Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.

Сонымен, қаржылық институттар – бұл қаржылық ресурстармен және оның титулдарымен қаржы нарғындағы операцияларды жүзеге асыратын, органдар немесе мекемелер болды. Атқаратын қызметіне қарай қаржылық институттардың мынадай жіктемесін келтіруге болады: реттеуші; инвестиция-коммерциялық; арнайы мамандандырылған; кепілдеуші; кәсіби; даму институттары. (сурет 1)

Реттеуші қаржылық институттар – бұл қаржылық ұйымдардың, қаржы нарығының субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға: ҚР ҰБ, Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік, Өзін-өзі реттеуші ұйым жатады.

Инвестиция-коммерциялық қаржылық институттар– бұл сәйкес заңдылық негізінде, белгілі мөлшерде пайда табу мақсатында инвестициялық, сақтандырушы, қаржы-несиелік, жинақтаушы, делдалдық, кеңес беру қызметтерін жүзеге асыратын қаржылық институттар немесе институционалды инвесторлар. Оларға: коммерциялық банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар жатады.

Кепілдеуші қаржылық институттар– бұл субъектілер салымдарын, төлемдерін кепілдендіруді, қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға: депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қоры, сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры, Қазақстан ипотекалық компаниясы және т.б. жатады.

Арнайы мамандандырылған қаржылық институттар – уәкілетті орган лицензиясы негізінде қаржы несиелік қызметтің шектеулі түрлерімен айналысатын қаржылық институттар. Оларға: кредиттік серіктестік, микрокредиттік ұйымдар, ломбардтар, почта-жинақтау жүйесі жатады.

Кәсіби - бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыратын, қызметі міндетті түрде лицензияланатын қаржылық институттар. Олар: брокерлік-дилерлік компаниялар, тіркеушілер, кастодиандар, депозитарий, трансферагенттер, кредиттік бюро

Даму институттары – ҚР-ның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мақсатында құрылған институттар

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы нарығы ұғымына сипаттама

2. Қаржы нарығының функциялары қандай?

3. Қаржылық институттар ұғымының анықтамасы

4. Қаржылық институттар қандай белгілермен айқындалады?

5. Қаржылық институттардың жіктелім белгілері қандай?

2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері

2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері

2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері

2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі

2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігінің қызметі

2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]