы: Бір сөзді қайталап айта беру. Ой білдірудің анықтылығ сөйлеудің тағы бір сапасына- нақтылыққа жеткізеді. Нақтылық- оратордың оймен нақты сөйлеудің сәйкестілігі. Бұл сот сөйлемінің қажетті сапасы болып табылады.

Бұл үшін сот ораторы істің құжаттарын жақсы білу керек. Заң терминдерін қолдана отырып нақтылыққа жетуге болады мысалы: қылмыстық істі қозғау /бастау емес\, бұлтартпау шараларын қолдану /қабылдау емес\. Сонымен қатар шетел тілдерінің сөздерін қолдануда нақтылық жоғалуы мүмкін. мысалы: судьяның шешімінде "девольвацияға байланысты төлеуді" /бұл жерде инфляцияға байланысты деп жазуға қажет болған, яғни ақшаның құны түскеніне байланысты\ Девольвация- қағаз ақшаның алтынға байланысты курсы ресми төмендеу. Нақты белгіленген түсініктер анық білдірген ойлар дұрыс айтылуы қажет.

"Сөйлем қысқа және мазмұнды болуы қажет "деп Проховщиков деген ғалымгер айтқан. Бірақ бұл жерде оратор өз сөйлемін қысқа түрде айтуы қажет деп көрсетілмеген. Сөйлеудің қысқалығы оның терең мазмұны мен араласта болуы қажет.

Сөздің жекелігі сөйлеудің аса құнды сапасы болып табылады- жалпы белгілі фактілер бойынша білікті сөйлеу. бұл жерде оратор күнделікті қолданылатын сөздер және сөйлемдерді қолданбай өз сөзімен сөйлеу.