- •1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
- •2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
- •3. Нормативтік құқықтық акт баптарында құқық нормасы элементтерінің құрылу тәсілдері.
- •4. Басқару нысанының түсінігі және түрлері.
- •5. Құқық нормасын талқылау тәсілдері.
- •6. Құқық және құқықтық сананың өзара байланысы.
- •7. Мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары мен әдістері.
- •8.Құқықбұзушылық құрамы және оның Заңдық тәжірибедегі маңызы
- •9. Нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру (аутентикалық талқылау).
- •10. Қазіргі кезеңдегі мемлекет қызметтері және оның жіктелуі.
- •11. Қүқық жүйесі: түсінігі және элементтері.
- •12. Романо-германдық құқық жүйесінің ерекшеліктері.
- •13. Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері.
- •14. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
- •15. Құқық нормасы, құқықтық қатынас және заңды деректердің байланысы
- •16. Мемлекет түсінігі, мәні, тағайындалуы.
- •17. Құқық нормасының жіктелуі
- •18. Мемлекеттің ішкі заңнамасы және халықаралық құқық үйлесімдігі
- •Құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
- •Аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
- •Құқық пен мораль ұқсастандырылған;
- •22. Қазіргі кезендегі мемлекет тәжірибесінде билік бөлінісі
- •23. Құқық мәні, мазмұны, тағайыны
- •24. Құқықтық нормаларды құқық салалары, сала бөліктеріне, институттарға бөлу негіздері
- •25. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы.
- •26. Құқықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы.
- •27. Сот тәжірибесі қр құқығының қайнар көзі ретінде
- •28. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы
- •29. Құқық нормасын талқылау түрлері.
- •30. Англо-саксондық құқықтық жүйедегі заң орны.
- •31. Мемлекет нысандары: түсінігі және түрлері, Мемлекет нысанына ықпал ететін факторлар.
- •32. Құқықшығырамшылық
- •34. Қазіргі кезеңдегі мемлекетке негізгі сипаттары.
- •35. Қр Конституциясы әрекеттегі құқық туралы.
- •36. Құқықтық мәдинет: түсінігі, құрылымы, қызметтері
- •37. Мемлекеттің пайда болуының нысандары
- •38. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •39. Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы
- •48. Қр құқықтық жүйесін романо-германдық құқықтық отбасына жатқызу мәселесі
- •49. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заң ғылымдары жүйесінде.
- •50. Қазіргі кезеңдегі құқық түсінушіліктің негізгі түрлері.
- •51. Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері.
- •52. Мемлекет теориясының объектісі, пәні және әдістемесі.
- •53. Қр ішкі мемлекеттік құқық және халықаралық құқық.
- •54. Англо-саксондық құқықтық отбасының ерекшеліктері
- •55. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.
- •56. Занды деректер: түсінігі және жіктеленуі
- •57. Өтпелі кезеңдегі құқықтық жүйелер ерекшеліктері.
- •58. Құқық құндылығы және құқықтағы құндылықтар.
- •59. Құқықтық нигилизм және құқықтық идеализм
- •60. Әлеуметтік бейбітшілік және халықаралық келісімді қамтамасыз етудегі қазіргі кезеңдегі мемлекет және құқықтың ролі.
- •61. Қр нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясы
- •62. Құқық:түсінігі,белгілері,қызметтері.
- •63. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық бастаулары
- •64. Билікті бөлу қағидасы және қазіргі кездегі қазақстандық мемлекет.
- •67. Қазақстан 2030» тұжырымдамасындағы мемлекеттілік және құқық мәселелері
- •68. Нормативті құқықтық актінің уақыттағы, кеңістіктегі және тұлғалар бойынша әрекеті.
- •69. Құқық субьектілік және оның құрамдары
- •70. Мемлекет типологиясына өркениеттік көзқарас.
- •71. Құқық нормасы: түсінігі, белгілірі, құрылымы
- •72. Нормативтік құқықтық акт, құқық қолдану актілері және талқылау актілерінің арақатынасы.
- •73. Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас.
- •74. Құқықтық қатынас түрлері.
- •75. Құқық үстемдігі қағидасы құқықтық мемлекеттік ең жоғарғы қағидасы ретінде.
- •76. Мемлекеттік билік: түсінігі, жалпы белгілері.
- •77. Құқықшығармашылық түсінігі мен түрлері
- •78. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кепілдері.
- •79. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
- •80. Құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу.
- •81. Заңды жауапкершілік: түсінігі, белгілері және түрлері.
- •82. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
- •83. Құқыққа сай жүріс-тұрыс және оның түрлері.
- •84. Құқықтық қағидалары және олардың юридикалық тәжірибедегі маңыздылығы
- •85. Мемлекеттік егеменділік
- •86. Заңдық коллизиялар.
- •87. Заңдық процесс: түсінігі, мазмұны, кезеңдері.
- •88. Мемлекет органы және оның белгілері. Мемлекеттік органның жіктелуі
- •89. Құқық қолдану процесінің кезеңдері.
- •90. Құқықтық тәрбие : түсінігі, нысандары және әдістері
- •91. Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары.
- •92. Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
- •93. Заңдық тәжірибе: түсінігі, құрылымы, қызметтері.
- •94. Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары
- •95. Құқық қолдану актілері және оның ерекшеліктері.
- •96. Заңдық техника.
- •97. Мемлекеттік-құқықтық режим: түсінігі және оның түрлері.
- •98. Құқықтағы ақаулықтар және оны толтыру тәсілдері.
- •99. Құқық және заңның арақатынасы
1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
Мемлекеттік құрылым нысандары – мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің құрылымы негізінде унитарлық (біртұтас), федерация, конфедерация, достастық және империя болып бөлінеді.
Унитарлық (біртұтас) – мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылуы. Біртұтас мемлекеттерде бір конституция, бір азаматтылық, бір салық жүйесі қалыптасады және мемлекеттегі барлық билік жүргізу, басқару органдары орталық органдарға барлық жағынан тәуелді. Мысалы, Дания, Италия, Венгрия, Қазақстан, Жапония, Франция, Египет, Өзбекстан.
Федерация – бір мемлекеттің құрамында толық тәуелсіздікке ие болмаған мемлекеттілік субъектілердің болуы. Федерацияның құрамына кіретін субъектілердің конституциялары және заң шығару, атқарушы және сот билігін жүргізетін жоғары билік органдары болады. Федеративтік құрылымда қос азаматтылық қалыптасады, субъект федерацияларының заңдары мемлекеттің заңдарына қарама-қайшы болмауы керек және салықтың екі жүйесі қалыптасады: федералдық және федерация субъектілерінің салықтары. Федералдық парламентте федерация субъектілерінің уәкілдерінің құралатын арнайы палата құрылады (Ресей, АҚШ, Бразилия, Индия).
Конфедерация (лат. – одақ, бірлестік) – бір-біріне тәуелсіз мемлекеттердің арнайы бір мақсатта жету үшін құрылған одағы. Конфедерацияның құрылуының құқықтық негізі – шарт жасау, соның негізінде одақаралық арнайы басқару органдары құрылады, билік дербес жүргізіледі, егемендікті тежеу тек шартта көрсетілген талаптарға сәйкес, өз еріктерімен іс жүзіне асырылады. Конфедерацияда жасалған одақтан шығу өте қарапайым, субъектінің өз еркінде. Ал федерация олай емес. Конфедерация уақытша және тұрақты болып бөлінеді.
Достық – сирек кездесетін, тәуелсіз мемлекеттердің шарт негізінде құрылған бірлестігі. Достастық мемлекеттік құрылымның құқықтық негізін шарт немесе жарғы құрайды, тәуелсіздіктері толық сақталады, құрамына енген мемлекеттердің әрекеттерін ұйымдастыру үшін арнайы мемлекет аралық органдар құрылады. Достастықтың субъектілері бірлестіктен өз еркімен кез келген уақытта шығуы құқылы (Британұлттар бірлестігі, ТМД).
Империя – мемлекеттерді күш қолдану арқылы біріктіру. Империяның құрылуы негізінде екі тәсілмен іс жүзіне асырылады. Ашық түрде жауап алу жіне саяси, экономикалық, әскери қысым жасау арқылы (СССР).
2. Құқықты жүзеге асыру түсінігі және оның нысандары.
Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде әсер ете отырып,оларды заңнамаға сәйкес жүріп-түруға итермелеу үшін қажет.Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нәтежелерге жетуге болады. Құқықтық нормаларды жүзеге асыру-құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы,олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі.Субъектілердің әрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:
У)сақтау-қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;
2)орындау-оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;
3)пайдалану-олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;
4)қолдану-қүзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі,нәтижесінде сәйкес жеке акт қабылданады.
