- •1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
- •2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
- •3. Нормативтік құқықтық акт баптарында құқық нормасы элементтерінің құрылу тәсілдері.
- •4. Басқару нысанының түсінігі және түрлері.
- •5. Құқық нормасын талқылау тәсілдері.
- •6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.
- •7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.
- •8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы
- •9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).
- •10. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметтері және оның жіктелуі.
- •11. Қүқық жүйесі: түсінігі және элементтері.
- •12. Романо-германдық құқық жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері.
- •14. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
- •15. Құқық нормасы, құқықтық қатынас және заңды деректердің байланысы
- •16. Мемлекет түсінігі, мәні, тағайындалуы.
- •17. Құқық нормасының жіктелуі
- •18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі
- •Құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
- •Аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
- •Құқық пен мораль ұқсастандырылған;
- •22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі
- •23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
- •24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
- •25. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.
- •26. Құқықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы.
- •27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде
- •28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы
- •29. Құқық нормасын талқылау түрлері.
- •30. Англо-саксондық құқықтық жүйедегі заң орны.
- •31. Мемлекет нысандары: түсінігі және түрлері, Мемлекет нысанына ықпал ететін факторлар.
- •32. Құқықшығырамшылық
- •34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
- •35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
- •36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
- •37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
- •38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
- •48. Қр құқықтық жүйесін романо-германдық құқықтық отбасына жатқызу мәселесі
- •49. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде.
- •50. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің негізгі түрлері.
- •51. Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері.
- •52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
- •53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
- •54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
- •55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
- •56. Занды деректер: түсінігі және жіктеленуі
- •57. Өтпелі кезеңдегі құқықтық жүйелер ерекшеліктері.
- •58. Құқық құндылығы және құқықтағы құндылықтар.
- •59. Құқықтық нигилизм және құқықтық идеализм
- •60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
- •61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы
- •62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
- •63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
- •64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.
- •67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері
- •68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
- •69. Құқық субьектілік және оның құрамдары
- •70. Мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас.
- •71. Құқық нормасы: түсінігі, белгілірі, құрылымы
- •72. Нормативтік құқықтық акт, құқық қолдану актілері және талқылау актілерінің арақатынасы.
- •73. Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас.
- •74. Құқықтық қатынас түрлері.
- •75. Құқық үстемдігі қағидасы құқықтық мемлекеттік ең жоғарғы қағидасы ретінде.
- •76. Мемлекеттік билік: түсінігі, жалпы белгілері.
- •77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
- •78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
- •79. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
- •80. Құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу.
- •81. Заңды жауапкершілік: түсінігі, белгілері және түрлері.
- •82. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •83. Құқыққа сай жүріс-тұрыс және оның түрлері.
- •84. Құқықтық қағидалары және олардың юридикалық тәжірибедегі маңыздылығы
- •85. Мемлекеттік егеменділік
- •86. Заңдық коллизиялар.
- •87. Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.
- •88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі
- •89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.
- •90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
- •91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
- •92. Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
- •93. Заңдық тәжірибе: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
- •94. Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары
- •95. Құқық қолдану актілері және оның ерекшеліктері.
- •96. Заңдық техника.
- •97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.
- •98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.
- •99. Құқық және заңның арақатынасы
23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
Құқық - мемлекет сияқты, қоғамдық дамудың нәтижесі.Ол мемлекеттікке – ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде пайда болады.Әдет-ғұрып, моральдік және алғашқы қауымдық құрылыстың нормалары кетіп, екінші жоспарға қалады, орынды қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеуіне береді.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асыруынан көрінеді.
Құқықтың мәнің қарастыруда екі аспектісін ескертудің маңызы зор :
1. Формальдық – кез келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2. Мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, сана-сезіміне жан- жақты әсер етеді, мүдде – мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай жасап, қорғайды. Оның басты мақсаты – қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктерді жоя отырып , экономикалық, рухани факторлардың әрекет етуіне мейілінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Негізгі белгілері:
1.Еріктілік сипаты;
2. Жалпыға міндеттілігі;
3. Нормативтілігі;
4. Мемлекетпен байланысы;
5. Жүйелігі.
Ғалымдар құқықты зерттегенде оның мазмұнына байланысты әр түрлі пікірлерге келген. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттілік деді, орта ғасырдың ғалымдары – құқық діни норма десе, Ж.ж.Руссо – құқық ол қоғамдық билік деп түсіндірген.
Сонымен, құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырады. Ол қоғамның объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты.
24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
Құқықтық нормаларды құқық салаларына, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері: а) құқық нормасы; б)құқық саласы; в) сала бөліктері; г) құқық институты болып табылады;
Құқық нормасы құқық жүйесінің бастапқы элементі, оның атомы, ол ірі құрылымдарға – институттарға, сала бөліктеріне, салаларға біріктіріледі.
Құқық нормаларын құқық салаларына бөлудің негізі құқықтық реттеудің пәні мен әдісі болып табылады.
Құқықтық реттеудің пәні дегеніміз – құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар. Ол құқықтық нормаларды құқық салаларына бөлудің негізгі өлшемі болып табылады. Мысалы еңбек қатынастары еңбек құқығының реттеу пәні болып табылады.
Қосымша өлшем ретінде құқықтық реттеу әдісі болып табылады. Егер пән құқық нені реттейді деген сұраққа жауп берсе, әдіс қалай реттейді деген сұраққа жауап береді. Құқықтық реттеудің әдісі – бір текті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін құқықтық құралдардың жиынтығы Құқықтық реттеудің негізгі әдістері: императивті- биліктік , субординациялық, тыйм салуларға, міндеттерге, жазаларға негізделген. (әкімшілік құқыққа тән). Диспозитивтік – рұқсат берулерге, координацияға, тараптардың тең құқықтығына негіделген әдіс. (азаматтық құқыққа тән).
Құқық саласы – құқық жүйесінің басты құрылымдық элементі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын (тегін) реттейтін белгілі бір ретке келтірілген құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқық саласының белгілері: әрбір құқық саласының өзінің реттеу пәні болады; құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырудың тәсілдерін, құқықтық нормаларды жүзеге асырудың өзінің ерекше заңды режимі болады.
Ірі және күрделі құқық салаларында тағы бір компонент сала бөліктері болады. Құқықтың сала бөлігі – сәйкестенген құқық саласының құқықтық ретеу саласының шеңберінде құқықтық қатынастардық ерекше тобын реттейтін құқықтық нормалардың тұтас құрылымы. Азаматтық құқықта көлік, авторлық құқық сияқты сала бөліктері бар. Сала бөлігінің құқықтық институттан ерекшелігі ол әрбір құқық саласының міндеттті элементі болып табылмайды. Кейбір үлкен емес, тығыз консолидацияланған құқық салаларында сала бөліктері болмайды (қылмыстық іс жүргізу құқығында). Сала бөлігі – белгілі бір құқық саласы құрамындағы «туыс» құқық институттарының тобы.
Құқық институты – қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін құқықтық нормалардың тұрақты салыстырмалы үлкен емес тобы. Құқық институты құқық саласы пәнінің шеңберінде мазмұны жағынан ұқсас қоғамдық қатынастардық тобын реттейтін, сол құқық саласына кіретін нормалардың бөлігі. Құқық институты құқық саласының құрылымдық бөлігі, оның блогы. Әрбір құқық саласында бірнеше институттар бар; азаматтық құқықта- мәміле, сату-сатып алу; конституциялық құқықта- азаматтық, т.б.
