Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.36 Mб
Скачать

Бронхоэктаздық ауру

Бұл өкпенің іріңді аурулар қатарына жататын сырқаттардың бірі болып табылады. Сырқаттың түпкілікті маңыздылық мағынасының негізі, бронх жапырақшаларының түбі кеңейіп, оларға қақырықтың жиналып, жұқпамен қоздырылып қабыну дәріс ағысының өтуін түсіндіреді. Осының салдарынан бронх қабырғасы мен бронх жанындағы жатқан тіндер де қабынады.

Этиологиясы. Созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, көк жөтел, өкпе туберкулезі және тағы басқа да сырқаттардың әсерінен дамиды .

Патогенезі. Негізінің түсініктемесінде бронхының ішіне жиналып, кідіріліп қалған қақырық жөтелге әкеліп соқтырады. Жөтелген сайын бронхылардың қабырғаларына күш түскендіктен олар патологиялық өзгерістерге ұшырап, серпімділік қасиетін жоғалтады. Бронх қабырғаларының ұсақ тармақтарында әртүрдегі ауытқулар пайда болады. Осы ұсақ тармақтардың әртүрлі өзгерістік ауытқуларға ұшырауы салдарынан, қақырықты шығынның шамадан тыс көп жиналуы іріңді сырқаттар түрлерін тудырады.

Жіктелуі. Бронхоэктаздардың жүре пайда болған және туа пайда болған түрлері болады. Бронхоэктаздар бір жақты немесе екі жақты, жеке және көпше түрде байқалады. Бронхтардың өзгерістеріне байланысты: қап тәрізді, цилиндр тәрізді, аралас түрде болып кездеседі.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымы 3 кезеңмен сипатталады.

1 кезеңде созылмалы бронхиттің клиникалық белгілері байқалады.Бұл кезеңде пациент жөтеліп, кеудесі ауырсынады. Қақырығы кілегейлі немесе іріңді болып келеді. Науқас әлсізденеді, ауру қайталанып келген кезеңде уыттану белгілері айқындалынады: дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды. Сырқаттың ерекше белгісінің бірі – науқас жыл бойына үздіксіз жөтеліп шығады. Әсіресе таңертеңгі уақытта ауызы толып, көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырықтың білінуі. Қақырықтың мөлшері тәулігіне 0,5 литрға дейін болады. Көп тұрып қалған жағдайда қақырық шығыны үш қабатты бөлікті құрайды: алғашқы бөлігінің қабаты көпіршікті болып келеді, екінші орта бөлігі – сарғыш, бір түстік сипатта, ал астыңғы үшінші қабат бөлігі өкпе тінінің элементтер үгіндісінің қалдығынынан тұрады.

8 сурет Барабан таяқшалары тәрізді

саусақтар

Тыңдаған кезде, тықылдатқанда сырқаттың белгілерін анықтау қиынға түседі. Өкпенің төменгі бөліктерінде дымқыл сырылдар естіліп, жөтелгенен кейін сырылдар саябырсиды.

9 сурет Сол жақ өкпенің бронхоэктаздары

2 кезеңде бронхоэктаз сырқатының белгілерінің көрінісі айқын білінеді. Пациент жөтелгендегі шығарған қақырығы іріңді болып келеді. Сырқат қозу кезеңің қайталануында дене қызуы көтеріледі, әсіресе қақырық сыртқа шықпай қалғанда уыттану белгілері өрши түседі. Ал қақырық бөлініп сыртқа шыққанда дене қызуы төмендеп, науқас жағдайы жеңілдей түседі. Сырқаттың жалпы клиникалық белгілеріне тез шаршағыштық, әлсіздік, басының ауырсынуы жатады. Науқас жағымсыз қақырықты иісті бөлгендігінен өз - өзін қоршаған ортада қолайсыз сезініп, психикалық күйі өзгереді. Науқастың бет әлпетінің келбетінде көгеру (цианоз) білінеді, беті домбыққан, саусақтары барабан таяқшасы тәрізді, тырнақтары дөмбекшіген тәрізді болып байқалады. Бұл белгілер ағзаға іріңнің жайылып, уыттану дәріс белгілерінің дамуына ықпал жасайтының түсіндіреді. Перкуссия кезіңде анық белгілерді анықтау мүмкін емес. Кеуде қуысының қозғалыс қимылы төмендейді. Аускультацияда зақымдалынған жерлерде әр түрлі сырылдар естіледі, жөтелгеннен кейін сырылдар мөлшері азаяды.

Бронхоэктаз сырқатының 3 кезеңі ауыр өту ағым көрініс сипатымен мінезделеді. Науқаста созылмалы өкпе – жүрек жеткіліксіздігі байқалып, ентігу, көгеру үдей түседі. Уыттану белгілерінің көрінісі нақты түрде байқалады. Тәулігіне 0,5 – 1 литр жағымсыз иісті қақырық шығуы мүмкін. Кеуде қуысы бөшке тәрізді түрде сипатталынады. Жұмысқа деген қабілеті жойылады. Бронхоэктаз сырқаты көктем – күз мерзімінде қайталанып қозып отырады.

Жалпы қан тексерісінде: лейкоцитоз білініп, ЭТЖ артады, қан аздық белгілері байқалады.

Бронхография және бронхоскопия тексеріс түрлерінің қорытынды нәтижесінде бронх жапырақшаларының кеңейгендігін, өзгергендігін көріп байқауғ болады. Тиффно индексі көрсеткіші төмендейді (ауа шығуы мен өкпе сиымдылығының қатынасы). Спирографияда өкпе сиымдылығының мөлшерлік көрсеткіші төмендегенін анықтауға болады. Рентген тексерісінде бронхтардың пішіні өзгеріп, кеңейгенің байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар эмфизема мен пневмосклероз белгілері де байқалады.

Асқынулары. Созылмалы демікпелік бронхит, бронх демікпесі, іріңді өкпе қаптың қабынуы, пневмоторакс дамуы мүмкін. Кейде өкпеден қан кетуі де байқалады. Созылмалы өкпе іріңді ауруларында амилоидоз дамиды

Дерт анықтамасы. Пациенттің шағымын сұрастырған кезде жиі жөтелетінің, жағымсыз иісті қақырық бөліп шығаратындығын, әсіресе таңертеңгі уақытта, уыттануға қатысты белгілерін анықтауға болады. Науқастың саусақтары барабан тәрізді және тырнақтары томпайған қалыпта болуы сырқаттың дерт анықтамасын өткізуге жеңілдік туғызады. Бронхография әдісі бронх жапырақшаларының кеңейіп өзгергенің көрсетеді.

Емі. Сырқаттың емі консерватикалық немесе хирургиялық түрде жүргізіледі. Емдәм терапиясы бойынша қолданылатын тағамдардың құрамы жоғары коллорияда, құнарлы болуы тиіс. Қабынуға қарсы антибиотиктер мен сульфаниламид тобына жататын препараттарын қолданады. Бұл препараттарды кеңірдекке шприц арқылы жергілікті түрде қолдануға болады. Антибиотиктерді қолдану алдында қақырықты антибиотик сезімталдығына тексеріп алу қажет. Бронхоспазмның болу мүмкіндігіне байланысты бронхолитиктер тобының дәрілерін қолданады.

Кеңейіп, өзгерген бронхэктаздарда тұрып қалған іріңді қақырықты сыртқа шығару мақсатымен постуралдық (позициялық) дренаж жүргізіледі: қақырықты ыңғайымен шығару жағдайын туғызу – науқасты намаз оқығандай етіп еңкейтеді немесе басын төсектен төмен түсіріп жатқызады, төсектегі науқастың қалыпын жиі – жиі ауыстырып отырады. Сонымен қатар қақырықты жібітіп сыртқа шығарып, түсіретін дәрі – дәрмектерді береді.Ағзаның иммундық жүйесін нығайтып, күшейту үшін анаболикалық гормондарын (неробол, ретаболил), В,С тобының витаминдерін береді. Науқастарды бірте – бірте шынықтырып емдік жаттықтыру тағайындап, қолданған жөн. Физиотерапиялық емі (УВЧ, УФО) жүргізіледі. Егер консервативтік ем көмектеспесе хирургиялық емін қолданады.

Алдын алуы. Бронхитті, өкпе қабыну сырқаттарын, тұмауды асқындырмай уақытында емдеу керек. Әр адам өзін - өзі шынықтыраатын жаттығу түрлерін өткізуге дағдылатып, қалыптасу керек. қызмет көрсету орнына байланысты келтіретін зиянды мәнбірлерді және шылым шегу, ішімдікті қолдануды шектеу керек.

Бақылау сұрақтары

  1. Өкпе іріңді ауруларына жалпы түсініктеме беріңіз.

  2. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерді атап шығыңыз.

  3. Өкпе іріңдігінің клиникалық бейнесінің кезеңдеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

  4. Өкпе іріңдігінің рентген суретінде қандай патологиялық өзгерісті көруге болады?

  5. Бронхоэктаз сырқатына анықтама беріңіз.

  6. Бронхоэктаз сырқатының ерекше клиникалық белгілерін атап шығыңыз.

  7. Өкпе іріңді ауруларының емдік қағидасының негізі.

  8. “Постуралдық дренаж” деген терминді қалай түсінуге болады?

  9. Алдын алу шараларының түсінігін беріңіз.