Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.36 Mб
Скачать

380

Баймагамбетова К.М.

Терапиядағы мейіркеш үдрісі

Қарағанды 2004

Авторы: жоғарғы санатты ұстаз

Баймагамбетова К.М.

Терапиядағы мейіркеш үдрісі.

Оқулық (Баймагамбетова К.М.)

Бұл оқулық медицина колледждерінің оқушыларына арналып стандарттық оқу бағдарламасына сүйене келе негізгі ішкі ағза ауруларын қамти отырып құрастырылған қазақ тіліндегі басылым. Оқулыққа ағза мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, ішкі ағзалардың аурулары, негізгі зерттеу әдістері, ем шаралары берілген. Мейіркештердің осы күнгі жаңа көзқараста мейіркеш үдрісін атқаратын ережелері жалпы түрдегі үлгілері көрсетілген.

Алғы сөз

Ішкі ауруларды зерттеу, емдеу дәрісіне қатысу, күтім мен бақылау шараларын жүргізуде мейіркештің ролі өте маңызды. Сырқатты түсіну үшін жеке адамның барлық психикалық, физикалық ерекшеліктерін білу керек. Мейіркеш пациентті күтіп, пациентпен және оның туыстарымен тіл табысып, үйде жатып емделетін пациенттерге әр түрлі емдік және күтім манипуляцияларын мейіркеш технологиясымен жүргізе білу керек. Ал осы жұмыстың бәрін дұрыс орындау үшін, олар ішкі аурулардың негізін білулері қажет.

Осыған байланысты медицина мамандарының ішіндегі орта буынды медицина қызметкерлеріне жататын меіркештерді даярлап шығару үшін “Терапиядағы мейіркеш үдрісі” атты қазақ тілінде оқулық шығарылып отыр.

Бұл оқулықтың құрылысы мейіркештің мақсатына жетуіне бағытталып отыр.

Оқулық жалпы он тараудан тұрады. Тараудың барысында ішкі ағзалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, сырқаттың этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, пациентті зертханалық және құрал жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері, ем көрсету қағидалары, алдын-алу шаралары берілген.

Оқулықта қазіргі кезде мейіркеш ісі мамандығына жаңартылған көз қарас түзілгендігі қарастырылған. Осы жаңартылып қарастырылған жобадан кейін, мейіркеш ісі өз алдына жеке ғылым болып табылады. Мейіркеш ісінің дәстүрлі моделі ағзамен және ағзаның жүйелерінің физиологиялық қызметімен тығыз байланыс қатынасына икемделінген. Мейіркеш ісінің мақсаты мейіркеш дәрісін жүзеге асыру болып табылады.

Оқулықтың әр бөлімінен кейін тақырыптарға сәйкес мейіркеш дәрісінің ұйымдастыру ерекшеліктері және арнайы құрылған мейіркеш дәрісінің бейнеленіп берілген үлгілері ұсынылып отыр. Сонымен қатар ішкі ағзаның сырқаттарында жиі кездесетін шұғыл жағдайлардың белгілері және мейіркештің дәрігерге дейінгі көрсететін көмегінің шаралары анықталынған.

Студенттердің өз білімдерін тексеру мақсатында әр сырқатқа арналып құрастырылған бақылау сұрақтары және тарау соңында тесттік тапсырмаларының жиынтығы берілген.

Сонымен қатар оқулықта бейнемелелер, суреттер келтірілген, бұл қосымшалық нұсқаулар әр тақырыптағы маңызды деген мәліметтерді тереңірек танып білу және меңгеруге қолайлы ретінде бейнеленіп көрсетілген.

Оқулықтың мазмұны мемлекеттік стандарт бағдарламасының талабына сәйкес жасалынып отыр.

Қорыта келе сіздерге ұсынылып отырылған оқулығым баспасөзде жарық көріп, тез арада өздеріңіздің қолдарыңызға тиіп, керекті кәделеріңізге жарайды деп үміттенемін.

Кіріспе

Терапия- ішкі ағзалар ауруларын талдайтын жайлы ілім, сондықтан ол клиникалық пәндердің негізі болып табылады.Ішкі ауруларды емдейтін маман терапевт деп аталады.Терапиялық қызмет жүйесі халыққа терапиялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру мен оның әдістерін жетілдіру мәселерімен шұғылданатын денсаулық сақтау мекемелерін және ағза ауруларын емдеп, олардың алдын алуға қажетті шараларды жүзеге асыратын терапия мамандарын қамтиды.

Терапия басқа да клиника пәндерімен тығыз байланысты, соңғы жылдары дербестенумен қатар интеграциялану дәрісі де жанданды. Сөйтіп терапия басқа білім салаларының деректерін кең пайдаланады.

Медицина тамырлары алғашқы ғасырдан тарайды.Ежелгі Мысырда және Үндейде науқасты қарап, сыйпап және тындап тапқан белгілеріне көңіл бөлген. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ науқасты толық бақылап, тындап, өкпедегі сырылды естіп, бауырды, көк бауырды сыйпап, құрал-жабдықтарды қолданып дерт анықтамасын жүргізіп емдейтін. Шығыстың ұлы ғұламасы Әли Ибн Сина( Авиценна) терең мағналы шығармалар жазып, емгершілікпен айналасқан. Оның қаламынан туындаған әйгілі “Ғылыми дәрігерлік каноны” кейінірек бүкіл Еуропа медицинасына негіз болған.

Терапия ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым дәрігерлердің сыны көп. М.Я.Мудров - науқасты тексеру әдісін және ауру тарихын құрды, емдәм негізін шығарды, алдын алу шараларын қолданды. Г.А.Захарьин – науқасты сұрау әдісін, туберкулездің дерт анықтамасын және оның түрлерін дәлелдеді. С.П.Боткин – сары аурудың жұқпалы екенін, оның белгілерін анықтады, тегін аурухана, мейіркеш дайындау қоғамдар ашты. В.П.Образцов – тексеру тәсілдерін жоғары сатыға көтерді, жылжып терең сипау әдісімен құрсақ аймағын тексеруді қазірде қолданамыз. Көрнекті ғалым дәрігерлердің ішіндеЕ.И.Чазов, А.С.Сметнев, В.Г.Кукес, В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко, Ф.И.Комаров сынды Ресей терапевтерін ерекше атаған жөн.

Қазақстан медицинасының тарихы Қазақ елі Ресейге қосылған кезден ғана басталады деген пікір қалыптасқан. ХІХ ғ. 60-шы жылдарына дейін отаршылар біздің елімізге небәрі екі-ақ дәрігер жіберіп, олар ашқан ауруханаларда 16 ғана орын болған. 1867-68жж. бастап әр уезге уездік дәрігер мен фельдшерлік және акушерлік орын бөлініп,олар жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге міндеттелген. 1867ж бөлімдік дәрігердің міндеті жөніндегі нұсқау бекітілген. Ол нұсқау бойынша, дәрігерлерге бөлім тұрғындарына медициналық көмек көрсетумен қатар, эпидемиялы ауруларға қарсы шаралар қолдану, елді қоныстарда сауықтыру ісін ұйымдастыру, сот дәрігерінің қызметін атқару және шешекке қарсы ету жұмысын жүргізу, фельдшер мен акушерлердің жұмысын тексеру міндеті жүктелген. Кеңес үкіметі дәуірінде біздің республикамызда көрсетілетін жалпы медициналық көмек пен оның терапиялық саласы басқа республикалардағыдан қалыспай солармен бір бағытта дамып отырды. Бірақ кейінгі жылдары тұрғындарға медициналық көмек көрсету жүйесіндегі өзгерістерге байланысты қабылданған міндетті түрдегі медициналық сақтандыру және жанұялық дәрігерлік амбулаториялардың ашылуына байланысты жалпы терапиялық көмек көрсету және соған сәйкес медициналық жұмыскерлерінің қысқартылуы ұшырады.

Қазақстанда болашақ терапевт дәрігерлерін Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Семей медицина институттары даярлады. Республикамызға терапия ғылымын дамыту ісіне профессорлар Н.И.Альбертон, М.І.Дәулетбақова, К.А.Жаманқұлов, В.М.Карлинский, В.А.Полосухина,Б. Ш.Шәкімова лайықты үлестерін қосты.

Қазір республикадағы медициналық білім беретін жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үшін оқу құралдары қажет.Қысқа мерзім ішінде бұл салада еңбек етіп жүрген мамандар терапияның бірқатар бөлімдерінен оқу құралдарын жазып, баспадан шығарды. Олардың ішінде проф. Қ.А.Жаманқұловтың “Ішкі аурулар пропедевтикасы” атты клиникалық дәрістер жинағы (Ақтөбе, 1992 ж), проф. Б.Н.Әйтембетовтың “Ішкі аурулар диагностикасы” (Алматы, 1992 ж), проф. Т.З.Сейсембековтың, доцент М.М.Мустаеваның, доцент М.Т.Айтқұловтың бірлесіп жазған “Ішкі аурулар диагностикасының негізгі тәсілдері” (Қарағанды, 1993 ж), проф. Т.З.Сейсембековтың, доцент А.Ә.Тәменовтың, доцент М.Т.Айтқұловтың “Ішкі аурулар” (Қарағанды, 1997 ж) оқу құралдары бар.

Тұрғындарға медициналық көмек көрсетудегі мейіркештің ролі өте маңызды, себебі, науқастарға көрсетілетін емдік шаралар және мейіркеш күтімінің ерекшелік жетістіктерге жеткізу мақсатын ұсынған. Осы мақсатты жүзеге асырып отырған мейіркеш мамандарын оқытып, дайындап шығаратын ежелден келе жатқан білім ордасына айналған Қарағанды медицина колледжі. Аталған білім ордасысының білікті, жоғары санатты түрде мамандандырылған оқытушысы студенттерге мемлекеттік тілде осы оқулықты ұсынып отыр.

І – ТАРАУ

АУРУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Ауру дегеніміз – ол ағзаның зақымдануға қарсы беретін қатысты серпілісі. Ауру тек бір жеке мүшені ғана зақымдамайды, ол тұтас адамға әсер етеді. Аурулардың пайда болуына әкеліп соғатын мәнбірлерді аурудың этиологиясы деп атайды. Олар экзогенді және эндогенді деп екі топқа бөлінеді. Экзогенді түрлері: механикалық, физикалық және жұқпалы мәнбірлер. Механикалық зақымдануға тамырлардың жарақаттанып қаңсырауға әкеліп соғуы, кеуде қуысының жарақаттанып дем алу дәрісінің бұзылуы, ауырсынуда дамитын шок т.б. жатады. Физикалық мәнбірлер: жоғары немесе төменгі температура, электр тоғы, күн сәулесінің әсері, рентген сәулесі. Химиялық мәнбірлер: тұрмыста немесе кәсіби жұмыс барысында қолданатын әртүрлі химиялық заттардың теріге, ағзаға патологиялық әсер етуі. Жұқпалық мәнбірлер: организмге сырттан келіп түскен бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар бір талай ішкі аурулардың себебі болып табылады. Дұрыс тамақтанбауда ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда зат алмасу дәрісі бұзылып семіздік немесе ашығу дамиды. Эндогенді – ішкі этиологиялық мәнбірлер. Кейбір ішкі ағзалардың бұзылуы нәтижесінде болатын улану жағдайларды этиологиялық агенттер ретінде қарауға болады. Витаминдердің жетіспеушілігі де бір қатар ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Ішкі сөлденіс бездер қызметінің бұзылуы аурулардың дамуына себепті болуы ықтимал. Мысалы, ұйқы безі қызметінің бұзылуы қант сусамырының дамуына әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық бұзылуы этиологиялық мәнбірлер рөлін атқаруы мүмкін. Тамырлардың қызметінің және органикалық өзгеруі нәтижесінде қан айналымының бұзылуы көптеген ішкі ағзалар ауруларының себебі болуы мүмкін. Мысалы, жүрек тамырларының өзгеруінен жүрек бұлшық етіндегі зат алмасу дәрісі бұзылып жүрек ауруларының дамуына бейімділік туғызады. Бір қатар ішкі ауруларында нейро-гуморальдық механизмдер арқылы жүзеге асады. Ағзадағы аллергиялық аурулардың дамуына себепші көптеген аллергендер болып келеді. Аллергиялық серпілістердің жылдам және баяу қарқынды дамитын түрлері болады. Жылдам аллергиялық серпіліс аллерген әсер еткеннен соң 15-20 минуттан кейін дамиды. Ал баяу аллергиялық серпілістер аллергеннің әсерінен бірнеше сағат,тәулік өткен соң дами бастайды. Әр аурудың биологиялық даму механизмін патогенез деп атайды. Мысалы, өкпе қабынуында патогенді жұқпаның әсерінен өкпе ұлпасы зақымданып, өкпе альвеоларына сары судың жиналуы. Сөйтіп дем алу дәрісі бұзылады. Ауру ағымын төрт кезеңге бөлуге болады: жасырынды (латентті) кезең; бастапқы кезең; аурудың негізгі айқындалу кезеңі; аурудың соңғы кезеңі.

Жалпы адам ағзасындағы сырқат ағымдары жедел және созылмалы түрде болып өтеді. Аурудың ағымында ремиссия (науқас жағдайының уақытша оңалуы) және рецидив (аурудың қайталануы) білінеді. Кейбір ауруларда асқынулар дамиды. Әр ауру симптомдармен сипатталады. Симптом – аурудың негізгі клиникалық белгісі, ауру әйгіленісі. Мысалы, лоқсу, құсу асқазан ауруларында, жөтел – тыныс алу мүшелерінің ауруларында кездеседі. Симптомдар субъективтік және объективтік түрге бөлінеді. Субъективтік деп науқастың өзінің сезген сезім шағымдарын айтады, ал объективтік деп дәрігердің науқасты қарағанда анықтаған белгілерін айтады (мысалы, жүрек, бауыр көлемінің үлкеюі, қан қысымының, дене қызуының көтерілуі т.б.) Синдром деп әр патологиялық жағдайға сәйкес келетін бірнеше симптомның жиынын айтады. Мысалы, уыттану синдромына әлсіздену, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бас айналуы, тамаққа тәбетінің тартпауы жатады. Дерт анықтамасын сырқатқа диагноз қою үшін қолданады (қандай ауру екенін анықтау үшін). Диагноз – аурудың анықтамасы, оны медицина терминологиясымен жазу. Диагноз болжамды, нақтылы(дифференциалды), қорытынды болады. Болжамды диагнозды науқастың шағымдарына, субъективтік, объективтік тексеру мәліметтеріне сүйеніп қояды. Дифференциалды – көп аурулардың белгілері бір біріне ұқсас келеді, сондықтан қосымша тексерістерді жүргізіп, клиникалық белгілерін салыстырып, қай ауруға тән екендігін анықтап сырқат түрін бір - бірінен ажыратады. Қорытынды диагнозды субъективтік, объективтік және қосымша тексеру нәтижелер көрсеткіші бойынша қояды. Егер науқаста бір неше ауру болса, онда ең басты және қосалқы диагноз қойылады. Диагноз қойылған соң науқасқа емханада немесе ауруханада арнаулы ем жүргізіледі. Консервативтік ем: дәрі – дәрмектермен емдеу; симптомдық ем – белгілі симптомға ғана жүргізілетін ем; алдын –алу емі. Сырқатты емдеудегі алдын алу шараларының екі түрі болады. Алғашқы алдын алу – ауруды болғызбау үшін көрсетілетін шаралар. Екіншілік алдын алу – қайталанып келіп отыратын аурудың алдын алу шаралары. Мысалы, созылмалы ауруларда көктем мен күзде науқастар ауру қозбас үшін алдын алу ретінде ем алып отырады.

ІІ - ТАРАУ