Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.

Жауап: Мемлекеттің элементінің бірі - саяси режим. Бұл режим деген сөзді екі мағынада қолданылады. Бірінші: саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.

Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болған режимдерге бөлінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формалды-демократиялық, патерналистік, бонапартистік, әскери, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқса түрлері. Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы режимдер.

Демократияға қарсы режимдер. Халық басқару процесіне қатыспайтын және оның ерімен санаспайтын режим осы түрлерге жатады. Фашистік режим.(Болгария, Германия, Жапония, Италия) Халықтың саяси құқықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады. Әскери режим (Чили, Португалия ) мемлекеттік төңкеріс өткеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп әскер мемлекеттің негізгі функциясын басып алды. Расистік режим осы әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы қолданады. Феодалдық мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті режимі құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті роль атқарады, ол монархтың таққа отыруына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады, оған қарсы істелген қылмыстарды өзі қатты жазалайды.Бұл араб халифатының, Европа феодалдық мемлекеттерінің саяси режимдері. Авторитарлық режимдер бір адамның билігімен байланысты болады.(Тито, Сталин, Чаушеску, Кастро, Людовик 14, Напалеон).

Демократиялық режим. Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған режим. Бірақ демократиятың даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық режимдерінің күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формалдық түрінде енгізілген (СССР, ГДР).

98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.

Құқықтағы ақаулықтар мынадай себептермен қалыптасады:

1. Құқық жасайтын органдардың құқық нормаларын қабылдау кезінде заң ғылымының жетістіктерін ескермеу және оны пайдаланбау.

2. Лоббизмнің әсерінен, немесе оның тікелей ықпалынан, бір ғана топтың, мүдденің құқық нормаларныда бекітілуі.

3. Құқық нормаларының мәтінінің түсініксіз болуы, соның нәтижесінде құқық қолдану барысында түсінбеушіліктің пайда болып, бұрмалауға әкеліп соқтыруы.

Осындай жағдайларда құқықтағы кемшіліктерді толықтыру мәселесі туындайды. Мемлекет және құқық теориясы кемшіліктерді толықтырудың екі түрін пайдаланады:

Біріншісі – заң аналогиясы (ұқсастығы), екіншісі – құқық аналогиясы.

Заң аналогиясы дегеніміз өмірде болған жағдайлар мен оқиғалардың құқық нормаларында көрсетілмегендігіне байланысты ұқсас норманы қолдану. Мысалы, бір адам қоғамға қауіпті бір әрекет жасады, бірақ оның сол мінез-құлқы құқық нормаларында нақтылы бекітілмеген. Сондай жағдайда ұқсас норма қолданылады. Бірақ, Конституцияның 77-бабының 10-тармағы: «Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді»деп атап көрсеткен.

Құқықтың аналогиясы дегеніміз нақтылы қаралып жатқан іс бойынша ұқсас құқықтық норманың жоқ болуына байланысты қабылданған құқықтық қағидалар негізінде шешім қабылдау. Жалпы теорияда құқық аналогиясын қолдануға жол берілмейді. Бұл көрініс негізінде жаңа қалыптасып, құрылып келе жатқан құқықтық жүйелерге тән қасиет.