Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде

Құқықтың қайнар көздері дегеніміз – құқық нормаларының жазылу тәсілінің ресми нысаны. Бұл мемлекеттің еркін білдіретін жазбалы түрдегі тұжырымдар. Демек, басқаша айтсақ, құқықтың қайнар көздері дегеніміздің өзі нақтылы заң істерін шешуге қажетті құқықтық норманы табу үшін белгілі бір актіге жүгінуді қажет ететін құжатар жиынтығы.

Құқық қайнар көздердің бір түрі - сот немесе әкімшілік үрдісі (прецеденті) - бұл заң істерін қараған кезде ұқсас жағдайларда іс жүзінде үлгі ретінде болашақта пайдаланатын бұрынғы іс бойынша шығарған сот немесе әкімшілік шешімдері.Сондықтан, бұл міндетті күші бар қандай да болмасын нақтылы істер бойынша шығарылған соттың шешімі (әдетте, сот органдар жүйесінің жоғарғы органдары қабылдайды, мысалы, АҚШ –та Жоғарғы сот ). Егерде кейін осыған ұқсас іс қозғалса, онда тап осындай тәріздес шешім қолдануы тиіс.

Қазақстанда сот тәжірибесі құқықтың қайнар көздері болып табылмайды – деседі, бірақ оның сарқыншақтары соттың шешімінде кездесіп тұратыны мәлім.

Шынында да құқықтық прецедент ҚР-ның төрелігінде дәйекті түрде қолданылмаса да бір соттың шешімінің беделі төменгі сатылардағыларға өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. Айталық, облыстық соттың бір іс бойынша шығарған шешімі әдетте төменгі соттар ескеріп отырады. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы төменгі соттар үшін міндетті болып табылады. Осыдан келіп, біз, Қазақстанда құқық қайнар көздерінде сот прецедентінің сипаттары бар екендігін көре аламыз. Өйткені ҚР Конституциясынга сәйкес, Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары елімізде қолданылатын құқықтық қайнар көздерінің бірі болып табылады.

28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы

Қоғамның саяси жүйесі-бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі.Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет,партиялар,кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады.Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді,әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады,білдіреді және қорғайды.Оның сипаты,ең алдымен,осы саяси жүйенің пайда болңан және қызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

1)Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады;өзіндік мешнікке рұқсат берілуі мүмкін,ал жеке меншік мүлдем болмайды.Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады;мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басып-жаншылып отырады, мемлекеттік идеология,дін,мәдениет,білім, ғылым қалыптасады.Билікте тек бір саяси партия болады.

2)Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық-ақшалық негізіне,еркін кәсіпкерліктің тәжірибесі мен идеологиясына негізделеді.Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді.Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компанияларына қатысу арқылы жаулап алуға тырысады;құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.

3)Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі-аралас түр,ол конвергенция деген атқа ие болды.Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады.Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді. Құрылымы:Мемлекет және қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар мен қозғалыстар,кәсіби одақтар,әйелдер,жастар ұйымдары).Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес,өзіндік бір саяси,аумақтық,құрылымдық бөлік ретінде кіреді.Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен,партиялармен,кәсіптік одақтармен,жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады.Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген,себебі:

а)оның аумақтық шекаларында азаматтық белгісі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады.

ә)егемендіктің жалғыз иесі болып табыады.

б)қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады.

в)қарулы құрылымдары болады.

г)Құқықшығармашылыққа қатысты монополияға ие.

д)материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығына (мемлекеттік меншік,бюджет,валюта және т.б.) ие.