Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.

65. Құқық нысандары мен қайнар көздері.

Мемлекет билік жүргізу барысында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қабылдайды. Құқықтың қайнар көздеріне құқық шығармашылық барысында қабылданған, бекітілген нормативтік құқықтық келісімдер кіреді.

Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілуі және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды және жалпыға міндетті сипат беру болып табылады.

Құқықтың қайнар көздеріне тек қана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы бар, бәріне бірдей мінез- құлық ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық келісімдер жатады.

ҚР-ның 24.03.1998 қабылданған «Нормативтік құқықтық актілері » туралы Заңы мемлекетте қабылданған нормативтік актілерді 2 түрге бөліп қарайды : негізгі және туынды.

Негізгі нормативтік актілер:

1.Конституция, Конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар.

2.ҚР Президентінің конституциялық күші бар, заң күші бар және өзге де нормативтік құқық Жарлықтары.

3.ҚР Парламент палаталарының нормативтік қаулылары.

4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары.

5. ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Орталық Сайлау Комиссиясының нормативтік қаулылары.

6. ҚР министрліктері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары.

7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары

8. Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Туынды нормативтік актілер:

  1. Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық келісім.

  2. Ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық келісім.

  3. Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық келісім.

  4. Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік акт.

Құқық нысаны – мемлекеттік биліктің заңға, нормаларға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіндегі елдердің басым көпшілігі мойындаған. Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікірлер бар : бірінші – құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді, екінші – мемлекеттік органдардың қабылдаған актілерін нысан дейді.

Құқық нысандардың негізгі түрлері :

Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты.

Прецеденттік құқық нысаны- белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып отырады.

Заң ғылымы- (құқықтық доктрина) – құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлесін қосады. Құқықтық сананың деңгейін көтеруге зор әсер етеді.

Нормативтік шарттар- қоғамдағы қатынастардың негізі болады. Мысалы, ГФР-ГДР бірігу шарты, халықаралық қатынастардың шарт негізінде жүргізілуі.

Референдумда қабылданған нормативтік актілер- заңның бір түрі болып табылады. Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі түрі, басым негізі.

66. Құқықты реттеу механизмі.

Құқықтық реттеу механизмі – бұл құқық субьектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдың жүйесі.

Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субьектінің мүдделерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі – бұл табиғаты және функциялары бойынша әртүрлі заңды құралдардың жүйесі (формальді белгісі). Құқықтық реттеу механизімінің келесі элементтерін бөліп қарастыруға болады:

  1. құқық нормасы – мұнда мүдделерді қанағаттандыру үлгісі қалыптасады.

  2. ұйымдастырушылық – атқарушы акт сияқты шешуші фактімен бірлескен заңды факт немесе фактілік құрам.

  3. құқықтық қатынас – бұл жердегі нормативтік талаптар сәйкес субьектілерге қатысты нақтылынады.

  4. құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері – субьектінің сақтау, атқару және пайдалану нысанындағы актілері.

  1. қорғаушы, құқық қолданушы акт – құқық бұзушылық жағдайында қолданылады.

Құқықтық реттеудің тиімділігі – бұл құқықтық ретеудің нәтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақатынас. Жолдары:

  1. құқықшығармашылықты жетілдіру; мұның нәтижесінде заңшығармашық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.

  2. құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толықтырады. Құқықты қолдану әр бір заңды жағдайдың нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді.

Мақсаттары:

    1. өркениетті қоғамның қалыпты өмірінің негізгі және сөзсіз талабы ретіндегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қолдау.

    2. Мемлекеттік құрылымдарды оңтайлы құру, олардың нәтижелі қызмет етуі.

    3. Адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, адамның өз міндеттерін орындауы, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын тиімді қорғау.

    4. Қоғам мүшелерінде прогрессивтік құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.