- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Филология факультеті деканы
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •II кафедра отырысында талқыланды
- •III рецензент
- •V алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Лекция тақырыптары:
- •Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары
- •Сөж тапсырмалары
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1 Модуль. Модульдің атауы.
- •2 Модуль
- •3 Модуль.
- •1 Модуль.
- •2. Сөз мағыналарының лексика- семантикалық жүйесі.
- •3.Сөздердің морфологиялық құрамы.
- •24.Сөздердің синтагматикалық байланысу жолдары.
- •5. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар
- •2 Модуль.
- •1.Тілдің әлеуметтік мәні
- •2. Гендерлік лингвистика және тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары
- •3.Кәсіби қазақ тілінің терминдік қоры
- •4. Коммуникативтік лингвистика және тілдік бірліктердің қатысымдық қызметі.
- •5. Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер
- •3 Модуль.
- •1. Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер
- •2. Сөйлеу этикеті
- •3. Мұғалімнің сөйлеу этикасы
- •4. Оқыту жүйесіндегі жаңа технологиярдың кәсіби қазақ тілінде алатын орны.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •2. Ойлау мен сөйлеу туралы түсінік.
- •3. Сөйлеу мәдениетінің лингвистикалық қырлары.
- •4. Қазақ тілі - мемлекетті құраушы қазақ халқының ана тілі.
- •5. Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологиялар.
- •6. Мұғалімнің коммуникативтік біліктілігі.
- •7. Тілдің ұлттық әуезділігі және фонетикалық ережелер.
- •1. Антропоөзекті лингвистиканың кәсіби қазақ тілінде алатын орны.
- •2. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның психологиялық қырлары.
- •3. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның педагогикалық қырлары.
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •1 Модуль.
- •2. Сөз мағыналарының лексика- семантикалық жүйесі.
- •3.Сөздердің морфологиялық құрамы.
- •24.Сөздердің синтагматикалық байланысу жолдары.
- •5. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар
- •2 Модуль.
- •1.Тілдің әлеуметтік мәні
- •2. Гендерлік лингвистика және тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары
- •3.Кәсіби қазақ тілінің терминдік қоры
- •4. Коммуникативтік лингвистика және тілдік бірліктердің қатысымдық қызметі.
- •5. Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер
- •3 Модуль.
- •1. Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер
- •2. Сөйлеу этикеті
- •3. Мұғалімнің сөйлеу этикасы
- •4. Оқыту жүйесіндегі жаңа технологиярдың кәсіби қазақ тілінде алатын орны.
- •Мамандандырылған аудиториялар ( кабинеттер ) лабораториялардың тізімі
- •Келісім парағы
- •Білім беру деңгейі _____жоғары________________________
- •Оқу жылы 2014 - 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу түрі күндізгі
___3__курс студенттері (магистранттары) үшін
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
мамандықтың шифры мен атауы
Кәсіби қазақ тілін пәні бойынша
пәннің коды мен атауы
оқу-әдістемелік кешен
Ақтөбе қ.2014 ж.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Орындаушылар:
ф.ғ.к. АӨМУ доценті _______________ Ж.М.Макешова
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
« ___ » _______________ 20 __ж.
______________________ _______________ __________________
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
« ___ » _______________ 20 __ж.
Жауапты орындаушы – кафедра меңгерушісі
______________________ _______________ __________________
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
« ___ » _______________ 20 __ж.
ІІ КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
ІІІ РЕЦЕНЗЕНТ
______________________ _______________ __________________ (дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
« ___ » _______________ 20 __ж.
ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОӘК БЕКІТІЛУІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
Ү Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛДІ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
ҮІ АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20 жыл
ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл
ПОӘК мазмұны
« Кәсіби қазақ тілі » пәнінің типтік оқу бағдарламасы
Оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы
Дәрістердің қысқаша конспектісі
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау
СӨЖ орындау үшін әдістемелік нұсқау
Бақылау-өлшеу материалдары
Келісу парағы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Филология факультеті деканы
С.С. Мұхтаров
2
014
ж.
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
1. Мамандық атауы мен шифры: «Қазақ тілі мен әдебиеті»
2. Білім деңгейі:жоғары кәсіби білім
3. Оқу формасы : күндізгі бөлім
4. Пән коды мен аты: «Кәсіби қазақ тілі»
5. Пәнге жауапты кафедра: «Теориялық және қолданбалы тіл білімі »
6. Оқу жылы:2014-2015 Семестр: 5
7. Оқу үрдісінің жоспарына сай пәннің сағат саны:
Аудиториялық сағат –30 , оның ішінде
лекция 15
семинар
практикалық –15
лабораториялық
Өзіндік жұмыс 60
Барлық
сағат саны
90
Оқу жоспарында қарастырылған бақылау жұмыстарының саны
Қорытынды бақылау формалары
Емтихан
10. Ізденушілік бейне (негізгі ұғымдар):
Студенттерді болашақ мамандығына бейімдеу, қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын ғылыми мағлұматтар беру, олардың пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау, болашақ маманның кәсіби-әдістемелік шеберлігін қалыптастыру.
І ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Орындаушы(лар)
___ф.ғ.к АӨМУ доценті _______ Ж.М.Макешова
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
________________________ _______ __________________
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
Жауапты орындаушы – кафедра меңгерушісі
_ф.ғ.д. профессор ________________ К.Қ.Садирова
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
II кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № __ “__” _______________ 20_ж.
III рецензент
________________________ _______ __________________
(дәрежесі, атағы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
ІҮ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА
БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ
Хаттама № ______ “___” ___________ 20 __ ж.
V алғашқы тексеру мерзімі 20__ жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
VI ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ _______________________ жұмыс бағдарламасының алдыңғы бекітілген уақыты
Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Мамандық «Қазақ тілі мен әдебиеті»
шифр және мамандықтың атауы
Пән Кәсіби қазақ тілі
код және пән атауы
Білім деңгейі жоғары
оқу жоспарына сәйкес
Оқу формасы күндізгі
Оқу жылы 2014 - 2015 ж.
Оқу ісі жөніндегі проректор
б.ғ.д., доцент ________________________ С.А. Айпейісова (ғылыми дәрежесі, атағы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________2014 ж.
11. Пәнді оқытып үйретудің мақсаты мен міндеттері:
Қатысымдық мақсаты: Студенттер өз кәсібінде қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде меңгеруге үйрену тиіс; емін - еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет - дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Танымдық мақсаты: Мамандыққа сай білімді игеріп, дүниетанымдық ой - өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс.
Тәрбиелік мақсаты: Болашақ тіл маманының жалпы тұлғалық әдеби, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беріп, ана тілін құрметтеуге бағытталуы тиіс.
Қазақ тілін өз кәсібінде дұрыс қолдана білуге үйрету; Оқу тәсілдерін меңгерту; Оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс-графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескертіп, дауыстап және ішінен оқыту. Мәтіннің түпнұсқасын түсіндіру; Таныса және зерттеп оқу элементтерін меңгерту; Анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеуге үйрету; Графика мен орфографияны меңгерту; Диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білуді үйрету.
Бұл міндеттерді шешу арқылы Сіз болашақ қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларға тиянақты білім беріп қана қоймай, өз бетімен жұмыс істей алатын жеке Тұлға қалыптастыру бағытында ізденіс жасауға мүмкіндік аласыз.
12. Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:
Студент міндетті:
төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс:
- Кәсіби мамандықтарының тілін білуі тиіс;
- Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсат, міндетін білуі тиіс;
- Әдеби тіл нормаларын білуі тиіс.
төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:
- Әдеби тілдің стильдік тармақтарын өз кәсіптерінде пайдалана алу;
- Монолог, даилог т.б. қатысымдық формаға түсе алуы.
төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:
- Өз кәсібінде қазақ тілінің әдеби нормаларын сақтай отырып, қатысымға түсу;
- Іс қағаздарын қазақ тілінде рәсімдей білу;
- Ұстаздық қызметте әдістемелік шараларды кәсіби тілде жүргізу.
13. Пәннің модульдік оқыту бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары
және сағаттар кестесі
№ |
Модульдің атауы мен дәрістердің тақырыптары |
Дәріс (сағат) |
Практ.сабақ (сағат) |
Лаборат. сабақ (сағат) |
Өзіндік жұмыс (сағат) |
Ағымдық бақылау формалары |
Аралық бақылау формалары |
№ 1 модуль Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт |
|||||||
1. |
Кәсіби бағыт және фонетикалық заңдылықтар |
1
|
1
|
|
3
|
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
Бақылау жұмысы |
2 |
Кәсіби бағыт және интоннациялық заңдылықтар |
1 |
1 |
|
93 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
3 |
Кәсіби бағыт және морфонологиялық заңдылықтар. |
1 |
1 |
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
4
|
Кәсіби бағыт және лексикалық заңдылықтар |
1 |
|
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
5 |
Кәсіби бағыт және грамматикалық заңдылықтар. |
1 |
|
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
|
Екінші модуль. Модульдің атауы: Мұғалімнің кәсіби біліктілігі |
||||||
1 |
Кәсіби бағыт және стилистикалық заңдылықтар |
1 |
1 |
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
2 |
Сөз мәдениеті заңдылықтарының кәсіби қазақ тілінде алатын орны |
1 |
1 |
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
3 |
Антропоөзекті лингвистиканың кәсіби қазақ тілінде алатын орны |
1 |
1 |
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
4 |
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның психологиялық қырлары |
1 |
|
|
3 |
|
|
5 |
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның педагогикалық қырлары |
1 |
|
|
3 |
|
|
|
Үшінші модуль. Модульдің атауы: Мұғалімнің тұлғалық мәдениеті және кәсіби шеберлігі
|
||||||
1 |
Мұғалімнің тұлғалық мәдениеті |
1 |
1 |
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
2 |
Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер |
1 |
1 |
|
3 |
Блиц-тест., жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
Бақылау жұмысы |
3 |
Инновациялық әдістер, жаңа технологиялар, олардың теориясы мен |
1 |
1 |
|
3 |
Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
4 |
Кәсіби терминдер жүйесі |
1 |
|
|
3 |
Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
5 |
Қазақ тілін кәсіби оқытуда меңгерілетін құзыреттіліктер |
1 |
|
|
2 |
Блиц-тест, жаттығулар орындау, бақылау сұрақтарына жауап |
|
|
Барлығы |
15 |
15 |
|
44 |
|
|
14. Пәннің оқу- әдістемелік картасы
Дәрістер
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Дәріс жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер
|
Ағымдық бақылау формалары |
Модуль 1. «Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт»
|
|||
1 |
Кәсіби бағыт және фонетикалық заңдылықтар. |
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар, олардың жазылуы. 2. Үндестік заңына тән ережелер. Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos - есті |
Сұрақ-жауап |
2 |
Кәсіби бағыт және интоннациялық заңдылықтар. |
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. |
Сұрақ-жауап |
3 |
Кәсіби бағыт және морфонологиялық заңдылықтар |
Морфонология – морфеманыңфонологиялық құрылымын және фонеманыңморфологиялық қызметін зерттейтін тіл білімі саласы. |
|
4 |
Кәсіби бағыт және лексикалық заңдылықтар. |
Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. |
Сұрақ-жауап |
5 |
Кәсіби бағыт және грамматикалық заңдылықтар. |
1.Сөз таптарының семантикасы 2.Сөйлемдердің семантикасы Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына таптастыру да тіл білімінде танылған, ертеден келе жатқан дәстүрге айналған, ғылыми негізі бар мәселе. |
Сұрақ-жауап |
Модуль 2. |
|||
6 |
Кәсіби бағыт және стилистикалық заңдылықтар |
1. Стилистикалық заңдылықтар. 2. Стиль түрлері. |
Сұрақ-жауап |
7 |
Сөз мәдениеті заңдылықтарының кәсіби қазақ тілінде алатын орны |
Автор өзінің діттемін, коммуникативтік стратегиясын жүзеге асыру үшін алдымен фактуалды ақпараттарды таңдап, талғау арқылы адресаттың интеллектуалдық санасына әсер етуге тырысады: зауыт салынбай қалды, өнім жоқ, газ құбыры іске қосылмады, жол жөнделмеді т.б |
Сұрақ-жауап |
8 |
Антропоөзекті лингвистиканың кәсіби қазақ тілінде алатын орны |
1.Антропоөзекті лингвистика саласына қатысты кәсіби бағыт. 2.Когнитивтік, әлеуметтік лингвистика. Когнитивтік лингвистикада білім ұғымымен бірге таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады. |
Сұрақ-жауап |
9 |
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның психологиялық қырлары |
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. |
Сұрақ-жауап |
10 |
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның педагогикалық қырлары |
1.Жүйелік, ғылымилық мамандыққы бейімдеу ұстанымдары. 2. Қатысымдық әдіс. Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. |
|
Модуль 3. |
|||
11 |
Мұғалімнің тұлғалық мәдениеті |
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. |
Сұрақ-жауап |
12 |
Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер |
Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью). |
Сұрақ-жауап |
13 |
Инновациялық әдістер, жаңа технологиялар, олардың теориясы мен методологиясы |
1. Дамыта оқыту технологиясы 2. Деңгейлеп оқыту т.б. Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. |
Сұрақ-жауап |
14 |
Кәсіби терминдер жүйесі |
Терминдер – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. |
|
15 |
Қазақ тілін кәсіби оқытуда меңгерілетін құзыреттіліктер |
Бүгінгі білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кіру. Алғы шарт бүгінгі қоғамға лайықты білікті де білгір азамат тәрбиелеу. |
|
Практикалық сабақ
№ р/с |
Тақырыптың атауы |
Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер |
Ағымдық бақылау түрі |
|
|
Модуль 1 |
|
1 |
Қазақ тілінің артикуляциалық базасы және фонетикалық ережелер |
1.Тасымал және буын алмасуы 2. Орфографиялық және орфоэпиялық норма Сөздегі дауысты мен дауыссыз дыбыстардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын дейміз. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
2 |
Сөз мағыналарының лексика- семантикалық жүйесі.
|
Кәсіби тілде стильдік нышаны бар сөздер (эмоционалды, экспресоид сөздер) мүлде кездеспейді деуге болмайды. |
Блиц-тестер талдау |
3 |
Сөздердің морфологиялық құрамы. |
1.Сөз таптарының семантикасы. 2.Сөйлемдердің семантикасы. Белгісіздік мағынаны барлық сөз таптарына қатысты да айқындауға болады деп есептейміз. |
Блиц-тестер талдау |
4 |
Сөздердің синтагматикалық байланысу жолдары. |
1.Синтагматикалық байланысу тәсілдері 2.Сөз мағынасының дамуы Лексикалық синтагматиканың мағынаның жеке компоненттері арқылы ғана байланысып,сөз-синтагма ретінде қолданылуын да осы жағдайлармен байланысты түсіндіреді. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
5 |
Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар
|
1.Тілдің коммуникативті – танымдық аспектілері 2.Сөйлеу процессіндегі психологиялық жағдайлар. Коммуникация кезінде тілдік конфликт көбіне “маман” – “маман еместің” арасында жиірек кездеседі. |
Блиц-тестер талдау |
Модуль 2 |
|||
1 |
Тілдің әлеуметтік мәні |
1.Тілдің ұлттық тіл ретінде танудың жолдары. 2.Қазақ тілін ұлттық рухани мұра ретінде оқыту. Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
2 |
Гендерлік лингвистика және тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары
|
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланысы,қазақ халқында ат қоюдың ұлттық тарихымен, рухани тілі жіне гендерлік сабақтастығын зерттейтін ғалымдар тіл мен гендерлікті біріктіріп қарастырған. |
Блиц-тестер талдау |
3 |
Кәсіби қазақ тілінің терминдік қоры |
Сөздік құрамдағы сөздердің колданылу аясы бірдей емес. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
4 |
Коммуникативтік лингвистика және тілдік бірліктердің қатысымдық қызметі.
|
Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі - қатысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік.
|
Блиц-тестер талдау |
5 |
Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер |
Сөз этикасының нормаларын сақтау сөйлеушінің тыңдаушыға деген ілтипатын, ықыласын танытатын, диалогтің ойдағыдай аяқталуына септігін тигізетін қажетті алғышарттардың бірі. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
|
|
Модуль 3 |
|
1 |
Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер |
Сөйлеу сазы (гр. melodikos — әуенді) — интонацияның негізгі құрамды бөлігі. Сөйлеу сарынының акустикалық көрінісі негізгі тонның сөйлеу барысындағы өзгеріп отыруы болып табылады. |
Блиц-тестер талдау |
2 |
Сөйлеу этикеті
|
Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
3 |
Мұғалімнің сөйлеу этикасы
|
Шаршысөз мақсаты мен мазмұнына қарай белгілі бір құрылымда айтылады. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
4 |
Оқыту жүйесіндегі жаңа технологиярдың кәсіби қазақ тілінде алатын орны |
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. |
Блиц-тестер Сұрақ-жауап |
15. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Ақанова Д.Х., Алдашева А.М., Ахметжанова З.Қ., Қалдашева Қ.Қ., Сүлейменова Э.Д. «Ресми-іскери қазақ тілі». Алматы: Ғылым, 2006 ж.148 б.
2. Мұхаммадиева Н.Қ. «Кәсіби қазақ тілі». Алматы: Білім ,2003 ж.210 б.
3. Шадыкенова Н.К. «Контрольно-тренировочное упражнение на уроках казахского языка». Алматы: Қайнар, 1997 ж.-158 б.
4. Қожабаева Х. «Кәсіби қазақ тілі», Астана: Фолиант, 2010 ж. 304 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Алдашева А. «Іскери қазақ тілі». –Алматы: Санат,2008 ж.-150 б.
2. Дүйсенбекова Л. «Іс-қағаздарын жүргізу». – Алматы: Ана тілі, 2001 ж.-148 б.
3. Аяпова Т.Т., Күзекова З.С. «Қазақ тілі». –Алматы: Білім,2002 ж.-310 б.
4. Камешева Г., Мұқанова Г.. «Қазақ тілі» (Іскери қарым-қатынас үшін). – Астана: Санат, 2004 ж.-142 б.
5. Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М.. Іскери- кәсіби қазақ тілі.-Павлодар, 2007 ж.-265 б.
16. Емтихан бағдарламасы
СҰРАҚТАР ТІЗБЕСІ
№ |
Сұрақ мәтіні |
1 |
Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт. |
2 |
Кәсіби бағыт және фонетикалық заңдылықтар. |
3 |
Кәсіби бағыт және интоннациялық заңдылықтар. |
4 |
Кәсіби бағыт және морфонологиялық заңдылықтар. |
5 |
Кәсіби бағыт және лексикалық заңдылықтар. |
6 |
Кәсіби бағыт және грамматикалық заңдылықтар. |
7 |
Қазақ тілінің артикуляциалық базасы және фонетикалық ережелер. |
8 |
Сөз мағыналарының лексика семантикалық жүйесі. |
9 |
Сөздердің морфологиялық құрамы. |
10 |
Сөздердің синтагматикалық байланысу жолдары. |
11 |
Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. |
12 |
Тілдің ұлттық әуезділігі және фонетикалық ережелер. |
13 |
Сөз мағыналарының топтары мен типтері. |
14 |
Грамматикалық категориялар семантикасы. |
15 |
Кәсіби бағыт және стилистикалық заңдылықтар. |
16 |
Сөз мәдениеті заңдылықтарының кәсіби қазақ тілінде алатын орны. |
17 |
Антропоөзекті лингвистиканың кәсіби қазақ тілінде алатын орны. |
18 |
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның психологиялық қырлары. |
19 |
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның педагогикалық қырлары. |
20 |
Тілдің әлеуметтік мәні. |
21 |
Гендерлік лингвистика және тіл бірліктерін қолданудың адам тегіне қатысты жақтары. |
22 |
Кәсіби қазақ тілінің терминдік қоры. |
23 |
Коммуникативтік лингвистика және тілдік бірліктердің қатысымдық қызметі. |
24 |
Сөйлеу және оған тән ерекшеліктер. |
ӨЛШЕУІШ- БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
№ |
Бақылау-өлшеу материалдары мәтіні |
|
4. Пәннің сипатын белгілеңіз: А) нені және қалай оқытудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым В) педагогикалық ғылым С) әдістер мен тәсілдер Д) мұғалімнің әрекеті Е) оқушы әрекеті 5. Пәннің басты мақсаты: А) қазақ тілін тиімді оқытудың жолдарын қарастыру В) пән мазмұнын айқындау С) оқыту технологиясы Д) тәжірибелерді жинақтау Е) эксперимент жүргізу 6. Қазақ тілі пәнінің мазмұны: А) білім, дағды, іскерлік В) теориялық материал С) жаттығулар Д) сызбалар Е) кестелер 7.Оқушының білім алу көзіне қарай әдістің түрі: А) грамматикалық талдау В) тапсырманы орындау С) ауызша Д) іздену Е) оқулық 8. Әдіс дегеніміз А) оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті В) тест тапсырмалары С) шығармашылық жұмыс Д) тәсіл Е) жазу 9. Тәсіл дегеніміз: А) бірлескен әрекет В) әдістің берілу жолы, амалы С) құрал –жабдықтар Д) тексеру Е) тест тапсырмалары 10.Оқулық дегеніміз – А)материалдар жинағы В) білім алу көзі С) жаттығулар жүйесі Д) кестелер 11.Оқулықтың құрылымдық компоненті : А) тіл туралы теориялық материал, тапсырмалар В) сызбалар С) кестелер Д) суреттер Е) сызықтар. 12.Оқулықтың әдістемелік компоненті А) жаңа материалды берудің әр түрлі тәсілдерін В) кестелер беру С) ескертулер Д) сөздіктер Е) сызбалар
13.Жаңа материалды игертуде қай әдіс тиімді?: А) проблемалық, ізденушілік В) жаттығу С) репродуктивтік әдіс Д) түсіндірмелі Е) жазу
14. Біліктілікті қалыптастыруда қай әдіс тиімді?: А) жаттығу В) репродуктивтік әдіс С) шығармашылық Д) мұғалімнің сөзі Е) сызу
15. Бағдарламаны құрастыруда қандай тәсілдер қолданылады?: А) салалық В) сызықтық, сатылы С) жоспарлы Д) қайталау Е) кестелер 16.Оқу үрдісінің ең кіші бірлігі : А) тоқсан В) сабақ С) жыл Д) жоспар Е) ай 17.Қазақ тілі әдістемесі нені зерттейтін ғылым? А) Ана тілін ұғынудың заңдыл ықтарын, тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым В) Пәнді терең менгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жүйесін С) Қазақ тілін заңдылықтары мен жолдары зерттейтін дербес ғылым Д) Морфологияны F) Синтаксисты G) Фонетиканы H) Лексиканы 18. Жазуға қойылатын талаптар?А) Әріпті дұрыс жазу, дәптерді дұрыс пайдалану, әріп элементтерін тегіс, бірдей жазу, оңға қарай сәл көлбете жазу В) Әріпті дұрыс жазу С) Әріп элементтерін тегіс, бірдей жазу Д) Көлбеу жазу Е) Бірдей жазу F) Дұрыс жазу G) Қаламды дұрыс ұстау H) Жазу 19. Оудың түрлерін көрсет. А) Дауыстап оқу, іштен оқу. В) Іштен оқу С) Дауыстап оқу Д) Түсініп оқу, мәнерлеп оқуЕ) Дұрыс оқу, келістіріп оқу F) Тыныш оқу G) Шапшаң оқу, мәнерлеп оқу H) Келістіріп оқу, дауыстап оқу 20. Қазақ тілін оқыту методикасы қандай ғылымдармен байланысты? А) Тіл білімі, психология, педагогика, философия В) Психология, тіл білімі, логика С) Тіл білімі, психология, педагогика, философия, логика Д) Тіл білімі, педагогика, тарих Е) Тіл білімі, тарих F) Математика G) Қазақ тілі, психология, логика H) Физика 21. Сабақтың қандай түрлері болады?А) Талдау сабағыы, қайталау, жүйелеу сабағы, оқушы білімін бекіту В) оқушы білімін бекіту, талдау сабағы, жүйелеу сабағы С) Жаңа материалды түсіндіру сабағы, оқушы білімін бекіту сабағы Д) Жаңа материалды түсіндіру сабағы, талдау сабағы, оқушы білімін бекіту сабағы Е) Талдау сабағы, білімді бекіту сабағы F) Қортындылау, талдауG) Қайталау, жүйелеу сабағы, дағды мен шеберлікті есепке алу сабағы, талдау сабағы H) Жаңа материалды түсіндіру сабағы, білімді бекіту сабағы, қайталау, жүйелеу сабағы, оқушы білімін, дағдысын, шеберлігін есепке алу талдау сабағы. 22. Тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын төрт түрлі жалғаудың оқытылу тәртібі: А) Көптік, тәуелдік, септік, жіктік В) Көптік, тәуелдік С) Көптік, тәуелдік, септік Д) Жіктік, септік, көптік, тәуелдікЕ) Көптік, жіктік, тәуелдік, септік F) Септік, жіктік, көптік, тәуелдік G) Тәуелдік, көптік, жіктік, септік H) Жіктік, септік 23. Тіліміздегі сөз таптарының оқытылу тәртібі: А) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағайВ) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, еліктеу сөздер С) Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, Үстеу, одағай, еліктеу сөздер, шылау Д) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, еліктеу сөздер, шылау Е) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздерF) Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, Үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағайG) Еліктеу сӨздер, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, Шылау, одағайH) Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, еліктеу сөздер, шылау, Үстеу, одағай 24. Ғылыми-педагогикалыҚ, Әдістемелік журнал:А) «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» В. Әдіскер С) «Қазақ тілі мен әдебиеті» Д) «Жалын» Е) «Ақиқат» F) «Жұлдыз» G) «Парасат» H) Жұлдыздар 25. Көрнекі құралдардың қатарына жатпайтын жауапты тап: А) Фонетика В) Морфология С) Лексика Д) Бейнелеу көрнекілігі Е) Магнитофон F) Кесте G) Интерактивті тақта H) Карточка 26. Жаттығу түрін белгілеңіз: А) Морфологиялық жаттығу В) Фонетикалық жаттығу С) Лексикалық жаттығу Д) Сурет бойынша әңгіме Е) Мазмұндама F) Толықәңгіме G) Шығарма H) Жоспар 27. Сабақтың түрін көрсетіңіз: А) Панорама В) Қайталау сабағы С) Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы Д) Жаңа материалды өтуЕ) Үйге тапсырма беру F) Ұйымдастыру G) Өткен сабақты қайталау H) Қорытындылау 28. Сабақтың, кезеңін көрсетіңіз. А) Жаңа материалды өту В) Ұйымдастыру С) Бекіту Д) Саяхат Е) Концерт F) Сайыс G) Пікірталас H) Ойын 29. Қазақ тілінің дидактикалық материалдарына нелер жатады?A. Мәтіндер, сөйлемдер, сөздер, жеке дыбыстар, фразеологизмдерB. Сөздер, жеке дыбыстар, фразеологизмдер, мәтіндер, сөйлемдер C. Сөйлемдер, сөздер, мәтіндер, жеке дыбыстар, фразеологизмдер D.Дыбыс, буын, түбір, мәтін, сөздер E. Сөздер, мәтіндер, сөйлемдер, жеке дыбыстар F. Сөйлемдер, сөздер, жеке дыбыстар, буындар G. Негізгі түбір, туынды сөз, сөз тіркесі, буын түрлері H. жеке дыбыстар 30. Дыбыс жуйесі мен үндестік заңына байланысты жүргізілетін талдауды белгілеңіз: А.Фонетикалық талдау B. фонетикалық сатылай кешенді талдау C. дыбыстарды сатылай кешенді талдау D. Лексикалық талдау E. Морфологиялық талдау F. Синтаксистік талдау G. Орфографиялық талдау H. Орфоэпиялық талдау 31. Сөзжасам, сөзтаптарға байланысты жүргізілетін талдау түрі қайсы? A. Морфологиялық талдау B. морфологиялық сатылай кешенді талдау C. Сөзжасам, сөзтаптарды сатылай кешенді талдау D. Синтаксистік талдау E. Лексикалық талдау F. Фонетикалық талдау G. Пунктуациялық талдау H. фонетикалық талдау 32. Қазіргі оқытуда қолданылатын интерактивті әдіс түрлерін табыңыз. А. Пікірталас, топтық ойын B. Конференция, диспут C. Іскерлік ойындар, терендете оқыту «миға шабуыл», пікір-сайыс (дебат), пікірталас (дискуссия), жаттығу-дайындық, топтық шаралар D. Дұрыс жауабы жоқЕ.Топтық кесте-сызбалар F. Ұжымдық, мұғаліммен белсене жұмыс жасау G. Іскерлік ойындар, сайыс сабақтар H. Жаттығу, модульдік оқыту 33. Мұғалімнің тіл құбылыстарын жеке түсіндіріп, соңынан жалпы қорытындысын шығаруын қандай әдіс деп атайды? A. Индуктивті әдіс B. ИндукцияC. Жекеден жалпыға D. Анализдеу E.Синтездеу F. Дедуктивті G. Дұрыс жауабы жоқ. H. жалпыдан жекеге 34. Фонетиканы өткенде жүргізілетін практикалық жұмыстың түрлерін көрсетіңіз: A. Орфографиялық жаттығу, тест B. орфография қатысты жаттығулар C. фонетика саласы бойынша тапсырмалар D. Тест, кесте құру E. сұрақ-жауап, тест F.Орфографиялық, орфоэпиялық жаттығу, фонетикалық талдау сызба, кесте құру G.Фонетикалық талдау, әңгімелесу H. морфологиялық талдау |
БАҒАЛАУ МЕЖЕЛЕУІШІ
% |
балды баға |
әріптік баға |
дәстүрлі баға |
Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері |
100-95
|
4,0 |
А |
өте жақсы |
|
94-90 |
3,67 |
А- |
||
89-85
|
3,33 |
В+ |
жақсы |
|
84-80
|
3,0 |
В |
||
79-75 |
2,67 |
В- |
||
74-70 |
2,33 |
С+ |
қанағаттанарлық |
|
69-65 |
2,0 |
С |
||
64-60 |
1,67 |
С- |
||
59-55 |
1,33 |
Д+ |
||
54-50 |
1,0 |
Д |
||
49-0 |
0 |
F |
қанағаттанарлықсыз |
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ШКАЛАСЫ
№ |
бақылаутүрлері |
апта |
мах балл |
||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|||
1 |
Сабаққақатысымы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100 |
2 |
Ағымдықбақылау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100 |
3 |
Аралықбақылау: мәнжазба, бақылаужұмысы, өзіндікжұмыстытапсыру, клоолквиум, тест, жобажәне т.б. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100 |
4 |
Қорытындыбақылау (емтихан) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100 |
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100 |
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ (болған жағдайда)
_______________________________________
_______________________________________
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
«Теориялық және қолданбалы тіл білімі » кафедрасы
СИЛЛАБУС
_Кәсіби қазақ тілі оқу пәні ( __2_ кредит )
-Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандық
__3__ курс
Оқытушы: Макешова Ж.М.
2014 -2015 оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Кәсіби қазақ тілі ( 2 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны |
ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны
|
Оқытушының аты-жөні |
Байланыс, тел, |
сабақ кестесіне сәйкес |
Кесте бойынша |
|
|
Бейсенбі 11.50 (пр)
|
Жұма 13.40. |
Макешова Ж.М. |
+7705-397-38-96 |
Жұма 10.30. (д) |
|
|
|
|
|
|
|
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:
Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау, зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ кәсіби сөз мәдениетіндегі өзекті мәселелер болып табылады.
Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілін оқытудың мақсаты: студенттердің кәсіби және қарым-қатынас құзіретін қалыптастыру; лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік–мәдени компетенциясын интегративтік негізде қалыптастыру.
ЖОО қазіргі студенттері – мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың ертеңгі басшылары немесе қызметкерлері. Сондықтан келешекте мекемедегі жұмыстарды жүргізетін, ұйымдастыратын қазіргі студенттер үшін іскери – кәсіби қазақ тілін меңгеру аса қажет болып табылады.
Курстың бастапқы сатысында студенттер сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.
Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу.
Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.
Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу, полилогке қатысу.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ
Қатысымдық мақсаты: Студенттер өз кәсібінде қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде меңгеруге үйрену тиіс; емін - еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет - дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Танымдық мақсаты: Мамандыққа сай білімді игеріп, дүниетанымдық ой - өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс.
Тәрбиелік мақсаты: Болашақ тіл маманының жалпы тұлғалық әдеби, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне мән беріп, ана тілін құрметтеуге бағытталуы тиіс.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
15 сағат дәріс, 15 сағат практикалық сабақ көлемінде 1 жартыжылдыққа арналған бағдарлама (аптасына 2 кредит сағат).
Белгілі бағдарлама көлемінде оқытылатын тілдің фонологиялық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық құзірет мазмұнына кіреді.
Студенттердің тіл нормаларын, тіл құралдарын білуі, дағдылануы және оларды сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде, мәтіндер мен өз ой-пікірлерін құрастыруда пайдалануы дискурстық компонентке жатады.
Студенттердің ұлттық тіл құбылыстарының ерекшеліктерін оқытылып отырған тіл құбылыстары мен сол елдерге тән ерекшеліктермен салыстыру әлеуметтік–мәдени компонентті құрайды.
Білуге тиіс: Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу.
Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.
Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу, полилогке қатысу.
Істей білу: 1
1) оқу тәсілдерін меңгеру;
2) оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс-графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түпнұсқасын түсінуге тырысу;
3). Таныса және зерттеп оқу элементтерін меңгеру;
4). Анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.
5) Графика мен орфографияны меңгеру;
6) Диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білу.
7) Оқытушы мен студенттің арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;
8). Оқылған тақырып көлемінде қазақ тілінде айтылған сөйлемдерді түсіну.
9) Диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтің әр түрлі функцияларын меңгеру;
10) Ілікпе фразаларды пайдаланып, әңгімені жалғастыра білу, ақпарат алуды, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бас тартуды, алғыс айтуды, кешірім сұрауды, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерлік құрылымдарды меңгеру;
11) Монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);
12) Басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестей) білу керек.
Дағдысының болуы: - қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырмасын орындау, құжаттарды толтыруда жазу дағдыларын, мәтінді сыни талдау дағдысын, критикалық оқу және жетілдіруге көмектеседі.
- дәрісханадағы ситуацияларды дамытуда қойылған сұрақтар және алынған жауаптар, талдау дағдысына, сыни оқу дағдысына, сөйлеу дағдысына және құжаттарды толтыру дағдысына;
- талдау кезінде қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін дамытуға, лексика-грамматикалық талдауға, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін жалғастыруға серіктесімен өзара талдау дағдысына;
- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: : тіл білімі салалары, Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, педагогика т.б пәндерді, мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсын игеруде септігін тигізетін қажетті пәндердің бірі болып табылады.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: - бұл курстан алған білім негіздері қазақ тілін жеткілікті дәрежеде меңгеруге;
- мамандыққа қатысты термин сөздермен кеңінен танысуға;
- ресми іс қағаздары үлгілерін мемлекеттік тілде еш қиындықсыз толтыра білуге;
- мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдарды, әдеби шығармаларды,
заң, үкім, қаулыларды оқып, түсіне алуға мүмкіндік береді.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№ р/с |
Модульдың атауы |
Лекция (сағ)
|
Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) |
Лаборат. сабақ (сағ) |
СӨЖ МӨЖ (сағ) |
1 |
Бірінші модуль. Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт |
5 |
5 |
|
13 |
2 |
Екінші модуль. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі |
5 |
5 |
|
13 |
3 |
Үшінші модуль. Мұғалімнің тұлғалық мәдениеті және кәсіби шеберлігі |
5 |
5 |
|
13 |
