Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері

7.1. ҚР-дағы зейнетақы жүйесінің реформасы, әлемдік тәжірибе және жетілдіру жолдары. ҚР-дағы зейнетақы қорлары және олардың сипаттамасы.

7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны

7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі

7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары

7.1. ҚР-дағы зейнетақы жүйесінің реформасы, әлемдік тәжірибе және жетілдіру жолдары. ҚР-дағы зейнетақы қорлары және олардың сипаттамасы

Халықтың жалпы санында қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты туындаған Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі объективті қиыншылықтардың пайда болуы нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалау­дың қажеттілігі өткір сезілді. Оны жүргізудің негізгі прин­циптеріне мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы принци­пімен зейнетақыны дербес жинақтау принципіне өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізін­де мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес зейнет­ақы жинақтау жүйесіне көшу.

Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкі­меті «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады жә­не 1997 жылдың 20 маусымында ҚР «Қазақстан Республи­касын­да Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданды.

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дағда­рысқа ұшыратқан негізгі себептер мыналар:

1. Халықтың қартаюы, туудың азаюы, жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде зейнетақы жасындағылар мен жұмыс істеу­шілердің арасындағы арақатынастың (арасалмақтың) кемуі.

2. Бюджеттен тыс қорларға аударылатын міндетті ауда­рымдар мөлшерінің жоғары болуы (жиынтық шамасы 32%-ке жетті) және төлемдермен байланыстың болмауы төлеуден бас тарту, бюджеттен тыс қорларға ұсынылатын есеп берулерде табысты азайтып көрсету, белсенді жарғылық қызметін тоқтат­паса да салық органдарына тіркелуден қашу секілді әрекеттердің тұрақты сипат алуына әкеп соқтырды. Зейнетақы қорларына түсетін түсімдердің аз болуы өз кезегінде төлемдердің азаюына және аз да болса төлеп тұратын төлеушілерді салықты мүлдем төлемеуге итерлемеген табыстың мағлұмдалған бөлігінен өндіріліп алынатын салықтың өсуін тудырады.

3. Зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебінің бол­мауы қарттықты қамтамасыздандырудағы жеке жауапкершілік пен мүдделікті жойды.

4. Шаруашылықты дербес жүргізушілерге бақылаудың мүлдем болмауы. Мәселен, 1996 жылдың бірінші жартысында кәсіпорындар жарнасының сомасы 34,7 млрд теңгені құрады, ал шаруашылықты дербес жүргізулерден түскен жарна – 2,4 млрд теңге ғана.

5. Бюджеттен тыс қорлар қаражатының қалай пайдалана­тыны бақыланбады.

6. Облыстардың жергілікті түсімдерден зейнетақыны төлеу бойынша мүмкіндіктері бірдей емес. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсімдерді қайта бөлудің тетігін жасады. Ай сайын жиналған 30% жарна республикалық шотқа бағытталып отырды. Министрлік бұл түсімді тапшылығы бар облыстарға бөліп береді. Облыстар бойынша зейнетақы төлемдеріндегі айырмашылық әділетсіздік болып табылады, бұл халықты әлеуметік тұрғыдан қорғаудың ұлттық ынтымақтас­тығына салқынын тигізеді. Оның үстіне, бұл тиімсіз. Табысы жоғары облыстар барлық жарнаны жинауға аса ынталы болмайды, өйткені олар – әсіресе, сақтап қойған 70% түсімде­рінен өздерінің зейнеткерлеріне төлеуге мүмкіндіктері болса – олардың зейнеткерлерге төлейтін сомасынан асатын түсімдердің көп бөлігінен немесе барлығынан айырылып қалады. Қазақстан зейнеткерлер мен салымшылардың қайда өмір сүретініне қарамастан оларға бірдей қызмет көрсетілетін зейнетақы мен түсімдердің нақты ұлттық жүйесіне көшуі керек.

7. Басқарудың екі жақты әкімшілік құрылымына әкелетін жергілікті жерлердегі үкіметтің орталықсыздандырылуы: бір жағынан – аймақтық деңгейдегі операциялар министрліктің бөлімшелерімен жүзеге асырылады, екінші жағынан – барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынады.

8. Зейнеткерлерге уақытылы төленбеген зейнетақы төлем­дер ондаған миллиард теңгеге жетті.

Зейнетақы реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде зей­нетақыға кететін шығындардың үлес салмағы кеміп, өз кезегінде әлеуметтік сақтандыру бюджетінде қаржылық ресурстардың жинақталуын қамтамасыз ететін табыс өсті.

Бұл ресурстарды мемлекеттік тұрғыдан қорландырылған зейнетақы сызбаларын нақты әрекетке енгізу үшін пайдала­нуға болады. Зейнетақы шығындарының үлес салмағының кемуіне нақты зейнетақы жасын ұзарту, сондай-ақ әлеуметтік сақтанды­рылған тұлғалардың үлес салмағын арттыру өз әсерін тигізуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасы әлеуметтік сақтанды­рудың жүйесіне белсенді қосылуға, өз табыстарын толық ашып көрсетуге және өзінің еңбек ететін жылдарын ұзар­туға халықты ынталандыруы қажет.

Оның жүзеге асырылуы мемлекеттің макроэкономикалық жағдайына жағымды әсерін тигізеді деп болжанған болатын, мемлекеттік тұрғыдан қорландырылған зейнетақы мен жеке зейнетақы қорларының енгізілуі Қазақстанның капитал нарығын дамытуға ықпалын тигізетін ауқымды да, ұзақ мерзімді қаржы­лық капиталдың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге арналған әлеуметтік сақтандырудың мөлшермесін кеміту және осы жүйеге кіруге мүдделік таныту­шылардың көбеюі көлеңкелі экономиканың үлес салмағын кемітеді.

Бұл себептер мемлекеттің зейнетақы жүйесін реформалауға әкеп соқтырады. Онда халықаралық ұйымдардың сарапшылары мынадай принциптерді, атап айтқанда, табанды, тұрақты болуды, ең аз шамадағы әкімшілік құнмен әрекет етуді және т.б. ұсынды. Ал, зейнетақы бәріне бірдей әділ төленуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасын жүзеге асыруда Қазақстан азамат­тарының санасын өзгертудің маңызы зор.

Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер – 63 жас, әйелдер – 58 жас. Зейнетақы жасының ұзартылуы бір мезгілде емес, біртіндеп жүзеге асырылады:

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ерлер – 61 жасында, әйелдер – 55 жасында;

1998 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 61,5 жасында, әйелдер – 56,5 жасында;

1999 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62 жасында, әйелдер – 57 жасында;

2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62,5 жасында, әйелдер – 57,5 жасында;

2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 63 жасында, әйелдер – 58 жасында зейнетақыға шыға алатын болды.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық артықшылықты зейнетақы жойылып, зейнетақыға шығудың талаптары бірдей болды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ынтымақтастық жүйесі кезінде экономика секторларының барлық субъектілері мемле­кеттің зейнетақы қорына еңбекақы қорынан (ЕҚ) 25% төлеп отырды. Бұл 25% екі ағынға бөлінді: 15% мөлшеріндегі оның біріншісі мемлекеттік зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы ретінде түсе бастады. Қазіргі уақытта мемлекеттік зей­нетақы қоры зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталыққа (ЗТМО) айналып, мүмкіндіктері артты. ЗТМО осы 15%-тен 1998 жыл­дың 1 қаңтарына дейінгі зейнетақы алушыларға ағымдағы зей­нетақысын төледі және алдағы кезеңнің зейнеткерлеріне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақыға шыққан азамат­тардың еңбек стажының жылдар мөлшеріне пропорционалды мөлшерде төлене бастады. 10% мөлшеріндегі екінші ағын салымшының өз қалауы бойынша бекіткен зейнетақы келісім­шартына сәйкес мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнет­ақы қорындағы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарнасы ретінде түсе бастады. Мұнда салымшы жылына 2 мәрте зейнетақы қорын себебін түсіндірмей ауыстыруға құ­қылы. Мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қорлар жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылды.

Қолданыстағы зейнетақы жүйесінде кемшіліктер болғанына қарамастан республикада зейнетақы жинақтайтын қорларды, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаратын компанияларды, кастодиан-банктерін, бағалы қағаздар бойынша брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік банк­терді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік рет­теуші органдарды қамтитын оның қатысушыларының айтар­лықтай үйлесімді институционалдық құрылымы құрылды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері

  • тіркелген жарна жүйесі (қызметкер табысынан 10%);

  • салымшының ЖЗҚ таңдау құқығы;

  • жеке идентификатордың болуы;

  • салымшы міндетті жарналарды төлеу үшін тек бір қор таңдауы қажет;

  • қордан қорға жинақтарды аудару санының шектеулілігі – жылына 2 реттен артық емес;

  • жасына байланысты төлемдер кестеге сай жүзеге асырылады.

Кесте 4 – Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету құрылымы

Көзі

Мемлекеттік бюджет

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

Түрі

Ынтымақтасқан жүйеден зейнетақылық төлемдер

Базалық зейнетақылық төлемдер

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдер

Төлемдер мөлшеріне әсер ететін факторлар

  • Еңбек стажы

  • Орта айлық табыс мөлшері

Тіркелген сома (ҚР бюджет туралы Заңмен жыл сайын белгіленеді)

Жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының сомасы

Негіздер

  • жасы (әйелдер – 58, ерлер – 63);

  • қатерлі аймақта тұратындар;

  • 5 және одан көп бала туған әйелдер

  • зейнеткерлік жасы;

  • толық емес көлемдегі жасына байланысты төлемдер

  • жасы (әйелдер – 58, ерлер – 63);

  • тұрғылықты орнын ауыстыру жағдайында;

мезгілсіз қайтыс болу жағдайында

Мұрагерлік

Жоқ

Жоқ

Мұрагерлікке беріледі

Ескерту – автормен құрастырылған

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қорлары. Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары жнақтаушы зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады. Олар: міндетті жарналар, ерікті жарналар, ерікті кәсіби жарналар.

Сурет 4 – Жинақтаушы зейнетақы жарналарының ерекшеліктері

Міндетті зейнетақы жарналары - бұл жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша. Ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы. Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы жарналары зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс. Адвокаттар, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып белгiленеді.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшiн шаруа (фермер) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген төлемнің мөлшері. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады. Зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:

1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;

2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;

3) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;

4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескеріледі.

Кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт. Кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының мынадай құқықтры бар:

- міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын тандау;

- жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкілетті орган анықтайтын көлемде ақпарат алу;

- жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алу;

- жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасау;

- төлемдердi жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алу;

- өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен аудару;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыру;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алу;

- жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аудару;

- міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Агенттердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен Орталықтан қызметкердің мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болуы туралы растама алуға құқығы бар.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылардың міндеттері:

- Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бір жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының болуы;

- жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлау;

- зейнетақы аннуитеті шартын жасасу;

- Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

 Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;

2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен ережелерiн;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;

4) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртібін;

5) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың ережелерiн;

6) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы ережелерiн белгiлейдi.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) ашық;

2) корпоративтiк болуы мүмкiн.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.

Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]