- •1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
- •2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
- •3. Нормативтік құқықтық акт баптарында құқық нормасы элементтерінің құрылу тәсілдері.
- •4. Басқару нысанының түсінігі және түрлері.
- •5. Құқық нормасын талқылау тәсілдері.
- •6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.
- •7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.
- •8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы
- •9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).
- •10. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметтері және оның жіктелуі.
- •11. Қүқық жүйесі: түсінігі және элементтері.
- •12. Романо-германдық құқық жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері.
- •14. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
- •15. Құқық нормасы, құқықтық қатынас және заңды деректердің байланысы
- •16. Мемлекет түсінігі, мәні, тағайындалуы.
- •17. Құқық нормасының жіктелуі
- •18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі
- •Құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
- •Аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
- •Құқық пен мораль ұқсастандырылған;
- •22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі
- •23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
- •24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
- •25. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.
- •26. Құқықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы.
- •27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде
- •28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы
- •29. Құқық нормасын талқылау түрлері.
- •30. Англо-саксондық құқықтық жүйедегі заң орны.
- •31. Мемлекет нысандары: түсінігі және түрлері, Мемлекет нысанына ықпал ететін факторлар.
- •32. Құқықшығырамшылық
- •34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
- •35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
- •36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
- •37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
- •38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
- •48. Қр құқықтық жүйесін романо-германдық құқықтық отбасына жатқызу мәселесі
- •49. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде.
- •50. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің негізгі түрлері.
- •51. Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері.
- •52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
- •53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
- •54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
- •55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
- •56. Занды деректер: түсінігі және жіктеленуі
- •57. Өтпелі кезеңдегі құқықтық жүйелер ерекшеліктері.
- •58. Құқық құндылығы және құқықтағы құндылықтар.
- •59. Құқықтық нигилизм және құқықтық идеализм
- •60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
- •61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы
- •62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
- •63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
- •64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.
- •67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері
- •68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
- •69. Құқық субьектілік және оның құрамдары
- •70. Мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас.
- •71. Құқық нормасы: түсінігі, белгілірі, құрылымы
- •72. Нормативтік құқықтық акт, құқық қолдану актілері және талқылау актілерінің арақатынасы.
- •73. Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас.
- •74. Құқықтық қатынас түрлері.
- •75. Құқық үстемдігі қағидасы құқықтық мемлекеттік ең жоғарғы қағидасы ретінде.
- •76. Мемлекеттік билік: түсінігі, жалпы белгілері.
- •77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
- •78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
- •79. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
- •80. Құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу.
- •81. Заңды жауапкершілік: түсінігі, белгілері және түрлері.
- •82. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •83. Құқыққа сай жүріс-тұрыс және оның түрлері.
- •84. Құқықтық қағидалары және олардың юридикалық тәжірибедегі маңыздылығы
- •85. Мемлекеттік егеменділік
- •86. Заңдық коллизиялар.
- •87. Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.
- •88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі
- •89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.
- •90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
- •91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
- •92. Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
- •93. Заңдық тәжірибе: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
- •94. Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары
- •95. Құқық қолдану актілері және оның ерекшеліктері.
- •96. Заңдық техника.
- •97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.
- •98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.
- •99. Құқық және заңның арақатынасы
77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
Құқық шығармашылығы – мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі. Құқық шығармашылығы деп заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық қалыптастыру процесінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айқындалған арнаулы қызметі. Құқық шығармашылық бұл негізінен құзыретті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтыұ актілерді қабылдау, өзгерту және жою бойынша арнаулы қызметі. Құқық шығармашылық төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: 1.белсенді түрдегі шығармашылықты білдіретін, мемлекеттік қызмет болып табылады; 2.оның шығаратың негізгі өнімі – ең алдымен нормативтік актілерде іске асырылатын заңдық нормалар; 3.қоғамды басқарудың ең маңызды құралы, оның даму стратегиясы осы жағдайда қалыптасады, мінез-құлықтың маңызды ережелері қабылданады; құқық шығармашылығының деңгейі мен мәдениеті, осыған сәйкес қабылданатын нормативтік актілердің сапасы да – қоғамның өркениеттенуі мен демократиялануының көрсеткіші; құқықтық нормаларды жасау, өзгерту және олардың күшін жоюда объективті әлеуметтік қажеттіліктерді және қоғам мүдделерін танып білуге негізделген мемлекеттің ерекше нысанды қызметі.
Құқық шығармашылықтың түрлері:
1)Субъектілер бойынша: 1. халықтың тікелей құқық шығармашылығы- бұл мемлеке пен қоғам болмысының ең маңызды мәселелері бойынша референдум – бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өткізіледі; 2. мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерді қабылдауы; 3. мемлекеттің лауазымды тұлғалардың құқықшығармашылығы; 4. жергілікті өзін өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың мемлекет оған берген өкілеттіктердің шеңберінде құқық шығармашылығы; 5. мемлекеттік органдар менмемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың бірлескен құқық шығармашылығы; 6. соттық-заңды прецеденттерді қалыптастыру;
2) Құқықтық нормаларды жасау тәсілі бойынша: 1. өкілді-халық атынан әр түрлі ұйымдардың нормаларды шығаруы; 2. тікелей мемлекеттік органдардың нормаларды шығаруы; 3. бекітушілік – сот тәжірибесі барысында қалыптасқан ережелерге заңжды күш беру;
3) Нормаларға заңды күш беру тәсілі бойынша: 1. өкілеттіктерді беру (делигированное) – мемлекеттің өз өкілеттіктерін беруі; 2. санкцияланған – мемлекет даяр жазылған нормаларды қабылдайды.
4) Қабылданатын құқықтық актілердің сипаты бойынша: 1. конституциялық; 2. заңдық; 3. заңға тәуелді (ведоствалық).
5) Құқық шығармашылықтың жекелеген түрі ретінде шарттық құқық шығармашылықты бөледі.
78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
Заңдылық дегеніміз мемелекеттің конституциясын,парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап,оларға нышан келтіруге жол бермеу.заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен тұрады.
Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің заңдары ьостандықты теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты,парасаттылықты және т.б жақсылықты мемлекет пен азаматтардың ара қатынасын дұрыс басқару.
Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау.
Конституция мен заңды халықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.
Заңдылықты қорғау субьектілері мемлекет, оның органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егер де заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар заңдылықты қорғаудың субьектісі болмайды. Олар заңды бұзса, құқытық тәртіпті бұзған болып саналады.
Заңдылық дамыған елдердің саяси, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Жақсы заңдылық қоғамның барлық саласына өзінің әсерін ықпалын тигізеді. Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері.
Заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды. Оны орындау, дамыту барлық қоғамның жұмысы. Бұл жұмыситы қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің, одақтардың, ұ жымдардың, саяси партиялардың міндеті. Баұылау мемлекеттік органның жұмысы.
Заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланысты дамиды. Олар бір біріне зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса, екіншісі де жақсы дамиды, нашар дамыса, екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан, заңдылық мемлекетте бір бірімен тығыз байланысты екі мәселені дұрыс дамытуды қалайды.
Заң шығаруды дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу.
Заңды бұлжытпай, уақытында орындауды қамтамасыз ету.
Заңдылықтың негізгі талабы.
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету.
Заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң орындау.
Адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті.
Заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды.
Құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.
Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуы заңдылықтың деңгейіне тығыз байланысты .
Құқықтық тәртіптің мазмұны субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс әрекет жасап, қатынас арқылы өзінің мүдде мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі бұл қарым қатынас норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзеуге тиіс.
Құқықтыө тәртіп дегеніміз қоғамдағы қатынастардың жүйе салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттіліп орындалуы.
Заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілдіктері
Материалдық кепілдік егерде субьектілер өзара қателіктер жіберсе өздері келісімге келіп нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
Саяси кепілдік қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партияар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
Моральдік кепілдік қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса заңдылық тәртіп те жақсы болуға тиіс.
Заңды кепілдік мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы.
Қоғамдық өмір бір қалыпты жақсы дамиды.
Мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар мен органдар жақсы жұмыс жасайды.
Барлық адамдардың құқығын,бостандығын, барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде мақсатын дұрыс орындап, дамытуға мүмкіншілік туады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс тәсілдері.
1.Құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын жақсарту.
Кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділтті жаза қолдану.
Еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану.
Заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Сонымен құқықтық тәртіп заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуы. Заңдылық құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп заңдылықтың мазмұны мен мүдде мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалып жатады.
