Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).

Құқықтық нормаларды түсіну үшін оның мазмұнын азаматтар, бірлестіктер, органдар жақсы білу керек. Егер де қоғамның құқықтық сана-сезімі төменгі дәрежеде болса нормативтік актілер дұрыс қолданылмайды, заңсыздыққа жол береді. Құқық нормаларының маңызды ерекшеліктерінің бірі – олардың жалпылама, қиялдық (абстрактылы) сипаты. Бұл нормаларды қолдану барысында нақтыландыру, талқылау, түсінік беру қажеттігі туады.

Сондықтан мемлекеттік органдар жаңа құжатты бекітсе, қабылдаса оған жан-жақты түсінік беріп отырады. Түсінік берудің негізгі мақсаты – жаңа норманы халық оқып, біліп сол арқылы оның дұрыс қолдануын, іске асуын қамтамасыз ету. Түсінік бергенде норманың өмірге келу себебі, оның қолдану тәсілі, жолдары, ондағы құқық пен міндеттердің орындалуы, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.

Құқықтық нормаларға түсінік берудің екі бағыты болады: біріншісі – жеке адамдардың норманы өздері оқып, білуін қамтамасыз ету; екіншісі – үгіт, нәсихат арқылы халыққа жаңа норманың мазмұнын, мақсатын түсіндіру. Түсінік еретін мемлекеттік органдарының қызметкерлері өте сауатты, тәжірибелері мол болу керек. Сонда ғана олар түсінікті жоғары дәрежеде бере алады. Құқықтық нормаларға түсіні берудің тәсілдері:

  1. грамматикалық (филологиялық) түсінік беру – нормалардың, оның сөйлемдерінің, мазмұнының құрылуын тексеру, гипотеза, диспотизиция, санкцияны анықтау.

  2. Жүйелік талқылау - нормаларды жүйе-жүйеге сала-салаға бөліп, салыстырмалы түрде түсінік беру. Негізгі заңды анықтау, қосалқы нормаларды салыстыру. Мысалы: жол ережесін бұзуда қандай негізгі норма, қандай қосалқы нормалар бар соны жан-жақты оқып, түсініп барып қолдану керек.

  3. Саяси-тарихи талқылау – норманың өмірге келуінің уақыты, ол кездегі саясаттың мазмұны оның алдына қойған мүдде –мақсаты. Оның бәрі жан-жақты талқыланып, қорытынды жасалуы керек.

  4. Логикалық талқылау өте күрделі, өте дұрыс қорытынды беретін тәсіл. Түсінік берудің барлық тәсілдерінің нәтижелерін біріктіріп қорытынды жасау.

Құқыққа түсінік беру субъектілері: конституциялық кеңес, жоғарғы соттың Пленумы, нормативтік актілер шығаратын мемлекеттік органдар, заңгерлер, ғылыми ұйымдар мен ғалым қызметкерлер.

ҚР конституциялық кеңесі 72 баптың 1 тармағының 2-3 тармақшалары негізінде Парламент қабылданған заңдардың немесе халықаралық шарттардың Конституцияға сәйестігін қарап түсінік береді. 72- баптың 2-тармағының негізінде, егер 78-бапқа сәйкессот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық кеңеске жүгінуге міндетті.

ҚР –ның жоғарғы соты барлық соттардың заңдарды қолдану практикасын зерделейді және оны қолдану мәселелері бойынша Республика соттарына басшылық түсінік береді.

Парламент қабылдаған заңдар он күннің ішінде Республика Президентінің қол қоюына беріледі. Президент ұсынылған заңға он бес жұмыс күннің ішінде қол қойып, оны жариялайды немесе қате болса оны қайтадан талқыла, дауысқа салу үшін қайтарады. Мәжілістің тұрақты комитетінде қарсылықты қараудың қорытындысы бойынша Республика Президенті депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, заңның тұтас не оның тиісті жекелеген баптарының редакциясы туралы өзі білдірген қарсылығын өзгертуге құқылы.

Егер Парламент әр палата депутаттары жалпы соның үштен екісінің көпшілік даусымен заң тұтас немесе оның тиісті жекелеген баптары бойынша бұрын қабылданған шешімді қуаттайтын болса, Республика Президентінің қарсылығы ескерілген болыпесептеледі. Президент оған жеті күн ішінде қол қояды. Егер президентінің қарсылығы ескерілмесе, сол президент ұсынған редакцияда қабылданады деп ескріледі.

Құқыққа түсінік беру түрлері.

Құқық нормаларын талқылаудың, түсінік берудің қажеттілігі олардың белгілерінің, сырт көріністерінің ерекшеліктеріне байланысты. әрбір құқықтық жүйе қоғамдағы қатынастардың – белгілі бір саласын реттейді бұл жүйе салалардың өзіндік ерекшелігі болады. Құқықтық норманы нақтылы қатынасқа қолданғанда оның ерекшеліктеріне байланысты кейбір жағдайларды анықтай қажеттілігі қолданылатын құқықтық норманың мағынасы қандай екені туралы сауалдар туады. Сол сауалдарға құқықтық норманы талқылау, түсінік беру арқылы дұрыс жауап беріп, нормативтік актілердің дұрыс қолдануын, орындалуын қамтамасыз етуге болады.

Қоғамдық өмірде жаңк қатынастар пайда болып отырады. Оларды заң дер кезінде реттеп үлгермеуі де мүмкін. Бірақ мұндай қатынастарды қолданылып жүрген заңның мазмұны қамтуы ықтимал. Бұл жағдайда да құқықтық норманың мазмұнын талдау, түсінік беру арқылы анықтауға болады. Демек, заң ұқсастығы бойынша тікелей көрсетілмеге қоғамдық қатынастарға қолданылуы мүмкін.

Түсінік беру қажеттілігі құқықтық норманың сыртқы ресмилендіруінің, тілінің ерекшелігіне байланысты да тууы мүмкін. Кейде қолданылған сөздің, бірнеше мағынасы болады. Мысалы, «міндет», «қажет», «солай істеу керек», «тыйым салу», «қақылы», «істей алады» т.с.с. құқықтық норманы нақтылы қатынасқа қолданғанда осы жағдайды да ескеру керек болады.

Өмірде халықтың көпшілігі нормативтік актілерді толық түсіне бермейді. Сондықтан мемлекеттің тиісті органдары қабылданған нормаларды халықтың түсінуін қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізіп норманы әртүрлі түсінуге жол бермеуге тырысады. Түсінік берудің екі түрі болады: ресми түсінік беру, бейресми түсінік беру. Ресми түсінікті мемлекеттік орган береді. Оның түрлер:

  • нормативтік түсінік беру – бұл түсініктің қорытындысы қаулы, инструкция түрінде шығады, оның мемлекеттік заңды күші болады.бұл қаулы-инструкцияларды көп жағдайда қолдануға болады.

  • Казуалдық түсінік беру – бұл түсінік тек бір мәселенің көлемінде ғана беріледі. Басқа істерге оның заңды күші болмайды.

  • Сот органдарының ресми түсінік беруі – азаматтық, қылмыстық т.б. істерді қарағанда нормативтік актілерді қалай қолдану туралы түсінік береді. Жоғарғы соттың ресми түсінігі барлық соттарға заңды күші болады.

  • әкімшілік органдарының түсінігі -өздерінің құзырындағы мәселелер бойынша заң күші бар түсінік бар бере алады. Олар өздерінің түсінігін нормативтік акті ретінде бланкаға жазып шығарады. Нормативтік актілердің кемшілігі болса немесе қателері болса соны түзеп жаңартады.

  • Дәлме-дәл, сөзбе-сөз түсінік беру – заңның мазмұны нысанының бір-біріне дәл түсу, тура келу.

  • Шектеулі түсінік беру – норманың мазмұнында бір шектеудің болуы. Мысалы: жұмыстан шығару үшін соттың немесе кәсіпшілер ұйымының шешімдерінің болуы.

  • Кеңірек (кеңейтілген) түсінік беру – норманың мазмұнын кеңейтіңкіреп түсінік беру. Мысалы: конституцияның көптеген баптары жалпылама түрде беріледі. Ол баптарға қосымша қосымша заңдар қабылдану керек. Сонда ғана мәселе, толық, дұрыс шешіледі.

  • Аутентикалық түсінік беру – нормативтік актіні қабылдаған мемлекеттік органың өзінің түсінік беруі.

  • Құқыққа легальдық түсінік беру - норманы белгілі мемлекеттің органы қабылдайды, ал оған түсінікті басқа орган береді.

  • Арнаулы – заңды түсінік беру нормативтік актілердегі түсініксіз сөздерге-терминдерге мамандардың немесе мекемелердің толық дұрыс түсінік беруі.

Ресми түсініктер арнаулы бланкаға жазылып беріледі, оның мемлекеттік заңды күші болады. Оны орындау міндетті.

Бейресми түсініктерді лауазымды тұлға емес заңгерлер, мамандар, ғылыми ұйымдар береді. Бұл түсініктердің заңды күші болмайды, оларға сілтеме жасауға болмайды. Бірақ қоғамның жақсы дамуына, құқықтың сапасын көтеруге, нормативтік актілердің дұрыс іске асуына ресми емес түсініктердің маңызы өте зор. Мысалы, ғалым-заңгерлердің заңдарға, кодекстерге, ережелерге берген түсініктемелері бұл нормативтік актілердің орындалуын көп жеңілдетеді.

Бейресми түсініктердің екі түрі болады: доктриналдық және жалпылама түсініктер. Доктриналдық түсінікткрді ғалым-заңгерлер, тәжірибелі заң мамандары береді. Олардың құқық туралы ғылыми статьялары, кітапшалары., монографиялары нормативтік актілерді түсінуге, орындауға әсер етеді. Және құқықтың сапасын жақсартуға, қоғамдағы тәртіпті, заңдылықты күшейтуге айтарлықтай үлес қосады.

Жалпылама түсініктерді заңгерлерден басқа тәжірибелі мамандар береді. Олар үгіт-насихат арқылы қалың бұқараның құқықтық нормаларды түсінуін, орындауын жеңілдетеді.

Қазіргі демократиялық мемлекет құру кезінде бұл ресми емес түсініктердің маңызы өте зор. өйткені бұл іске қоғамның сауатты азаматтарының қатысуына мүмкіншілік туады. Сонымен ресми емес түсініктердің де мемлекет және құқық теориясын дамытуда рөлі өте зор.