Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері

(источник: Қазақстан-2030)

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мемлекеттік құрылыс пен басқару мәселелерін көп ретте жаңадан шешуге тура келді. Ең алдымен бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттің өмір сүруінің заңдық-құқықтық негізін қамтамасыз етуге, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты дәйектілікпен орнықтыруға қатысты болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін:

1.Этникалық, аумақтық дау-жанжалдардан аулақ болуға тырысты;

2.Өздерінің кауіпсіздік жүйесі, саяси жене экономикалық институттары бар егеменді мемлекетке айналды;

3.Тәуелсіз сыртқы саясат жүргізді;

4.Сауданың, туризмнің, байланыстың нәтижесінде оқшаулықтан шықты.

Казақстан экономикалық ымырашылдық және жекешелендіру процессін бастап, демократиялық институттарды енгізуге кадам жасай бастады. Азаматтық қоғамның белсенділігі өсті. Елдің табиғи байлығы шет елдік инвесторларды кызықтыра бастады. Ұлттық валютаның енгізілуі (1993 жылы), ұлттық банктың кұрылуы, мектептік жүйелер үшін окулықтар жазылып, казақ тілін, мәдениетті қолдау - ұлттық болмысты бекіту жолындағы маңызды қадамдар болып табылды.

Казақстанды Орталық Азияның басқа республикаларынан ерекше етіп көрсететін тарихи фактілер - мемлекеттілік мәселесінде ерекше ізін калдырды. Орталық Азия республикаларының бәрі де көп ұлтты. Соның ішіңде Казақстан, оны мекендеген халықтардың кұрамы — алуан түрлі. Казақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, одан екі миллионға жуық орыстар мен немістер өздерінің тарихи отандарына оралды. Олардың көпшілігі — Солтүстік Казақстанның өнеркөсіпті аймақтарында жұмыс істеген жоғары дәрежелі мамандар болатын. Республикада сәбилердің көптеп дүниеге келуіне байланысты, казақтардың саны өсе түсті. Казір Казақстан тұрғындарының 50%-ін қазақтар кұрайды.

Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасу процессі саяси тұрғыдан алғаңда, көп ұлттық негізде жүзеге асырылды. Қазақстанның тұрғындары өзін-өзі билеуге құқы бар, барлық азаматтар ұлттық және діни көзқарастарына қарамастан, заңның алдында бірдей жауап береді. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас, мемлекеттік институттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолданатын тілі болып қалып отыр. Конституцияның 7-ші бабы мемлекеттік тілге ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдеріне қолдау көрсетуді міндеттеп отыр. Сонымен бірге, Конституция нәсілдік, діни, ұлттық, таптық, рулық және де басқа белгілермен байланысты қудалауларға тиым салады. Конституцияның 20-шы бабы нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және әлеуметтік артықшылықтарды уағыздауға тиым салады.

Қазақстан Конституциясының көп ұлтты негізі — плюралистік мемлекет құруға болатын жақсы негіз калайды. Бұған Казақстандықтар бір-біріне қалай қарайды деумен ғана жетпейді, сондай-ақ, қазақстандықтар басқа ұлттар мен мемлекеттердің алдында қалай көрінетіндігі арқасында қол жеткізуге болады.

Мемлекеттің қалыптасу процессі адамдардың көптеген ұрпақтарын қамтып, ұзаққа созылуы мүмкін. Кеңестік жүйенің құлауына байланысты пайда болған драмалық өзгерістер көптеген адамдарды шатыстырып жіберді. Олардың ескі құндылықгары өз маңызын жойды. Бірақ, олар жаңа кұндылықгар жасау үшін күресуге тиіс. Жаңа мемлекет, өзінің тіл туралы саясаты, азшылыққа қатынасы, заңның аддында тең болуға кепілдік берулері арқылы бұл процессте маңызды роль аткарады.

2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасайтынын білетін болады.