- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
Микронесиелеу – бұл қоғамдық қажеттіліктер мүддесіне қаржылық институттармен микрокредиттерді ұсыну жүйесі. Микронесие – бұл төлемдік, мерзімділік, қайтымдылық шартында ұсынылатын және мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін шешуге бағытталған, микронесиелік нарық институттарының ақшалай қаражаттары. Микронесиелеу несиелік жүйенің екінші және үшінші деңгейлерімен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы микронесиелеудің қызмет ететін схемасын үш негізгі түрге бөлуге болады: топтық, жеке, жеке-тұтынушылық. Олардың өзіндік ерекшеліктері төмендегі суретте келтірілген.
Сурет 6 – Микронесиелеу түрлерінің ерекшеліктері
Ескерту: Правовые основы деятельности микрокредитных организаций. Серия «Библиотечка предпринимателя». – Алматы , 2005. – С. 15 әдебиеті негізінде автормен өңделген.
Сонымен топтық несиелеу топпен қарыз алуды білдірмейді, ол кепілдік ретінде топ құратын жеке қарыз алушыға ұсынылатын несиені білдіреді. Топтық механизм дәстүрлі қамтамасыз ету түрлері, бизнес жоспары, есеп кітабы немесе несиелік тарихы жоқ клиенттерге ұсақ несиелерді берумен байланысты тәуекелдерді және шығындарды төмендетеді. Бұған көптеген әкімшілік шығындарды және несиелік тәуекелдері клиенттердің өзіне жүктеу жолымен жүзеге асырылады. Қарыз алушылар несиелеу процесінің бүкіл аспектісін және оның бөлігін, оның ішінде клиенттерді таңдау, олардың іскерлік бағалануын өзіне алады.
Топтық несиелеу – бұл схема сондай-ақ «Грамин банк моделі» деп аталады. Микронесиелеудің мұндай моделінің негізі болып топтық кепілдік табылады. Несие бір-біріне кепілгер болып табылатын адамдар тобына беріледі. Топ қатысушылары өздерінің топтарының мүшелерін өздері таңдайды, және мұндай өзара қатынас несие бойынша біртұтас жауапкершілік арқылы уақытылы төлемдерді қамтамасыз етеді, сондай-ақ микронесиелеу ұйымының клиенттердің мониторингі және тыңғылықты таңдауы бойынша шығындарды төмендетеді. Топтық несиелеуде кезеңдік несиелеу жүйесі қарастырылған. Топтық несиелеу кезеңдік жүйені қатаң сақтау кезінде бірінші кезеңнен басталып беріледі, ал микронесиелеу тобы ерікті негізде құрылады. Берілген модель бойынша микронесиені топтың кез-келген мүшесі алады. Қызмет етуші топқа жаңа қарыз алушы қосылса, ол микронесиені несиелеудің бірінші кезеңінен алады. Жоғарыда аталып өткендей микронесие бойынша қамтамасыз етілу таптық кепілдік болып табылады, оған сәйкес топтың барлық мүшелері микронесиелік ұйым алдында біріккен жауапкершілік алады.
Топтық микронесиелеуде келесідей талаптарды сақтау қажет: төрт адамнан кем емес потенциалды қарыз алушылардың қалыптасқан тобының болуы; құжаттар тізбесінің болуы: жеке бас куәлігі (түпнұсқа және көшірме); салық төлеуші куәлігі (түпнұсқа және көшірме); тұрғылықты орнынан анықтама; берілген үлгідегі несие үшін өтініш.
Берілген модель шарттары бойынша кезекті микронесиелерді алу мыналардан тәуелді болады:
алдыңғы микронесиені қайтару шарттарын толық орындаудан;
материалдық базаның жақсару дәрежесі және бұрын алынған микронесиенің пайдаланылу тиімділігінен;
микронесиені ұсыну келісім шартына сәйкес, топ қарыз алушыларының біреуі микронесиені және сыйақыны қайтармаған жағдайда ол бойынша қалған топ мүшелері біріккен жауапкершілік алады.
Жеке несиелеу – бұл стандартты банк несиесіне ұқсас микронесиелеу схемасы және ол клиент бизнесінің өмір сүру қабілетін бағалауға, оның несиелік тарихына негізделеді. Несиелеудің берілген түрінде кепілдік мүліктің болуы қажет. Сондай-ақ жеке микронесиелеуде микронесие бойынша кепілдік қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады.
Несиелеудің осы түрі бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркелген қарыз алушылар қосымша мыналарды ұсынады:
- жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
- лицензия көшірмесі (болған жағдайда);
патент көшірмесі (болған жағдайда).
Жеке-тұтынушылық несиелеу кезінде қарыз алушылар тұрақты табысы бар азаматтар бола алады. Қарыз ұсыну мақсаты:
- тұрмыстық техника сатып алу;
оқу үшін ақша төлеу;
медициналық қызмет үшін төлемдер жасау;
ремонт және құрылыс;
басқа да тұтынушылық мақсаттар.
Жеке-тұтынушылық несиелеу кезіндегі микронесилеу шарттары келесідей:
займ сомасы қарыз алушы кірісінен, несиелеу мерзімі және мақсатынан тәуелді болады;
займның максималды сомасы – 150 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
займ мерзімі – 6 айдан артық емес.
Микронесиелерді ұсыну кезінде микронесиелік ұйым барлық тәуекелдерді толық өтеу принципіне негізделуі қажет. Қарыз алушының займ келісім шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы жағдайында кредитор кепілдік қамтамасыз етуді толығымен сатып барлық міндеттемелерді жабуды жүзеге асыруға құқығы бар. Микронесиелеу ұйымы ұсынылатын барлық қамтамасыз етілулердің құндық бағалауын дербес жүргізеді және оның өтімділік дәрежесін анықтайды. Несиелеу кезінде қызмет ететін ішкі құжаттарға сәйкес тағайындалған микронесиелік ұйымдардың тек қана бағалануы ескеріледі. Несиелеу мерзімі ағымында микронесиелік ұйым кепіл атының жағдайын үнемі тексеруді және оны бағалауды растап отырады. Кепілдік қамтамасыз ету заты болып мыналар табылады:
жылжымайтын мүлік;
жылжымалы мүлік;
айналыстағы тауарлар;
үшінші тұлға кепілдігі және басқа өтімді мүлік.
Төмендегі талаптар орындалған жағдайда, тұрмысы төмен тұрғындарға несиелік қызмет көрсету біршама тиімді және жеңіл болады:
- несиелік қаражатты пайдалану неғұрлым икемді болу тиіс. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтар несиелік қаражатты түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, мысалы, жеке ісін ашу үшін, балалардың оқу ақысын төлеу, жалдау ақысын өтеу үшін алады. Нәтижесінде, қаражатты жұмсау икемділігі, осындай тұтынушылар үшін қойылатын ең маңызды талап болады. Ақшаның мақсатты түрде жұмсалуына минималды бақылау қажет, сонымен қатар несие алушы мен оның несиені өтеу мүмкіндіктерін жақсы білу қажет. Бұл кезеңде адам коммерциялық жобадан да маңызды болады. Несиенің белгілі бір талаптарымен шектеулі, несие беруші және оны алушы тарапынан да қосымша шығынды қажет етеді. Ал қажетсіз талаптар көрсетілетін қызметті шектейтін кедергі ретінде қарастырылады.
- несиенің операциялық шығындары мүмкіндігінше төмен болуы қажет. Кедей тұрғындарға экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін, қарапайым процедуралар мен ақшалай қаражатқа тез арада қол жеткізу маңызды. Қажетсіз шектеулер, әкімшілік талаптар және несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтығы операциялық шығындарды ұлғайтады. Операциялық шығын мәселесі тұрмысы төмен адамдардың қажеттілігін түсінуде және олардың микронесиелеуден көретін пайдасын қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады. Сондықтан да, микроқаржылық ұйымдар үшін де, тұтынушылар үшін де ауыртпалық әкелетін операциялық шығындарды барынша төмендету қажет. Несие беру қызметінің негізгі сипаты несиеге тез қол жеткізу мен қиындықсыз әкімшілік талаптардың болуы.
- топтық кепілдік сияқты кепілмен қамтамасыз ету, несиені өтеуді қамтамасыз етудің балама талабы ретінде қабылдануы тиіс. Тұрмысы төмен халықта әдетте банк саласында, кепілдікпен қамтамасыз етудің стандарттық тәжірибесі аясында талап етілетін меншік болмайды. Микроқаржылық ұйымдар, кепіл алу үшін қолданылатын қолданылатын балама әдістерге жүгінуі тиіс. Жоғарыда келтірілген топтық несие беру мысалы, несиенің өтелмей қалуын болдырмайтын және және өз уақытындағы төлемді қамтамасыз етудің түрлі балама жолдарының бірі болып табылады:
- қауымдастықтағы қарым-қатынас;
- әлеуметтік санкциялар;
- топтық немесе бірлескен жауапкершілік;
- репутация (бедел);
- рәсімделмеген және жеке меншік (коммерциялық емес жеке құндылық);
- микроқаржыландыру қызметін алудағы мүмкіншілікке қызығушылық.
- несие тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Микроқаржылық ұйымдар, экономикалық орта мен жергілікті сұранысқа сәйкес келетін қызмет көрсетуі тиіс.
- несие тек тұрақты және өмір сүру мүмкіндігі бар ұйымдарға берілуі тиіс.Тек тұрақты және жұмыс істеу мүмкіндігі бар ұйымдар ғана микроқаржылық қызмет көрсету келешегіне кепіл бола алады. Тұрақтылыққа жету мақсатында микроқаржылық ұйымдар тек донор компаниялардың ғана көмегіне тәуелді болмауы тиіс, олар өз тұтынушыларына нарықтық бағаларды қолдануы тиіс. Бұл микроқаржылық ұйымдарға бәсекелестік жағдайында қызмет көрсетуге мүмкіндік береді [25].
Табысты микронесиелер мыналардың көмегімен қарыз алушылардың экономикалық қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді:
қысқамерзімді және ұзақмерзімді перспективада несиеалушының борышқордың өтімділігін көтеру;
несие алушының-борышқордың экономикалық қуатын көтеру;
экономикалық мүмкіндіктерді қолдану үшін жағдай жасау және табысты диверсификациялау жолымен сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне тәуекелді төмендету.
Қазақстан Республикасының микронесиелiк ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, «Микронесиелік ұйымдар туралы» ҚР Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Шаруашылық серiктестiгiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық қорлардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары «Микронесиелік ұйымдар туралы» ҚР Заңында реттелмеген бөлiгiнде микронесиелiк ұйымдарға қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта «Микронесиелік ұйымдар туралы» ҚР Заңындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Микронесие - микронесиелiк ұйым қарыз алушыға сәйкес Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзiмдiлік және қайтарымдылық талаптарымен беретiн ақша. Қарыз алушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлға.
Микронесиелiк ұйым – сәйкес Заңда белгiленген тәртiппен микронесиелер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға. Микронесие мақсатты болуы мүмкін. Мақсатты микронесие - қарыз алушыға микронесие беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгiлi бiр мақсаттарға пайдалану талаптарымен берiлген микронесие.
Микронесиелiк ұйым бiр қарыз алушыға арнап Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң сегіз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде микронесиелер бередi.
Микронесиенi берудiң тәртiбi мен талаптары микронесиелiк ұйымның жоғары органы бекiткен микронесиелердi беру ережелерiнде және микронесиелi беру туралы шартта белгiленедi.
Mикронесиелік ұйым өз қызметiн микронесиелердi беру ережелерi болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.
Берiлген микронесиенi пайдаланғаны үшiн сыйақы ставкасы, микронесиенiң берiлу мерзiмiне қарамастан, жылға қайта есепте көрсетiледi.
Микронесие беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады, оның бiр данасын микронесиелiк ұйым қарыз алушының несиелiк досьесiнде сақтайды. Несиелiк досье - микронесие беру туралы жасалған шартқа сәйкес берiлген, микронесиелiк ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәлiметтер.
Микронесие беру туралы шартта:
микронесиелiк ұйымның толық атауы мен қарыз алушының тегiн, атын және әкесiнiң атын немесе толық атауын қоса алғанда, микронесиелiк ұйым және қарыз алушы туралы мәлiметтер;
микронесиелiң мақсаты (мақсатты микронесие беру кезiнде);
берiлетiн микронесиелiң жалпы сомасы;
микронесиелi өтеу мерзiмдерi;
микронесиелi өтеу тәсiлi (бiржолата не бөлшектеп);
микронесие беру туралы шарт бойынша (ол болған жағдайда) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
сыйақы ставкаларының мөлшерi, оның iшiнде микронесие бойынша сыйақының жылдық ставкасының мөлшерi;
тараптардың жауаптылығы;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайлар қамтылуға тиiс.
Микронесиенi беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
Мақсатты микронесие беру жағдайларында микронесиелiк ұйымның оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал қарыз алушы микронесиелiк ұйымның мұндай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi [25].
Қарыз алушы микронесиелi мақсатты пайдалану жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттi орындамаған кезде микронесиелiк ұйым микронесие беру туралы шартты микронесиелiң берiлмеген бөлiгiне сәйкес орындаудан бас тартуға және қарыз алушыдан микронесиелi мерзiмiнен бұрын қайтаруды және ол бойынша сыйақыны талап етуге құқылы.
Микронесиенi беру туралы шарт қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микронесиенi беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
Микронесиелiк ұйым құқықтары:
- қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микронесиелердi беруге, оның iшiнде берiлген микронесиеке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлiктi кепiлге қабылдау;
- микронесие беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұрату;
- Қазақстан Республикасының заңдарына және микронесие беру туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Микронесиелік ұйым міндеттері:
- орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды микронесиелiк ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жерi бойынша екi баспа басылымында, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бұл туралы тиiстi ақпарат жариялау жолымен, не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, әр қарыз алушыны жазбаша хабарландыру жолымен хабардар ету;
- микронесиелердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және онымен танысуға қолжетiмдi жерде орналастыру;
- қарыз алушы микронесиенi алғанға дейiн микронесиенi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар ету;
- қарыз алушыны микронесиенi алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы хабардар ету;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
Қарыз алушы құқықтары:
1) микронесиелiк ұйымның микронесиелердi беру ережелерiмен танысу;
2) егер микронесиелi беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, алған микронесиелi өз қалауы бойынша пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Қарыз алушы міндеттері:
- алған микронесиелi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микронесиелi беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеу;
- микронесиелiк ұйым осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындау.
Микронесиелік ұйымдар қызметінің ерекшелігі олардың коммерциялық және коммерциялық емес нысандарда құрылатындығы болып табылады.
Коммерциялық микронесиелiк ұйым шаруашылық серiктестiк нысанында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес микронесиелiк ұйым қоғамдық қор нысанында құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес микронесиелiк ұйым тек қана шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн ынталандыруға бағытталған мiндеттердi қамтамасыз ету және оларға осы Заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн коммерциялық емес микронесиелiк ұйым микронесиелер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi, сондай-ақ «Микронесиелік ұйымдар туралы» ҚР Заңында көзделген қызметтiң қосымша түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. Коммерциялық емес микронесиелiк ұйымдардың кiрiстерi оның мүшелерiнiң (қатысушыларының) арасында бөлiнбейдi және «Микронесиелік ұйымдар туралы» ҚР Заңында көзделген қызмет мақсаттарына бағытталады.
Микронесиелiк ұйымға бағалы қағаздар шығаруға тыйым салынады.
Mикронесиелік ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын микронесиелiк ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн оны мемлекеттiк тiркеу кезiне қарай тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай толық төлеуге мiндеттi.
Құрылатын микронесиелiк ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгi мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиiстi қаржы жылына арнап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
Бұл коммерциялық емес микронесиелiк ұйымдарға қолданылмайды.
Микронесиелiк ұйым өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi бақылау қызметiн құрады.
Iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбi жарғымен, сондай-ақ ережелермен және микронесиелiк ұйымның iшкi қызметiн реттейтiн өзге де құжаттармен белгiленедi [5, 25].
Микронесиелiк ұйымдар микронесиелердi беру жөнiндегi қызметiнде қосымша мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
- Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыз (азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) және гранттар тарту;
- уақытша еркiн активтердi мемлекеттiк бағалы қағаздарға, корпоративтiк бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен орналастыру;
- микронесиелi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлге салынған мүлiкпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мәмiлелер жасасу;
- басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;
- өзiнiң меншiк мүлкiн сату;
- микронесиелер беру жөнiндегi қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
- өзiнiң меншiк мүлкiн жалға беру;
- лизинг қызметiн жүзеге асыру;
- өтеусiз негiзде оқыту.
Микронесиелiк ұйым әрбiр берiлген микронесиенi қарыз алушылардың тiркеу журналында тiркейдi.
Микронесие алу үшiн қарыз алушы сәйкес құжаттарды ұсынады.
Микронесиелiк ұйым әрбiр берiлген микронесие бойынша микронесиенi беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап жасалатын несиелiк досьенi жүргiзуге тиiс.
Несиелiк досье мыналарды қамтуға тиiс:
- қарыз алушы қол қойған, микронесиелi пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микронесие берiлген жағдайда), микронесиелi өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi қарыз алушының орындауын қамтамасыз етуге берiлетiн, құны көрсетiлген мүлiк туралы не қамтамасыз етудiң болмауы туралы мәлiметтер қамтылған өтiнiш;
- қарыз алушының белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);
- қарыз алушының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн);
- қарыз алушы өкiлiнiң микронесие беру туралы шартқа қол қоюға өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
- микронесие беру туралы шарт;
- қарыз алушының жұмыс орнынан жалақысының мөлшерi туралы анықтама не уәкiлеттi мемлекеттiк органның тұрақты немесе уақытша жұмыс орнының болмауы жөнiндегi анықтама (жеке тұлғалар үшiн);
- берiлген микронесие мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген жағдайда - кепiл туралы шарт.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiк кепiлi осы мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда тiркелуге тиiс.
Мiндеттемесiн орындау кепiлдiкпен немесе кепiлгерлiкпен қамтамасыз етiлген микронесие бойынша несиелiк досьеге мынадай қосымша құжаттар қоса берiледi:
кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шарты;
кепiлдiк берушi атынан кепiлдiк шартына немесе кепiлгер атынан кепiлгерлiк шартына қол қоятын өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттар.
Микронесие бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын құжаттар несиелiк досьеге қоса берiлуге және микронесиелi өтеу көзiн (қарыз алушы аударған не кепiлге салынған мүлiктi сатудан түскен ақша) көрсетуге тиiс.
