- •1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
- •2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
- •3. Нормативтік құқықтық акт баптарында құқық нормасы элементтерінің құрылу тәсілдері.
- •4. Басқару нысанының түсінігі және түрлері.
- •5. Құқық нормасын талқылау тәсілдері.
- •6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.
- •7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.
- •8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы
- •9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).
- •10. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметтері және оның жіктелуі.
- •11. Қүқық жүйесі: түсінігі және элементтері.
- •12. Романо-германдық құқық жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері.
- •14. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
- •15. Құқық нормасы, құқықтық қатынас және заңды деректердің байланысы
- •16. Мемлекет түсінігі, мәні, тағайындалуы.
- •17. Құқық нормасының жіктелуі
- •18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі
- •Құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
- •Аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
- •Құқық пен мораль ұқсастандырылған;
- •22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі
- •23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
- •24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
- •25. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.
- •26. Құқықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы.
- •27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде
- •28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы
- •29. Құқық нормасын талқылау түрлері.
- •30. Англо-саксондық құқықтық жүйедегі заң орны.
- •31. Мемлекет нысандары: түсінігі және түрлері, Мемлекет нысанына ықпал ететін факторлар.
- •32. Құқықшығырамшылық
- •34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
- •35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
- •36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
- •37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
- •38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
- •48. Қр құқықтық жүйесін романо-германдық құқықтық отбасына жатқызу мәселесі
- •49. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде.
- •50. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің негізгі түрлері.
- •51. Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері.
- •52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
- •53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
- •54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
- •55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
- •56. Занды деректер: түсінігі және жіктеленуі
- •57. Өтпелі кезеңдегі құқықтық жүйелер ерекшеліктері.
- •58. Құқық құндылығы және құқықтағы құндылықтар.
- •59. Құқықтық нигилизм және құқықтық идеализм
- •60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
- •61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы
- •62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
- •63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
- •64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.
- •67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері
- •68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
- •69. Құқық субьектілік және оның құрамдары
- •70. Мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас.
- •71. Құқық нормасы: түсінігі, белгілірі, құрылымы
- •72. Нормативтік құқықтық акт, құқық қолдану актілері және талқылау актілерінің арақатынасы.
- •73. Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас.
- •74. Құқықтық қатынас түрлері.
- •75. Құқық үстемдігі қағидасы құқықтық мемлекеттік ең жоғарғы қағидасы ретінде.
- •76. Мемлекеттік билік: түсінігі, жалпы белгілері.
- •77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
- •78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
- •79. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
- •80. Құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу.
- •81. Заңды жауапкершілік: түсінігі, белгілері және түрлері.
- •82. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •83. Құқыққа сай жүріс-тұрыс және оның түрлері.
- •84. Құқықтық қағидалары және олардың юридикалық тәжірибедегі маңыздылығы
- •85. Мемлекеттік егеменділік
- •86. Заңдық коллизиялар.
- •87. Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.
- •88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі
- •89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.
- •90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
- •91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
- •92. Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
- •93. Заңдық тәжірибе: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
- •94. Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары
- •95. Құқық қолдану актілері және оның ерекшеліктері.
- •96. Заңдық техника.
- •97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.
- •98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.
- •99. Құқық және заңның арақатынасы
62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
Құқық-бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған,мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін,жалпыға міндетті,формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1)еріктілік сипаты.
2)жалныға міндеттілігі.
3 )нормативтілігі.
4)мемлекетпен байланысы.
5)формальды анықталғандығы.
6)жүйелілігі.
Еріктілік сипаты-халықтың белгілі-бір тобьшың немесе қоғамдағы көпшіліктің еркі мен мүдделерін білдіреді.
Нормативтілік-зандық нормалардың-жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің жиынтығын білдіреді.
Жалпыға міндеттілік-мемлекет аумағында тұратын барлық тұрғындарға таралады. Формальды анықталғандық-арнайы мемлекеттік құжаттарда-нормативтік актілерде көрініс тапқандығы.
Мемлекетпен байланыстылығы-мемлекетпен туындайды және кез-келген бұзушылықтардан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қорғалады. Қүдықтың қызметтері және түрлері.Құқықтың қызметі-бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін,құ_қықтық әсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың қызметтері түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1)сыртқы жақ,бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік қызметтері анықталады,олар:экономикалық(құқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді және т.б.),саяси(құқық саяси қатынастарды,саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.)тәрбиелік(Құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді,тұлғаларға арнайы педогогикалық әсер етеді және т.б.)қызметтер.
2)ішкі жақ,бұл құқықтың табиғатынан туындайды,олар реттеуші және қорғаушы қызметтер.
Реттеуші қызмет-бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орнықтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын,құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл қызметтер шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады:реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық қызметтер.
Реттеуші статистикалық қызмет құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір Құқықтық институттарда бекіту жолымен әсер еткінен көрінеді.Статистикалық қызметті жүзеге асыруда конститутцияда бекітілген саяси қүдықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.
Реттеуші динамикалық қызмет қудықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді.Ол азаматтық,әкімшілік,еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.
Қорғаушы қызмет-бұл ерекше маңызды экономикалық,саяси,ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға,заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын,оларды жіктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған мақсатпен байланысты бағыты.
63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
Шартты түрде мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық моделдері деп қарастыруға болады. Батыстық модель Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» деген еңбегінде жазылған. Тап күресінің теориясы және оның мемлекеттің пайда болуын анықтайтын ықпалы тұрғысынан Афинаның тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызады: мұнда мемлекет Ф. Энгельстің айтуынша, тікелей рулық қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама-қайшылықтардан пайда болған.
Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды алдын ала анықтап алып, сосын жіктеді, одан кейбіреулер басқаларды қанау мүмкіндігін алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі сенімді, тұрақты боуы үшін оны мемлекет құрып, саяси үстемдікпен нығайтқан.
Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық қоғамда біртіндеп плебстер көбейе берді, римдіктер оларға араласып, сіңіп кетуден сақтанып, жеке бір тұйық аристократияға айналды. Сөйтіп олардың саны қаншалықты көп болса да, құқысыз еді.
Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар ықпал етті: бөтен аумақты жаулап алу және оларды басқарудың қажеттігі, қауымдық меншіктің ыдырауы, жеке меншіктің пайда болуы, герман жұртшылығының байлар мен кедейлер болып бөлінуі.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілері азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да табиғи жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан зор егін шаруашылығы массивтерін игеруге деген қажеттілік, суару каналдарының кұрылысы, ирригациялық жұмыстар жүргізу қажеттілігі анық сезіліп тұрды. Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы атқара алмайтын еді. Бұл тек орасан зор материалдық ресурстары бар мемлекет деп аталатын ұйымның қолынан келетін еді.
