Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.

Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне, әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. Құқықтық сана құқықпен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағдарысқа ұшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың құқықпен төмендегідей байланысы бар:

1. Құқықтық сана құқық жасау процесінде белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпыұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.

2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.

3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі.

7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.

8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы

Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапгершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:

1. Құқық бұзушылықтың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқық әрекет қабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

2. Құқық бұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әректіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады.

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады:

а) әрекет немесе әрекетсіздік: ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдардың арасаындағы себепті байланыс.

Құқықбұзушылықпен тиімді күрес және болдырмау - заңдылықтың басты талабы. Құқықтық мемлекет, құқық бұзушылықты болдырмауға және дер кезінде жауапқа шақыруға қажетті иатериалдық, саяси, әлеуметтік және басқа алғы шарттар жасайды. Тұрындардың әлеуметтік қорғалуы, елдегі саяси тұрақтылық, адал құқық қорғау заңдарының болуы заңдылықтың шын мәнәсіндегі режимін жасайды.

Құқық субъектілерінің сол мемлекет аумағында тұратын әрбір азаматтың мүдделерін тікелей қорғау, арнайы құқық қорғау органдарымен жүргізіледі: сот, прокуратура, милиция. Қоғамдық қатынастарды заңды қызметін қамтамасыз ету үшін, бұл органдар қажетті кезде құқық бұзушыларға әр түрлі мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолданады.

Сонымен, заңдылықтың бірігіп және қарым-қатынастағы қимыл жасау туралы талабы, қоғамдық өмірді біркелкілігін және үйлесімділігін, азаматтық қоғамның дамуын, объективті тарихи прогресс заңдарына сай қамтамасыз етеді.