Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.36 Mб
Скачать

Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы

Этиологиясы және патогенезі. Қолқа саңылауының тарылуының ең жиі себебі – ревматизм. Сепсистік эндокардит кезіңде қолқа қақпақшаларында полипоидты – тромбалық самағының ізбестенуі пайда болады. Бұл кезде қолқа доғасының өрлемелі бөлігінің кеңеюі байқалады. Сол жақ қарынша жиырылуының жоғарлауы, жүрек айдауын қамтамасыз ететін компенсаторлы механизмнің бірі болып табылады. Сол жақ қарыншадағы қысым қолқа тесігінің тарылуына пропорционалды жоғарылайды. Бұл мәнбірлер сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясына әкеледі. Оның жиырылу қызметі әлсірегенде, сол қарынша қуысы кеңейеді.

Клиникалық бейнесі. Қолқа сағасының жекелеген тарылуында көп жылдар бойы теңгеру қабілетінің жойылуындағы симптомдары болмауы мүмкін. Айқын үдемелі қолқа сағасының тарылуы кезіңде оған тән клиникалық белгілер байқалады. Науқас бас айналуына, жүрек аймағының ауырсынуына, ентігуге, кейде есінен таңуға, стенокардияның ұстамасының болуына шағымданады. Науқасты қарағанда тері жамылғының бозаруы байқалады. Ақау балалық шақтан дамығанда жүрек құнысы анықталады. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралықта, кейде VI қабырға аралықта, сол жақ бұғана – орта сызығынан шамалы сыртқа қарай анықталады. Пальпация кезіңде төстің оң жағындағы ІІ қабырға аралықта жиырылу дірілі “мысық пырылын” байқауға болады. Тыңдаған кезде жүрек ұшы аймағында І дыбысының әлсіреуі байқалады. Қолқада артериалды қысымның төмендеуіне және қолқа қақпақшаларының өзгерістеріне байланысты ІІ дыбысының әлсіреуі мүмкін. Айқын қолқа тарылуында тамыр соғысы баяу, сирек болады. Рентгенологиялық тексеру кезіңде жүректің қолқалық конфигурациясы анықталады.

Емі. Қолқа тарылуының арнайы консервативті емдеу әдісі жоқ. Негізгі бағыт жүрек жеткіліксіздігін емдеуге және алдын – алуға негізделген. Физикалық күш түсуді және қолайсыз сыртқы орта жағдайын шектеу, сонымен қоса жұқпалы аурулардың алдын алу өте қажет. Қолқа тарылуының айқын клиникалық көрінісінде консервативті емнің әсері болмаса, хирургиялық түзетуді талап етеді. Қазіргі кезде қолқалық комиссуротомия немесе жасанды қақпақша имплантациясы жасалады. Алдын алуы: ақауды туғызатын аурудың өршуін қадағалау; миокард қызметін жақсартатын шараларды ұйымдастыру.

Жүректің құрамды қолқалық кемістігі

Қақпақша аппаратының жеткіліксіздігі немесе тарылуына қарағанда қолқалық тарылуымен қабаттасуы жиі кездеседі. Қолқа қақпақшаларының құрамды зақымдалуы әдетте қайталамалы ревмокардиттің нәтижесі болып табылады. Қолқа атеросклерозының гипертониялық аурумен қабаттасуы оның себебі ретінде сирек кездеседі. Кейде қолқа қақпақшаларының қабаттаса зақымдалуының клиникалық белгілері жеделдеу септикалық эндокардит кезіңде байқалады. Бұл жағдайда қолқа сағасының тарылуы септикалық дәріспен зақымдалған қақпақшадағы полипозды ұлғаюдың салдары болады.

Клиникалық бейнесі. Құрамды қолқа ақауының клиникасы саңылауының тарылуы немесе қақпақшалардың жеткіліксіздік дәрежесіне байланысты. Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі басымырақ болған жағдайда науқастар жүрегінің қағуына, дене қалпын кенеттен өзгерткен кезде басының айналуына шағымданады. Жүрек аймағының ауыруы, бас айналуы, кей жағдайда есінен тану, тез шаршағыштық, милық және коронарлық қан айналымының бұзылуының салдарынан қолқа сағасы қатты тарылғанда пайда болатын мидың ишемиясымен түсіндіріледі. Қарағанда қолқа қақпақшаларының жекеленген жеткіліксіздігі бар науқастарға тән белгілері табылады; терісінің бозаруы, “каротид пульсациясы”, бұғана орта сызығынан төмен және солға ығысқан, жайылған көтеріңкі жүрек ұшының түрткісі. Бірақ бұл белгілері қолқа сағасының салдарынан шамалы деңгейде білінеді. Жүрек аймағын сипалағанда төс сүйегінен оңға қарай екінші қабырға аралығында оның негізінде жиырулық діріл пайда болады. Тықылдатқанда жүрек шекаралары, рентгенологиялық зерттеумен дәлелденетін сол жақ қарыншаның ұлғаюы мен қолқалы конфигурацияны көрсетеді. Тындағанда жүрек ұшында І дыбыстың әлсіреуі және қолқалық жиырылулық шуыл естіледі. Төстің оң жағынан екінші қабырға аралықта қолқа үстінен дөрекі жиырылулық және жұмсақ босаңсу шуыл естіледі. Қолқаның тарылуы мен қақпақшалардың жеткіліксіздігі қосарласқан жағдайда тамырды зерттеу нақты ақауларының қайсысы басымырақ екендігін анықтауға мүмкіндік бермейді. ЭКГ – да құрамды зақымдалу кезінде миокард ишемиясы анықталады.

Емі. Симптомдық және алдын алу сипаттағы консервативті емі негізгі ауруды емдеуге бағытталған. Хирургиялық ем оған көрсеткіш болған жағдайда жасалады және мақсаты ақауды коррекциялау болып табылады. Оған жиі қолқалық комиссуротомия немесе қолқа қақпақшаларының протездеу кіреді. Аурудың ағымы қолқа қақпақшаларының зақымдалу ауырлығына байланысты. Қан айналым жеткіліксіздігі көбіне кіші шеңберде дамиды және жиі жүрек демікпесімен, ауыр өкпе сусінділенуі мен асқынады.