Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

85. Мемлекеттік егеменділік

Мемлекеттің егемендігі — ол ішкі және сыртқы саясатты белгілеу кезінде мемлекеттің басқа мемлекеттің ықпалынан дербестігі және тәуелсіздігі. Жоғары мемлекеттік органдардың билігі республиканың бүкіл аумағында жүреді. Ол мемлекеттік жоғары өкімет органдары (Президент, Парлмент, Үкімет және басқа органдар) Қазақстанның бүкіл аумағында заңдық күші бар нормативтік құқықтық актілерді дербес қабылдайды. Мемлекеттің егемендігі оның барлық жоғары органдарының өз өкілеттіктері шегінде республиканың бүкіл аумағында қажетті шараларды жүзеге асыратындығын білдіреді. Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін мемлекеттік органдар басқа мемлекеттердің қысымына, ықпалына бағынбастан мемлекет қызметін дербес іске асырады.

Мемлекет аумағы — ол өмір сүретін, халқы тұратын және қоғамның экономикасын қалыптастыру мен дамыту үшін алғы-шарттары бар кеңістік. Қазақстан Республикасы байырғы қазақ жерінде құрылды. Қазақстан мемлекеті аумақтық тұтастықты қорғау үшін барлық шараларды қабылдайды. Ол кімнің тарапынан әрекет етсе де, Қазақстан аумағын бөлшектеуіне мемлекеттің жол бермеуі тиістігін білдіреді. Аумаққа қол сұғылмаушылығымен және бөлінбейтіндігімен мемлекеттік тұтастық, мемлекеттің егемендігі сақталады. Қазақстан аумағының бөлінбейтіндігі бір де бір мемлекеттік билік органының мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған шешім қабылдауға құқығы жоқтығын білдіреді. Алайда бұл аумақтық даулы мәселелер халықаралық келіссөздерде және келісімдерде қаралмайды деген сөз емес. Республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Конституцияда мақсаты мен іс-әрекеті мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған Қазақстан Республикасының тұтастығына тікелей және кәдімгідей қауіп төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті аталған мән-жайға орай Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген аймақтарында төтенше жағдайлар енгізуді, Қарулы Күштер қолдануды қоса алғанда, қажетті шаралар қолданады. Мемлекеттің аумақтық тұтастығы, сондай-ақ экономикалық кеңістік бірлігін де білдіреді. Сондықтан әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында кедендік шекара белгілеуге, азаматтардың қозғалысына, тауарлардың, қызметтер көрсетулер мен қаржы қаражатының еркін алмасуына қайсы бір кедергілер қоюға жол берілмейді. Аумақтық тұтастық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекет құрамынан шығуға және біржақты тәртіппен өзінің құқык,тық жағдайын өзгертуге құқығы жоқтығын білдіреді.

86. Заңдық коллизиялар.

Мемлекет қабылдаған құқық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеу барысында бірін-бірі қайталау мүмкін. Соның салдарынан оларды қолдану барысында шиелленісті қайшылықтар тууы мүмкін. Теорияда заң коллизиясы деп бір қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің арасындағы қайшылықтарды айтады. Жалпы қабылданған ереже бойынша заңдар коллизиясы пайда болған жағдайда келесі ережелер қолданылады:

1. Егер Конституция мен Парламент қабылданған заңдар арсында қайшылықтар пайда болса, Конституцияның нормалары қолданылады. Негізгі заңның басқа нормативтік-құқықтық актілерге қарағанда ең жоғары күші бар.

2. Егер заң мен заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің арасында қайшылықтар туса, заң іс жүзіне асырылады. Мысалы, ҚР Президентінің шығарған жарлығы Парламент қабылдаған заңға қайшы келген болса, заң қолданылады.

3. Құқықтық мәртебесі жағынан төмен тұрған органның шығарған актілері жоғары органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келетін болса, жоғарғы органның шығарған актілері қолданылады.

4. Әр кезде бір органмен қабылданған актілер арасында қайшылықтар туған болса, соңғы қабылданған нормативтік құқықтық актілер пайдаланылады. Бұл ежелгі Рим құқығы қалыптастырған ереже: кешірек қабылданған заң ерте қабылданған заңды жоққа шығарылады.

5. Егер бір орган қабылданған нормативтік-құқықтық актілер арасында қайшылықтар пайда болса, жалпы акт емес, арнайы қабылданған актілер қолданылады.

6. Егер жалпы және арнайы нормативтік құқықтық актілер арасында қайшылықтар туса және олар әр түрлі органдармен қабылданған болса, жалпы акт қолданылады.