Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі

1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары

1.2. Қаржылық институттар жіктемесі

1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.

Институционалды экономика – бұл қоғамдағы адамдардың өзара әрекеті және қатынасы, әртүрлі ұйымдардағы (мемлекет, фирма, корпорация, кооператив, үй шаруашылығы) экономикалық тәптіп ережелері: олардың қалай «жұмыс істейтіндігі», қалыптасатындығы, оларды қалыптастыру, өзгерісі, сақтау және бұзу қандай шығындармен және пайдамен байланыстылығы туралы ғылым. Ол экономикалық шешімдерді қабылдау және бағыттылығы облысында институттардың атқаратын рөлінің негізгі мәнін зетттейді [1, 5б].

Жаңа институционалды экономикалық теорияға сәйкес қандай да бір қоғамдық қатынастар саласындағы әрекеттерді ескертетін немесе тиым салатын және басқа да әрекеттер тәсілдерінің тәртіп ережелері, «ойын ережелері», яғни құқық нормаларының жиынтығы институттар болып табылады. Бұл нормалар адамдардың, олардың топтары және қауымдастығының өзара әрекеттеріндегі функционалдық қатынастардың жаппай мәнінен объективті пайда болады [1, 37б].

Экономикалық әдебиеттерде институттың басқа да анықтамалары келтірілген. Институт – бұл ережелерден және индивидтерді осы ережелерді атқаруға мәжбүрлеудің сыртқы механизмінен тұратын жиынтық [2, 23 б].

Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Дуглас Норттың тұжырымдауынша институттар – бұл қоғамдағы «ойын ережелері», немесе, неғұрлым формалды түсіндіру бойынша адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұйымдастыратын шектеулер [3, 17 б]. Д. Ходжсонның көзқарасы бойынша институт бұл – «әлеуметтік өзара әсерлерге құрылым беретін қалыптасқан ережелердің жүйесі» немесе «әлеуметтік ережелер жүйесі» [4].

Институтты сипаттайтын ережелер бір адамнан артық адамға қатысты ғана толық мәнге ие болады. Осы тұрғыдан кез келген институт – бұл белгілі ережелер жиынтығы, ал кез келген ереже жеке дара институт бола алмайды. Қазіргі жағдайда экономикалық институттар тек қана нормалар және ережелерге негізделмейді, өйткені олар бір уақытта мүмкіндіктер мен шектеулерді, құқықтар мен міндеттемелерді, рөлі мен құзыретті статус анықтай отырып, шаруашылық агенттердің әрекетін ынталандырып, оларға саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Тар мағынада бұл экономикалық ойын ережелері – ынталандыруды, сыйақыларды және жазалау түрлерін пайдалану арқылы барлық экономикалық субъектілермен осы ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін ұйымдармен және заңмен тағайындалған берілген жағдайдағы нарықтық ойын ережелері.

Осы институттар әлеуметтік ұдайы өндіріс процесінің барлық қатысушыларының мүдделерін ескеріп олардың неғұрлым икемді жүрісін қамтамасыз ету үшін экономикалық процестерді бақылайды және қалыптастырады [1, 38 б.].

Жаңа институттар қызмет ететін институционалдық ортада алынуы мүмкін пайданы жоғарылатудың жаңа мүмкіндіктерімен бірге пайда болады. Қазақстандағы экономикалық реформалар және нарық жағдайының қалыптасуы қоғамдағы терең институционалдық өзгерістердің пайда болуына әкелді. Институционалды экономикада қаржылық институттардың алатын орны ерекше. Қаржылық институттар қаржы нарығының негізгі қатысушылары болып табылады. Осы тұрғыдан қаржы нарығына шолу жасайтын болсақ, нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемелекетттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әртүрлі түсіндіріледі. Қаржы нарығы кез-келген нарық сияқты қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған. Отандық тәжірибеде қаржы нарығына әртүрлі анықтамалар келтірілген. Ұ.М.Искаковтың тұжырымдауынша қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі [5]. Берілген анықтамада қаржы нарығы тек несиелік жүйе субъектілерінің арасындағы қатынастарға негізделген.

А.А.Адамбекованың анықтамасында қаржы нарығы елдің бүкіл ақшалай ресурстарының жиынтығын, оның ішінде экономиканың әртүрлі субъектілерінің тарапынан осы ресурстарға сұраныс және ұсыныстың әсерінен үнемі қозғалыста болатын ақшалай ресурстардың жиынтығын білдіреді. Бұл тұжырымда ақшалай ресурстар және шаруашылық жүргізуші субъектілер өз алдына қаржы нарығын қалыптастырмайтындығын түсіну қажет. Тікелей нарықтың өзі қаржылық ресурстардың қалыптасуы және айналысы процесіндегі экономикалық агенттер арасындағы қатынастар пайда болғанда айқындалады. Сәйкесінше, қаржы нарығы – бұл мәмілелер жасау жолымен экономиканың әртүрлі субъектілері арасында бос ақшалай капиталдар мен жинақтарды қайта бөлу және олардың айналысына бойынша экономикалық қатынастар. Сондай-ақ қаржылық нарықты – экономикадағы ұдайы өндірістік процестің үздіксіздігі және рентабелділігі мақсатында қаржылық ағындарды шоғырландыру және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі ретінде қарастыруға болады [6, 32 б.].

Жоғарыда келтірілген анықтамаларды жүйелеу негізінде, қаржы институттарының қызметі тікелей қаржы нарығында анықталатындығын ескеріп, мынадай түйін жасауға болады: қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы шегінде, қаржылық институттар көмегімен ұдайы өндіріс қатысушылары арасында қаржы ресурстарын шоғырландыру және қайта бөлу бойынша қаржылық қызмет көрсетулерді жүзеге асыруға байланысты экономикалық қатынастардың айқындалу аясы. Осы экономикалық қатынастарға қатысушы жақтардың бірі қаржылық институттар болып табылады. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және одан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Яғни, қаржылық институттар – бұл қаржылық ресурстармен және оның титулдарымен операцияларды жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесінің барлық қатысушыларының мүдделерін ескеріп, олардың неғұрлым икемді жүрісін қамтамасыз ету үшін экономикалық процестерді бақылайтын және қалыптастыратын, қаржы нарығының қатысушысы болып табылатын мекемелер.

Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесіндеқаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінще тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады.

Қаржы нарығының, сәйкесінше қаржылық институттардың негізгі функцияларына мыналарды жатқызуға болады:

  • қаржылық институттар ресурстарға қол жетімділікті және оларды пайдалану нысандарының көптүрлілігін шектейді, яғни экономикалық шешімдерді қабылдау міндеттеріндегі шектеу функциясын атқарады;

  • әрекеттің мүмкін болатын тәсілдерін шектей отырып институттар экономикалық агенттердің қызметін координациялайды (координирует). Қаржылық институттардың экономикалық субъекттердің әрекетін координациялауды жүзеге асыруы координациялық тиімнің пайда болуын шарттайды. Оның мәні экономикалық субъектілер әртүрлі жағдайларда кездесетін басқа субъектілердің әрекетін зерттеу және болжау шығындарын үнемдеуді қамтамасыз етуге негізделеді. Қаржылық институттардың координациялық тиімділігі экономикалық агенттер қызмет ететін ортаның анықталмағандық деңгейін төмендету арқылы жүзеге асырылады.

  • координацияның негізгі шарты болып қандай да бір жағдайдағы институттың әрекетін реттейтін субъектінің ақпаратталуы табылады. Бұл өз алдына реттеушілік және ақпараттық функцияларға негізделеді. Реттеушілік функцияның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымының тарапынан нақты реттеу жүзеге асырылады

  • ақпараттық функция қаржы нарығына қатысушылардың барлығының ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • бөлу функциясы қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының ағынын экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;

  • коммерциялық функция қаржылық институттардың қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкелетіндігіне негізделеді;

  • баға белгілеу функциясы негізінде қаржылық институттардың қаржылық құралдарының бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Жалпы қаржылық институттар мынадай белгілермен айқындалады:

  • қызметін белгілі шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында ұйымдастыру;

  • қызметін ұйымдастыру мен реттеудің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасының болуы;

  • экономикалық агенттің немесе шаруашылық субъекттің қызметін анықтайтын сәйкес ережелердің болуы;

  • нарық субъектілерінің қажеттіліктерін анықтайтын әкімшілік-құрылымдық бөлімшелерінің болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]