Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі

(источник: Марченко. Проблемы ТГП. 734 стр - §3)

Тарихи тұрғыдан, халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтарының үйлесімдігі мен әрекеттестігінің сипаты туралы мәселені шешуде 3 тәсілдер жиынтығы бақыланды: дуалистік және бір-бірін жоққа шығаратын 2 нұсқадағы монистік тәсіл.

Дуалистік тәсіл бойынша - халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтық жүйелер бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді және бірлесіп әрекет етеді, бірақ олардың әрқайсысы дербес сипатқа ие және бір құқықтық жүйенің, оның жеке құрылымдық бөлімдерінің (нормалар, институттар, салалар) басқалар алдындағы басымдылығы жоққа шығарылады.

Монистік теорияның 2 нұсқасы бар, олар бір-біріне қайшы келеді:

  1. Халықаралық және ұлттық құқықтың өзара қатынас процесі кезінде , ұлттық құқықтың екіншісіне қарағанда басымдылығы жоғары. Бұл нұсқаны 2 тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден - халықарлық құқық ұлтық құқықпен үйлесімсіз, ал кейбір жағдайларда тіпті одан қашық.. Екіншіден – халықаралық құқық алдында ұлттық құқықтың басымдылығын ескере, халықаралық құқық ұлттық құқықтың ажырамас бөлігі болып табылады.

  2. Керісінше, халықаралық құқықтың ұлтық құқық алдында басымдылығы жоғары.

Халықаралық және ұлттық заңнама жеке құқықтық жүйелер бола тұра, бір-біріне үлкен әсерін тигізеді. Қайсыбір мемлекеттің ішкі мемлекеттік құқығы, заңы немесе басқа да нормативтік құқықтық актісі тікелей халықаралық құқықтың қайнар көзі бола алмайды. Халықаралық құқықтың қалыптасуының ерекшелігі – оның нормалары әр түрлі мемлекеттердің позицияларының біріктіру жолымен құрылады. Ешбір мемлекет, әлемдегі ықпалына қарамастан, өздігінен халықаралық құқық нормаларын құра алмайды және өз заңнамасын халықаралық бірлестікке жалықтыра алмайды.

Бірақ, халықаралық құқықтың әр түрлі мемлекеттер заңдарына ықпалы өзгеше. Бұл әсер мемлекетаралық қатынастардың даму процесінде айнымас болып табылады. Егер бірінші кезеңдерде халықаралық құқық халықаралық бірлестіктің мүше-мемлекеттерінің ішкі заңнамасына жанама ықпал етсе, бүгінгі таңда халықаралық келісім-шарт пен халықаралық дәстүр ішкі мемлекеттік құқықтың тікелей қайнар көзі болып табылады.

Көптеген мемлекеттерде халықаралық келісім-шарттар ішкі мемлекеттік құқықтың интегралды бөлігі немесе оның ең жоғарғы заңы болып жарияланады немесе ішкі мемлекеттік заң нормалары алдында басымдығы бар деп жарияланады. Көпшілік мемлекеттердің соттық тәжірибесінде қайнар көз ретінде халықаралық келісімдер-шарттар ғана емес, сонымен қатар дағдылы нормалар да қолданылады, нақты бір дауларды шешуде оларға сілтеме жасалынады. Бұл мемлекеттер халықаралық дағдылы құқықты өз құқығының бөлігі ретінде қарастырады. Халықаралық құқықтың ішкі мемлекеттік құқық салаларына әлденеше ықпалы бар. Оның маңызы азырақ, мысалы, жер және кәсіпкерлік құқық қатысында адам құқықтарына байланысты халықаралық-құқықтық принциптер мен нормалардың ұлттық заңнамаға ықпалын бағалау қиын.

Халықаралық құқықтың мемлекет заңнамасына әсерінің дәрежесі оның ішкі және сыртқы заңнамасына тәуелді және көптеген жағдайларда негізгі халықаралық келісімдерді ратификациялаумен белгіленеді. Халықаралық құқықтың ішкі заңнамаға әсері мемлекетпен ратификацияланған келісімдердің санына байланысты. Бірақ, ол әрқашан солай емес. Халықаралық құқықтың ішкі заңнамаға әсері, ең алдымен, мемлекет заңнамасында бұрын болмаған принциптер мен нормалардың пайда болуында көрініс табады. Олар өз халықаралық міндеттемелерінен шыға бекіт Көптеген ғалымдардың арасында ішкі мемлекеттік құқыққа мемлекетаралық нормаларды трансформациялау қажеттілігі туралы біртұтас көзқарас жоқ. Ғалымдардың біреулері трансформацияны артық деп санайды, екіншілері – барлық жағдайларды қажетті деп.

19. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі.

20. Құқықбұзушылық: түсінігі, белгілері, түрлері.

21. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің тұжырымдамасы.

Құқық мәні туралы айтпастан бұрын заңдық мағынада оның түсінігін анықтау қажет.

Құқық – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалді анықталған заңдық нормалар жүйесі.

Құқық анықтамасынан шығып оның келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:

  1. мемлекетпен байланысы – құқық қоғамнан емес мемлекеттен туындайды, қоғам еркінің емес мемлекет еркінің жүзеге асырылуы ретінде, яғни билік басында тұрған саяси күштердің мемлекеттік еркі; тек мемлекет арнайы құзырлы орган атынан құқық нормаларын қабылдай алады;

  2. жалпыға міндеттілік – құқық жалпы сипатқа ие, құқық нормалары олардың алдын ала көрсеткен жағдайына тап болғандардың барлығына және әр қайсысына бағыталған; құқықтық норма кімге бағытталса соларға орындау үшін міндетті, құқықтық норма талаптарын орындамаған жағдайда заңдық жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылуы мүмкін;

  3. формальды анықталғандық – құқық нормалары нақты құрастырылған және жазбаша нысанда бекітілген, жүйеленген түрде заңдарда, жинақтарда, прецеденттерде берілген, осы арқылы құқық тағдырлық өзгертулерден қорғалып, оның белгілі бір тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Құқықтың мәні дегеніміз қоғамдағы тағайындалуын және шынайы табиғатын өрнектейтін негізгі ішкі, қатысты тұрақты сапалық тұғыры. (Мемлекет және құқық теориясы. ред. жетек. Лазарев В.В. Оқулық. – М., 1994, 119 бет)

Құқықтың мәнін қарастырғанда келесі екі аспектіні ескеру қажет:

  1. қандай да құқық бәрінен бұрын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатындығы;

  2. кімнің мүддесін білдіретіні және қорғайтыны.

Құқықтың мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар бар:

1.Таптыќ ќµзќарас, онда ќ±ќыќ экономикалыќ ‰стем таптыњ зањдастырылѓан еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар ж‰йесі ролін атќарады.

2.Жалпы єлеуметтік кµзќарас бойынша ќ±ќыќ ќоѓамныњ єр т‰рлі топтарыныњ, таптардыњ арасындаѓы келістіруші ролін атќарады.

Осы т±рѓыдан ќ±ќыќтыњ діни, ±лттыќ, нєсілдік жєне таѓы да басќа мєні болатындыѓын атап µту ќажет. Ќ±ќыќ мєнін аныќтайтын нормативистік, табиѓи-ќ±ќыќтыќ, тарихи-материалистік, социологиялыќ теориялар бар.

Дегенмен де, ќ±ќыќ т‰сінігі тєріздес, оныњ мєнініњ де жан-жаќты кµп ќырлы екендігін естен шыѓармауымыз ќажет. Ол тек таптық және жалпы әлеуметтік бастаумен ғана сабақтаспайды.

Қоғам және мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, оның тағайындалуы реттеушілік және қорғашы функциялар арқылы көрініс табады. (Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттке келтірудегі құқықтың рөлін өрнектейтін, құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары.)

Құқық қоғамдық қатынасты реттеуші ретінде, бірінші кезекте қоғам мен мемлекет үшін әлдеқайда құнды әлеуметтік байланыстарды дамытуға ықпал етуді көздейді. Реттеуші функциясын, ережеге сай көтермелеу, шегерімдер, рұқсат беру, ұсыныс білдіру сияқты құқықтық стимулдар қамтамасыз етеді. Олардың белсенділігі, бастамалығы, ыждағаттылығы үшін кең өріс аша отырып, тұлға мүдделерін қанағаттандыруға әсер етеді.

Егер қоғамдық қатынастардың дамуына белгілі бір кедергілер кауіпі төнсе, онда міндеттер, тыйымдар, жазалар сияқты құқықтық шектеулер арқылы жүзеге асатын қорғаушы функция іске қосылады. Қорғаушы функция реттеуші функциядан туындайды және оны қамтамасыз етуге арналған немесе қандай да әлеуметтік байланыстардың дамуының қалыпты үрдісі бұзылған жағдайда қорғау және сақтау әрекет етеді.

Құқық түсінігінің негізі тұжырымдары.

Құқық түсінігі және құқықтың әлеуметтік тағайындалу проблемалары құқықтың түсініктері мен ұғымдарының барлық жүйесі үшін, құқықтың барлық теориясы үшін шешуші болып табылады, қалайда барлық теория профилі(оның ғылыми танымдық) және тәжірибелік- идеологиялық көкжиегі олардың шешіміне тәуелді. Осыған байланысты соңғы кезде құқық түсінігі туралы пікірталасқа айналған материалдар қызығушылық тудырады, алдымен «тар» немесе «тар нормативті» деп аталынатын пікірталас туралы және «кең мағыналы» құқық түсінігіне, ал соңғы кезде құқық түсінігіндегі «үш тұжырым» туралы әр түрлі көзқарасқа деген қатынасты түзеу қажет.

Құқық көпдеңгейлі, көпөлшемді, көпқабатты құбылыс. Жалпы құқық түсінігі дамуы біздің заң ғылымы тарихында келесі негізгі кезеңдерді басынан өткерген: «құқықтық нигилизмнен» - қоғамдық қатынас тәртібі ретінде құқық туралы жалпы түсінікке, содан құқықтың нормативтік түсінігіне, ең соңында, көп аспектілі, яғни қазіргі тілмен айтқанда құқық түсінігіне.

«тар», немесе «нормативті» құқық түсінігіне жүгінсек, «құқық- бұл жауаптылықпен бірлесе отырып, белгілі мінез құлық бостандығын өрнектейтін, сонымен құқықтық және құқыққа қайшы мінез құлықтарға мемлекеттік- биліктік критериі сипатында берілген – формальді- анықталған, жалпыға міндетті нормалар жүйесі »2. Көрсетілген теория ХХ ғасырда әлдеқайда жетілген нысанға ие болды. Өкілдері: Штаммлер, Кельзен және т.б.

Бәрінен бұрын құқық объективтік тұрғыда - нормалардың жүйесі, бірақ ол әрекет етуші жүйе нормасы – аталмыш норма бағытталған тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне және мемлекеттік органдардың құзырына сәйкес белгілеу жолымен қоғамдық қатынасты реттейтін, тәртіпке келтіретін мінез құлық ережелер, бостандық көлемі болып табылады. Басқаша айтқанда, құқықтың өзара әрекеттенуінің объективтік және субъективтік мағынасын көрсететін нормалардың тірі жүйесі.

Бұл тезистік тұрғыда келесідей:

Негізгі идеялар:

  1. бастапқыда, жекелеп алсақ Кельзеннің тұжырымы үшін құқық туралы түсінік, нормалар жүйесі туралы (пирамида) түсінік болып табылады, онда оның ең жоғарғы сатысында заң шығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма орналасқан, бұл жерде әрбір төменгі норма маңызды заңдық күшке ие норма алдында өз заңдылығын жоғалтады.

  2. Нормалар пирамидасының негізінде құқық түсінігіне кіретін және негізгі (ең алдымен конституциялық) нормаға сәйкес болуға тиісті соттардың шешімі, шарттар, әкімшілік нұсқаулар сияқты жеке актілер жатыр.

Жақсы жақтары:

  • Нормативтілік сияқты құқықтың негізгі касиеттерін дұрыс бөліп көрсетеді, және құқық нормаларының заңдық күшінің дәрежесіне қарай бағыныштылығының қажеттілігін сенімді дәйектейді;

  • Бұл көзқарас бойынша нормативтілік құқықтың формальдық анықтамасымен құрамдас байланыста, яғни заңдық талаптарды (белгілі нақты өлшемдер күшінде) жетекшілікке алу мүмкіндігін шамамен жеңілдетеді және субъектілерге келесі нормативтік - құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік тудырады;

  • мемлекеттің қоғамның дамуына ықпал ету кең мүмкіндігі мойындалады немесе тек мемлекет негізгі номаны бекітеді және қамтамасыз етеді,

Әлсіз жақтары:

    • құқықтың формальдық жағына өте «бет бұрғаны» байқалады, демек оның мазмұнды жағын (жеке тұлға құқығы, заңдық нормалардың адамгершілік бастауы, олардың қоғам дамуының объективтік қажеттіліктеріне сәйкес келуі және т.с.с.) есепке алмауын тудырады. Сондықтан да бұл теорияның өкілдері құқықтың әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани факторлармен байланысын бағаламайды, яғни олардан құқықты артығымен тазартады;

    • негізгі норманы заң шығарушы қабылдайды деген фактіні мойындай отырып, Кельзен тиімді заңдық нормаларды бекітудегі мемлекеттің рөлін артығымен бағалайды. Әртүрлі себептерге байланысты ол ескірген, және негізделмеген нормалармен қанағаттандырылуы мүмкін.

«Генетикалық» (марксистік) көзқарас құқықтың пайда болуы немесе тууы заңдылықтарымен және оның қалыптасуымен айналысады. Құқық түсінігіне деген осы көзқарастың тұғырын, құқықты қалыптастырушы таптық ерік, осы тап өмірінің материалдық жағдайымен анықталады деген марксистік формула қалады.

Әрекеттегі құқыққа, мемлекеттік құрылыс тәжірибесіне, олардың субъектілерінің қызметінің мінез-құлқына бағытталған құқықтүсінушілік «социологиялық» көзқарас деп аталады. Өкілдері: Эрлих, Жени, Муремцев және т.б. Бұл теория ХХ ғасырда әлдеқайда логикалы аяқталған нысанға ие болды. Әрекеттегі құқық дегеніміз «фактілік құқық» деп аталынатын яғни құқықтық қатынаста, құқықтықтәртіпте, құқықтық мінез-құлықта көрініс табатын, құқықтың іске асуы. Бұл құқықтық реттеудің тиімділігін, соңғы мақсатының жетістігін бағалауға мүмкіндік беретін қажетті көзқарас.

Бұл бағыттағы өкілдеріне тән қасиет құқық пен заңды қарама-қарсы қою. Бұл жерде құқықтық жариялылыққа және судьялық бостандықты және әкімшілік құқық шығармашылықты кеңейтуге басты назар аударады.

Бұл тезистік жоспарда келесідегідей көрініс табады:

Негізгі идеялар: