Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.

Құқық – мемлекет сияқты, қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттікке-ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда болады. әдет-ғұрып, моральдық және алғашқы қауымдық құрылыстың нормалары кетіп, екінші жоспарға қалады, орынды қоғамдық қатынастың құқықтық реттеуіне береді. Құқыққа көзқарас оның пайда болуы, орны және ролі нормативтік реттеу жүйесінде қоғамның өзінің дамуына, құқықтық ойлардың жетілуі, көптеген объективтік және субъективтік деректерге байланысты ауысып отырады. Қарама-қайшылықтарына қарамастан әр түрлі құқық туралы ойлардың, ілімдердің жалпы бағыты бір болады:

    1. құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз өркениетті қоғамда өмір сүру мүмкін емес;

    2. құқық нормативтік нысанында жалпы адам баласының адалдығының талабын көрсетуге міндетті, қоғамның мүддесіне түгелімен оның жекелеген таптарына не болмаса, әлеуметтік топтарға қызмет жасауы керек, жекелеген мүдделерді және жеке адамның қажеттілігін, қоғамның алғашқы негізін есепке алуы қажет;

  1. жеке меншік құқығы адамның барлық құқығының негізі;

  2. құқық тәртіптіліктің өлшемі, ол мемлекепен белгіленеді және қорғалады.

Демократия мен құқықтық мемлекет - адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз етеді, адамдар арасындағы байланыстарды дамыту және басқа да осымен байланысты ізгілік сипатындағы мәселелерді шешу үшін маңызды.Мемлекеттер адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық құрметтеу және демократия мен заң үстемдігіне негізделген қоғамдарды дамытуға талпынып жатқан тұрлаулы берік бейбітшілік, қауіпсіздік , әділдік және ынтымақтастық жағдайын орнату ісінде прогресті қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылады.

Халықаралық келісімді қаматамасыз етуде мемлекет пен құқықтың ролі мен орны өте ерекше. Көптеген мемлекеттер ынтымақтастық, әлеуметтік бейбітшілік, қауіпсіздік орнату мақсатында өзара шарттар мен келісімдер жасайды. Шартқа немесе келісімге қатысушы мемлекеттер адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мен көтермелеу басқарудың негіз салушы мақсаттарының бірі болып табылатынына өздерінің көз жеткізгенін білдіреді және осы құқықтар мен бостандықтарды мойындау, бостандықтың, әділеттілік пен бейбітшіліктің негізі болып табылатынын қуаттайды.Олар құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын осы әділеттілік қағидаларын қолдауға және дамытуға толығымен бел байлайды.

61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы

«НҚА туралы» Заң 1998ж. 24 наурызда қабылданған.

НҚА – нормативтік құқықтық актілер

НҚА – бұл референдумда қабылданған не үәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

НҚА-ң деңгейі – нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны.

НҚА-лер сатысы (иерархиясы):

1.ҚР Конституциясының жоғары заң күші бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің арақатынасы мынадай деңгейлерге сәйкес болады:

1). Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар.

2). ҚР Конституциялық Заңдары мен ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары.

2.1). ҚР-ң Кодекстері.

3). ҚР-ң Заңдары, сондай-ақ ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлықтары.

4). ҚР Президентінің нормативтік Жарлықтары.

5). ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары.

6). ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары.

7). Министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары.

8). Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.

4. ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.

5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы ҚР Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен белгіленеді.

6. ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек ҚР Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес.

Әр түрлі НҚА-дің құқық нормаларының қайшылықтары.

1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

2. Заңдар нормаларының ҚР-сы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.