Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі

Мемлекет органы-мемлекеттік қызметтің жүзеге асырылуға көмектеметін,мемлекет механизациясының құрылымдық бөлігі болып табылатын,биліктің өкілеттіктерін жүзеге асыруға мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ететін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар. Оларға тән белгілер:

  1. Мемлекет органы мемлекет механизмінің дербес елементі, біртұтас мемлектеттік ағзаның өзіндік арнаулы орны мен сипатталатын ажырағысыз бөлігі.

  2. Мемлекет атынан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді.

  3. Мемлекеттік органдар нормативті құқықтық актілер(конституция, заңдар және заңға сәйкес бағынышты актілер)негізінде құрылған және әрекет етеді.

  4. әрбір мемлекет органы тек өзіне тән міндеттер мен функцияларды атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады

  5. мақсат ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан тұрады.

  6. Органдардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материялдық база мен қаржылық құралдар берілген.

  7. Мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртеге ие болады, онда берілген мемлекеттік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады.

  8. Мемлекеттік органның өзіне тиісті құзыреті болады. Құзырет-ұйымның заңмен бекітілген, құқытар мен міндеттерінің жиынтығы.

Мемлекеттік органдар: құрылу тәртібіне байланысты тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Парламенті, ҚР Президенті,Маслихаттар) және өзге мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар(ҚР Үкіметі,ҚР Конституциялық Кеңесі) болып бөлінеді. Мемлекет әрекетін жүзеге асыру нысандарына байланысты заң шығарушы , атқарушы-жарлық етуші, сот және бақылау- қадағалау органдары ретінде айырылады. Заң шығарушы органдар, м: ҚР Парламенті заңдарда, қоғам еркінжәне мүддесін көрсетуге лайықталған арнаулы органдар;атқарушы-жарлық етуші органдар(ҚР Үкіметі,министрліктер, ведомствалар,мелекетік комитеттер, әкімияттар) қабылданған заңдар мен бағынышты актілердің жүзеге асуырылуын қамтамасыз етуге арналған; сот органдары(конституциялық, жалпы құзыреттегі , әскери, өзге де рнаулы соттар) әділ сотты іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік дауларын қарастыруға, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қолғауды қамтамасыз етуге арналған;бақылау-қадағалау органдары(прокуратура, өндірістік бақылау органдары,радияциялық қауіпсіздікті бақылау органдары). Сонымен қатар,құқықшығармашылық(парламент,маслихат ж.т.б) құқыққолданушы(сот ,әділет басқармалары, әкімшіліктер т.б) құқыққорғаушы(салық полициясы,кеден органдары және арнаулы құзыреттіоргандар деп бөлінеді).

89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.

Құқықтық нормаларды қолдану тек мем-к органдардың және лауазымды тұлғалардың жұмысы. Кезеңдері:

1.Істің нақты мазмұнымен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын,субъектілерін анықтау.

2.Қатынастың заңды негізін анықтау,анализ жасау,іске заңды баға беру.

3.Іс бойынша шешім қабылдау,құқықты қолдануды,тиімділігін анықтау,және осы рәсімдеу шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу.

4.Шешімді жүзеге асыру.

Мем-к органның құқықтық норманы қолдануда үш функциясы болады: 1)нормативтік актілерді қолдану арқылы қоғамдағы қатынастарды реттеп,басқару; 2)нормалардың орындалуын қамтамасыз ету; 3)нормалардың дер уақытында іске асуын қорғау.

Құқықтық норм-ы қолданудың ең негізгі,ең күрделі түрі-мем-тің билігімен норм-к актілерді іске асыру,орындау.Оның негізгі ерекшеліктері:1.тек мем-к билігі бар аппараттың норм-ды іске асыруы. 2.бұл аппараттың н.а.қолдану туралы нұсқауының мем-к күші болады. 3.олар өздерінің нұсқауын қағаз жүзінде орындайтын суб-ді нақты көрсетіп береді.4.норм-ы қолдануды тиісті заңға сүйене отырып береді.Ерікті орындалмаса,еріксіз орындалады.

Мем-к аппараттың құқықты іске асыру процесіне кірісуге төрт себептері бар:

-егерде қатынастағы суб-ң құқығы мен міндеттерін орындау барысында кедергі пайда болса.Мыс.,жұмыстан заңсыз шығару;

-егерде қатынастың бір суб-сі өз міндеттерін ерікті түрде орындамаса.М.,мәмілелі қатынаста міндеттердің орындалмауы;

-егерде мем-к ресми орган кіріспей суб-дің қарым-қатынасы басталмайтын болса.М.,оқуға түсу,қызметке алыну,пенсияға шығу;

-егерде суб-дің арақатынасы,дұрыс заңды түрде аяқталмаса. Оның себептерін анықтау үшін және жауапкершілік түрлерін белгілеу үшін мем-к ресми аппарат міндетті түрде қатысады.

Құқықты қолданудың негізгі субъектілері:мемлекет,мем-к органдар,лауазымды тұлғалар,рұқсаты болса,қоғамдық ұжымдар мен ұйымдар.Құқықты қолдану-мем-тің,оның органдарының құқықтық нормаларды іске асыруы,орындалуын басқарып,реттеп отыруы.