- •1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
- •2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
- •3. Нормативтік құқықтық акт баптарында құқық нормасы элементтерінің құрылу тәсілдері.
- •4. Басқару нысанының түсінігі және түрлері.
- •5. Құқық нормасын талқылау тәсілдері.
- •6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.
- •7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.
- •8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы
- •9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).
- •10. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметтері және оның жіктелуі.
- •11. Қүқық жүйесі: түсінігі және элементтері.
- •12. Романо-германдық құқық жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері.
- •14. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
- •15. Құқық нормасы, құқықтық қатынас және заңды деректердің байланысы
- •16. Мемлекет түсінігі, мәні, тағайындалуы.
- •17. Құқық нормасының жіктелуі
- •18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі
- •Құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
- •Аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
- •Құқық пен мораль ұқсастандырылған;
- •22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі
- •23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
- •24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
- •25. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.
- •26. Құқықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы.
- •27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде
- •28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы
- •29. Құқық нормасын талқылау түрлері.
- •30. Англо-саксондық құқықтық жүйедегі заң орны.
- •31. Мемлекет нысандары: түсінігі және түрлері, Мемлекет нысанына ықпал ететін факторлар.
- •32. Құқықшығырамшылық
- •34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
- •35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
- •36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
- •37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
- •38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
- •48. Қр құқықтық жүйесін романо-германдық құқықтық отбасына жатқызу мәселесі
- •49. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде.
- •50. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің негізгі түрлері.
- •51. Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері.
- •52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
- •53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
- •54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
- •55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
- •56. Занды деректер: түсінігі және жіктеленуі
- •57. Өтпелі кезеңдегі құқықтық жүйелер ерекшеліктері.
- •58. Құқық құндылығы және құқықтағы құндылықтар.
- •59. Құқықтық нигилизм және құқықтық идеализм
- •60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
- •61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы
- •62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
- •63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
- •64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.
- •67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері
- •68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
- •69. Құқық субьектілік және оның құрамдары
- •70. Мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас.
- •71. Құқық нормасы: түсінігі, белгілірі, құрылымы
- •72. Нормативтік құқықтық акт, құқық қолдану актілері және талқылау актілерінің арақатынасы.
- •73. Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас.
- •74. Құқықтық қатынас түрлері.
- •75. Құқық үстемдігі қағидасы құқықтық мемлекеттік ең жоғарғы қағидасы ретінде.
- •76. Мемлекеттік билік: түсінігі, жалпы белгілері.
- •77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
- •78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
- •79. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
- •80. Құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу.
- •81. Заңды жауапкершілік: түсінігі, белгілері және түрлері.
- •82. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •83. Құқыққа сай жүріс-тұрыс және оның түрлері.
- •84. Құқықтық қағидалары және олардың юридикалық тәжірибедегі маңыздылығы
- •85. Мемлекеттік егеменділік
- •86. Заңдық коллизиялар.
- •87. Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.
- •88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі
- •89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.
- •90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
- •91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
- •92. Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
- •93. Заңдық тәжірибе: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
- •94. Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары
- •95. Құқық қолдану актілері және оның ерекшеліктері.
- •96. Заңдық техника.
- •97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.
- •98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.
- •99. Құқық және заңның арақатынасы
52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
Дүние жүзінің кейбір мемлекеттерінде англо-саксондық құқықтық жүйе қалыптасқан. Атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия және басқа да Англияның бұрынғы отары болған елдерде кеңінен дамыған. Англо – саксондық құқықтық жүйенің ең негізгі ерекшелігі сот билігінің шешімдері мен үкімдерінің сот прецедентіне айналып, болашақта ұқсас іс болғанда бұрын қабылданған шешімдері үлгі , норма ретінде пайдалануы. Негізінде англо-саксондық құқықтық жүйе Ұлыбританияда пайда болды.
Ағылшын – американдық құқықтық отбасында құқық қағидалары, құқық қайнар көздерінің жүйесі, заң техникасы романо- германдық құқықтық отбасына қарағанда өзгеше.Соттар азаматтық, қылмыстық және басқа істерді қарағанда тұтас құқықты басшылыққа алады. Заңдар мен прецедент арасында ағаттық болған жағдайда, әрине заң қолданылуы тиіс, бірақ бұл елде заңдар өте аз, ал прецедент болса, ол орасан көп, сондықтан сот прецеденті өте жиі қолданылады.
Англо –саксондық құқықтық жүйеге тән ерекшеліктер :
Жариялық және құқық арасында үлкен айырмашылықтардың болмауы.
Сот прецедентінің кең қолдануы және оның құқықтың қайнар көзі ретінде танылуы. Басқарушы маңыздылықты процессуалдық (процессуалдық, дәлелдеушілік) құқық алады, көп жағдайда олар материялдық құқықты белгілейді.
Судьялар құқық жасайтын субъектілер ретінде танылады.
Құқық жасауда бастаушы роль соттарға беріледі, олар соған байланысты мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын алады.
Құқықтық жүйенің жалпы құқық және әділет құқғы болып бөлінуі.Құқықты жекешелеген және көпшілікке классикалық бөлуі жоқ. Статуттық құқық және заңды ғұрыптар көмекші, толықтырушылық көздеріне жатады.
Заңнаманың кодификацияға ұшырамауы, арнайы кодификация жасаған құқық салалары жоқ.
Заңды доктрина, әдеттегідей, прагматикалық (болжамдылық), қосымша сипатта болады.
55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
Мемлекет және құқық теориясы – құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында медотодологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясын меңгеру бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді: біріншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің кешенін игеру; екіншіден, мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категориялар туралы білу; үшіншіден, жалпытеориялық білімдердің маңызын белгілеу, бұл келешектегі тәжірибелік қызмет үшін қажет. Әрбір ғылымның өзінің пәні болады – ол адамның қандай да бір қызметінің аумағындағы зерттелетін заңдылықтың нақты бір шеңбері.
Мемлекет және құқық теориясының пәні ретінде келесілерді атауға болады:
Мемлекет пен құқықтың шығуының, дамуының және функциялануының жалпы заңдылықтары.
Мемлекет пен құқықтың әрекет етуінің мазмұны, түрлері, нысандары, функциялары, құрылымы және механизмі, құқықтық жүйесі.
Барлық заң ғылымдары үшін ортақ болатын негізгі мемлекеттік-құқықтық ұғымдар.
«Жалпы заңдылықтар» осы ғылымның нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттілік пен құқықтың шығуын, дамуын және қызмет жасауын, яғни қайда орналасқанына қарамастан, олардың қандай да болсын қоғамның мемлекеті мен құқығына тән жалпы белгілерді игеретінін білдіреді. Мемлекет және құқық теориясы жалпыланған нысанда уақыттық және кеңістік сипаттарына қарамастан барлық мемлекеттер мен барлық құқықтық жүйелерді игереді. Сондықтан, онда мемлекет пен құқық туралы ғылыми ойлардың жеткен жетістіктері, әлеуметтік институттардың мәліметтері туралы барлық теориялық маңыздар топтастырылған.
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің төл ерекшелігі мемлекет және құқық теориясы ұғымдар жүйесін тек «өзі үшін» ғана емес, сондай-ақ оның әліппесі, іргетасы ретінде барлық юриспруденция үшін талдап шығаратынында қорытындылады. Мұндай ұғымдарға құқықты, құқықтың қайнар көздерін, құқықтық актілерді, құқықтың институтын, саласын және сала тармақтарын, құқықтың жүйесін және заңшығарушылықтың жүйесін, құқықтық қатынастарды, құқықтың субъектісі мен объектісін, құқық қабілеттік және әрекет қабілеттілікті, құқықтық деректі, құқықшығармашылықты, заңшығарушылықты, құқықты қолдануды және талдауды, құқықтық коллизиялар мен ақаулықтарды, құқықтық тәжірибені және құқықбұзушылықты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, құқықтық құралдарды, субъективтік құқықтарды және құқықтық міндеттерді, тыйымдар мен тыйым салынбаған нәрселерді, құқықтық жауаптылықты және жазаны, құқықтық жеңілдіктерді және көтермелеулерді, құқықтық иммунитеттерді, құқықтық стимулдар мен шектеулерді, құқықтық реттеудің механизмін және құқықтық әсер етудің механизмін, құқықтық жағдайлар мен құқықтық режимдерді, құқықтық саясатты және құқықтық өмірді және т.б. жатқызуға болады.
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшелігі мемлекет пен құқық өзара байланыста, бір бірін толықтырушы әлуметтік институттар ретінде зерттелетіндігі болып табылады. Осылайша, Мемлекет және құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы және өзіне тән заңдылықтарының пайда болуы, қызметінің дамуы туралы ғылым. Пәннің ерекшелігін есепке алғанда – бұл ғылым қоғамдық болып табылады, өйткені ол қоғамдық өмірдің белгілі бір саласы – мемлекет пен құқықты зерттейді.
Бұл жалпы, құқықтық ғылым. Ол барлық құқықытық пәндерге ортақ проблемаларды зерттеумен айналысады.
МҚТ байланыстар мен қатынастарды ашатындықтан, осы тұрғыда басты, негіз болып табылатын қорытындылар құрады, сол себепті бұл фундаменттік ғылым болып табылады. Бұл ең алдымен салалық құқықтық пәндерге қатысты бағыттаушы, әдістемелік мағынаға ие ілім.
Ғылымның әдісі ретінде жаңа білімдер пайда болатын, пәнді игеруге қажетті әдістер, тәсілдер және ережелердің жиынтығы түсініледі.
Мемлекет және құқық теориясының барлық әдістерін, олардың таралу деңгейіне байланысты келесі жүйеге келтіруге болады.
Жалпы әдістер – бұл ойлаудың әмбебап қағидаларын білдіретін философиялық, дүниетанымдық көзқарастар. Жалпының ортасынан метофизиканы (мемлекет пен құқықты бір бірімен және өзге де қоғамдық құбылыстармен байланыссыз, мәңгілік және өзгермейтін институт ретінде қарастырады) және диалектиканы (материалдық және идеалистикалық; соңғы аталғаны өз ретінде объективтік не субъективтік идеализм ретінде болуы мүмкін) бөліп көрсетеді. Осылайша, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен бар екендігі фактісін объективті идеализм құдай күшімен не объективтік ақыл-еспен байланыстырады; субъективтік идеализм адамның ой-өрісімен, адамдардың ерік-жігерінің келісуімен (келісім-шартпен), материалдық диалектика болса қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен (жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамды антагоникалық класстарға бөлумен) байланыстырады. Материалдық диалектика тұрғысынан алғанда қандай да болсын құбылыс (соның ішінде мемлекет пен құқық) нақты бір тарихи жағдайда және өзге де құбылыстармен өзара байланыста қарастырылады.
Жалпы ғылымдық әдістер – бұл жалпы әдістерден өзге, жалпы ғылыми танымды қамтымайтын, тек оның жекелеген кезеңдерінде қолданылатын әдістер. Жалпы ғылымдық әдістердің қатарына талдауды (анализді), синтезді, жүйелік және функционалдық көзқарастарды, әлеуметтік тәжірибелік әдістерін жатқызады. Анализ (талдау) - бұл күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты жекелеген бөліктерге шартты түрде бөлу. Осылайша, мемлекет пен құқықтың көптеген категориялары олардың мазмұндық белгілерін, өзіндік қасиеттерін ашу жолымен қалыптасады.
Синтез (сомдау), керісінше, құбылысты, оны құраушы бөліктерді шартты түрде біріктіру жолымен игеруді білдіреді. Анализ бен синтез, әрине, біріккен күйінде қолданылады.
Жүйелік көзқарас объектінің тұтастығын ашуға, ондағы байланыстардың көптүрлілігін анықтауға бағытталған. Бұл әдіс жүйелік құрылыс ретінде мемлекеттік аппаратты, саяси және құқықтық жүйені, құқықтың нормаларын, құқықтық қатынастарды, құқықбұзушылықты, құқықтық тәртіпті және т.б. қарастыруға мүмкіндік береді.
Функционалды көзқарас бір әлеуметтік құбылыстардың басқаларына әсер ету нысандарын анықтауға бағыттайды. Бұл әдіс мемлекеттің және оның жеке органдарының функцияларын, құқық пен оның нормаларының функцияларын, құқықтық сананың, заңдық жауаптылықтың, құқықтық жеңілдіктер мен көтермелеудің және құқықтық ынталар мен шектеулердің функцияларын және т.б. білуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік тәжірибелік әдісі құқықтық реттеудің қате нұсқаларынан келетін зардаптардың алдын алу мақсатымен қандай да бір шешімнің жобасын тексерумен байланысты.
Жеке ғылыми әдістер – бұл мемлекет және құқық теориясын игерудің салдары болып табылатын нақты (жеке) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерінің тәсілдері. Оларға нақты-әлеуметтік, статистикалық, кибернетикалық, математикалық әдістерді және т.б. жатқызылады.
Нақты-әлеуметтік әдіс сауалнамалық, сұхбаттасу, бақылау және өзге де тәсілдерінің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің фактілік жүріс-тұрысы жайлы мәліметерді алуға мүмкіндік береді.
Статистикалық әдіс жиі қайталанатын құқықбұзушылық, заңдық тәжірибе, мемлекеттік органдардың қызметтері және т.б. секілді қандай да бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың көлемдік көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.
Жеке ғылыми әдістердің ішінен толықтай заңдық болып табылатын екі әдісті: формальді-заңдық және салыстырмалы-құқықтық деп бөліп көрсету қажет.
Формальді-заңдық әдіс құқықтық ұғымдарды (мысалға, «мәнді зардап» «заңды тұлға», «кінәні жеңілдететін мән-жайлар» секілді арнаулы заң терминдері), анықтап, олардың белгілерін шығаруға, саралау жүргізуге, құқықтық жазбаларды түсіндіруге және т.б. мүмкіндік береді.
Салыстырмалы-құқықтық әдіс олардың жалпы және ерекше қасиеттерін табу мақсатымен, әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін – заңдарды, заңдық тәжірибені және т.б. салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалға, Ресей мен Германияның құқықтық жүйелерін салыстыра отырып, біз олардың арасында ұқсастық барын көреміз, бірақ, сонымен қатар, оларға тарихи түрде тән нақты бір айырмашылықтар да бар.
