Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.36 Mб
Скачать

Пальпация

Пальпация (сипаулау) әдісін әдетте қараумен қатар жүргізеді. Пальпацияның негізі сипап сезу, онда дәрігер сипап сезу арқылы адам денесінің ішкі ағзаларын тексереді. Пальпация әдісін қолданғанда мына ережелерді сақтау қажет: дәрігер мен науқастың отырысы тексеруге ыңғайлы болу керек (дәрігер науқастың оң жағында отыруы керек).

Пальпация әдісін жұмсақ жүргізу керек және сипалауды өткізгенде қарқынды жасамауы тиіс, қарқынды жасалған жағдайда дене бұлшық еттері тырысып пальпация әдісімен ішкі ағзалардың ақауын білуге мүмкін емес. Теріге сипалауды өткізген кезде оның барлық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Терінің ылғалды болып келуі, ол тердің көп бөлінуі нәтижесінен байқалынады. Дене қызуы жоғарылағанда сырқат адам көп терлейді. Дене қызуы күрт төмендегенде денеден мұздай тер шығып, терінің түсі бозарады. Терінің өте құрғақ күйде байқалуы, адам ағзасы көп мөлшерде сұйықтықтың жоғалтқаның түсіндіреді (мысалы, қант сусамырында, ұзақ іш өтуінде). Терінің құрғақ болуы ішкі ағзалар ауруларының кейбіреулерінде қарқынды түрде байқалынады (мысалы, гипотиреозда).

Дені сау адамның терісі серпімді болады. Қалыпты жағдайда жиырылған тері тез орнына келеді. Пальпация әдісі тері асты майының өсіп дамуын білуге көмектеседі. Тері асты майының нашар өсіп дамуында тері тез жиырылғыш болады. Пальпация арқылы бұлшық еттердің жағдайын анықтауға мүмкіндік туғызады. Ұзақ қайтымсыз ауруларда бұлшық еттердің жиырылғыштығы нашарлап, бейімсіз болып келеді. Бұл жағдайлар буын ауруларында және қарт адамдарда жиі байқалады. Пальпация арқылы лимфалық түйіндердің де жағдайын білуге болады. Қалыпты түрде олардың консистенциясы серпімді, жылжымалы, ауырмайды. Кейбір қабыну ауруларында лимфатикалық түйіндердің саны өседі, көлемі үлкейеді, ауырсыну сезіледі. Іш қуысына пальпацияны Образцов – Стражеско тәсілі бойынша жүргізеді. Бұл тәсіл арқылы іш қуысындағы мүшелердің орналасуын, көлемін, сезімталдығын анықтауға болады.

Перкуссия

Перкуссия - бұл ішкі мүшелердің орналасуын тықылдату арқылы анықтайтын әдіс. Бұл әдіс арқылы зерттеп отырған мүшенің шығарған дыбысын біледі. Перкуссияның екі түрі болады: тікелей және тікелей емес. Тікелей перкуссияда дененің үстіне саусақпен соққы береді, ал тікелей емес түрінде дененің үстіне бір саусақты қойып, басқа саусақпен оның үстінен соққы береді. Перкуссия әдісін қолданғанда мынадай ережелерді сақтау керек: қолы жылы және тырнағы болмауы тиіс. Соққыны жұмсақтау етіп өткізген жөн. Перкуссия жасағанда соғылатын соққы бір қалыпты деңгейде өткізілуі керек. Перкуссияның мән мағынасы қолмен соққы соққандағы толқынның пайда болуы. Олар денеге дыбыс жиілігі секілді таралады және біздің есту аппаратымызға бір дыбыс болып келеді. Бір қалыпты күшпен соққанда пайда болған дыбыстың амплитудасы, жиілігі, ұзақтылығы мүшелердің орналасуымен, ұлпалардың жағдайымен байланысты. Перкуссия кезінде пайда болған толқын 6-8 см тереңдікке таралады. Дәл осындай тереңдікте мүшелердің топографиясы анықталынады.

Перкуторлық дыбыстың 3 түрі бар:

1. ашық - жақсы анықталатын дыбыс, жеткілікті ауасы бар ұлпалардың

үстінен естіледі (мысалы, өкпе үстінен, сондықтан оны өкпе дыбысы деп те атайды);

2. тимпаникалық - қатты, ұзақ дыбыс құрамында ауа және газ бар мүшелердің үстінен естіледі. Тимпаникалық дыбысты қорапша деп те атауға болады. Өйткені онда ауа өте көп (мысалы, өкпе эмфиземасында);

3. топас - әлсіз дыбыс. Ауасыз ұлпаларды соққанда дыбыс әлсіз білінеді. Мысалы, бұлшық етті соққанда.

Перкуссияның тағы екі түрі бар: салыстырмалы және топографиялық. Салыстырмалы перкуссияны жасағанда көкірек клеткасының симметриялық жерлеріне жасайды, сөйтіп шыққан дыбысты салыстырады. Ал топографиялық перкуссияның міндеті - мүшенің шекаралық көлемін анықтау болып табылады.