Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.

Қоғамның өмірінде нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және тұлғаларды қамтуының маңызы өте зор. Сондақтан бұл мәселеге мемлекет әр дайм көңіл бөліп отырады .

Нормативтік актілердің заңды күшінің басталуы мен аяқталуын халық, қоғам жақсы білуі керек. Нормативтік актілік Заңды күші норманы бекіткен қабылдаған күннен, ақпаратта басылған күннен немесе нормада көрсетілген уақытта басталады. Норманың заңды күшінің аяқталуы: көрсетілген уақытының бітуі, жаңа норма қабылданып ескі заң норманың жойылуы: ескі заң , норма жойлды деп жариялауымен аяқталады.

Заңның кері күші болмайды. Тек екі жағдайда ғана болады: біріншісі-егерде жаңа заң жауапкершілікті жеңілдетсе: екіншісі-егерде жауапкершілік жаңа заң бойынша амнистияға ілігіп жауапкершілік жойылса.

2. Нормативтік актілердің кеңістігі жаңа нормада көрсетілуі керек. Егерде көрсетілмесе мемлекеттің барлық территориясында күші болады.Жергілікті басқару органның нормалары өз территориясында күші болады. Басқа мемлекеттердің жерінде экстерриториялық құқық болады. Оны барлық мемлекеттер қатаң орындауға міндетті .

3 Тұлғаларды қамтуы нормативті актілердің өзінде көрсетілуге тиіс; норма кімдерді, қандай территорияны қамтиды, қандай мамаңдарға қолданлады.

Басқа елдердің азаматтары да өзіміздің азаматтар мен тең құқықты. Тек олар сайлауға қатыса және сайлана алмайды, әскер қатарына шақырылмайды. Елшілік органдарында қызмет атқаратың азаматтар халықаралық құқық арқылы жауап береді.

69. Құқық субьектілік және оның құрамдары

Құқықтық қатынас құрылымы төрт элементтерден тұрады. Субьект,обьект,субьективтік құқық,заңды міндеттер.

1.құқықтық қатынастың субьектісі жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары, сондай ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғылынады. Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек.

Құқықтық қабілет құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып,өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұның анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу;шет елдерге кетуге; қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым қатынас жасауға т.б. құқықтары бар.

Әрекеттілік адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

Құқықтық субьектіліктің(әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқық жауаптылық мүмкіндігі деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру,зорлау) жасаған жағдайда он төрт жастан басталады.

Құқықтық субьектіліктің шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілеттіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды.

Құқықтық қабілеттілігі пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Сонымен адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:

-Кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы,үйленуге, қылмыстық жауапкешілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шеклеулер бар. Оларды бүзуға тыйым салынған:

- адамдардың денсаулығының нашар болуы;

-туысқандық, қандас болу;

-егерде азамат сотталған болса;

-діни нормаларға шектеу.

Шет елдердің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.

Субьективтік құқық құқықтық қатынастардағы субьектілердің екі жақты мүдде мақсаттарының орындалуы. Субьективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрады.

Субьективтік құқықтың алдындағы негізгі мүдде мақсаттар: бірінші, қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші, көрсетілген іс әрекеттә дұрыс орындау; үшінші, көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші, егерде дұрыс орындалмаса сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субьектілердің құқығы. Оған ешкім кіресе алмайды.