- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
Микронесиелеу табыс деңгейі төмен тұрғындарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, бастапқы бизнеске, яғни банк қызметі қол жетімсіз клиенттерге қаржылық ресурстарды ұсыну жолымен халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатудың құралы болып табылады. Қазақстандағы микронесиелеудің басым мақсаты кедейшілікпен күресу емес, шағын және орта бизнесті, яғни кәсіпкерлікті қолдауға негізделеді. 2003 жылы микронесиелеу туралы заңның қабылдануынан бастап микронесиелік ұйымдар саны жылдан жылға елеулі жоғарылауда (сурет 7)
Сәйкес заң қабылданғаннан кейінгі алғашқы үш жылда микронесиелік ұйымдардың саны шамамен 3 есеге жуық жоғарылағаны сурет мәліметтерінде келтірілген. ҚР-ның статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 01.01.2008 жылғы жағдай бойынша тіркелген 1086 микронесиелік ұйымының қызмет ететіні – 948 (87,3%), ал оның ішінде белсенді қызмет ететіндері 45,8% құрайды. Соңғы жылдары тіркелген микронесиелік ұйымдардың саны шамамен 1,5 есеге жоғарылауда, бұл бүгінгі таңдағы олардың рөлінің жоғарылауын, кәсіпкерлік субъектілері үшін микронесиелердің үлкен мүмкіндіктерін сипаттайды. Микронесиелер нарығы субъектілерінің республика аумағында орналасуы біркелкі емес, Оңтүстік Қазақстан облысында микронесиелік ұйымдар неғұрлым тығыз шоғырланған – 233 ұйым немесе 21,5%, Алматыда – 147 (13,5%), ал Атырау облысында олардың саны өте төмен – 16 ұйым немесе (1%), Маңғыстау облысында – 23 (2%). Мұндай жағдай халықтың орналасу тығыздығымен, кәсіпкерлік белсенділік және аумақтағы микронесиелерге сұраныс деңгейімен байланысты.
Сурет 7 – Микронесиелік ұйымдар санының динамикасы және өсу қарқыны
Ескерту- ҚР-ның статистика Агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
Микронесиелік ұйымдар санының жоғарылауына қарамастан, олардың ішінде белсенді қызмет ететіндерінің саны небары 45,8% құрайтындығы, яғни көпшілік микронесиелік ұйымдардың сәйкес деңгейде әрекет алмауының бірден-бір себебі – қаражат тапшылығы болып табылады. Микронесиелік ұйымдардың қаржылық ресурстарының қалыптасу көздерін меншікті қаржы құралдары және тартылған қаржы құралдары деп бөлуге болады. Қаржы ресурстарының қалыптасуының меншікті көздеріне: алынған сыйақылар, активтердің өтімділігінен түсімдер, меншікті мүлікті жалға беруден түскен түсімдер, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудан түскен түсімдер, кепіл мүлкімен жасалған келісімнен түскен түсім, уақытша бос активтерді мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан, корпоративті бағалы қағаздар, банктердің депозиттері кіреді. Микронесиелік ұйымдардың өз кезегіде тартылған қаржы құралдарына: займдарды, банктерден тыс заңды тұлғаладың займдарын, гранттарды, арнайы қорлардың қаржы ресурстарын, бюджет қаражаттарын жатқызуға болады.
ҚР-ның статистика Агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 01.01.2008 жылғы жағдайға бойынша микронесиелік ұйымдардың тартылған займдарының көлемі 23 млрд теңгеден жоғары болды:
«Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамынан (бюджет қаражаттары) – 9% (2 млрд теңге);
екінші деңгейлі банктердер – 40% (9 млрд теңге);
банктік емес мекемелерден – 46% (10,5 млрд теңге);
меншікті қаражаттар – 2%
АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстан, одан кейін әлемдегі және Қазақстанның банктік жүйесіндегі өтімділік дағдарысынан кейін Халықаралық қаржылық ұйымдар микронесиелік ұйымдарды қаржыландыруды тоқтатты, ал оның салдарынан берілетін микронесиелердің көлемдері қысқартылды. Осы жағдайлар микроқаржылық секторды мемлекеттік қолдау ролін күшейту қажеттігіне әкелді. Микронесиелік секторды қолдау және соңғы қарыз алушының ставкасына әсер ету үшін шағын кәсіпкерлікті қолдау қорынан бөлінетін қаражат көлемі 25%-дан немесе жылына 6 млрд теңгеден төмен болмауы керек. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тартылған ресурстардың жалпы құрылымында мемлекеттік бюджет қаражаттарының 10% төмен болмауы микронесиелік сектордың тиімді мемлекеттік қолдауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Микронесиелік секторға несиелік ресурстарды жеткізетін негізгі жеткізуші – коммерциялық банктер болып табылады. Банктер микронесиелік ұйымдарды жалпы стандарттық талаптарға сәйкес төлемділігіне, қайтарымдылығына және қамтамасыз етілуіне байланысты қаржыландырады. Екінші деңгейлі банктер микронесиелік ұйымдардың басым бөлігінің нақты кепілдігінің жоқтығын ескере отырып, олар Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының кепілдігі негізінде компанияларды несиелеуге дайын, ал ол үшін қор қарыздық міндеттемелердің 70-80% өз мойнына алу керек. Сәйкесінше, банктер микронесиелік ұйымдармен жұмыс істеуі үшін, банктің жоғарғы өтімділігін есепке ала отырып, белгілі жеңілдіктер алғылары келеді. Банктен 17%-дық мөлшерде қаражат ала отырып және өз маржасын қоса отырып, микронесиелік ұйымдар өз клиенттеріне 20% көлемде және бұданда жоғарғы мөлшерде несие береді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры микронесиелік ұйымдарды қаржыландыруға кепілдік бере алады. Осыған орай, қордың кепілдік мүлігін немесе алғашқы капиталдың көлемін есептейді, ал тәуекелді бөлу 50 де 50 паритеттік міндеттілікті құруы мүмкін. Бірақ көптеген микронесиелік ұйымдардың проблемаларының бірі несиені жабу үшін қажетті мүліктің болмауы болып табылады. Қазіргі кезде микронесиелік ұйымдардың ең өтімді активтері – ол оның несиелік портфелі. Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік микронесиелік ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізбейтіндіктен, олардың әрқайсысы жеке несиелік жіктелімдерді қолданады, ал олар көпшілік жағдайда банктік жүйеге сай келмейді. Микронесиелік ұйымға ақша салмастан бұрын банк оның несиелік портфелін қарастыру керек, ал бұл банктің операциялық шығын көлемін жоғарылтады. Сондықтан, банктер тарапынан бұл проблеманы екі жолмен шешу қарастырылады: микронесиелік ұйымның рейтингісін жасау, яғни банктер рейтинг деңгейі жоғары компанияларды қаржыландыруы үшін және микронесиелік ұйымдардың банктің активтер жіктелімінің ережесіне қосылуы. Мемлекеттің микронесиелік ұйым қызметін бақыламайтындығын және қадағаламайтындығын ескере отырып, рейтингті микронесиелік ұйым қызметін мониторингтеу негізінде жүргізу ұсынылады.
Бүгінгі күні микронесиелік ұйымның негізгі проблемасы несиелік қаражаттардың қайтарылмауы болып табылады, себебі микронесиелендіру нарығының басты ерекшелігі оның қарыз алушыларының шектелуі. Микронесиелік ұйымдардың басым бөлігінде жұмыстың сапалы стандарттарының жоқтығы байқалады. Нәтижесінде, бұл несиелерді қайтармаудың жоғары пайызына және зияндылыққа әкеледі. Жағдайды қаржылық дағдарыс қиындатуда: ол бірінші кезекте микронесиелік ұйымдар жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлерге әсер етті. Нәтижесінде, олардың көпшілігі мерзімі өтіп кеткенжәне ұзартылған несиелер проблемасына ұшырады.
2007 жылы әлсіздеу микронесиелік ұйымдардың портфелінде 15–20%-ға жуық проблемалы несиелер болды, ал қазір олардың көлемі портфелдің 50%-на дейін барады. Қатал стандарттары бар микронесиелік ұйымдарда (бұлар негізінен ірі микронесиелік ұйымдары) қайтарылмаған несиелердің пайызы 1%-дан 5%-ға дейін ұлғайды.
Қаржылық ұйымның тұрақты жұмыс істеуі көбінесе несиелерді жабу қарқынына байланысты болады. Өйткені, банктермен салыстырғанда микронесиелік ұйымдар депозиттерді тарта алмайды. Оның үстіне, микронесиелік ұйымдардың өздері банктерден белсенді түрде несиелерді алады. Банктер оларға несиелерді орташа алғанда жылына 20%-бен береді. Несиелермен жұмыс істей отырып, МНҰ-дар жоғары пайыздық мөлшерлемелерді қоюға мәжбүр болады және тұрақты түрде қаражаттардың жетіспеушілігіне ұшырап отырады, ол өз кезегінде жаңа несиелерді беруді тоқтатуға және микронесиелік ұйымның енжарлығына алып келеді.
Қазіргі уақытта микронесиелендіру нарығына қаржылық институттарды барынша тарту қажет. Микроқаржылық ұйымдарға банктер және сақтандыру ұйымдары неғұрлым үлкен көңіл бөлуі керек. Коммерциялық банктермен тығыз байланыста болу микронесиелік ұйымдардың айналым қаражаттарын жоғарылатуға, арзан несиелеу мүмкіндігін ала отырып қарыз алушыларды неғұрлым үлкен мөлшерде қамтуға мүмкіндік береді. Бірақ банктер үшін микронесиелік нарық жоғары тәуекелді аймақ болып табылады. Осы жағдайда нарыққа сақтандыру ұйымдарын тартқан жөн. Егер банктер микронесиелік ұйымдарды несиелік портфель сапасына сәйкес қаржыландырса, онда тәуекелдерді міндетті түрде сақтандыру қажет.
Көптеген сақтандырушылар үшін қаржылық жауапкершілікті сақтандыру бойынша өнімдер – қалыпты стандартты ұсыныс болып табылады. Өйткені микронесиелік секторда қайтармау пайызы банктік сектормен салыстырғанда төмен. Сақтандырушылар қазіргі кезде қарыз алушылардың микронесиелік ұйым алдындағы займ келісім шарты бойынша міндеттемені орындамау жағдайындағы жауапкершілігін сақтандыруды ұсынады. Мысалы, қарыз алушының кепілдік мүлігін сақтандыру, мұнда сақтандыру тарифі сақтандыру сомасының көлемінен 0,35 – 0,5% құрауы мүмкін. Немесе қарыз алушының өзін жазатайым жағдайдан сақтандыру, тарифі – 0,3%. Сондай-ақ, микронесиелік ұйымның өзін қаржылық тәуекелдерден сақтандыру бойынша өнім бар, онда сақтандыру тарифі 0,8 ден 5,5% құрайды. Тарифті есептеу принципі қарапайым: тәуекел неғұрлым жоғары болса, сақтандыру сомасы, сәйкесінше, пайыз мөлшері соғұрлым жоғары. Кредиттік сарапшы бір уақытта қарыз алушыларды сақтандыру мәдениетіне үйрететін сақтандыру агенті болуы мүмкін.
Әрине, микронесиелік ұйым үшін, қарыз алушының микронесиені қайтармау қатері жоғары. Бірақ сақтандыруды пайдалану микронесиелік ұйымдардың несиелерінің жоғарылауына әкеледі, ал микронесиелік нарықтағы өсіп келе жатқан бәсекелестікті ескерсек компаниялар үшін займ пайызының мөлшерінің төмен болғаны дұрыс. Сонымен қатар, қысқа кезеңге ұсақ ссудалар беретін шағын микронесиелік ұйымдар үшін жобаларды дұрыс әкімшіліктендіру, ұйымдастыру кезінде ақша толығымен қайтарылуы мүмкін. Мұндай микронесиелік ұйымдар сақтандыру ұйымдарымен байланыс жасамай, клиенттің кепілдік мүлігін алған жөн деп санайды. Сәйкесінше, жоғарыда келтірілген ұсыныстар Қазақстандағы микросақтандырудың дамуына мүмкіндік жасайды [29].
Қазіргі кезде микроқаржыландыру секторының тиімділігін дамыту стратегиясын жасау кезінде дұрыс және қол жетерлік ақпараттар қорының болуы жеткілікті емес. Бұл проблеманы шешу үшін мониторингтің тиімді жүйесін жасау керек, бұл отандық микронесиелік ұйымдардың тиімді дамуына көмегін тигізеді. Мониторинг негізінде отандық микронесиелік ұйымдардың рейтингісі құрыла бастайды, ал ол донорлар мен инвесторлар (халықаралық ұйымдар, банктер және жеке тұлғалар) үшін, қосымша қаржы көздерін тарту кезінде жеткілікті көлемде ақпарат беру үшін қолданады.
Мониторингті бақылау мақсаты негізінде және уақытылы шаралар өткізіп тұру үшін ағымдық, динамикалық кезеңде жүргізу қажет. Мұндай бақылауды ұйымдастырудың негізі ұсынбалы нормативтер мен жағдайлар болып табылады, олар методикалық орта құра бастайды. Мұнай ортаны Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар ассоциациясы құрылымында ұйымдастырған жөн.
Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар ассоциациясы тарапынан жасалған мониторинг тұрақты, қызметі айқын микронесиелік ұйымдардың құрылуына әсер етеді, ал өз кезегінде олар микронесиелік индустриясының дамуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде әрекет ететін басқару механизмінің проблемасы Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар ассоциациясының өзін-өзі реттеу функциясын жүзеге асыру қажеттілігін анықтады.
Осы бағыттағы Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар ассоциациясының қызметі микронесиелік ұйымдардың саясатының және процедураларының заңнамалық нормаларға сәйкес келу сұрақтары бойынша мониторинг және сараптамалық қорытындыны орындаудан тұруы қажет. Егер микронесиелік ұйым Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар ассоциациясының нұсқауларына сәйкес келмесе немесе орындалмаса, оның берілген ұйым қызметін тоқтатуға құқығы болуы қажет.
Мониторинг шағын бизнестін дамуына өз ықпалын тигізеді, жұмыс тиімділігін арттырады және тұрақты микронесиелік ұйымдарды құру жұмыстарын жылдамдатады, өйткені тек осындай жағдайда ғана микронесиелік ұйымдар қаржылық жағдайы шектеулі клиенттерге тұрақты қызмет көрсете алады.
Республикамыздың қаржы секторының дамуының әлсіз бөлігі болып, қор нарығының дамымауы болып табылады, оларды құру заемдық капиталды және акционерлік капиталды тарту, зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының қаржылық ресурстарын тартуға жол ашады. Дәл қазіргі кезде кәсіпорындар қор нарығымен өзінің ұзақмерзімді және табысты іскерлік қатынасын бастауына болады. Стратегиялық мақсаттарға сай қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес, олар нарықта өз қызметтерін кеңейте отырып, айқын жұмыс атқарулары тиіс, өндірілген және шығарылған өнімдер деңгейі бойынша халықаралық стандрттарға сәйкес келуі керек, бұл бүкіләлемдік сауда орталығына кіру үшін өзекті болып келеді. Қор нарығының әлуетін толық қолдану экономиканың нақты секторына уақытша бос ресурстарды қайта бөлуге алып келеді [30].
Микронесиелік ұйымдарды дамытудың тағы бір аспектісі бар, ол активтерді секъюритизациялау, бұл активтерді стандарттау және оларға бағалы қағаздарды шығару. Қаржылық есеп берушіліктің 39 «Қаржы құралдары: қабылдау және бағалау» халықаралық стандарттарында секъюритизация «қаржылық активтерді бағалы қағаздарға ауыстыру процесі» ретінде қарастырылады. Қолданыста бұл қандай формада жүргізілетіндігі кредитор мен дебитордың таңдамаларына байланысты. Кредитордың борышқорға талаптарын бағалы қағаздарға ауыстыра отырып, секъюритизация оған жаңа өтмділік сапасын береді, қор нарығының құрылған инфрақұрылымына енгізеді және қаржылық қатынастарды жоғарғы деңгейге неғұрлым жоғары деңгейге шығарады. Бірақ бүгінгі таңда, бағалы қағаздар нарығында қорлану микронесиелік ұйымдар үшін жабық. Заңнамаға сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылғандар заңды тұлғаларға облигация шығару рұқсат етілген, бірақ, өкінішке орай, берілген жағдай микронесиелік ұйымдарға таратылмайды. Қызмет ететін заңнамаға сәйкес, микронесиелік ұйымдарға қандай да бір бағалы қағаздар түрін шығаруға тыйым салынған.
Қаржыландырудын альтернативалық көзі ретінде жеке капиталды облигация шығару арқылы тарту ұсынылып отыр. Осыған орай, микронесиелік ұйымдарға қаржыларының орнын толтыру үшін облигация шығару енгізгу талаптарын қарастырып тағайындаған жөн болар еді. Микронесиелік ұйымдарда секъюритизацияны жүзеге асыру механизмін келесі реттілікпен ұсынуға болады: мысалы, микронесиелік ұйым жылына 18% ставка мөлшерінде ұлттық валютада микронесие ұсынады. Өзінде 3% қалдырып, ол микронесиені табыстылығы жылына 15% облигацияларға ауыстырады. Микронесиелік ұйымдар активтерін бағалы қағаздарға ауыстырудың берілген операциясы оған қаржы нарығының ақшалай қаражаттарын шоғырландыруға және оларды қайтадан несиелік процеске бағыттауға мүмкіндік береді. Шығарылған облигациялар тәуекелділігіне байланысты тұрақты, өйткені олар микронесиемен қамтамасыз етілген, ал микронесиелер өз кезегінде, кепіл затымен кепілдендірілген. Келісімдік қатынастардың барлық жақтары нәтижесінде пайда алады: микронесиелік ұйымдар өзінің 3% алады, экономикалық нормативтерін жақсартады және алған қаражаттарын жаңа несиеге қайта инвестициялайды, ал инвесторлар бағалы қағаздар бойынша пайда алады. Секъюритизациямен қамтылған активтерге, ипотекалық және тұтыну несиелері, лизингтік төлемдер, кез-келген біртекті займдар, тауарлық несиелер және т.б. жатады. Бұл кезде, секъюритизациясы потенциалды өнімді болып келетін активтер тізбесін бағалау мүмкін емес. Мұнда шарушылық субъектісі өзінің қызметі нәтижесінде болашақта алуды жоспарлайтын кез-келген ақшалай табыстарды жатқызуға болады. Ерекше айта кететін жәйт, секъюритизация кезінде тек табыс әкелетін активтер қолданылады (олар бойынша төлемдер жүйелі түсіп отырады).
Сонымен, секъюритизация арқылы микронесиелік ұйымдар өз қызметін қайта қаржыландырады, берілген әрекет нәтижесінде өз капиталын толтырады. Сондықтан, көпқырлы секъюритизация процесі өтімділігі төмен активтерді неғұрлым өтімді активтерге – ақшаларға ауыстыруға негізделген өте ықшамды болып саналады. Сондай-ақ облигацияларды шығару ішкі көздерден қаражат тартуды дамытуға және микронесиелік ұйымдарды қаржыландыру проблемеларын шешуге мүмкіндік береді [29].
Микронесиелеуді дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі микронесиелік ұйымдар қызметін шектейтін нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру болып табылады. Қазақстан Республикасының микронесиелеу саласындағы номативті-құқықтық базасының әрі қарай табысты дамуы үшін барлық қажетті алғышарттары бар. Дегенмен, заңнамаға микроқаржылық ұйымдарға қатысты түсініктемелік аппарат бөлігіне толықтырулар енгізу қажет. Қазақстанда микроқаржыландыру тек микронесиелер берумен шектеледі. Микронесиені дамытудың баламалы жолы ретінде жаңа мақұлданған және жоғары тиімді қаржылық қызмет көрсету түрлерін енгізуді қарастыруға болады. Қатаң қаржылық шектеулерге қарамастан, жинақтаушы қызметін ұсыну, микронесиелік қызметті қаржыландыруға үлкен септігін тигізер еді. Микроқаржылық ұйымдардың негізгі мақсаттарының бірі депозиттік қызметтерді көрсету үшін микроқаржылық ұйымдардың корпоративті мәдениетін бейімдеу болып табылады [30].
Жақсы дамыған депозиттік қызметтер қаржылық қызмет көрсетудің табысты бірігуін құруға, микроқаржылық ұйымдардың қаржыландырудың сыртқы көздерден тәуелділігін төмендетуге және операциялық шығындарды жабу үшін ақшалай қаражаттардың тұрақты ағынын құруға ықпалын тигізеді. Жинақтаушы қызмет көрсетуді ұсына отырып, микроқаржылық ұйымдар маңызды артықшылыққа ие болады: кредиттік операцияларды кеңейту үшін тұрақты және салыстырмалы арзан несие. Сонымен қатар, микроқаржылық ұйымдар өздерінің тәуекелдерін төмендете алады және сыртқы факторлардан тәуелді болмайды.
Республикада ауыл және қала арасында аймақтық тепе-теңсіздік байқалады, яғни халықтың 43% ауылда тұратындығын, ал ауылда микронесиелік ұйымдардың жалпы санының тек 15% жұмыс істейтіндігін ескеріп, ауылды мекенде қызметін жүзеге асыратын микронесиелік ұйымдар үшін салық жеңілдіктерін беру ұсынылады. Ауылдағы және қаладағы микронесиелеу арасындағы үзілісті жою үшін, ауылдық микроқаржыландыруды дамыту мақсатында Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар Ассоциациясы ауылда жұмыс жасайтын микронесиелік ұйымдарға техникалық қолдау көрсетеді.
Ішкі қаржыландыру көздерін тартудың нысандарының бірі ретінде ретінде микронесиелік ұйымдарды акционерлік қоғам нысанында құру көзделіп отыр, ол: қор нарығына жаңа құралдар шығаруға, микронесиелік ұйымның қызметінің айқындылығын жоғарылтуға, қазақстандық нарыққа шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіншілігін арттыруға, микронесиелік ұйымдарды сапалы даму деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген болар еді [31].
Қазір көптеген несиелік мекемелер (банктер, ипотекалық компаниялар және т.б.) акционерлік қоғам нысанында құрылып отыр. Микронесиелік ұйымдарды да акционерлік қоғам нысанында құрсақ ол, қаржы нарығын дамытады, кәсіпорындар мен халықтың жұмыс істейтін несиелік мекемелерінің айқындылық деңгейін көтереді [31, 32].
Бүгінгі таңда, әлемдік дағдарыс салдарынан елдің нақты секторын, шағын және орта бизнесті дамыту қажет болып отыр, ол үшін ең алдымен несие жүйесін жетілдіру қажет. Несие жүйесінде басты орын алатын банктер қызметіне дағдарыстың әсері ерекше болды, яғни оларды дағдарыстың басты соққысын өзіне алған қаржылық институт ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты несиелік жүйенің екінші және үшінші деңгейлерінің қызметтерін жетілдіруге аса көңіл бөлген жөн. Осы орайда, ел Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын өсіру» жолдауында микронесиелік ұйымдар қызметін мемлекет есебінен әрі қарай қолдау туралы атап өткен. Мұнда жұмыспен қамту проблемасын шешу мақсатына, сондай-ақ халықтың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін микронесиелеудің қол жетімділігін жоғарылату бойынша шараларға көңіл бөлу қажеттігі анықталған. Осы факторлар ҚР-дағы микронесиелеу жүйесін дамыту шараларын өңдеу бағдарламасының қажеттілігін шарттады. Бағдарламаға сәйкес микронесиелік ұйымдарды қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджет қаражаттары «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ арқылы ұсынылды. Қазақстандағы микронесиелеуді дамыту бағдарламасы боцынша Қормен жалпы сомасы 6051,83 млн. теңгеге 199 жоба қаржыландырылды.
Жалпы барлық ұсынылған шаралар микронесиелік секторға жаңа сапалы деңгейге шығуға және республиканың қаржы жүйесінің толық қатысушысы болуға мүмкіндік береді.
