- •1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
- •2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
- •3. Нормативтік құқықтық акт баптарында құқық нормасы элементтерінің құрылу тәсілдері.
- •4. Басқару нысанының түсінігі және түрлері.
- •5. Құқық нормасын талқылау тәсілдері.
- •6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.
- •7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.
- •8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы
- •9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).
- •10. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметтері және оның жіктелуі.
- •11. Қүқық жүйесі: түсінігі және элементтері.
- •12. Романо-германдық құқық жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері.
- •14. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
- •15. Құқық нормасы, құқықтық қатынас және заңды деректердің байланысы
- •16. Мемлекет түсінігі, мәні, тағайындалуы.
- •17. Құқық нормасының жіктелуі
- •18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі
- •Құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
- •Аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
- •Құқық пен мораль ұқсастандырылған;
- •22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі
- •23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
- •24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
- •25. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.
- •26. Құқықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы.
- •27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде
- •28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы
- •29. Құқық нормасын талқылау түрлері.
- •30. Англо-саксондық құқықтық жүйедегі заң орны.
- •31. Мемлекет нысандары: түсінігі және түрлері, Мемлекет нысанына ықпал ететін факторлар.
- •32. Құқықшығырамшылық
- •34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
- •35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
- •36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
- •37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
- •38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
- •48. Қр құқықтық жүйесін романо-германдық құқықтық отбасына жатқызу мәселесі
- •49. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде.
- •50. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің негізгі түрлері.
- •51. Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері.
- •52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
- •53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
- •54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
- •55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
- •56. Занды деректер: түсінігі және жіктеленуі
- •57. Өтпелі кезеңдегі құқықтық жүйелер ерекшеліктері.
- •58. Құқық құндылығы және құқықтағы құндылықтар.
- •59. Құқықтық нигилизм және құқықтық идеализм
- •60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
- •61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы
- •62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
- •63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
- •64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.
- •67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері
- •68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
- •69. Құқық субьектілік және оның құрамдары
- •70. Мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас.
- •71. Құқық нормасы: түсінігі, белгілірі, құрылымы
- •72. Нормативтік құқықтық акт, құқық қолдану актілері және талқылау актілерінің арақатынасы.
- •73. Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас.
- •74. Құқықтық қатынас түрлері.
- •75. Құқық үстемдігі қағидасы құқықтық мемлекеттік ең жоғарғы қағидасы ретінде.
- •76. Мемлекеттік билік: түсінігі, жалпы белгілері.
- •77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
- •78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
- •79. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
- •80. Құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу.
- •81. Заңды жауапкершілік: түсінігі, белгілері және түрлері.
- •82. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •83. Құқыққа сай жүріс-тұрыс және оның түрлері.
- •84. Құқықтық қағидалары және олардың юридикалық тәжірибедегі маңыздылығы
- •85. Мемлекеттік егеменділік
- •86. Заңдық коллизиялар.
- •87. Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.
- •88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі
- •89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.
- •90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
- •91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
- •92. Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
- •93. Заңдық тәжірибе: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
- •94. Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары
- •95. Құқық қолдану актілері және оның ерекшеліктері.
- •96. Заңдық техника.
- •97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.
- •98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.
- •99. Құқық және заңның арақатынасы
90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
Құқықтық тәрбие – азаматтар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында мемлекеттік органдар мен қоғам жұртшылығының атқаратын мақсатты қызметтері болып табылады.
Құқықтық тәрбие өз алдына құқықтық сана мен мәдениетпен тығыз байланысты.
Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен , мәдени- тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Құқықтық сана – жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзі бағалауы. Өзін- өзі бағалау, өзінің заңды әрекеттеріне қанағатттану немесе істеген ісі үшін ұялу, өкіну сезімдерімен көрініс табады.
Бүгінгі күнгі құқықтық мемлекет доктринасы көптеген мемлекеттер дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси – құқықтық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес.
Құқықтық мәдениет – қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл құқықтық актілердің, құқықытық және құқық қолданушылық қызметін қаншалықты деңгейде екенін білдіреді.
Құқықтық мәдениет индивидттердің құқықтық белсенділігін арттырады, заң талаптарын бұлжытпай орындалуын талап етеді. Құқықтық мәдениет құқықтық тәрбие арқылы қалыптасады.
Құқықтық тәрбие мынадай әдістерді қамтиды:
1.Субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын жетік білу арқылы өз құқықтарын қорғау.
2. Заңсыздылыққа, адам құқықтарын аяққа таптауға жол бермеу, онымен күресу.
3.Құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын бәрімен белсенді күресу, алдын алуға құқықтық шеңбер аясында ат салысу.
Құқықтық тәрбие – мемлекетте барлық құқықтық, дәстүрлі этикалық тетіктерді пайдалана отырып, субъектілердің құқықты құрметтеуге деген құқықтық саналарын қалыптастыру.
91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
Мемлекеттік аппарат дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдар жүйесі.
Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Құрылымы.
Президент – ҚР Конституциясы бойынша Президент Мемлекет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады және «халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны мен кепілі»Республика азаматтарының тікелей қатысуымен, сайлау арқылы 7 жыл мерзіміне сайланады. (Жасы 40-қа толған мемлекеттік білді еркін меңгерген, Республика аумағында 15 жылдан кем тұрмаған ҚР азаматы болуы керек)
Ешкімге есеп бермейді және мемлекеттік органдарға тәуелді емес.
Президент Парламенттің келісімімен Премьер-министрді және премьер министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін тағайындайды және қызметтерінен босатады. Парламент сенатының келісімімен Баспрокурорды, ҰҚК төрағасын тағайындайды және босатады.
Президент қажет болған жағдайда Республика аумағына төиенше және әскери жағдай енгізуге құқы бар.
Конституцияның 47-бабы бойынша ПРезидент халық алдында опасыздық жасағаны үшін жауап береді және парламентке оны кетіруге құқық берілген.
Заң шығару және өкілетті органдар. Конституцияның 49-бабы бойынша ҚР парламенті көпшілік заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы болып табылады.Парламент сенат және мәжілістен тұрады. Көптеген мемлекеттерде парламент ең жоғарғы орган болып табылады, оның құзыры барлық салаға билік жүргізуге кеңейтілген. ҚР конституциясында парламенттің мәртебесі заң шығарумен шектелген, оның бақылау, тексеру құқығы жоқ. Бұл «рационализацияланған парламен» теориясына үндес.
Атқарушы органдар
ҚР конституциясы бойынша атқарушы билікті үкімет іс жүзіне асырады. Оның негізгі функциясы басқару. Құрамына Премьер-министр, оның орынбасарлары және министрлер кіреді. (конституцияның 66-бабы)
Сот билігі
Сот билігі билікті бөлу теориясының негізінде жеке, дербес орган болып табылады. Негізгі функциясы ҚР аумағында әділ сотты жүзеге асыру болып табылады және бұл қызметте судьялар ешкімге тәелді емес, тек қана консиутцияға және заңға бағынады. ҚР кЖағарғы сотының төрағасын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесінің негізінде Президенттің ұсынуымен сенат сайлайды.
Конституциялық кеңес. ҚР мемлекеттік аппаратында ерекше орынға ие.
ҚР президентін, парламент депутаттарын сайлау және референдумның дұрыс екендігін шешеді.
Парламент қабылдаған заңдарды президент қол қойғанға дейін оның мазмұнын ҚР Конституциясына сйкес екендігін қарайды.
Халықаралық шарттарды парламент ратификацияланғаннға дейін олардың конституцияға сәйкестігін қарайды.
Конституциялы нормаларға ресми түрде түсініктеме береді.
Конституциялы кеңес 7 мүшеден тұрады.
Прокуратура органдары. ҚР аумағында заңдардың ҚР президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің қатаң сақталуын және бұлжытпай орындалуын қадағалайтын орган. Прокуратура өзінің құзырын жергілікті органдардың ешқайсысына бағынбай атқарады және сот процесінде мемлекет мүддесін білдіреді. ҚР прокуроры өзінің қызметі туралы тек президент алдында ғана есеп береді. Аудандық, облыстық прокурорлар бір жүйені құрайды және бас прокурорға ғана бағынады.
Мемлекеттік аппаратыың қызмет ету қағидалары.
Демократизм. (конституцияның 3-бабы)
Ұлттарлың тең құқылығы. (конституцияның 14-бабы)
Адам және азамат құқытарының тиімді қорғалуын мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі. (конституцияның 1 бабы)
Мемлекеттік билікті бөлу. (мемлекеттік аппарат органдарының оз құзыры шегінде ғана қызметін жүзеге асыруы)
Кәсіптілік (мемлекеттік органдар қазметіне тек қана арнайы дайындықтан өткен білікті мамандардың алынуы.)
Мемлекеттік қызметкерлердің қабылданған шешімдерінің орындалуы немесе орындалмауы үшін қатаң жауап беруі.
Заңдылық.
