Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру

2004 жылы 7 шілдедегі ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» № 576-11 заңына сәйкес инвестициялық пай қоры немесе акционерлік инвестициялық қоры құрылған болатын.

Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады. Егер инвестициялық пай қорының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзімге құрылады.

Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы.

Инвестициялық пай қоры – қор нарығындағы операциялардан пайда табу мақсатында кәсіпқой мамандарға басқаруға сенім негізінде берілген, азаматтар мен заңды тұлғалардың (пайшылардың) бірлескен құралдары болып табылады. Инвестициялық пай қоры активтеріне меншік құқығындағы үлес басқарушы компания шығыратын паймен куәландырылады. Сіздің қолыңызға қордағы үлесіңізге құқықты куәландыратын атаулы бағалы қағаз пайда береді. Бұл – инвестициялық қор, өз кезегінде нарықта айналыста жүрген және жан-жағынан ептеп пішіліп, дұрыс деп тапқан бағалы қағазға қордаланған қаражаттың белгілі бір бөлігін құяды. Бұл тәсілдің тиімділігі – Инвестициялық пай қорда шот ашу барысында келісімшартқа қол қою арқылы сіз алдын ала қандай табыс түсетінін білесіз. Қандай бір жағдай болсын, инвестициялық пай қоры келісімшартта көрсетілген табыс көлемін төлеуге міндеттеледі Инвестициялық пай қорының активтерін оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлесті заттай бөліп алуға жол берілмейді.

Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесі қабылдайды. Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесі, егер оның жарғысында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерін бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер де қабылдайды.

Басқарушы компания бір-бірінен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болатын бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.

Ашық инвестициялық пай қоры – оның пай ұстаушысы басқарушы компаниядан сәйкес заңдар немесе осы инвестициялық қордың ережесінде белгіленген жағдайда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық береді, бірақ ол екі аптада бір реттен кем болмауы керек.

Аралық инвестициялық пай қоры – оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан сәйкес заңдарға немесе осы қордың ережесінде белгеленген жағдайда, шарттарда және тәртіппен осы пайды сатып алуын талап етуге құқық береді. Бірақ жылына бір реттен кем емес.

Жабық инвестициялық пай қоры – оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуына, сондай-ақ қор ережелерінде көзделген жағдайларда және белгіленген тәртіппен пай бойынша девидент алуға құқылы.

Акционерлік қоғам өзінің жарғылық қорын акция шығарумен қалыптастырады. Инвестициялық қордың акционерлік формасының артықшылығы мынада ол нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, сонымен қатар қордың акционері жай акционерлік қоғамдағыдай акцияны сатып алуды талап етуге құқылы. Ашық инвестициялық қордың негізгі ерекшелігі ол жай акциялардан басқа қаржы құралдарын шығаруға және қызметтің басқа түрімен айналысуға құқығы жоқ. Қордың бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналыста жүрмейді.

Жүргізетін инвестициялық стратегиясының мазмұнына байланысты қорлар шартты түрде келесідей категорияларға бөлінеді.

  • капиталын бағамның өзгеріс тәуекелі шектелген бағалы қағаздарға инвестициялайтын;

  • бағалы қағаздар бағамының өзгеріс тәуекелі жоғары кезінде пайданың өсуіне бағытталған;

  • қаржы активтерін әртараптандыруды жүзеге асыру;

  • ақша нарығында пайыздық ставканы капитализацияландыруға мамандандырылған.

Бірінші категорияға тәуекелі төмен болып саналатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік емес облигацияларды сатып алатын ұжымдық инвестициялардың мекемелері жатады.

Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар жатады. Олар акцияларды және акциялар негізінде шығарылатын облигацияларды, бағалы қағаздарды сатып алады. Мұндай компаниялардың клиенттері өздерінің активтерін орналастырғанда тәуекелге баруға дайын тұлғалар болып табылады.

Үшінші топқа ұзақ мерзімді қаржы салымдарын әртүрлі бағалы қағаздарға әртараптандыратын қорлар жатады. Бұл капиталды жоғалту тәуекелін шектеудің сенімді әдісі болып табылады. Мұндай инвестициялық стратегияны жүзеге асыру үшін айтарлықтай көп капитал қажет.

Төртінші топқа ақша нарығының пайыздық ставкаларын капитализациялауға маманданған қорлар жатады. Олар өте қысақ мерзімге инвестицияларды жүзеге асырып, кейде бір күндік мәмілелермен де жүргізеді. Сондықтан капиталды жоғалту тәуекелі өте төмен. Мұндай инвестициялық қорлардың портфельдік инвестицияларының және клиенттердің құрылымы әр алуан банктік депозиттермен салыстырғанда, өзінің ақшаларына жоғары пайыздарды алуды көздейтін жеке тұлғалар және фирмалар [14].

Инвестициялық пай қорларын біріктіру немесе олардың нысанын өзгерту. Қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бір нысандағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол беріледі. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ал ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді.

Инвестициялық қор декларациясында немесе қор ережелерінде белгіленген инвестициялау шарттарын сақтамай қордың активтерін инвестициялау мүмкіндігі көзделген қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылады. Акционерлік инвестициялық қорлар және жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алады. Акционерлік инвестициялық қор – Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар туралы» заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның инвестициялық декларациясын, ақшасын және акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлейді. Акционерлік инвестициялық қор жоғарыда көрсетілген өзге қызметті іске асыруға, «алтын акция» енгізуге, еншілес ұйым құруға, жай акциядан басқа қаржылық құралдарын шығарып және орналастыруға құқығы жоқ [8]. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Және осы инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші акционерлік инвестициялық қордың акционерлері бола алмайды.

Акционерлік инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәліметтерден басқа:

  • қызметтің ерекше түрі оның инвестициялық декларациясының шарттарына жіне Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;

  • акционерлік инвестициялық қордың органдарын ұстауға арналған шығыстарының түрлері, оларды айқындау тәртібі мен ең жоғары мөлшері болуға тиіс [13].

Инвестициялық қордың акционерлік формасының артықшылығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционерлері жай АҚ-ғы секілді акцияны сатып алуды талап ете алады. Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы мынада ол басқа қызмет түрлерін жүзеге асырмайды және жай акциядан өзге қаржылық құралдарды шығармайды. Инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы болған кезде акционерлік инвестициялық қор өз активтерін басқаруды жүзеге асырады. Акционерлік инвестициялық қордың атауында «акционерлік инвестициялық қор» деген сөздер болуға тиіс. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетуге тиіс. Инвестициялық пай қорының атауында «инвестициялық пай қоры» деген сөздердің болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетілуі тиіс. Инвестициялық қордың атауында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «кепілдік берілген» немесе «сақтандырылған» деген сөздерді кез келген тілде көрсетілген немесе өзгертілген түрінде пайдалануға тиым салынады.

Акционерлік инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздемелер бойынша инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Акционерлік инвестициялық қор соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға сот шешімінің көшірмесін қоса тіркеп, бұл туралы хабарлама жібереді.

Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  • Инвестициялық пай қорын құрудың қор ережесінде белгіленген мерзімі өтсе;

  • Пайларды бастапқы орналастыру аяқталған соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе;

  • Пайларды сатып алу жөніндегі өтінімдерді орындау нәтижесінде инвестициялық пай қоры активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессіздік ол туындаған күннен бастап екі ай ішінде жойылмаса;

  • Басқарушы компания немесе кастодиан өзінің шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауға бұдан әрі мүмкіндігі жоқ екендігіне байланысты қор активтерін басқару немесе қор активтерін есепке алу және сақтау жөніндегі функцияларды бұдан әрі орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаса және егер көрсетілген шешімді қабылдаған кезден бастап үш ай ішінде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енбеген болса;

  • Басқарушы компанияның, кастодианның немесе тіркеушінің бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және егер үш ай ішінде лицензияның қолданылуы қайта басталмаса немесе инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа кастодиан немесе жаңа тіркеуші тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енгізілмесе;

  • Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылдаса;

  • Басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берілген лицензиясы қайтарып алынса және егер лицензияны қайтарып алған кезден бастап екі ай ішінде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа тіркеуші немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енбеген болса;

  • Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.

Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуға негіз туындаған кезден бастап, кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыруды, қордың жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығындарды төлеуді және қалған ақшаны пайлар ұстаушыларына қайтаруды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерін жұмсауға жол берілмейді.

Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату үшін басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткізеді.

Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін тоқтатуды осы қордың кастодианы жүзеге асырады. Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады.

Басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда Заңның және қор ережесінің талаптарына сәйкес қор активтерін өткізуді қамтамасыз етуге, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге міндетті. Уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату рәсімін бақылау үшін өз өкілін жіберуге құқылы.

Кесте 2 – инвестициялық пай қорларының салыстырмалы ерекшелігі

Акционерлік инвестициялық қор

Инвестициялық пай қоры

Тәуекелсіз

Тәуекелді

Ашық

Аралық

Жабық

акционерлердің жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектісіне акционерлердің құқығына қысым жасайтын өзгертулер мен толықтырулар өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана акционерлік инвестициялық қордың акционерлері жалпы жиналысқа қатысса және көрсетілген шешімдерге қарсы дауыс берсе өзіне тиесілі акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы

Пайды сатып алу құқығы бар (екі аптада бір реттен кем емес)

Пайды сатып алу құқығы бар (жылына бір реттен кем емес)

Тәуекелсіз

Тәуекелді

Пайды сатып алуды талап етуге құқығы жоқ. Пай ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дивиденд алуына құқығы бар.

Қордың активтері қаржылық құралдар және басқа мүліктен құралады

Қор активтерін қаржы құралдары құрайды

Қор активтерін қаржы құралдары құрайды

Қордың активтері қаржылық құралдар және басқа мүліктен құралады

Бағалы қағаздар туралы заңға сәйкес қаржы құралдары – бұл Қазақстан Республикасының территориясында айналысқа босатылған бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда)

Басқа да мүлік:

  • Акционерлік қоғам болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесі;

  • Жер учаскілері, ғимраттар, құрал-жабдықтар

  • Жылжымайтын мүліктің салынатын және қайта құрылатын объектілері;

  • Жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы

Басқа да мүлік:

  • Акционерлік қоғам болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесі;

  • Жер учаскілері, ғимраттар, құрал-жабдықтар

  • Жылжымайтын мүліктің салынатын және қайта құрылатын объектілері;

  • Жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы

Қаржы құралдарын басқа қордың басқа мүлкі берілген қордың таза активтерінің 30%-н артық болмауы керек.

Талап қойылмайды

Қаржы құралдарын басқа қордың басқа мүлкі берілген қордың таза активтерінің 30%-н артық болмауы керек.

Талап қойылмайды

Инветициялық қор активтерінің құрамына:

  • осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;

  • осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған активтері;

  • коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестері;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасының Қаржы агенттігінің агенттік облигацияларын қоспағанда бір заңды тұлғаның қаржы құралдар түріндегі олардың жалпы санының 15% және одан жоғары болмауы керек.

Талап қойылмайды

Талап қойылмайды

Инвестициялық қордың активтері бір эмитенттің бағалы қағаздары немесе бір тұлғамен шығарылатын қаржылық құралдарға келесідей мөлшерден аспайтын инвестициялануы керек

Таза активтер құнының 20%

Таза активтер құнының 30%

Таза активтер құнының 15%

Таза активтер құнының 15%

Таза активтер құнының 20%

Таза активтер құнының 30%

Қазақстан Республикасынан тысқары инвестицияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде тағайындалған ретпен және тәртіппен инвестициялық қорлар активтері құрауы мүмкін.

Инвестициялық пай қорларының пайларын алғаш орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін оның активтері Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде ұлттық валютадағы депозиттерге инвестицияланады. Бұл банктер инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты аффилирленген тұлға болмауы қажет және бағалы қағаздары сауданы ұйымдастырудың жоғарғы категориясы тізіліміне енгізілуі қажет.

Инвестициялық қорлардың активтерінің құрамына басқа талаптар қордың инвестициялық декларациясында анықталады.

Ескерту – «Ценные бумаги» мәліметтері негізінде құрастырылған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]