Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру

Ломбард дегеніміз қаржы нарығы мен қаржылық ұйым­дарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті органның және ҚР-сының Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясы болған кезде ұлттық валютадағы банктік және басқа да операциялардың мына түрлерімен айналысуға құқығы бар, банк болып табылмайтын, заңды тұлғаны, коммерциялық ұйымды білдіреді:

  • ломбардтық операциялар: депозитке салынған, жеңіл сатылатын бағалы қағаздарды және басқа да жылжитын мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несие беру;

  • лизингтік қызмет;

  • бағалы металлдары мен бағалы тастары бар, әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

  • сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді кепілге қоюмен қоса, құжаттық түрде шығарылатын бағалы қағаздарды, клиенттердің құжат­тары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

Ломбардтық, лизингтік операцияларды, бағалы металдары мен асыл тастары бар, әшекей бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату бойынша операцияларды жүргізуге арналған лицензия ҚР-сының қаржы нарығы мен қар­жылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі­мен беріледі.

Сейфтік операцияларды жүргізуге арналған лицензияны белгі­ленген формада және тек Агенттіктің лицензиясы болған кезде ғана ҚР-сының Ұлттық Банкісі береді.

Ломбардттар өз қызметін шаруашылық етуші серіктестіктер түрінде де құра алады және атқара алады. Ломбардтың толық атауында міндетті түрде «ломбард» сөзі болуы тиіс. Ломбард­тың құрылтайшылары мен қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар – ҚР-сының резиденттері және резиденттері еместер бола алады.

Ломбардты ашуға рұқсатты алу үшін Агенттікке мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • ашуға рұқсат беру туралы өтініш;

  • құрылатын ломбардтың құрылтай құжаттарының нота­риалдық түрде куәландырылған үш данасы: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай шарты (бар болса) және жарғысы.

Өтініш соңғы қосымша ақпаратты немесе қосымша түрде сұралған құжатты ұсынған күннен бастап бір ай ішінде қаралады.

Құрылтайшылар ломбардты ашуға рұқсат алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органдарына хабарласады.

Егер де құрылтай құжаттарында өзгертулер мен толықты­рулар туындаса, онда олар алдын ала Агенттікпен келісулері.

Құрылтай құжаттары ҚР-сының қолданысындағы заңда­рына сәйкес келмеген жағдайларда ломбардты ашу рұқсатын беруден бас тартылады.

Агенттік төмендегі негіздердің кез келгені болған жағдайда ломбардты ашуға рұқсат беруден бас тарта алады:

  • заңды тұлғаны ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуге ал­ған күннен бастап, рұқсат беру кезінде негізге алынуы мүмкін мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда;

  • заңды тұлғаны ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап алты ай ішінде банктік опера­цияларды жүргізуге лицензия алмаған жағдайда.

Ломбардтың кейбір басқарушы қызметкерлерін тағайындау алдын ала Агенттікпен келісуді талап етеді. Атап айтқанда, бірінші басшы мен бас бухгалтердің кандидатуралары келісілуге тиіс. Бірінші басшыны лауазымға тағайындаудың шартты тала­бы жоғарғы білімінің болуы, бас бухгалтердің лауазымына жоғарғы білімінің және жұмыстың тиісті бағыты бойынша орта арнайы білімінің болуы қажет болып табылады.

Агенттікке келісім алу рәсімі үшін мына құжаттар ұсынылады:

  • басшы қызметкердің лауазымына сайлау үшін ұсыныла­тын кандидатураны тағайындау туралы ломбардтың өкі­летті органының шешімі;

  • басқарушы қызметкер немесе кандидат туралы мәлі­меттер.

Кандидатқа келісім алу құжаттары ломбардтың өкілетті органының оны лауазымға тағайындау туралы шешім шығарған күнінен бастап отыз күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Ломбардтың басқарушы қызметкерлері үш айдан артық Агенттіктің келісімін алғанға дейін өз міндеттерін атқара алмайды.

Ломбардттар операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы Ереже болған кезде ғана өз қызметін атқара алады, оны ломбардтың жоғарғы органы бекітеді және онда мынадай ақпараттар көрсетілуі тиіс:

  • берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімдері;

  • берілетін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті көлемі;

  • операцияларды жүргізудің мөлшерлемелері мен тариф­тері;

  • ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

  • кепіл билеті жоғалған кезде кепіл берушіге дубликаттар­ды беру тәртібі.

Операцияны жүргізу туралы ереже ломбард клиентінің көзіне тез түсетін жерде бірге орналасады.

Егер ломбард ҚР-сы заңнамасын бұзған жағдайда оған мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:

  • банктер туралы заңға сәйкес шектеулі әсер ету ша­ралары;

  • бекітілген ҚР-сының заң актілері негізінде айыппұлдар салынады;

  • негіздеме бойынша лицензияны уақытша тоқтата тұру немесе қайтарып алу.

Агенттік ломбардтар қызметі тексеруді ҚР-сы заңнама­сының талаптарына сәйкес жүргізеді. Ломбардтар филиалдар мен өкілдіктер аша алады. Егер филиалды әділет органдарында тіркегеннен кейін 14 күн ішінде ашса, онда ломбард Агенттікке филиалдың ашылғандығы жайлы таныстыру хатын әділет органдарының куәлігімен бірге ұсынады [27].

Ломбард келесі жағдайларда жабылуы мүмкін:

  • ерікті жабылу кезіндегі қатысушылар шешімі бойынша;

  • еріксіз жабылу кезіндегі, яғни, ҚР-сының заң актілеріне сәйкес сот шешімі бойынша.

Ломбардтың ерікті жабылуы үшін Агенттіктен рұқсат алудың міндетті шарты болып, өз міндеттемелерін өтеуге ақша қаражаттарының жеткілікті болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]