Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билікті бөлу және жүргізу арнайы мамандандырылған адамдар топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.

Дүниежүзіндегі әр бір мемлекетте өзінің ұйымдасу нысанына, тарихи типтеріне байланысты билік бөлінісі қалыптасады. Мемлекеттердің тәжірибесіндегі билік бөлінісі маңызды орын алады. Себебі олардың тиімді қызмет атқаруы жалпы мемлекеттің барлық тыныс–тіршілігі толыққанды дәрежеде жұмыс атқаруымен шарттасады.

Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну қағидасы Конституциямызда белгіленген негізгі қағидалардың бірі болып саналады. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы –Қазақстан халқы және елдің егемендігі бөлінбейді. Біздің еліміздегі билік – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді. Олар бір бірінің қызметтерін тежемелік және тепе теңдік жүйе арқылы бақылап отырады. Органдар өз құзырынан ауытқып кетіп қызмет арқаруға құқықтары болмайды.

Республика Президенті билік бөлінісінде ерекше орын алады, ол 3 биліктің біріне де жатпайды. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы – еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағытын айқындайтын, Қазақстан атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға.

Еліміздің Конституциясының 49 бабына сәйкес ҚР Парламенті көпшілік заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Парламент Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астананың 2 тиісінше барлық өкілді органдары депутаттардың бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатын президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылардың саны шамамен тең 1 мандатты сайлау окруктері бойынша сайланатын 67 депутаттан тұрады. Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзіреті бар.

Мемлекетімізде атқарушы билікті алқалы орган ретінде құрылатын Үкімет іс жүзіне асырады. Үкіметті ҚР Президенті құрады, оның құрамына Премьер-Министр, оның орынбасарлары және министрлер кіреді.Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, комитеттердің қолына берілген.

ҚР Конституциясының 75.б сәйкес ҚР-да сот төрелігін тек сот атқарады. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық, заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асады. ҚР сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты Республиканың жергілікті соттары құрайды.

Федеративтік елдердің тәжірибесінде парламенттер бірдей заңды құқықтарға ие 2 палатадан құралады (АҚШ-та: Палата және Сенат, Австрияда: Одақтық және Ұлттық кеңес) . Бір палаталы парламенттер көбінесе көлемі жағынан үлкен емес мемлекеттерде болады : Венгрия, Дания, Пльша.

Көптеген елдерде мемлкет басшысы атқарушы органдарды басқарады. Жапонияда Конституция негізінде император парламенттің ұсынысы бойынша премьер – министрді бекітеді.Унитарлы мемлекеттерде бір ғана үкімет, ал федеративтік мемлекеттерде – жалпы федеративтік және федерация мүшелерінің үкіметтері болады.