Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать

10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі

Қазақстанның инвестициялық қоры

Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.       ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың капиталдану тө мендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа деңгейiне кө шу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.

Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы институты ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бiрдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн болады.       Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бiрқатар өндiрiс құру қажеттiгiн көрсететiн болса, онда барлық қажеттi негiзгi өндiрiстi құру көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.       Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың шикiзат секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиiс.       Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн, жеке секторда қаражат жетiспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау пакетiн алмай қатысу арқылы бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады. Сонымен қатар мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске асырылғаннан кейiн сатылатыны жөнiнде нақты ереже белгiленуi тиiс.

Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамытуда да ықпал ету мүмкiндiгiн бередi.

ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру және капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс.       Таяу және орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық шетелдiк мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу бағытында да жүзеге асырылатын болады.

Қазақстанның Даму Банкi

Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi тө мен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

Қазақстанның Даму Банкiнiң қызмет етуi қаржы жүйесiнiң банк жүйесiндегi айтарлықтай тәуекелдерге және проценттiк ставкаларды тө мендету қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы ұзақ мерзiмдi және тө мен проценттi кредиттердi берудi қамтамасыз ете алмауымен белгiленедi.

Осындай қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық және жоба үшiн өзге де маңызды сипаттарда жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.

Таяу арада жарғылық капиталды ұлғайтуды, еншiлес маманданған қаржы ұйымдарын, атап айтқанда лизингтiк ұйымдарды құру мүмкiндiгiн көздейтiн Қазақстанның Даму Банкi институционалдық тұрғыда нығайтылатын болады. Сонымен бiрге Қазақстанның Даму Банкiне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жобаларды қаржыландыру құқығы берiлуi мүмкiн.

Инновациялық қор

Инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң бәрiнде бiрдей толық дәрежесiнде бола бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес функциясын ынталандыруға тиiс. Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар және басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшiн ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң басты мақсаты Қазақстан Республикасында инновациялық белсендiлiктiң артуына, жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болуы тиiс.

Инновациялық қорды құру инновацияларды енгiзудiң тиiмдi және нарықтық тетiктерiнiң болмауына қатысты кеңес ө кiметiнен кейiнгi кеңiстiктiктiң барлық елдерiне тән жүйелi проблеманы шешуi тиiс.

Бұл проблеманың екi жағы бар. Бiрiншiден, бұл әзiрленген инновацияларды енгiзудiң қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа инновацияларды әзiрлеу үшiн қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық қордың негiзгi күш-жiгерi жеке сектор тарапынан Қазақстандағы венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру мен дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс. Инновациялық қор өз қызметiнiң бастапқы кезеңiнде отандық және шетелдiк серiктестермен бiрге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын және венчурлiк қорларды құратын болады.

Инновациялық қор отандық еншiлес капиталдың құралуы және өсуi бойынша еншiлес жобаларды қаржыландыру жөнiндегi қызметiн тоқтатып, өз белсендiлiгiн инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға бағыттайтын болады.

Қордың негiзгi мiндеттерi:

инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технополистер мен технопарктердi, ақпараттық-талдау орталықтарын және т.б) құруға қатысу;

отандық және әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес инвесторлармен бiрлесiп еншілес қорларды құру;

құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталдарына жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өнiм өндiру, жаңа технологияларды әзiрлеу мақсатында қатысу;

коммерциялық тиiмдiлiгi мен экономиканы технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, қызмет көрсетулердi жасауға бағытталған жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды гранттар беру арқылы қаржыландыру болып табылады.

Инновациялық қордың гранттарды бөлу туралы шешiмi шетелдiк ғалымдарды тарта отырып, тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы тиiс. Қаржыландыру үшiн таңдалған ғылыми зерттеулер ҚИҚ және Қазақстанның Даму Банкi арқылы қаржыландыру аясындағы жобаларға тұтас алғанда сәйкес келуi тиiс.

Елдегi венчурлiк институттардың кенже қалғанын ескере отырып, Стратегияны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде венчурлiк қызметтi көтермелеу және реттеу үшiн барабар заңнамалық база әзiрленiп, қабылданатын болады.

­Ғылыми зерттеулердiң барлық түрлерiнiң жаңа бiлiмдердi жинақтау жүйесiнде бiрдей мәнi бар және қолданбалы ғылыми зерттеулерге ғана арнайы басымдық беру орынсыз екенiн шетелдiк тәжiрибе көрсетiп отыр.

Бұдан өзге, еңбек пен капиталдың өнiмдiлiгiн арттыру, демек экономиканың бәсекелестiгiн арттыру, дербес ғылыми-техникалық әлеует құрмай және нығайтпай мүмкiн емес.

Сондықтан да iргелi ғылыми зерттеулердi қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылатын болады.

Инновациялық қор өз қызметiн мемлекеттiк ғылыми-техникалық және инновациялық саясат шеңберiнде жүзеге асыратын болады.

Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация

Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорацияның негiзгi мiндетi саяси және регулятивтiк қатерлердi сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы қазақстандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызметтерiнiң экспортына тiкелей жәрдемдесу болады. Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация қазақстандық өнiмнiң экспортын дамыту, ықтимал өткiзу рыноктары туралы ақпаратты зерделеу және кейiннен тарату үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзетiн болады. Бұл жалпы әлемге танылған тәсiл болып табылады әрi қаржылық және әкiмшiлiк тұрғыдан алғанда экспорттық транзакцияларды жеңiлдетуге тиiс. Отандық сақтандыру рыногының өсуi және оның экспорттық-импорттық операциялармен байланысты тәуекелдердi сақтандырудың дайындығы бойынша Экспортты сақтандыру корпорациясы коммерциялық сақтандыруды қысқартып, саяси тәуекелдердi сақтандыру мен халықаралық рыноктар туралы коммерциялық ақпаратты таратуға баса назар аударатын болады.